Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы тұрақтылығының мынадай өлшемдері белгіленсін:
1) "Өз капиталының жеткіліктілігі" (К1);
2) "Активтердің абсолюттік өтімділігі" (К2).
2. К1 "Өз капиталының жеткіліктілігі" қаржы тұрақтылығы өлшемінің мәні мыналарды құрау керек екендігі белгіленсін:
1) нақты ұстаушы ретінде клиенттердің есепшоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар үшін кемінде 30.000 айлық есептік көрсеткіш;
2) клиенттердің есепшоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар үшін кемінде 15.000 айлық есептік көрсеткіш.
3. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдарға арналған К2 "Активтердің абсолюттік өтімділігі" қаржы тұрақтылығы өлшемінің мәні кемінде 1-ді құрау керек екендігі белгіленсін.
4. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін және Ереженің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жекелеген нормативтік құқықтық актісімен күшіне енгізілетін 6-тармағының 2-тармақшасын қоспағанда, осы қаулы мен Ереже Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап 60 күн аяқталғаннан кейін күшіне енгізілсін.
5. Осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасымен және 2-тармағымен белгіленген К1 "Өз капиталының жеткіліктілігі" қаржы тұрақтылығы өлшемдерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы
Заңы
26-бабының 2-тармағында көзделген өз капиталының ең төменгі деңгейіне қойылатын талаптар ретінде пайдаланатындығы белгіленсін.
6. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" 1997 жылғы 28 ақпандағы N 30
қаулысының
, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін (нормативтерін) есептеудің және қолданудың тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 25 қарашадағы N 17
қаулысының
күші жойылды деп танылсын.
7. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолдансын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Ережені Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамына және қауымдастық нысанындағы "Активтерді Басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамының және қауымдастық нысанындағы "Активтерді Басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері болып табылмайтын ұйымдарға жіберсін;
3) Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бірлесіп осы қаулыны "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына жарияласын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
"Бағалы қағаздар рыногында
брокерлік және дилерлік қызметті
жүзеге асыратын ұйымдарға
арналған қаржы тұрақтылығының
өлшемдерін есептеудің және
қолданудың және оларды сақтау
жөнінде есеп берудің тәртібі
туралы ережені бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының
2002 жылғы 16 ақпандағы
N 54 қаулысымен бекітілген
Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті
жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының
өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау
жөнінде есеп берудің тәртібі туралы
ереже
Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (бұдан әрі - "Брокерлер-дилерлер") сақтауға міндетті қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың тәртібін белгілейді.
Осы Ереженің күші екінші деңгейдегі банктерді және Ұлттық почта операторын қоспағанда, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензияларды иеленген заңды тұлғаларға қолданылады.
Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 181
қаулысымен.
1. Брокер-дилердің өз капиталының жеткіліктілігі (К1) Брокер-дилердің өтімді активтері мөлшерінің және оның міндеттемелерінің арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша есептеледі:
К1 = ЛА - О, бұл жерде:
ЛА - Брокер-дилердің осы Ереженің 2-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын активтерінің мөлшері;
О - Брокер-дилердің барлық міндеттемелерінің мөлшері.
2. Қандайда болмасын міндеттемелермен жүк артылмаған мынадай активтер Брокер-дилердің өтімді активтері ретінде мынадай құны бойынша танылады:
1) ақшалар (қолдай ақшаларды, жолдағы ақша аударымдарын, банк шоттарындағы ақшаны қоса алғанда), - баланстық құны бойынша;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған, - баланстық құны бойынша;
3) төменде аталған халықаралық қаржы ұйымдары эмиссиялаған бағалы қағаздар, - баланстық құны бойынша:
Халықаралық қайта құру және даму банкі,
Европа қайта құру және даму банкі,
Америка аралық даму банкі,
Халықаралық есеп айырысу банкі,
Азия даму банкі,
Африка даму банкі,
Халықаралық қаржы корпорациясы,
Ислам даму банкі;
4) Брокер-дилерге қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тізіміне "А" санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған):
акциялар - 10 процентке кемітілген баланстық құны бойынша;
облигациялар - 3 процентке кемітілген баланстық құны бойынша;
5) Брокер-дилерге қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тізіміне "В" санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған):
акциялар - 20 процентке кемітілген баланстық құны бойынша;
облигациялар - 10 процентке кемітілген баланстық құны бойынша;
6) халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы бойынша "А"-дан ("Standard&Poor's" және "Fitch IBCA" жіктеулері бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" жіктеуі бойынша) төмен емес кредиттік рейтинг бағасы бар шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары, - баланстық құны бойынша;
7) халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы бойынша "А"-дан төмен, бірақ "ВВ"-дан төмен емес ("Standard&Poor's" және "Fitch IBCA" жіктеулері бойынша) немесе "А2"-ден төмен, бірақ "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" жіктеуі бойынша) төмен емес кредиттік рейтинг бағасы бар шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары, - 10 процентке кемітілген баланстық құны бойынша;
8) халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы бойынша "А"-дан ("Standard&Poor's" және "Fitch IBCA" жіктеулері бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" жіктеуі бойынша) төмен емес кредиттік рейтинг бағасы бар эмитенттердің мемлекеттік емес облигациялары, - 5 процентке кемітілген баланстық құны бойынша;
9) халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы бойынша "А"-дан төмен, бірақ "ВВ"-дан төмен емес ("Standard&Poor's" және "Fitch IBCA" жіктеулері бойынша) немесе "А2"-ден төмен, бірақ "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" жіктеуі бойынша) төмен емес кредиттік рейтинг бағасы бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес облигациялары, - 10 процентке кемітілген баланстық құны бойынша;
10) халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы бойынша "А"-дан ("Standard&Poor's" және "Fitch IBCA" жіктеулері бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" жіктеуі бойынша) төмен емес кредиттік рейтинг бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары, - 10 процентке кемітілген баланстық құны бойынша;
11) халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы бойынша "А"-дан төмен, бірақ "ВВ"-дан төмен емес ("Standard&Poor's" және "Fitch IBCA" жіктеулері бойынша) немесе "А2"-ден төмен, бірақ "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" жіктеуі бойынша) төмен емес кредиттік рейтинг бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары, - 20 процентке кемітілген баланстық құны бойынша;
12) Брокер-дилерге қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын және өз капиталы Брокер-дилердің өз капиталының 15 процентінен аспайтын мөлшерде, кемінде 5.000.000.000 теңгені құрайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының өзге де акциялары және облигациялары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған), 40 процентке кемітілген баланстық құны бойынша;
13) мыналар бойынша ұсынылған болашақ кезең шығыстары:
"Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның мүшелік жарналарымен, 30 процентке кемітілген баланстық құны бойынша;
Брокер-дилердің өз мүлкін және оның бағалы қағаздар рыногындағы қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерді сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықтарын (сақтандыру жарналарын) төлеуге арналған шығыстармен, 40 процентке кемітілген баланстық құны бойынша;
жалдау ақысымен, 40 процентке кемітілген баланстық құны бойынша;
14) Брокер-дилерге қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын, жұмыс істеу кезеңі есептеу күнінен бастап өтелген күніне дейін үш күннен аспайтын ұйымдардың Брокер-дилердің өз капиталының 20 процентінен аспайтын мөлшердегі қысқа мерзімді дебиторлық берешегі, - баланстық құны бойынша;
15) Брокер-дилерге қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың ағымдағы активтердің құрамына Брокер-дилердің өз капиталының 10 процентінен аспайтын мөлшерде кіретін өзге де қысқа мерзімді дебиторлық берешегі, - 50 процентке кемітілген баланстық құны бойынша;
16) Брокер-дилерге қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың Брокер-дилердің өз капиталының 25 процентінен аспайтын мөлшердегі ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі, - 75 процентке кемітілген баланстық құны бойынша;
17) Брокер-дилердің өз капиталының 30 процентінен аспайтын мөлшердегі, 50 процентке кемітілген қалдық құны бойынша негізгі құрал-жабдықтары;
18) Брокер-дилердің тауар-материалдық қорлары - оның өз капиталының 10 процентінен аспайтын мөлшердегі, 50 процентке кемітілген баланстық құны бойынша.
2-1. Брокер-дилердің тарату сатысында тұрған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған ұйымдарға қойылатын талаптарды білдіретін активтері өтімді деп танылмайды.
Ескерту: 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 19 тамыздағы N 297
қаулысымен
.
3. Осы Ереженің 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Брокер-дилердің өтімді активтерінің құрамына енгізілген мүліктің құны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалаушының тиісті бағасымен расталу керек.
4. Брокер-дилер активтерінің абсолюттік өтімділігі (К2) Брокер-дилердің ақшалары сомасының және қаржылық инвестицияларының баланстық құнының оның ағымдағы міндеттемелерінің мөлшеріне қатысы ретінде мына формула бойынша есептеледі:
Д + И
К2 = --------- , бұл жерде:
ТО
Д - ақшалар (қолдай ақшаларды, жолдағы ақша аударымдарын, банктік шоттардағы ақшаларды қоса алғанда);
И - Брокер-дилердің осы Ереженің 2-тармағының 1)-11) тармақшаларында аталған бағалы қағаздарға жасаған қаржылық инвестицияларының баланстық құны;
ТО - Брокер-дилердің ағымдағы міндеттемелерінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүргізу туралы заңдарына сәйкес есептелген мөлшері.
5. Брокер-дилердің қаржы тұрақтылығының өлшемдерін сақтауды бақылауды бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Брокер-дилер қаржы тұрақтылығының өлшемдерін сақтау мақсатында:
1) әрбір жұмыс күні осы күннің басталу жағдайы бойынша қаржы тұрақтылығы өлшемдерінің мәндерін есептеуді жүргізуге. Осы Ереженің 1-қосымшадағы үлгі бойынша "Қаржы тұрақтылығының өлшемдерін сақтау туралы мәліметтер" бірыңғай құжат ретінде жазбаша түрде ресімделген аталған есептерге күн сайын:
Брокер-дилердің бірінші басшысы (Брокер-дилердің алқалы атқарушы органының басшысы немесе Брокер-дилердің атқарушы органының функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және бас бухгалтері немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар қол қоюлары;
Брокер-дилер мөрінің таңбасымен расталуы;
тиісті журналда тіркелуі;
оларды сақтауға арналған жеке файл-регистраторда тіркелуі тиіс;
2) күн сайын электрондық байланыс арқылы бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу органына "Қаржы тұрақтылығының өлшемдерін сақтау туралы мәліметтерді" ұсынуға;
3) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органға төменде көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған және ресімделген мынадай құжаттарды:
есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың бірінші күнінің басталардағы жағдай бойынша бухгалтерлік балансты;
есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың бірінші күнінің басталардағы жай-күйі бойынша жасалған "Қаржы тұрақтылығының өлшемдерін сақтау туралы мәліметтерді";
бухгалтерлік балансқа және "Қаржы тұрақтылығының өлшемдерін сақтау туралы мәліметтерге" осы Ереженің 2-қосымшасындағы үлгі бойынша түсіндірме жазбаны;
ақшалардың бар болуы, Брокер-дилердің бағалы қағаздарды меншіктеу құқығы және олардың бар болуы, Брокер-дилердің өткен тоқсанда сатып алған мүліктің бағасы расталатын құжаттарды ұсынуға;
4) бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның жазбаша талап етуі бойынша осындай талап ету алынған күннен кейінгі күннен кешіктірмей өткен жұмыс күнінің немесе бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу органының талабында көрсетілген өзге де өткен күннің басталу жай-күйі бойынша "Қаржы тұрақтылығының өлшемдерін сақтау туралы мәліметтерді" қағазға басып ұсынуға міндетті.
7. Белгілі бір күннің жай-күйі бойынша жасалған "Қаржы тұрақтылығының өлшемдерін сақтау туралы мәліметтерді" Брокер-дилер бес жыл бойы сақтауы тиіс.
8. Осы Ереженің талаптарына сәйкес Брокер-дилер ұсынған құжаттарды қарау кезінде бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган одан қаржы тұрақтылығы өлшемдерінің сақталуы туралы мәліметтердің анықтығын тексеру үшін қажетті қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.
9. Брокер-дилердің қаржы тұрақтылығы өлшемдерінің мәндері бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның жекелеген нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Брокер-дилер сәйкес келмеушілік анықталған сәттен бастап бір жұмыс күнінің ішінде осы сәйкес келмеушілік фактісі және себептері туралы, оны жою жөніндегі шаралар жоспарын қоса бере отырып бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу органына хабарлауға міндетті.
10. Осы Ережеде белгіленген қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеу және қолдану тәртібін Брокер-дилердің сақтамауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 16 ақпандағы
N 54 қаулысымен бекітілген
Бағалы қағаздар рыногында
брокерлік және дилерлік
қызметті жүзеге асыратын
ұйымдарға арналған қаржы
тұрақтылығының өлшемдерін
есептеудің және қолданудың
және оларды сақтау жөнінде
есеп берудің тәртібі туралы
ережеге
1-қосымша
[ккаажж форматтағы күн] жағдайы бойынша
[Брокер-дилердің іліксептігіндегі атауы]
қаржы тұрақтылығының өлшемдерін сақтау
туралы мәліметтер
____________________________________________________________________ Азаю Баланстық Есеп
N Баптың атауы проценті құны айырысу
(проценттер) (теңге) құны
(теңге)
____________________________________________________________________
1. Ақшалар (қолдай ақшаларды, әлі де 0%
жолдағы ақша аударымдарын, банк
шоттарындағы ақшаларды қоса алғанда)
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік 0%
бағалы қағаздары, оның ішінде басқа
мемлекеттердің заңдарына сәйкес
шығарылған
3. Халықаралық қаржы ұйымдары 0%
эмиссиялаған бағалы қағаздар
4. Брокер-дилерге қатысты аффилиирленген 10%
тұлғалар болып табылмайтын
Қазақстан Республикасы ұйымдарының
"Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми
тізіміне "А" санаты бойынша енгізілген
мемлекеттік емес акциялары (оның ішінде
басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес
шығарылған)
5. Брокер-дилерге қатысты аффилиирленген 3%
тұлғалар болып табылмайтын
Қазақстан Республикасы ұйымдарының
"Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми
тізіміне "А" санаты бойынша енгізілген
мемлекеттік емес облигациялары (оның
ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына
сәйкес шығарылған)
6. Брокер-дилерге қатысты аффилиирленген 20%
тұлғалар болып табылмайтын
Қазақстан Республикасы ұйымдарының
"Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми
тізіміне "В" санаты бойынша енгізілген
мемлекеттік емес акциялары (оның
ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына
сәйкес шығарылған)
7. Брокер-дилерге қатысты аффилиирленген 10%
тұлғалар болып табылмайтын
Қазақстан Республикасы ұйымдарының
"Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми
тізіміне "В" санаты бойынша енгізілген
мемлекеттік емес облигациялары (оның
ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына
сәйкес шығарылған)
8. Халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы 0%
бойынша "А"-дан ("Standard&Poor's"
және "Fitch IBCA" жіктеулері бойынша)
немесе "А2"-ден ("Moody's" жіктеуі
бойынша) төмен емес кредиттік рейтинг
бағасы бар шетелдік мемлекеттердің
мемлекеттік бағалы қағаздары
9. Халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы 10%
бойынша "А"-дан төмен, бірақ "ВВ"-дан
төмен емес ("Standard&Poor's" және
"Fitch IBCA" жіктеулері бойынша)
немесе "А2"-ден төмен, бірақ "Ва2"-ден
төмен емес ("Moody's" жіктеуі бойынша)
төмен емес кредиттік рейтинг бағасы
бар шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік
бағалы қағаздары
10. Халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы 5%
бойынша "А"-дан ("Standard&Poor's"
және "Fitch IBCA" жіктеулері бойынша)
немесе "А2"-ден ("Moody's" жіктеуі
бойынша) төмен емес кредиттік рейтинг
бағасы бар эмитенттердің мемлекеттік
емес облигациялары
11. Халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы 10%
бойынша "А"-дан төмен, бірақ "ВВ"-дан
төмен емес ("Standard&Poor's" және
"Fitch IBCA" жіктеулері бойынша)
немесе "А2"-ден төмен, бірақ "Ва2"-ден
төмен емес ("Moody's" жіктеуі бойынша)
төмен емес кредиттік рейтинг бағасы
бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік
емес облигациялары
12. Халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы 10%
бойынша "А"-дан ("Standard&Poor's"
және "Fitch IBCA" жіктеулері бойынша)
немесе "А2"-ден ("Moody's" жіктеуі
бойынша) төмен емес кредиттік рейтинг
бағасы бар шетелдік эмитенттердің
акциялары
13. Халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы 20%
бойынша "А"-дан төмен, бірақ "ВВ"-дан
төмен емес ("Standard&Poor's" және
"Fitch IBCA" жіктеулері бойынша)
немесе "А2"-ден төмен, бірақ "Ва2"-ден
төмен емес ("Moody's" жіктеуі бойынша)
төмен емес кредиттік рейтинг бағасы
бар шетелдік эмитенттердің акциялары
14. Брокер-дилерге қатысты аффилиирленген 40%
тұлғалар болып табылмайтын және өз
капиталы Брокер-дилердің өз капиталының
15 процентінен аспайтын мөлшерде,
кемінде 5.000.000.000 теңгені құрайтын
Қазақстан Республикасы ұйымдарының
өзге де акциялары және облигациялары
(оның ішінде басқа мемлекеттердің
заңдарына сәйкес шығарылған)
15. "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, 30%
"Бағалы қағаздардың орталық
депозитарийі" ЖАҚ-ның мүшелік жарнала.
рымен ұсынылған болашақ кезең шығыстары
16. Жалдау ақысымен ұсынылған болашақ 40%
кезең шығыстары
17. Брокер-дилердің өз мүлкін және оның 40%
бағалы қағаздар рыногындағы қызметін
жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерді
сақтандыру кезінде сақтандыру
сыйлықтарын (сақтандыру жарналарын)
төлеуге арналған шығыстармен ұсынылған
болашақ кезең шығыстары
18. Брокер-дилерге қатысты аффилиирленген 0%
тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың
жүзеге асыру кезеңі басталған күнінен
бастап өтелген күніне дейін үш күннен
аспайтын, Брокер-дилердің өз
капиталының 20 процентінен аспайтын
мөлшердегі қысқа мерзімді дебиторлық
берешегі
19. Брокер-дилерге қатысты аффилиирленген 50%
тұлғалар болып табылмайтын
ұйымдардың ағымдағы активтердің
құрамына Брокер-дилердің өз капиталының
10 процентінен аспайтын мөлшерде
кіретін өзге де қысқа мерзімді
дебиторлық берешегі
20. Брокер-дилерге қатысты аффилиирленген 75%
тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың
Брокер-дилердің өз капиталының
25 процентінен аспайтын мөлшердегі
ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі
21. Брокер-дилердің өз капиталының 50%
30 процентінен аспайтын мөлшердегі
қалдық құны бойынша негізгі құралдары
22. Брокер-дилердің өз капиталының 50%
10 процентінен аспайтын мөлшердегі
баланстық құны бойынша оның тауар-
материалдық қорлары
Өтімді активтердің жиынтығы
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Міндеттемелердің жиынтығы
"Өз капиталының жеткіліктілігі"
К1 өлшемінің мәні
"Активтердің абсолютті өтімділігі"
К2 өлшемінің мәні
____________________________________________________________________
Бірінші басшы [лауазымы] [қолы] [тегі, аты-жөні]
Бас бухгалтер [қолы] [тегі,аты-жөні]
М.О.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 16 ақпандағы
N 54 қаулысымен бекітілген
Бағалы қағаздар рыногында
брокерлік және дилерлік
қызметті жүзеге асыратын
ұйымдарға арналған қаржы
тұрақтылығының өлшемдерін
есептеудің және қолданудың
және оларды сақтау жөнінде
есеп берудің тәртібі туралы
ережеге
2-қосымша
[Брокер-дилердің ілік септігіндегі атауы] бухгалтерлік балансына және қаржы тұрақтылығының өлшемдерін сақтау туралы мәліметтеріне [ккаажж форматтағы күн] жағдайы бойынша
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
1. Ақша:
кассадағы қолдай ақша, теңге:
банк есепшоттарындағы ақша, теңге:
____________________________________________________________________
Рет Есепшоттың Есепшоттың
NN Банктің атауы нөмірі түрі Қалдық
____________________________________________________________________
А 1 2 3 4
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жиынтығы:
____________________________________________________________________
өзге де ақша, теңге:
2. Қаржылық инвестициялар:
____________________________________________________________________
Рет Бағалы Бағалы Бағалы қағаздың Атаулы Баланстық
N қағаздар қағаздың ұлттық немесе Саны құны, құны,
эмитентінің түрі халықаралық теңге теңге
атауы нөмірі
____________________________________________________________________
А 1 2 3 4 5 6
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жиынтығы:
____________________________________________________________________
3. Брокер-дилерге қатысты аффилиирленген тұлғалар болып
табылмайтын ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
дебиторлық берешек:
____________________________________________________________________
Рет Клиенттің Көрсетілген Берешектің Берешектің Берешектің
N атауы қызметтердің пайда болған өтелген күні мөлшері,
түрі күні теңге
____________________________________________________________________
А 1 2 3 4 5
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жиынтығы:
____________________________________________________________________
4. Негізгі құрал-жабдықтар:
____________________________________________________________________
Рет Атауы Сатып Саны Қалдық құны,
N алынған күні теңге
____________________________________________________________________
А 1 2 3 4
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жиынтығы:
____________________________________________________________________
5. Тауар-материалдық қорлар:
____________________________________________________________________
Рет Атауы Сатып Саны Қалдық құны,
N алынған күні теңге
____________________________________________________________________
A 1 2 3 4
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жиынтығы:
____________________________________________________________________
6. Болашақ кезеңдер шығысы:
____________________________________________________________________
Рет Контрагенттің атауы Алынған қызметтердің Болашақ кезеңдердің
N атауы келтірілген шығыста.
рының мөлшері, теңге
____________________________________________________________________
А 1 2 3
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жиынтығы:
____________________________________________________________________
Бірінші басшы [лауазымы] [қолы] [тегі,аты-жөні]
Бас бухгалтер [қолы] [тегі,аты-жөні]
М.О.