Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1852 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 16 ақпандағы N 54 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 181 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2370. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 264 (V043196) қаулысымен.

      "Почта туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 16 ақпандағы N 54  қаулысына  (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1852 тіркелген, 2002 жылғы мамырда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 5 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы ережеде:
      кіріспенің екінші абзацында мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "және банктер болып табылмайтын" деген сөздер алынып тасталсын және "күші" деген сөздерден кейін "екінші деңгейдегі банктерді және Ұлттық почта операторын қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне және Ұлттық почта операторына жіберсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады