Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2007.05.10. N 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Акцизделетін өнімнің өндірілуі мен айналымы саласындағы бақылауды күшейту, сондай-ақ салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық және дер кезінде түсуін қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Акцизделетін өнімді өндіретін ұйымдарда акциздік қосындарды ұйымдастырудың қоса беріліп отырған Ережелері бекітілсін.
2. "Акцизделетін өнімдерді өндіретін ұйымдардағы акциздік қосындар туралы Ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі N 217 , "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіретін ұйымдардағы акциздік қосындар туралы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 20 қыркүйектегі N 1163 бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Акцизделетін өнімнің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетке (Ғ.А. Толқымбаевқа):
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты Акцизделетін өнімнің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеттің аумақтық басқармаларына жеткізсін.
4. Персоналмен жұмыс істеу жөніндегі департаментке (С.К. Елшібековке) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң:
осы бұйрық облыстық салық комитеттері мен Астана және Алматы қалаларының салық комитеттеріне дейін жеткізілсін;
осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының салық комитеттерінің басшылары акцизделетін өнімді өндіретін ұйымдарда акциздік қосындардың жұмысын ұйымдастырсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Вице-Министрі К.Ә. Нұрпейісовке жүктелсін.
7. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс
министрінің
2002 жылғы 6 мамырдағы
N 483 бұйрығымен
бекітілген
Акцизделетін өнімдерді өндіретін
ұйымдарда акциздік қосындарды
ұйымдастыру Ережелері
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдері туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық Кодексіне) сәйкес әзірленген және акциздік қосындарды құру тәртібі мен олардың қызметін ұйымдастыруды белгілейді.
1. Акцизделетін өнімдерді өндіретін ұйымдар аумағында өндіруші-ұйым орналасқан тиісті салық комитетінің басшысы акциздік қосындарды ұйымдастырады.
2. Мұнай өңдеуші зауыттарда акциздік қосындарды облыстық салық комитеттері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігінің Акцизделетін өнімнің өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің аумақтық басқармаларымен бірлесіп ұйымдастырады.
3. Акциздік қосын құралып, ал оның жұмыс регламенті, аумағында акциздік өнімдерді өндіретін ұйым орналасқан облыстық, Астана және Алматы қалаларының салық комитеті басшысының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігінің Алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің аумақтық басқармасының басшысымен бірлесіп шығарған бұйрығымен бекітіледі.
4. Акцизделетін қосындардың құрамы барлық аймақтағы (облыстағы) салық комитеті құрамынан, ал мұнай өңдеуші зауыттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Акцизделетін өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің тиісті аумақтық басқармасы қызметкерлерінен жасақталады.
Акциздік қосындардың құрамы үш адамнан аспауы керек.
Акциздік қосынның жұмыс істеу уақыты акцизделетін өндіруші - ұйым жұмыс уақытына дағдыланады.
5. Акциздік қосынға оперативтік басшылық жасауды оның қызметкерлерінің жұмысына күнделікті бақылауды әрі оның қызметін үйлестіруді облыстық салық комитетінің басшысы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігінің Акцизделетін өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің аумақтық басқармасының басшысы жүзеге асырады.
2. Акцизделетін өнімдерді өндіретін
ұйымдарда акциздік қосынды
ұйымдастыру
6. Акциздік қосынның орналасқан орнын оған жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін акцизделетін өнімдерді өндіретін ұйым әкімшілігі тиісті салық комитетімен, ал мұнай өңдеу зауыттарда облыстық салық комитетімен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігінің Акцизделетін өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің аумақтық басқармасының келісімімен белгіленеді.
3. Инспекторлардың қызметтері мен міндеттері
7. Акциздік қосынның қызметкері (бұдан әрі - инспектор) мыналарға бақылау жасауды жүзеге асыруға міндетті:
1) акцизделетін өнімнің іс жүзінде өндірілетін және сатылатын көлемдерінің осы өнімнің өндірілу және айналым декларациясының мәліметтерімен сәйкес келуіне;
2) акцизделетін өнімдерді сатуды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің ережелерінің сақталуына;
3) лицензиялық тәртіп белгіленген қызметтің тиісті түрлеріне лицензияның болуына;
4) этил спирті және/немесе алкоголь өнімін өндіруші кәсіпорындар үшін - акцизделетін өнімдердің тек өлшеуіш аппараттар арқылы бөлінуіне және есепке алу приборлары арқылы өткізілуіне (құйылуына), сондай-ақ олардың пломбыланған түрде пайдалануына;
5) акциздік алым маркаларымен таңбалануына тиісті акциздік өнімнің сақталу шарттарына, пайдалануына және есепке алуына;
6) Акцизделетін өнімнің кейбір түріне қойылатын акциздер ставкаларын дұрыс қолдануына және бюджетке түсетін акциздердің уақытылы төленуіне.
8. Алға қойған міндеттерді шешу үшін акциздік қосынның инспекторы қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте мынадай қызметтерді орындайды:
1) өз уәкілеттігінің шегінде, аумағында акциздік қосын орналасқан ұйымның басшысынан және басқа лауазымдық тұлғалардан тиісті мәліметтер мен анықтамаларды сұратады;
2) шаруашылық қызметіне араласу құқығынсыз акцизделетін өнімді өндіретін, сақтайтын және сататын ұйымдардың өндірістік, сауда және басқа жайларына қолданылып жүрген заңдарды сақтай отырып, тексеруді жүргізеді;
3) акцизделетін өнімді сатып алушылармен операцияларды жүзеге асырған кезде (олардың төлеу үшін есеп төлем құжаттарын ұсынған және олардың жөнелтілген өнім үшін басқа да есеп айырысуларды жүргізген жағдайларында) салық төлеушілердің тіркеу нөмірінің (СТН) растығын тексереді;
4) акциздік өнімді өндіруші ұйымдар акцизделетін өнімнің жекелеген түрлерін жөнелтуді жүзеге асыру кезінде берілген жүк жөнелту құжаттарының жинақтық тізілімін жасайды және есепке алады.
9. Акциздік қосынның инспекторы қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте
1) апта сайын:
бухгалтерлік есепке алу мәліметтері негізінде акцизделетін өнімнің жекелеген түрлеріне іс жүзінде жөнелтілген көлемдері үшін акциздердің төлемдерін салыстыру жүргізеді;
мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің жалпы сатылу көлемдерін акциздік ставкалары әртүрлі бензин (авиациялықтан басқа), дизель отыны, топтары бойынша сатылу көлемдерімен салыстырып тексеру жүргізеді;
өлшеуіш приборларда уәкілетті мемлекеттік орган орнатқан пломбылардың бүтіндігін тексереді;
2) кәсіпорын жұмыс істемеген немесе тоқтап тұрған жағдайда (жұмыс жасап тұрғанды есептемегенде) өнімнің дайын түрін шығару бойынша желісіне белгі салып, жабады;
3) пломбаның немесе оның оттискісінің бұзылуы байқалған жағдайда ұйымның жауапты қызметкерінің - өндірушінің қатысуымен тиісті актіні жасайды және бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігінің Акцизделетін өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеттің аумақтық басқармасына кідіріссіз хабарлайды.
4. Акциздік қосын инспекторларының жауапкершілігі
10. Өзінің міндетін дұрыс орындамағаны, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін инспекторлар Қазақстан Республикасындағы заңнамаларға сәйкес жауапқа тартылады.