Акцизделетін өнім өндіретін ұйымдарда акциздік қосындарды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2007 жылғы 10 мамырдағы N 289 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 7 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4711 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 602 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.23 N 602 Бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді ---------------------

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
       1. ...
      2. ...
      3. ...
      4. "Акцизделетін өнім өндіретін ұйымдарда акциздік қосындарды
ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 10 мамырдағы
бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде N
4711 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылдың 22 маусымында N 94 (1297) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа
енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан пайда болатын қатынастарға
қолданылады.

      Министр                                          Б. Жәмішев

      Акцизделетін өнімнің өндірілуі мен айналымы саласындағы бақылауды күшейту, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      Қоса беріліп отырған Акцизделетін өнім өндіретін ұйымдарда акциздік қосындарды ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
      "Акцизделетін өнімдерді өндіретін ұйымдарда акциздік қосындарды ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 6 мамырдағы N 483 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерін мемлекеттiк тiркеу тізілімінде 2002 жылғы 31 мамырда N 1869 болып тіркелген, ҚР нормативтік құқықтық кесімдер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., тамыз, N 30) күші жойылды деп танылсын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасы (Н.Д.Байғазиев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (Р.Ю.Юсупов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
      Облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша салық комитеттерінің басшылары акцизделетін өнім өндіретін ұйымдарда акциздік қосындардың жұмысын ұйымдастырсын.
      Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің 
Салық комитеті Төрағасының
2007 ж.»10 мамырдағы N 289
бұйрығымен бекітілген 

Акцизделетін өнім өндіретін ұйымдарда
акциздік қосындарды ұйымдастыру ережесі

      Осы ереже»"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және акциздік қосындарды құру және қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Акцизделетін өнім өндіретін ұйымдарда акциздік қосындарды аумағында акцизделетін өнім өндіруші ұйым орналасқан тиісті салық комитетінің басшысы ұйымдастырады.

      2. Акциздік қосын, орналасу жерін, жұмыс регламенті және акциздік қосынның құрамын өзгерту мерзімі аумағында акцизделетін өнім өндіретін ұйым орналасқан тиісті салық комитеті басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      3. Акциздік қосынның құрамы өңірдің салық комитеті қызметкерлерінен жасақталады.
      Акциздік қосынның сандық құрамын тиісті салық комитетінің басшылығы белгілейді. Акциздік қосынның жұмыс кестесі акцизделетін өнім өндіретін ұйым жұмысының режиміне сәйкес айқындалады.

      4. Акциздік қосын қызметкерлерінің жұмысын жедел басқаруды, ағымдағы бақылауды және олардың қызметін үйлестіруді облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитетінің басшысы жүзеге асырады.

      5. Акциздік қосындардың қызметін бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті жүргізетін тиісті тексерулер арқылы жүзеге асырылады.

2. Акциздік қосын қызметкерінің жұмысын ұйымдастыру

      6. Акциздік қосынның қызметкері мыналарға бақылауды жүзеге асыру функцияларын орындайды:
      1) акцизделетін өнім өндіру мен өткізуді реттейтін нормативтік құқықтық кесімдердің сақталуына;
      2) лицензиялық тәртіп белгіленген қызметтің тиісті түріне лицензияның болуына;
      3) этил спирті және/немесе алкоголь өнімін өндіруші ұйымдар үшін акцизделетін өнімдердің тек өлшеуіш аспаптары арқылы бөлінуіне және есепке алу аспаптары арқылы өткізілуіне (құйылуына), сондай-ақ оларды пломбы салынған түрде пайдаланылуына;
      4) алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен, темекі өнімін акциздік таңбалармен таңбалануына, оларды сақтау, пайдалану және таңбалануға жататын акцизделетін өнім бойынша есепке алу жағдайларына;
      5) акцизделетін өнімнің әр түріне акциз ставкаларын қолдану дұрыстығына және бюджетке акциздердің уақтылы төленуіне.

      7. Акциздік қосынның қызметкері:
      1) акцизделетін өнім өндіруші ұйымдар жекелеген акцизделетін өнім түрлерін тиеп-жөнелтуді жүзеге асырған кезде берілген тиеп-жөнелту құжаттарының жиынтық тізілімін жасайды және жүргізеді;
      2) апта сайын:
      бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде акцизделетін өнімнің жекелеген түрлерінің нақты тиеп-жөнелтілген көлемдеріне акциздің төленуіне салыстырып тексеру жүргізеді;
      күн сайын:
      акцизделетін өнім шығару үшін негізгі шикізаттың қозғалысын есепке алуды жүзеге асырады;
      қосалқы материалдардың қозғалысын есепке алуды жүзеге асырады;
      дайын өнімнің қозғалысын есепке алуды жүзеге асырады;
      есепке алу-бақылау таңбаларының және акциздік таңбалардың қозғалысын есепке алуды жүзеге асырады;
      өлшеуіш аспаптарындағы уәкілетті мемлекеттік орган орнатқан пломбылардың бүтіндігін тексереді;
      3) ұйым тұрып қалған уақытта (іске қосу-жөндеу жұмыстарын қоспағанда) және жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне дайын өнім шығару желісіне мөр қояды немесе пломбы салады;
      4) пломбының немесе оның бедерінің бұзылғаны байқалған жағдайда өндіруші ұйым жауапты қызметкерінің қатысуымен тиісті акт толтырады және бұл жөнінде акцизделетін өнім өндіруші ұйымның тіркеу есебінің орны бойынша салық комитетіне және облыс, Астана және Алматы қаласы бойынша тиісті салық комитетіне кідіріссіз хабарлайды.

      8. Акциздік қосынның қызметкерінің мынадай мүмкіншілігі бар:
      1) өз өкілеттіктері шегінде аумағында акциздік қосын орналасқан ұйымның басшысынан және басқа лауазымдық тұлғалардан тиісті мәліметтер мен құжаттарды сұратады;
      2) шаруашылық қызметіне араласу құқығынсыз акцизделетін өнімді өндіретін, сақтайтын және өткізетін ұйымдардың өндірістік, қойма, сауда және қосалқы үй-жайларын қолданыстағы заңнаманы сақтаумен тексереді;
      3) этил спиртін өндіруге; алкоголь өнімін өндіруге; алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізуге; акцизделетін өнім сатып алушымен операциялар жүзеге асырылған кезде этил спиртін, алкоголь өнімін импорттауға (олар төлеуге төлем құжаттарын ұсынған, олар тиеп-жөнелткен өнім үшін басқа да есеп айырысу түрлері жүргізілген кезде) лицензияның болуын тексереді;
      4) дайын өнімді тиеп-жөнелту кезінде қатысады;
      5) ұйымның аумағынан шығып бара жатқан жүк тасымалдайтын көлік құралдарын тексереді.

      9. Акциздік қосынның қызметкері осы ережеге 1-4 қосымшаларға сәйкес негізгі шикізаттың қозғалысы туралы мәліметтер, қосалқы материалдардың қозғалысы туралы мәліметтер, дайын өнімнің қозғалысы туралы мәліметтер, есепке алу-бақылау таңбаларының және акциздік таңбалардың қозғалысы туралы мәліметтер журналдарын жүргізеді. Журнал нөмірленуі, жіппен тігілуі және тиісті салық комитетінің мөрімен бекітілуі тиіс.

                                  Акцизделетін өнім өндіретін
                                 ұйымдарда акциздік қосындарды
                                      ұйымдастыру ережесіне
                                           1-қосымша

    Акциздік қосын бойынша акцизделетін өнім қозғалысын
                    есепке алу журналы

                                                     1-кесте

        Негізгі шикізаттың қозғалысы туралы мәліметтер

Күні

Өнімнің (негізгі
шикізаттың)
атауы

Қолда бар негізгі шикізат, тонна

күннің басына
қалдығы

бір күн ішінде алынды

1

2

3

4





кестенің жалғасы


Инспекторлардың
қолдары

Акцизделетін өнім
өндіруші ұйымның
жауапты тұлғаларының
қолдары

өндіріске жіберілді

күннің
соңына
қалдығы

5

6

7

8





                                  Акцизделетін өнім өндіретін
                                ұйымдарда акциздік қосындарды
                                     ұйымдастыру ережесіне
                                            2-қосымша

                                                       2-кесте

      Қосалқы материалдардың қозғалысы туралы мәліметтер

Күні

Қосалқы материалдардың қозғалысы, дана

күннің басына қалдығы

алынды

өндірістік
шығындар

1

2

3

4





кестенің жалғасы


Инспекторлардың
қолдары

Акцизделетін өнім
өндіруші ұйымның
жауапты
тұлғаларының
қолдары

өндіріске жіберілді

қайта-
рылды

күннің
соңына
қалдығы

5

6

7

8

9






                                                                                                               3-кесте

Дайын өнімнің қозғалысы туралы мәліметтер

Күні

Дайын өнімнің қойма бойынша қозғалысы, дана

күннің басына
қалдығы

алынды

өндірістік шығындар

1

2

3

4





кестенің жалғасы


Инспекторлардың
қолдары

Акцизделетін өнім
өндіруші ұйымның
жауапты
тұлғаларының
қолдары

бір күн
ішінде
тиеп-жөнел-
тілді

күннің
соңына
қалдығы

5

6

7

8





                                  Акцизделетін өнім өндіретін
                                ұйымдарда акциздік қосындарды
                                     ұйымдастыру ережесіне
                                            3-қосымша

                                                                                                                   4-кесте

     Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбалардың
                 қозғалысы туралы мәліметтер

Күні

Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік
таңбалардың саны, дана

күннің басына
қалдығы

бір күн
ішінде алынды

пайдаланылды

1

2

3

4





  кестенің жалғас


Инспекторлардың
қолдары

Акцизделетін өнім
өндіруші ұйымның
жауапты
тұлғаларының қолдары

Күннің
өндіріс-
тік шығындары

соңындағы
қалдығы

5

6

7

8





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады