БҰЙЫРАМЫН
:
1. "Қазақстан Республикасының кәсiптiк орта оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 10 шiлдедегi N 707
бұйрығына
мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кәсiптiк орта оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiне:
1-бөлiмiнiң 7-тармағынан басқа барлық мәтiн бойынша "жалпы орта мектептерi" деген сөздер "жалпы орта бiлiм беру ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының кәсiптiк орта оқу орындарына Қазақстан Республикасының азаматтары; Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарымен жасалған халықаралық шарттар, келiсiмдер, сондай-ақ келiсiм шарттар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар; жалпы негiзгi, жалпы орта немесе кәсiптiк бастауыш бiлiмi бар басқа мемлекеттердiң азаматтары болып табылатын ұлты қазақ тұлғалар қабылданады.
Кәсiптiк орта оқу орындарына басқа шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдермен қабылданады.";
2-тармақтағы "ДЕЭК-ның" деген сөздер "және балалық шақтан мүгедек - дәрiгерлiк-санитарлық сарапшы комиссияларының" деген сөздермен ауыстырылсын.
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде азаматтарды қабылдау, қабылдау емтихандары бiткеннен кейiн жүргiзiледi, ол күндiзгi оқыту нысанына түсушiлер үшiн 25 тамыздан және сырттай оқыту нысанына түсушiлер үшiн 25 қыркүйектен кешiктірiлмей аяқталады.
Төлем ақысы негiзiнде оқуға түсушiлердi қабылдау, күндiзгi оқыту нысанына 30 тамыздан және сырттай оқыту нысанына 30 қыркүйектен кешiктiрiлмей аяқталады.";
7-тармақтың бiрiншi бөлiмiнiң бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Жалпы бiлiм беретiн оқу орындардың жоғары сатысын бiтiрушiлер үшiн қабылдау емтихандары жалпы орта бiлiм беретiн оқу бағдарламалары көлемiнде үш пәннен, ал негiзгi сатыдағы оқушыларға негiзгi бiлiм беретiн оқу бағдарламалары көлемiнде екi пәннен жүргiзiледi.";
Мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Қабылдау емтихандарының нәтижелерiмен келiспеген азамат шағым беруге құқылы.
Шағым қабылдау комиссиясына қабылдау емтихандарының нәтижелерi жарияланғаннан кейiн берiледi және оны бiр тәулiк iшiнде қабылдау комиссиясының төрағасы бекiткен шағым комиссиясы қарайды.".
2. Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм департаментi (Қ. Лекер) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшіне енеді.
Министр