Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына сәйкес Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережесі бекітілсін (қосымша).
2. Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармалары (департаменттері) осы бұйрықты меншік нысандарына қарамастан барлық орта кәсіптік оқу орындарына жеткізсін.
3. Бастауыш және орта кәсіптік білім департаменті (Қ. Лекер) белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен тіркеуден өткізсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.
Ескерту: Бұйрықтың кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 327 қаулысымен .
Министрдің міндетін
атқарушы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігінің
10 шілде 2000 ж. N 707
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының орта кәсіптік
оқу орындарына қабылдаудың
Үлгі ережесі
1. Қазақстан Республикасының кәсiптiк орта оқу орындарына Қазақстан Республикасының азаматтары; Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарымен жасалған халықаралық шарттар, келiсiмдер, сондай-ақ келiсiм шарттар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар; жалпы негiзгi, жалпы орта немесе кәсiптiк бастауыш бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының адамдары қабылданады.
Кәсiптiк орта оқу орындарына басқа шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдермен қабылданады.
Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 393 бұйрығымен .
Ескерту: 1-тармақ өзгерді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364 бұйрығымен .
1-1. Кәсiптiк орта бiлiм беретiн оқу орындарына қабылдау кезiнде мемлекеттiк тапсырыстан ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн 1-қосымшаға сәйкес ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша 30 пайыз, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға 2 пайыз мөлшерiнде квота белгiленедi. <*>
Ескерту: 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 15 наурыздағы N 157 бұйрығымен .
Ескерту: 1-1-тармақ өзгерді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364 бұйрығымен .
1-2. Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік құпиямен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша қабылдау 2-қосымшаға сәйкес, мамандандырылған мемлекеттік кәсіптік орта оқу орындарында және кәсіптік орта білім беретін басқа да мемлекеттік оқу орындарының мамандандырылған бөлімдерінде ғана жүзеге асырылады. <*>
Ескерту: 1-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364 бұйрығымен .
1-3. Азаматтарды қабылдау тәртібін:
кәсіптік бастауыш білімі барларды қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша оқуға;
кәсіптік орта білімі барларды ақылы негіздегі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға, екінші кәсіптік орта білім алу үшін кәсіптік орта білім беретін оқу орындарының қабылдау комиссиялары белгілейді. <*>
Ескерту: 1-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364 бұйрығымен .
2. Орта кәсіптік оқу орындарына оқуға түсушілер қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжатының түпнұсқасын, N 0-86 үлгі бойынша дәрігерлік анықтамасын ( І және ІІ топтағы мүгедектер үшін және балалық шақтан мүгедек - дәрiгерлiк-санитарлық сарапшы комиссияларының қорытындысы), 3х4 мөлшері 4 суретін, ұлттық бiрыңғай тестiлеу нәтижелерiнiң сертификаты (бұдан әрi - ҰБТ сертификаты) қоса тіркейді. Еңбек өтілі барлар куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесін қоса тіркейді.
Талапкерлер жеке басының куәлігін, төлқұжатын немесе тууы туралы куәлігін немесе оның орнын ауыстыруға болатын құжатын көрсетеді.
Келiсiм (ақылы) негiзiнде оқуға түсушiлердiң өтiнiштерi жеке тiркеледi және есептеледi.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту, толықтыру енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 393 бұйрығымен , 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 327 қаулысымен .
2-1. Жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш бiлiмi бар азаматтарды кәсiптiк орта оқу орындарына қабылдау азаматтардың өтiнiшi бойынша конкурстық сынақ емтихандардың балдары немесе ҰБТ сертификатында көрсетiлген балдар негiзде жасалады.
Ескерту: 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 327 қаулысымен .
3. Кәсiптiк оқу орнында қабылдау мәселелерiн шешу үшiн қабылдау комиссиясы ұйымдастырылады, ол өзiнiң жұмысын маусымнан кешiкпей бастауы керек.
3-1. Кәсіптік орта оқу орындарына түсетін азаматтардан өтініштер қабылдау 20 маусымнан 20 тамызға дейiн, кешкі және сырттай оқу нысандарына 15 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Сырттай оқу нысаны бойынша түсу емтихандары 2 шілдеден 28 шілдеге дейін, кешкі және сырттай оқу нысандарына 25 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
Мәдениет пен өнер мамандықтары (0604002, 0605002, 0606002, 0607002, 0608002, 0609002, 0610002, 0611002, 0612002, 0613002, 0614002, 0615002, 0616002, 0619002, 0630002, 0639002, 0640002) бойынша өтініштер қабылдау 20 шілдеге дейін, арнайы (шығармашылық) емтихандар 21 шілдеден 28 шілдеге дейін жүргізіледі. <*>
Ескерту: 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 15 наурыздағы N 157 бұйрығымен .
Ескерту: 3-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364 бұйрығымен , 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 327 қаулысымен .
4. Азаматтарды қабылдау түсу емтихандары аяқталғаннан кейiн және күндiзгi оқу нысанына түсетiндер үшiн 25 тамыздан 30 тамызға дейiн, кешкi және сырттай оқу нысанына түсетiндер үшiн 15 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейiн жүргiзiледi.<*>
Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 393 бұйрығымен , 2003 жылғы 15 наурыздағы N 157 бұйрығымен .
Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364 бұйрығымен , 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 327 қаулысымен .
5. Колледждерге түсушiлер қабылдау емтихандарын мемлекеттiк тiлде немесе ресми қолданылатын тiлде тапсыруға құқығы бар.
Ескерту: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 15 наурыздағы N 157 бұйрығымен .
6. Қабылдау емтихандарының түрiн (тестiлеу немесе емтихан билеттерi мен тапсырмалары бойынша) оқу орны шешедi.
7. Жалпы орта білімі бар азаматтар үшін түсу емтихандары жалпы орта білімнің оқу бағдарламалары көлемінде - үш пән, ал жалпы негізгі білімі бар азаматтар үшін жалпы негізгі білімнің оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша жүргізіледі. <*>
Мiндеттi түсу емтихандарының тiзбесiне жалпы негiзгi бiлiмi бар тұлғалар үшiн қазақ немесе орыс тiлдерi, ал жалпы орта бiлiмi бар тұлғалар үшiн қазақ немесе орыс тiлдерi және Қазақстан тарихы енгiзiледi. Арнайы немесе шығармашылық емтихандар (2-ден көп емес) талапкерлердiң таңдауына байланысты мамандықтардың ерекшелiктерiне қарай белгiленiп, түсу емтихандарының алдында орта кәсiптiк оқу орындары бекiткен бағдарлама бойынша жүргiзiледi
Тестiлеу кезiнде әрбiр пән бойынша 30 сұрақтан болады. Тест тапсырмасының әрбiр дұрыс жауабына 1 ұпай саны беріледi. Арнайы және шығармашылық пәндерден алған "3", "4", "5" деген бағаларды қабылдау комиссиясы тиiстi ұпай сандарына ауыстырады. Мемлекеттiк тапсырыс бойынша тест сынағынан жалпы саны 30 баллдан кем жинаған азаматтар оқушылар қатарына қабылданбайды.
Кешендi тестiлеуге үш пәннен 1,5 ал екi пәннен 1 астрономиялық сағат бөлiнедi.
Дұрыс жауаптардың коды тестiлеу бiткеннен кейiн бiрден iлiнедi. Кешенді тестілеудің нәтижелері ол өткізілген күні жарияланады. <*>
Жалпы бiлiм беретiн мектепте немесе кәсiптiк мектепте /лицейлерде/ шетел тiлiн меңгермеген Азаматтар ол мамандық бойынша белгiленген негiзгi пән болып табылмаса, колледждiң қабылдау комиссиясы белгiлеген басқа пәннен тапсырады. <*>
Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 393 бұйрығымен , 2003 жылғы 15 наурыздағы N 157 бұйрығымен , 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364 бұйрығымен , 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 327 қаулысымен .
8. Көрсеткіштері бірдей болған жағдайда (растайтын құжаттары болған жағдайда): жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларының қорытындысы бойынша орта кәсіптік оқу орындарында оқуға болатын І, ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезден мүгедектерге және үздік білімі туралы құжаты бар азаматтарға оқуға қабылдаудың артықшылық құқығы беріледі (куәліктер, аттестаттар, дипломдар). <*>
Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364 бұйрығымен .
9. Орта кәсiптiк оқу орнымен бiр оқу-тәрбие кешенiне немесе ғылыми-өндiрiстiк-оқу бiрлестiкке (ассоциация) кiретiн мектептер мен кәсiптiк мектептердiң (лицейлердiң) емтихан комиссияларының құрамына орта кәсiптiк оқу орнының оқытушылары енгiзiлген жағдайда олардың бiтiру емтихандарының нәтижелерi қабылдау емтихандарына теңгерiледi.
10. Арнайы немесе шығармашылық емтихандардан "екi" деген баға алған тұлғалар немесе себепсiз емтиханға келмегендер қалған емтихандарға жiберiлмейдi.
11. Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi.
11-1. Қабылдау емтихандарының нәтижелерiмен келiспеген азамат шағым беруге құқылы.
Шағым қабылдау комиссиясына қабылдау емтихандарының нәтижелерi жарияланғаннан кейiн берiледi және оны бiр тәулiк iшiнде шағым комиссиясы қарайды.
Ескерту: 11-1-тармақпен толықтырылды, өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 393 бұйрығымен , 2003 жылғы 15 наурыздағы N 157 бұйрығымен .
12. Орта кәсiптiк оқу орындарына оқушылар қатарына қабылдау қабылдау комиссиясының ашық мәжiлiсiнде мамандықтар, бөлiмдер, оқыту тiлi бойынша жеке жүргiзiледi.
Қабылдаудың осы Үлгi тәртiбiне сәйкес қабылдануға жеңiлдiк құқығы бар талапкерлер тиiстi құжаттарын тапсырады.
Қабылдау емтихандарынан жинаған ұпайлары тең болған жағдайда артықшылық:
ең бiрiншi кезекте жалпы орта мектептi (лицейдi) үздiк аттестатпен және кәсiптiк мектептi орта мектептiң негiзгi сатысында үздiк дипломмен бiтiргендерге берiледi. Бұл тәртiп кәсiптiк мектептердi (лицейлердi) жалпы бiлiм беретiн мектептiң жоғары сатысы негiзiнде үздiк бiтiргендерге, алған кәсiбiне сәйкес мамандыққа түскен жағдайда қолданылады.
Ескерту: 12-тармақ өзгерді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364 бұйрығымен .
13. Орта кәсiптiк оқу орны Қазақстан Республикасының орта кәсiптiк оқу орындарына қабылдаудың осы Үлгi Ережесiне сәйкес өздерiнiң нақты қабылдау Тәртiбiн меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан бiлiм беру ұйымдары әзiрлейдi, бiлiм беру ұйымдары құрылтайшыларымен келiседi, құжат қабылдаудан бiр ай бұрын баспасөз бетiнде жариялайды.
14. Қабылдау тәртiбi туралы мәлiмдеме, сонымен бiрге қабылдау жұмысын ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiндегi қабылдау комиссиясының шешiмi, емтихандар кестесi, оқушылар қатарына қабылдау мерзiмi түсушiлердiң назарына уақтылы жеткiзiлуi тиiс.
15. Орта кәсiптiк оқу орындары аймақтарда көшпелi комиссиялардың қабылдау емтихандарын меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан бiлiм беру ұйымдарының құрылтайшыларымен келiсiп ұйымдастырады.
16. Орта кәсiптiк оқу орнының қабылдау комиссияларына кешендi тестiлеуге қатысқан, басқа колледждерге (училищелерге) және жоғары оқу орындарына конкурстан өтпеген тұлғаларды белгiленген үлгiдегi мемлекеттiк сертификаттар негiзiнде қабылдауды жүзеге асыру құқығы берiледi.
Ескерту: 16-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 327 қаулысымен .
17. Барлық орта кәсiптiк оқу орындары облыстық, Астана және Алматы қалалық бiлiм басқармаларына (департаменттерiне) белгiленген үлгi мен мерзiмде жедел статистикалық, ал қабылдау бiткеннен кейiн он күн мерзiм iшiнде колледжге қабылдауды ұйымдастыру мен өткiзудiң жиынтық мәтiндiк нысандағы есептерiн бередi.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық бiлiм басқармалары (департаменттерi) белгiленген үлгiде 1 қазанға дейiн қабылдаудың қорытындылары туралы есептi жинақтап, қорытып Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне тапсырады.
18. Қабылдаудың осы Үлгi тәртiбiнде кесiмделмеген мәселелердi колледждердiң қабылдау комиссиялары өздерi шешедi.