Жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 5 шілдедегі N 650 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 2 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1936. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007.05.11. N 302 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007.05.11. N  302   (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Келісілді       
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым    
бірінші вице-министрі  
2002 ж. 3 шілде    

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 шiлдедегi N 389-1  Заңына  сәйкес және "Республикада медициналық бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi N 1469  қаулысын  iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қоса берiлiп отырған жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы Ереже бекiтiлсiн. 
      2. Жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының ректорлары, облыстардың және Астана, Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң) бастықтары осы бұйрыққа сәйкес белгiленген тәртiппен жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базаларын бекiтiп беру, пайдалану және жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi шараларды қабылдасын. 
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Медициналық ғылым және бiлiм департаментi (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi А.Айдархановқа жүктелсiн.

       Министр

Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрiнiң
2002 жылғы 5 шілдедегі   
N 650 бұйрығымен бекiтiлдi 

  ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ
КЛИНИКАЛЫҚ БАЗАЛАРЫ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базасы (университет, академия, дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институты) - бұл материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейi бар, ұйымдастыру-әдiстемелiк, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарының қазiргi заманғы әдiстерiнiң негiзiнде дәрiгерлердi, ғылыми кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын әрi барлық медициналық көмек түрлерiн көрсететiн көп бейiндi, мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымы. 
      Жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базалары болып денсаулық сақтауды басқаратын жергiлiктi мемлекеттiк органдардың ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдары белгiленуi мүмкiн. 
      Жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдары базасында клиникалық базалар (бұдан әрi - клиникалар) жұмыс iстейтiн клиниканы иемдене алады.

      2. Медициналық жоғары оқу орындары клиникалық базаларының тiзбесi "Республикадағы медициналық бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi N 1469  қаулысымен  белгiленген. 
      Клиниканың бас дәрiгерiн қызметке жоғары медициналық бiлiм беру ұйымының ректоры тағайындайды және қызметiнен босатады. 

      3. Жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымының базасында жұмыс iстейтiн клиникалық база бөлiмшесiнiң құрылымын, бейiнiн және қуаттылығын жоғары медициналық бiлiм беру ұйымының келiсiмi бойынша денсаулық сақтауды басқаратын жергiлiктi мемлекеттiк орган бекiтедi. 

      4. Клиникалық база бөлiмшесiнiң құрылымын, бейiнiн және қуаттылығын жоғары медициналық бiлiм беру ұйымы бекiтедi. 

      5. Клиникалық база бөлiмшелерiнiң бейiнiн өзгерту халықтың медициналық көмекке деген сұранысына орай, медициналық қызмет көрсетуге мемлекеттiк тапсырысты орналастыруға ашық конкурс нәтижелерi бойынша, сондай-ақ ерекше жағдайларда (соғыс уақыты жағдайы, эпидемиологиялық жағдай, зiлзала) жүргізілуі мүмкін. 

      6. Клиникалық базалардың қызметi осы Ережемен және жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдары мен денсаулық сақтауды басқаратын жергiлiктi мемлекеттiк органдар арасында жасасқан шарттармен, ал клиниканың қызметi осы Ережемен реттеледi. 

      7. Клиника медициналық жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. 

  2. Жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдары клиникалық 
базаларының мiндеттерi 

      8. Жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базаларының негiзгi мiндеттерi: 
      1) мемлекеттiк стандартқа сәйкес мамандарды үздiксiз көп деңгейлi (жоғары, қосымша және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм) даярлауды жүзеге асыру; 
      2) халыққа жоғары бiлiктi медициналық көмек көрсету; 
      3) алдын алудың, диагностикалаудың, емдеудiң және науқастарды сауықтырудың тиiмдi әдiстерiн әзiрлеу және практикалық денсаулық сақтау жүйесiне енгiзу; 
      4) бiлiм беру ұйымдарына ғылыми зерттеулер жүргiзу және клиниканың жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдалана отырып, оқу процесiн қамтамасыз ету үшiн жағдай жасау; 
      5) халыққа медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсетуге мемлекеттiк тапсырысты орналастыру жөнiндегi конкурстарға қатысу болып табылады. 

      9. Клиникалық базалардың басшылығы: 
      1) қажеттi оқу үй-жайлары мен клиниканың құрал-жабдықтарын пайдалану мүмкiндiктерiн бере отырып, студенттердiң (курсанттар) даярлануы үшiн жағдай жасауды және клиниканы оқу процесiнде жарақтандыруды; 
      2) кафедра қызметкерлерiнiң емдеу процесiне толыққанды қатысуы үшiн жағдай жасауды; 
      3) медициналық бiлiм беру ұйымдарының ғылыми зерттеу жұмысының жоспарына сәйкес науқастарды 15%-ға дейiн жатқызуды қамтамасыз етедi. 

  3. Клиникалық базаны басқару

      10. Клиникалық базаны жалпы басқару мен басшылық жасауды бас дәрiгер жүзеге асырады.

      11. Клиникалық базаның бас дәрiгерi: 
      1) өз жұмысында қолданыстағы заңнаманы, басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады;
      2) шаруашылық-әкiмшiлiк функцияларды атқарады;
      3) жоғары медициналық бiлiм беру ұйымының клиникалық
кеңесiнiң мүшесi, сондай-ақ негiзгi қызметiмен қоса қызметкерi бола алады. 

      12. Бас дәрiгердiң клиникалық жұмыс жөнiндегi орынбасары кафедра меңгерушiсiмен қатар емдеу-диагностикалық және оқу процесiн ұйымдастыруға тiкелей жауапты болады. 

      13. Клиникалық база бөлiмшелерiнiң меңгерушiлерi жоғары медициналық оқу орны ректорының келiсiмi бойынша жоғары және бiрiншi бiлiктiлiк санаты бар дәрiгерлер мен кафедра қызметкерлерiнен бас дәрiгердiң бұйрығымен тағайындалады. 

      14. Клиникалық базаның жоғары немесе бiрiншi бiлiктiлiк санатты дәрiгерлерi бiлiм беру ұйымдарында оқытушылық қызметпен айналысуға және негiзгi жұмысымен қатар бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеуге құқылы.

      15. Кафедра меңгерушiсi (профессор немесе доцент): 
      1) өз жұмысында азаматтардың денсаулығын сақтау және бiлiм беру саласындағы нормативтiк-құқықтық кесiмдердi, жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының жарғысын, осы Ереженi және лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады; 
      2) емдеу-диагностикалық, консультативтiк көмек көрсету және оқу процесiн ұйымдастыру мәселелерi бойынша бас дәрiгермен және бас дәрiгердiң клиникалық жұмыс жөнiндегi орынбасарымен өзара iс-қимыл жасайды; 
      3) базалық бөлiмшенiң қызметiн бақылайды және кафедраның емдеу жұмысына дербес жауапты болады. 

      16. Кафедраның ассистентi педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар: 
      1) дәрiгер-ординатордың 0,5 төлем бәсi көлемiнде емдеу және консультация беру жұмыстарын атқарады және өз жұмысында клиниканың iшкi тәртiп ережелерiн басшылыққа алады;
      2) өндiрiстiк қажеттiлiк кезiнде кафедра меңгерушiсi мен бас дәрiгердiң келiсiмi бойынша клиниканың еңбекақы қорынан төлемақы ала отырып, қосымша дәрiгерлiк жұмысты атқара алады; 
      3) клиниканың басқа да қызметкерлерiмен қатар емдеу жұмысының сапасына және бекiтiлген оқу үй-жайлары мен жабдықтардың сақталуына жауапты болады.

      17. Докторанттар, аспиранттар мен клиникалық ординаторлар "Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм туралы" қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 6 желтоқсандағы N 1134  Ережесiне  сәйкес емдеу жұмысын атқарады.

Об утверждении Положения о клинических базах высших медицинских организаций образования

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 июля 2002 года N 650. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 августа 2002 года N 1936. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 мая 2007 года N 302

       Сноска. Приказ Министра здравоохранения РК от 5 июля 2002 г. N 650 утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 11 мая 2007 года N  302 .

 

"Согласовано"   

первый Вице-Министр
образования и науки
Республики Казахстан
3 июля 2002 г.  

      В соответствии с  Законом  Республики Казахстан от 7 июня 1999 года N 389-I "Об образовании" и в целях реализации  постановления  Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 1999 года N 1469  "О мерах по дальнейшему совершенствованию медицинского образования в республике", приказываю: 
      1. Утвердить прилагаемое Положение о клинических базах высших медицинских организаций образования. 
      2. Ректорам высших медицинских организаций образования, начальникам управлений (департаментов) здравоохранения областей и городов Астана, Алматы принять меры по закреплению, использованию и организации работы клинических баз высших медицинских организаций образования в установленном порядке, в соответствии с настоящим приказом. 
      3. Департаменту медицинской науки и образования Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Хамзина Н.К.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан. 
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Вице-Министра здравоохранения Республики Казахстан Айдарханова А.Т. 

      Министр 

 

Утверждено           
приказом Министра здравоохранения
Республики Казахстан      
от 5 июля 2002 г. N 650    

  Положение о клинических базах высших 
медицинских организаций образования 

1. Общие положения 

      1. Клиническая база высшей медицинской организации образования (университет, академия, институт усовершенствования врачей) - это многопрофильная, специализированная организация здравоохранения, имеющая высокий уровень материально-технической базы, которая на основе современных методов организационно-методической, учебной, лечебно-диагностической и научно-исследовательской работы осуществляет подготовку и переподготовку врачей, научных кадров и оказывает все виды медицинской помощи. 
      В качестве клинических баз высших медицинских организаций образования могут быть определены организации здравоохранения, подведомственные местному государственному органу управления здравоохранением (клинические базы, функционирующие на базе местных организаций здравоохранения). 
      Высшие медицинские организации образования могут иметь клиники, на базе которых функционируют клинические базы (далее - клиники). 
      2. Перечень клинических баз медицинских вузов определен  постановлением  Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 1999 года N 1469 "О мерах по дальнейшему совершенствованию медицинского образования в республике". 
      Главный врач клиники назначается и освобождается от занимаемой должности ректором высшей медицинской организации образования. 
      3. Структура, профиль и мощность отделений клинической базы, функционирующей на базе местных организаций здравоохранения, утверждается местным государственным органом управления здравоохранением по согласованию с высшей медицинской организацией образования. 
      4. Структура, профиль и мощность отделений клиники утверждается высшей медицинской организацией образования. 
      5. Изменение профиля отделений клинических баз может проводиться исходя из потребностей населения в медицинской помощи, по результатам открытого конкурса на размещение государственного заказа на медицинские услуги, а также в некоторых случаях (условия военного времени, эпидемиологическая обстановка, стихийные бедствия). 
      6. Деятельность клинических баз регулируется настоящим Положением и договором, заключаемым между высшей медицинской организацией образования и местным государственным органом управления здравоохранением, а деятельность клиники - настоящим Положением. 
      7. Клиника является структурным подразделением медицинского высшего учебного заведения. 

2. Задачи клинических баз высших 
медицинских организаций образования 

      8. Основными задачами клинических баз высшей медицинской организации образования являются: 
      1) осуществление непрерывной многоуровневой (высшее, дополнительное и послевузовское профессиональное образования) подготовки специалистов согласно государственному стандарту; 
      2) оказание высококвалифицированной медицинской помощи населению; 
      3) разработка и внедрение в систему практического здравоохранения эффективных методов профилактики, диагностики, лечения и реабилитации больных; 
      4) создание условий организациям образования для проведения научных исследований и обеспечения учебного процесса с использованием оборудования и технических средств клиники; 
      5) участие в конкурсах по размещению государственного заказа на оказание гарантированного объема медицинской помощи населению. 
      9. Руководство клинической базы обеспечивает: 
      1) создание условий для подготовки студентов (курсантов) с предоставлением необходимого количества учебных помещений и возможности использования оборудования и оснащения клиники в учебном процессе; 
      2) создание сотрудникам кафедры условий для полноценного участия в лечебном процессе; 
      3) госпитализацию до 15% тематических больных согласно плану научно-исследовательских работ медицинских организаций образования. 

3. Управление клинической базой 

      10. Общее управление и руководство клинической базой осуществляется главным врачом. 
      11. Главный врач клинической базы: 
      1) руководствуется в своей работе действующим законодательством, другими нормативными правовыми актами и настоящим Положением; 
      2) осуществляет хозяйственно-административные функции; 
      3) может по совместительству являться сотрудником, а также членом клинического совета высшей медицинской организации образования. 
      12. Заместитель главного врача по клинической работе наряду с заведующим кафедрой несет непосредственную ответственность за организацию лечебно-диагностического и учебного процесса. 
      13. Заведующие отделениями клинической базы назначаются приказом главного врача по согласованию с ректором медицинского вуза из врачей, имеющих высшую или первую квалификационную категорию, и сотрудников кафедры. 
      14. Врачи клинической базы с высшей или первой квалификационной категорией имеют право заниматься преподавательской деятельностью и работать по совместительству в организациях образования. 
      15. Заведующий кафедрой (профессор или доцент): 
      1) руководствуется в своей работе нормативными правовыми актами в области охраны здоровья граждан и образования, уставом высшей медицинской организации образования, настоящим Положением и должностной инструкцией; 
      2) взаимодействует с главным врачом и заместителем главного врача по клинической работе по вопросам организации оказания лечебно-диагностической, консультативной помощи и организации учебного процесса; 
      3) контролирует деятельность базового отделения и несет персональную ответственность за лечебную работу кафедры. 
      16. Ассистенты кафедры наряду с педагогической и научно-исследовательской работой: 
      1) выполняют лечебную и консультативную работу в объеме 0,5 ставки врача-ординатора и руководствуются правилами внутреннего распорядка клиники; 
      2) при производственной необходимости по согласованию с заведующим кафедрой и главным врачом могут выполнять дополнительную врачебную работу с оплатой из фонда заработной платы клиники;
      3) наряду с остальными сотрудниками клиники несут ответственность за качество лечебной деятельности и сохранность закрепленных учебных помещений и оборудования.
      17. Докторанты, аспиранты и клинические ординаторы выполняют лечебную работу согласно действующим Правилам "О послевузовском профессиональном образовании", утвержденным  приказом  Министра образования и науки Республики Казахстан от 6 декабря 2000 года N 1134.