Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 11 мамырдағы N 302 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 11 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4722 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 876 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.12.12 № 890 (қол қойған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 317 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының ректорлары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау департаменттерінің директорлары (келісім бойынша) қоса беріліп отырған Ережеге сәйкес халыққа медициналық көмек көрсету, медицина кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырсын.
      3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1936 тіркелген (Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., N 36, 690-құжат) "Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 5 шілдедегі N 650 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Білім, ғылым және кадр ресурстары департаменті (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.
      7. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

                                           Қазақстан Республикасы
                                        Денсаулық сақтау министрінің
                                     2007 жылғы 11 мамырдағы N 302
                                          бұйрығымен бекітілген

Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының
клиникалық базалар туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Клиникалық база - жергілікті денсаулық сақтау ұйымдары базасында жұмыс істейтін, материалдық-техникалық базаның жоғары деңгейі бар және ұйымдастыру-әдістемелік, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысының қазіргі заманғы әдістері негізінде дәрігерлерді, ғылыми кадрларды даярлау мен қайта даярлауды жүзеге асыратын және медициналық көмектің барлық түрлерін көрсететін жоғары медициналық білім беру ұйымының немесе денсаулық сақтау ұйымының клиникасы.

      2. Клиникалық базалардың тізбесі»"Республикадағы медициналық білім беруді одан әрі жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N 1469 қаулысымен айқындалған.

      3. Жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының базаларында жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымының клиникасы бөлімшелерінің құрылымын, бейіні мен қуатын жоғары медициналық білім беру ұйымымен келісе отырып, денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті мемлекеттік органы бекітеді.

      4. Жоғары медициналық білім беру ұйымының құрылымын, бейіні мен қуатын денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті мемлекеттік органымен келісе отырып, ректор бекітеді.

      5. Жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымы клиникасының қызметі осы Ережемен және жоғары медициналық білім беру ұйымымен және медицина ұйымының бас дәрігерімен (директорымен) жасасатын шартпен, ал жоғары оқу орны клиникасының қызметі - осы Ережемен реттеледі.

      6. Жоғары медициналық білім беру ұйымымен және денсаулық сақтау ұйымының бас дәрігерімен (директорымен) жасасатын еңбек шартында мынадай негізгі ережелер атап көрсетіледі:
      1) тараптардың міндеттемелері;
      2) сапалы оқу процесі үшін жағдай жасау;
      3) оқу процесінде медициналық жабдықты қолдану туралы;
      4) кафедраларға оқу бөлмелерін бекіту.

      7. Жоғары оқу орнының клиникасы медициналық жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      8. Жоғары медициналық білім беру ұйымы клиникасының бас дәрігері жоғары медициналық білім беру ұйымы ректорының бұйрығымен тағайындалады және қызметінен босатылады.

2. Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базаларының негізгі міндеттері мен функциялары

      9. Мыналар клиникалық базалардың негізгі міндеттері болып табылады:
      1) халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
      2) медициналық ғылым мен тәжірибенің жаңа түрлері мен әдістерін, жетістіктерін қолдана отырып, медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқу-педагогикалық процесті ұйымдастыру және өткізу үшін жағдай жасау;
      3) ғылыми-зерттеу қызметін іске асыру, қазіргі заманғы тиімділігі жоғары медициналық технологияларды әзірлеу және енгізу үшін жағдайлармен қамтамасыз ету;
      4) мамандарды оқытудың түрлері мен әдістерін үнемі жетілдіру.

      10. Көрсетілген міндеттерді шешу үшін клиникалық базалар мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған бөлімшелерінің жоғары оқу орындарының клиникалық кафедраларымен бірлескен қызметін ұйымдастыру;
      2) клиникаға жатқызылған сырқаттардың диагностикасын жасау және емдеу;
      3) күрделі клиникалық жағдайлардың диагностикасы мен емдеу мәселелері бойынша консультациялар беру;
      4) халыққа тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі конкурстарға қатысу;
      5) медицина кадрларын, оның ішінде жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының базаларында жұмыс істейтін клиникалық базалардың қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
      6) клиникалық және патологиялық-анатомиялық конференциялар, семинарлар, ғылыми-практикалық және басқа да конференциялар өткізу;
      7) жоғары медициналық білім беру ұйымы бекіткен жоспарлар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
      8) белгіленген тәртіппен емделушілердің диагностикасын жасаудың, емдеудің, оңалтудың жаңа тиімді әдістерін сараптамалық бағалауды, клиникалық сынақтарды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету;
      9) ғылыми-техникалық еңбектерді және ғылыми-медициналық әзірлемелерді, құралдарды жариялау;
      10) амбулаториялық сырқаттардың диагностикасы мен емдеу мәселелері бойынша консультациялар беру.

3. Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының
клиникалық базаларын басқару

      11. Клиникалық базаны жалпы басқару мен басшылық етуді бас дәрігер жүзеге асырады.

      12. Клиникалық базаның бас дәрігері:
      1) өз қызметінде қолданыстағы заңнаманы, басқа да нормативтік құқықтық актілер мен осы Ережені басшылыққа алады;
      2) шаруашылық-әкімшілік функцияларды жүзеге асырады;
      3) қызметті қоса атқара отырып, жоғары медициналық білім беру ұйымының қызметкері бола алады, сондай-ақ клиникалық кеңестің құрамына кіре алады;
      4) кафедра басшысымен бірлесіп, кафедра жұмысын үйлестіреді;
      5) клиникалық базаның емдеу жұмысын жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтау органымен үйлестіреді;
      6) ғылыми-клиникалық жұмыс жөніндегі проректормен бірлесіп, кафедра қызметкерлерінің емдеу-консультациялық жұмыстың орындалған көлемін бақылайды;
      7) жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтау органдарының алқаларында клиникалық базалардың емдеу жұмысының жағдайы туралы ұсыныстар енгізеді және ақпарат береді.

      13. Жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жұмыс істейтін клиникалардың бас дәрігерлері, жоғары білікті қызметкерлері профессор-оқытушылардың құрамы лауазымдарында штат бойынша қызметті қоса атқару (0,5 мөлшерлемеден асырмай) немесе сағат бойынша төлеу жағдайында жұмыс істей жүріп, оқу-педагогикалық процеске қатыса алады.

      14. Клиникалық базаның бөлімше меңгерушілері бас дәрігердің бұйрығымен кафедра меңгерушісінің және жоғары медициналық білім беру ұйымының ректорының келісімі бойынша жоғары немесе бірінші біліктілік санатты дәрігерлер мен кафедра қызметкерлері арасынан тағайындалады.

      15. Кафедра меңгерушісі:
      1) кафедраның педагогикалық, емдеу-алдын алу, ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
      2) клиникалық базаның бас дәрігерімен және оның клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасарымен емдеу-диагностикалық, консультациялық көмекті ұйымдастыру және оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара әрекет жасайды;
      3) бөлімшелерді жоспарлы аралауды жүргізеді, сырқаттарға консультация береді, оларды тексеру және емдеу жоспарын белгілейді;
      4) кафедра қызметкерлері арасында емдеу жүктемесін бөледі;
      5) нақты орындалған жұмыс үшін төленетін кем дегенде 30 сағат көлемінде консультациялық жұмыс атқарады;
      6) клиникалық базаның дәрігер кадрларын аттестаттауға қатысады;
      7) клиникалық база дәрігерлерінің кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс (клиникалық ғылыми-практикалық семинарлар, патологиялық-анатомиялық конференциялар және тоқсандық есептерді талқылау) жүргізеді;
      8) клиникалық базаның әкімшілігіне құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін көтермелеу, сондай-ақ оларға еңбек тәртібін бұзғандары үшін тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді.

      16. Кафедра меңгерушісі клиникалық базаның бас дәрігерімен бірлесіп:
      1) кафедраның қызметкерлерінің және клиниканың құрылымдық бөлімшесінің медицина қызметкерлері құрамының жұмысына басшылық жасайды, көтермелеуді, тәртіптік жазаға тартуды белгілейді және іске асырады;
      2) кафедра қызметкерлерінің емдеу жұмысы кестелерін, түнгі кезекшіліктерді, демалыстарды бекітеді;
      3) дәрігерлер мен оқытушылардың ғылыми зерттеулерге қатысуын қамтамасыз етеді;
      4) жоғарғы органдарға клиникалық базаның қызметі бойынша бірлесіп есеп береді.

      17. Кафедра профессоры педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмысымен қатар:
      1) клиникалық базаның ішкі тәртіп ережелерін басшылыққа алады;
      2) кафедра меңгерушісімен және клиникалық базаның бас дәрігерімен келісе отырып, клиникалық базаның еңбекақы қорынан төленетін қосымша дәрігерлік жұмысты (кезекшіліктерді) атқара алады;
      3) нақты орындалған жұмыс үшін төленетін 30 сағаттан аспайтын көлемде консультативтік жұмысты атқарады.

      18. Кафедра доценті педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмысымен қатар:
      1) дәрігер-ординатордың 0,5 мөлшерлемесі көлемінде консультациялық жұмысты атқарады және клиникалық базаның ішкі тәртіп ережелерін басшылыққа алады;
      2) өндірістік қажеттілік болған жағдайда кафедра меңгерушісімен және клиникалық базаның бас дәрігерімен келісе отырып, клиникалық базаның еңбекақы қорынан төленетін қосымша дәрігерлік жұмысты (кезекшіліктерді) атқара алады.

      19. Кафедра ассистенті педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмысымен қатар:
      1) дәрігер-ординатордың 0,5 мөлшерлемесі көлемінде емдеу және консультациялық жұмысты атқарады;
      2) өндірістік қажеттілік болған жағдайда кафедра меңгерушісімен және клиникалық базаның бас дәрігерімен келісе отырып, клиникалық базаның еңбекақы қорынан төленетін қосымша дәрігерлік жұмысты (кезекшіліктерді) атқара алады.

      20. Докторанттар, аспиранттар және клиникалық ординаторлар емдеу жұмысын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 28 маусымдағы N 509 бұйрығымен бекітілген қолданыстағы Медицина және фармацевтика қызметкерлерін клиникалық ординатурада, магистратурада, аспирантурада және докторантурада даярлау туралы ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2962 тіркелген, Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде N 3740 жарияланған, 2005 жылғы 18 тамыздағы N 151 "Юридическая газетада" жарияланған) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 21 маусымдағы N 343 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім туралы ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4302 тіркелген, 2006 жылғы 28 шілдедегі N 139 "Юридическая газетада" жарияланған) сәйкес атқарады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады