Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының 2010.11.03 № 305 бұйрығымен.
КЕЛIСIЛГЕН КЕЛIСIЛГЕН КЕЛIСIЛГЕН
Қазақстан Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Республикасының Iшкi Кедендiк бақылау индустрия және сауда
iстер жөніндегi Агенттiгiнiң Төрағасы министрлiгiнiң
Бiрінші вице-Министрi стандарттау,
метрология және
____________ ______________ сертификаттау
Комитетінің Төрағасы
"__"________ 2002 жылы "__"__________ 2002 жыл ____________
"__"________ 2002 жыл
Республика базарында уыттылығы жоғары заттарының концентрациясы жол берiлген шектен 10-нан 50-ге дейiн есе асқан, Қытай Халық Республикасы өндiретiн ашытқыларды сатуға байланысты аса қолайсыз ахуал қалыптасты.
Республика қалаларының базарлары мен сауда ұйымдарында сатылатын Қытай Халық Республикасы өндiретiн кептiрiлген ашытқыларды зерттеу нәтижесiнде: "Ангел" ашытқысының құрамындағы мышьяк шектi жол берiлген концентрациядан 2,8-50 есе, кадмий - 11 есе, мырыш 10 есе; "Веселый повар" ашытқысында - мышьяк ШЖК-дан 3,5-9,6 есе, кадмий 4 есе, мырыш 10 есе; "Идеал" ашытқысында - мышьяк 3,95 есе, кадмий 3,6-3,85 есе; "ФАО" ашытқысында мырыш 2,4 есе, мышьяк 2,8-50,2 есе, кадмий 3,6-3,85 есе артық екендiгi анықталды.
Қытай Халық Республикасы өндiретiн аталған ашытқыларды пайдаланудың нәтижесiнде Қазақстан Республикасы халқының арасында уыттану, жiтi әрi созылмалы улану жағдайлары пайда болуының алдын алу мақсатында және "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Z942000_ Қазақстан Республикасы Заңының 15, 16, 17-баптарын басшылыққа ала отырып, қаулы етемін:
1. Азық-түлiк шикiзаттары мен тамақ өнiмдерiн сатып алумен және сатумен айналысатын барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, жеке және заңды тұлғалар меншiктiк нысанына қарамастан:
ашытқы қосылған өнiмдердiң сапасын ведомстволық өндiрiстiк бақылауды күшейтсiн.
2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, көлiктегi Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлерiне:
1) Қытай Халық Республикасы өндiретiн "Ангел", "Веселый повар", "Идеал" және "ФАО" ашытқыларының, сапасы мен адам денсаулығына қауiпсіздiгiн дәлелдейтiн iлеспе құжаттарынсыз барлық сауда, тамақтану және азық-түлiк өнеркәсiбi объектiлерiнде сатылып таратылуына тыйым салынсын;
2) iшкi iстер, Мемстандарт органдарын тарту арқылы түбегейлi шаралар қабылдай отырып және оларды сатуға тыйым сала келе ашытқыларды сататын объектiлерге кешендi тексеру жүргiзiлсiн;
3) аумақтардың әкiмдерiн, облыстардың Iшкi iстер басқармаларын, Кеден басқармаларын хабарландыру арқылы аталған өнiм түрлерiнiң экспорты мен саудалану фактiлерiн анықтауға және жiбермеуге мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелерiне көмектесудiң қажеттiлiгi жеткiзiлсiн;
4) Қытай Халық Республикасы өндiретiн "Ангел", "Веселый повар", "Идеал" және "ФАО" ашытқылардың сатылатын жерлерге тұрақты түрде қатаң бақылау орнатсын;
5) қаулыны ашытқыларды сатумен айналысатын барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен жеке тұлғалардың назарына жеткiзсiн, бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, iс-шараларды өткiзудегi жариялылықты қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау Агенттiгiне:
Қытай Халық Республикасы өндiретiн "Ангел", "Веселый повар", "Идеал" және "ФАО" ашытқылардың сапасы мен қауiпсiздiгiн куәландыратын iлеспе құжаттарсыз Қазақстан Республикасына әкелiнуiнен тұтынушылардың мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы кеден органдарының қатысуын қамтамасыз ету және сатылуына тыйым салудың шаралары қолға алынсын.
4. Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлiгiнiң стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi Комитетiне:
Қытай Халық Республикасы өндiретiн "Ангел", "Веселый повар", "Идеал"
және "ФАО" ашытқыларды сатуды жүзеге асыратын объектiлердi кешендi
тексеруге қатыссын.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетi:
қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлiгiнде заңды
тiркеуге ұсынсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
Комитетiнiң төрағасы В.А.Меркерге жүктелсiн.
7. "Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының
негiзiнде осы қаулының мiндеттi күшi бар.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк санитарлық
Бас дәрiгерi
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева А.Ж.