Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 28 қарашадағы 2002 жылғы N 62 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 5 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2075. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 4 қарашадағы N 42 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 4 қарашадағы N 42   бұйрығымен .
____________________________________

      Қазақстан Республикасы "Прокуратурасы туралы"  Заңның  11 бабы 4) тармақшасын басшылыққа алып, азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН :
      1. "Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына прокурорлық  қадағалау туралы" ұсынылған Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына прокурорлық қадағалау жөніндегі (басқарма құқығында) бөлімге (М.Қ.Қабақаев) аталған Бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу шараларын орындасын.
      3. Бұйрық Бас әскери прокурорға, облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін.
      4. Осы Бұйрықтың орындалуына бақылауды басшылық жасайтын Бас Прокурорының орынбасары Ә.Жүкеновке жүктелсін.
      5. Аталған Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап әрекетке енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
            Бас Прокуроры

Қазақстан Республикасы  
Бас Прокурорының    
28 қараша 2002 жылғы  
N 62 бұйрығымен    
бекітілген      

  Азаматтарды ақтау және жазаның
орындалу заңдылығына прокурорлық
қадағалау туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

      1. Аталған Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Прокуратурасы туралы"  Заңы , және басқада Қазақстан Республикасының заң актілерімен қылмысты атқару мен азаматтарды ақтау заңдылығын қадағалауды белгілейтін тәртіптерімен өңделген.

      2. Бас прокуратураның азаматтарды ақтау және жазаны орындауда заңдылық сақталуын қадағалайтын бөлімге:
      1) облыстық прокурорлар және оларға теңестірілген прокурорлар қылмыстық жазаны орындауды, заңдылықтың дәлдік және біркелкі сақталуын қадағалауды, азаматтарды қамауға алу және қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды ақтау жөніндегі заңдардың талаптары мүлтіксіз сақталуын қадағалауды қамтамасыз етілсін;
      2) заңмен бекітілген билікті қолдана отырып, адам құқығы, сотталғандармен қамаудағыларды адамгершілікпен ұстау туралы халықаралық келісімдер мен заңдардың дәлдік және бір келкі қолданылуына қол жеткізілсін;
      3) қадағалауға алынған мекемелерде заңдылық сақталуын үнемі тексеріп, талдау жасап, азаматтарды ақтау жөнінде қабылданған облыстық прокуратураларының шешімдерінің негізделуін анықтап, заң бұзушылық фактілерін жойып, алдағы уақытта кемшіліктерге тосқауыл қойылсын;
      4) төмен тұрған прокурорларға жұмысты ұйымдастыруда жіберген кемшіліктер және заңдылықты бұзғандығы үшін персоналды жауапкершілікпен ескерту беріледі;
      5) өз жұмысын Бас прокуратураның басқа құрылымдағы бөлімшелерімен үйлестіре отырып жүргізсін;
      6) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен оған бағынышты органдарының тергеу изоляторы мен Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі қамаудағыларды ұстау жөніндегі құқықтық-нормативтік актілерінің заңға сәйкестігі қадағалансын. Заңға қайшы келетін актілердің қолданылуын дереу тоқтата наразылық келтірілсін;
      7) азаматтарды ақтау және түзеу мекемелерінде жазаның орындалуында заңдылықтың сақталуын қадағалауда төмен тұрған прокуратураларға ұйымдастыру және әдістемелік көмек көрсетілсін. Облыстық прокурордың көмекшілерімен оқулық семинарлар, бірлескен тексерулер және сынақ мерзімін өткізу ұйымдастырылсын. Үздік жұмыс тәжірибесін кеңіннен таратып, заңдылықты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізілсін.

      3. Облыстық прокурорларға, жазаның орындалуында заңдылықтың сақталуын қадағалайтын бөлімдерге (аға көмекші, көмекшілерге), арнайы прокурорларға, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларға:
      1) азаматтарды алдын ала қамау орындарында ұстау және қамауда ұстаудың заңда бекітілген мерзімін сақтау жөніндегі заңдылықтың сақталуы қадағалансын;
      2) айына бір реттен кем емес тергеу изоляторлары тексерілсін;
      3) азаматтардың бұзылған құқықтарын орнына келтіріліп, оған кінәлі лауазымды қызметкерлер жауапкершілікке тартылсын;
      4) заңсыз қамауға алынған адамдар қолма-қол босатылсын;
      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторларында отырған адамдардың заңға сәйкес ұсталынуын қадағалау Ұлттық қауіпсіздік органдарына қадағалау жасауға бекітілген прокурорларға жүктелсін;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жазаны орындау органдары мен мекемелер әкімшіліктері заңдылықтың бұзылмауын қадағаласын;
      7) үнемі, жылына екі рет барлық түзеу мекемелерінде заңдардың дұрыс орындалуына жалпы тексеру жүргізілсін.
      Тексеру кезінде сотталғандардың заң белгілеген құқықтары мен міндеттерін, еңбекке пайдалану, бас бостандығынан айыру  жерлерінде ұстау заңдылығын, сотталған жасөспірімдер мен әйелдерге байланысты тәртіп пен жазаны өтеп шығу туралы заң талаптарына аса көңіл бөлінсін, сондай-ақ қылмыстық атқару жүйесін және бюджет есебін мақсатына қарай қолдану мәселелері мүлтіксіз орындалсын.
      Облыстық прокурорлар мен олардың орынбасарлары мұндай тексеріске өздері қатыссын;
      8) түзеу мекемелерінде ай сайын сотталғандарды жеке мәселесі бойынша қабылдау және айыпкерлер /тәртіп бұзғандар/ қапасында ұстау, қапас бөлмесімен жеке қапасқа ауыстыру заңдылығы тексеріліп отырсын;
      9) заңның бұзылуын анықтап, оны шегеру үшін, сотталған адамдарды басынып, намысын қорлауды болдырмау үшін қажетті шаралар қолданылсын. Мұндай жағдайда заңда рұқсат етілген өкілеттіктің барлық түрі прокурорлық шара қолдану актісін енгізу арқылы жүзеге асырылсын;
      10) сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес заңдылығын сақтау жөніндегі тексерістерге маңызды көңіл аударылсын.
      Пенитенциар жүйесі қызметкерлерінің құқық бұзушылықтары мен жемқорлық сипатындағы әрбір қылмыстары жайында Бас прокуратурасының бөліміне арнайы хабарлау берілсін және алдын-ала тергеу мен істің сотта қаралу қорытындысы туралы хабарлансын;
      11) жазасын өтеу орындарда қылмыстардың қайталануын болдырмау үшін қылмыстық-құқықтық  құралдар қолданылсын.
      Қылмыстық атқару жүйесінің, тергеу абақтысы мен айдауыл қорғаушыларының қызметкерлері істеген қылмыстардың барлық түрі, кісі өлтіру, түзеу мекемелеріндегі жаппай тәртіпсіздік, бағынбаушылық, қаруланып және топтасып қашу, сондай-ақ түзеу мекемелеріндегі жұмыс тәртібін бұзу кезіндегі қандай да бір ауыр зардапқа апарып соққандығы жайында Бас прокуратура бөліміне арнайы хабарламалар жедел жолдансын. Төтенше оқиға жағдайлары мен оны тудырған кінәлі лауазымды адамдардың жауабы туралы қызметтік тергеу мен сот қарауы нәтижелері хабарланып тұрсын;
      12) мұқият, қажет болса тиісті жерлерге барып, заңның бұзылуы туралы ақпарат тексерілсін. Үнемі, түзеу мекемелерінің әкімшілігімен, сондай-ақ осы мекемелер бағынатын ішкі істер органдары мен сотталып, жазасын өтеп жатқан адамдардың өтініштерін, арыздарын қарау тәртібі туралы заңның орындалуы қадағалансын;
      13) сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын және ауырғанына байланысты мерзімінен бұрын жазадан босату туралы заңның орындалуына тиісті қадағалау жүргізілсін, сондай-ақ заңда қарастырылған басқа негіздер бойынша, сотталғандарды түзеу мекемелерінен қоныстандыру колониясына және ұстау шарттарының бір түрінен екінші түріне ауыстыру кезінде, оларды негізсіз пайдалану немесе пайдаланудан бас тарту фактілері уақытында анықталып шешілсін;
      14) сотталған адамдарды жазадан босатуда заң белгілеген дайындау тәртібінің орындалуы  тексерілсін, түзеу мекемелерінің әкімшілігімен босағандарды жұмысқа орналастыру үшін уақытында және нақты шаралар қолданылсын, ал жасы жеткен немесе мүгедек сотталғандарды босату кезінде, оларды мүгедектер және кәрілер үйіне орналастыруға шара қолданылсын.
      Осы мәселелерді шешер кезде, жергілікті басқару органдары мен басқармалар, қоғамдық ұйымдар арасында өзара тиімді байланыс қамтамасыз етілсін;
      15) бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ қылмыстық жаза, сондай-ақ шартты түрде соттау шараларын орындау қадағалансын.
      Жылына екі рет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қылмысты орындау инспекцияларының қызметінің заңдылығын тексеруі жүргізілсін;
      16) ақталған азаматтарға жеңілдік көрсету, орнына ақша төлеудің дұрысы мен заңдылығын тексеру жөнінде халықтық әлеуметтік органдарының және басқадай бақылау органдарының жұмыстары үнемі бақылауда болып, заңдылығы қадағалансын;
      17) құзырлығы бар органдарға заңдылықтың бұзылуын болдырмау мақсатында ұсыныс енгізу үшін жинақталып қорытылған материалдар қолданылып, жазаның орындалу заңдылығы бойынша прокурорлық қадағалау тәжірибесі үнемі талдансын.
      Облыстық прокуратуралардың жазаның орындалу заңдылығын қадағалау бөлімдері (аға көмекшілері, көмекшілері) өзіне жүктелген міндеттерден шеттеп, төменгі тұрған прокурорларға өз жұмыстарын жүктеп, олардың іс-әрекеттерін бақыламайды және тәжірибелік көмек көрсетпейді, мұндай жағдайлар болмасын.

      4. Бас әскери прокурор мен әскери прокурорлар тәртіпті түзеу батальондарында заңдардың орындалуын үнемі тексерсін, әскери қызметкерлерді уақытша қамау қапасында ұстау заңдылығын қадағаласын, заңның бұзылуы анықталса, оны жою үшін уақытында шара қолданылсын.

      5. Қолданып жүрген заң талаптарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында осы мәселелерді (істерді) алға тартып, құқықтық насихаттау жұмыстары жүргізілсін.

О прокурорском надзоре за законностью исполнения наказаний и реабилитации граждан

Приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 28 ноября 2002 года N 62. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 декабря 2002 года N 2075. Утративший силу - приказом Генерального Прокурора РК от 4 ноября 2005 года N 42 (V053939)(вводится в действие со дня гос.регистрации в МЮ РК)

      В целях осуществления надлежащего прокурорского надзора за законностью исполнения наказаний и реабилитации граждан, руководствуясь подпунктом 4) ст. 11  Закона  Республики Казахстан "О прокуратуре", приказываю:

      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию "О прокурорском надзоре за законностью исполнения наказаний и реабилитации граждан".

      2. Отделу (на правах Управления) по надзору за законностью исполнения наказаний и реабилитации граждан (Кабакаев М.К.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего Приказа.

      3. Приказ направить Главному военному прокурору, прокурорам областей, городов, районов и приравненным к ним прокурорам.

      4. Контроль за исполнением настоящего Приказа возложить на курирующего заместителя Генерального Прокурора Жукенова А.Т.

      5. Настоящий Приказ вводится в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

       Генеральный Прокурор
     Республики Казахстан

      

Утверждена Приказом     
Генерального Прокурора   
Республики Казахстан     
от 28 ноября 2002 года N 62

      

       
Инструкция
о прокурорском надзоре за законностью исполнения
наказаний и реабилитации граждан

      1. Настоящая Инструкция разработана в соответствии с  Законом  Республики Казахстан "О прокуратуре" и другими законодательными актами Республики Казахстан, определяющими порядок осуществления надзора за законностью исполнения наказаний и реабилитации граждан.

      2. Отделу Генеральной прокуратуры Республики Казахстан по надзору за законностью исполнения наказаний и реабилитации граждан:
      1) во взаимодействии с прокурорами областей и приравненными к ним прокурорами обеспечить постоянный, действенный надзор за точным и единообразным применением законодательства, регулирующего исполнение уголовных наказаний, законностью содержания граждан под стражей и реабилитации репрессированных граждан, в строгом соответствии с требованиями закона;
      2) используя предоставленные законом полномочия, добиваться точного и единообразного применения законов и международных соглашений о правах человека, гуманном обращении с арестованными и осужденными;
      3) постоянно проверять и анализировать состояние законности в поднадзорных учреждениях, обоснованности принимаемых прокуратурами областей решений по вопросам реабилитации граждан, своевременно принимать меры по предупреждению и устранению выявленных нарушений законности;
      4) предупредить нижестоящих прокуроров о персональной ответственности за нарушения и недостатки в организации надзора;
      5) координировать свою деятельность с другими структурными подразделениями Генеральной прокуратуры;
      6) осуществлять надзор за законностью нормативных правовых актов, издаваемых Министерством юстиции и Министерством внутренних дел Республики Казахстан и подчиненными им органами по вопросам содержания заключенных в следственных изоляторах и исправительных учреждениях. Немедленно приостанавливать и опротестовывать противоречащие закону приказы, распоряжения и постановления;
      7) оказывать нижестоящим прокурорам организационную и методическую помощь в осуществлении надзора за законностью исполнения наказаний в исправительных учреждениях и реабилитации граждан. Организовывать и проводить учебные семинары, совместные проверки и стажирование соответствующих помощников прокуроров областей, прокуроров по надзору за законностью исполнения наказаний в исправительных учреждениях. Изучать и распространять положительный опыт работы, проявлять инициативу в постановке вопросов совершенствования законодательства.

      3. Прокурорам областей, отделам (старшим помощникам, помощникам) по надзору за законностью исполнения наказаний, специализированным прокурорам, городским, районным и приравненным к ним прокурорам:
      1) обеспечить надзор за законностью и обоснованностью содержания граждан в местах предварительного заключения и соблюдением установленных законом сроков содержания под стражей;
      2) не реже одного раза в месяц проверять следственные изоляторы;
      3) принимать меры к восстановлению нарушенных прав и соответствующему наказанию виновных в этом должностных лиц;
      4) немедленно освобождать лиц, незаконно содержащихся под стражей;
      5) надзор за законностью содержания граждан в следственных изоляторах Комитета национальной безопасности Республики Казахстан возложить на прокуроров, уполномоченных осуществлять надзор за органами национальной безопасности;
      6) осуществлять надзор за соблюдением законности администрациями учреждений и органов, исполняющих наказание, в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      7) не реже двух раз в течение календарного года, проводить комплексные проверки исполнения законов во всех исправительных учреждениях.
      В ходе проверок обращать особое внимание на соблюдение установленных законом прав и обязанностей осужденных, трудоиспользование, законность содержания их в местах лишения свободы, неукоснительное исполнение требований закона о режиме и условиях отбывания наказания осужденными несовершеннолетними и женщинами, а также вопросам финансирования уголовно-исполнительной системы и целевого использования бюджетных средств.
      Прокурорам областей, их заместителям в таких проверках участвовать лично;
      8) в исправительных учреждениях ежемесячно проводить прием осужденных по личным вопросам и проверку законности водворения в штрафной (дисциплинарный) изолятор, перевод в помещение камерного типа и одиночную камеру;
      9) принимать меры по выявлению и устранению любых нарушений законности, пресекая случаи произвола и унижения достоинства осужденных. Применять при этом все данные законом полномочия с внесением актов прокурорского реагирования;
      10) уделять внимание проверкам соблюдения законодательства о борьбе с коррупцией и организованной преступностью.
      По каждому факту совершения сотрудником пенитенциарной системы правонарушений и преступлений коррупционного характера представлять в отдел по надзору за законностью исполнения наказаний и реабилитации граждан Генеральной прокуратуры спецдонесение и информировать о результатах предварительного и судебного рассмотрения дела;
      11) активно использовать уголовно-правовые средства профилактики повторных преступлений в местах отбывания наказания.
      Незамедлительно представлять в отдел по надзору за законностью исполнения наказаний и реабилитации граждан Генеральной прокуратуры спецдонесения о всех преступлениях, совершенных сотрудниками следственных изоляторов, уголовно-исполнительной системы и конвойной охраны, убийствах, массовых беспорядках и неповиновениях в исправительных учреждениях, вооруженных и групповых побегах, а также действиях, дезорганизующих работу исправительных учреждений, повлекших тяжкие последствия. Информировать о результатах служебного расследования обстоятельств чрезвычайных происшествий и ответственности должностных лиц, по вине которых они стали возможными, а также о результатах судебных рассмотрении уголовных дел;
      12) тщательно, в необходимых случаях с выездом на место, проверять сообщения о нарушениях законов. Постоянно осуществлять надзор за исполнением законов о порядке рассмотрения обращений следственно-арестованных и осужденных администрациями исправительных учреждений и следственных изоляторов, а также органами в подчинении которых находятся эти учреждения;
      13) обеспечить надлежащий надзор за точным исполнением законов об условно-досрочном и досрочном освобождении по болезни осужденных от наказания, а также по другим основаниям, предусмотренных законом, при переводе осужденных из исправительных учреждений в колонии-поселения и из одних условий содержания в другие, своевременно вскрывать и предотвращать факты их необоснованного применения, либо отказа в применении;
      14) проводить проверки исполнения установленного законом порядка подготовки осужденных к освобождению от наказания, принятия администрацией исправительных учреждений своевременных и реальных мер к трудоустройству освобождаемых, а в отношении освобождаемых осужденных, имеющих преклонный возраст или инвалидность, принимать меры по помещению их в дома инвалидов и престарелых;
      15) обеспечить действенный надзор за исполнением уголовных наказаний, не связанных с лишением свободы, а также уголовно-правовых мер в виде условного осуждения и иных мер принудительного характера, назначаемых судом.
      Не реже двух раз в год проводить проверки состояния законности в деятельности уголовно-исполнительных инспекций Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан;
      16) осуществлять надлежащий надзор за применением законодательства о реабилитации граждан органами социальной защиты населения и другими контролирующими органами в части обоснованности выплат денежных компенсаций и предоставления других льгот реабилитированным гражданам;
      17) систематически анализировать практику прокурорского надзора за законностью исполнения наказаний, используя материалы обобщений, для внесения представлений в компетентные органы и в целях устранения нарушений законов.
      Считать недопустимым когда отделы (старшие помощники, помощники) прокуратур областей, осуществляющие надзор за законностью исполнения наказаний самоустраняются от возложенных на них обязанностей и перекладывают свою работу на нижестоящие прокуратуры, не контролируют их деятельность и не оказывают им практическую помощь.

      4. Главному военному прокурору и военным прокурорам систематически проверять исполнение законов в дисциплинарном батальоне, надзирать за законностью содержания военнослужащих на гауптвахтах и принимать своевременные меры к устранению выявленных нарушений.

      5. В свете требований действующего законодательства проводить работу по правовой пропаганде, с освещением вопросов (дел) в средствах массовой информации.