Банктiң кредит тәуекелiне байланысты өз мiндеттемелерi бойынша болашақ төлемдер жүргiзу жөнiнде банктiк кепiлдiк және кепiлдеме беру, сондай-ақ мiндеттемелер қабылдау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы 2002 жылғы 26 қарашадағы N 473. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 26 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2102. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 159 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Банктiң кредит тәуекелiне байланысты өз мiндеттемелерi бойынша болашақ төлемдер жүргiзу жөнiнде банктiк кепiлдiк және кепiлдеме беру, сондай-ақ мiндеттемелер қабылдау ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ереже жөнiнде" 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 288 қаулысының  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне N 429 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1998 жылғы 19-25 қаңтарда жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 288 қаулысымен  бекiтiлген "Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2000 жылғы 28 қарашадағы N 438 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне N 1344 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 1-14 қаңтарда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
      4. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л ):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық Филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы

Қазақстан Республикасының    
Ұлттық Банкi Басқармасының   
"Банктiң кредит тәуекелiне   
байланысты өз мiндеттемелерi  
бойынша болашақ төлемдер    
жүргiзу жөнiнде банктiк     
кепiлдiк және кепiлдеме беру, 
сондай-ақ мiндеттемелер қабылдау
ережесiн бекiту туралы"    
2002 жылғы 26 қарашадағы   
N 473 қаулысымен        
бекiтiлген          

Банктiң кредит тәуекелiне байланысты өз мiндеттемелерi бойынша болашақ төлемдер жүргiзу жөнiнде банктiк кепiлдiк және кепiлдеме беру, сондай-ақ мiндеттемелер қабылдау ережесi

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне , " Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы ", " Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы " Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес әзiрлендi және екiншi деңгейдегi банктердiң (бұдан әрi - банктер) банктiк кепiлдiк пен кепiлдеме беру, сондай-ақ банкте өз мiндеттемелерi бойынша кредит тәуекелi туындайтын және қаржы құралдарын сатып алу (сату) мақсатында банктiң қарсы әрiптеске төлем жасау күнi мен қарсы әрiптестiң банкке қаржы құралдарын сату (сатып алу) күнi арасында он күнтiзбелiк күннен астам (бұдан әрi - кепiлдiк) уақытша мерзiмi болатын өз мiндеттемелерi бойынша болашақ төлемдер жүргiзу үшiн мiндеттемелер қабылдау жөнiндегi талаптарын белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Кепiлдiктер беру (теңгемен сияқты шетел валютасымен де) осы Ереженiң, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына, кепiлдiк беруге байланысты операциялар жүргiзу және осы операцияларды жүргiзген кезде туындайтын тәуекелдердi басқару тәртiбiн белгiлейтiн банктiң iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Банктердiң шетел валютасымен кепiлдiк беруi банктiң шетел валютасымен банктiк операциялар жүргiзуге лицензиясы болса ғана жүргiзiледi.

      3. Банк берілетін кепілдік сомасын ескере отырып, тиісті шартты жасау күнiне барлық пруденциалдық нормативтердi орындаған жағдайда кепiлдiк бередi.
      Аталған талап банктерде жекелеген пруденциалдық нормативтердiң бұзылуын жою жөнiндегі Іс-шаралардың жоспарлары (бағдарламалары) болғанда және оларды орындау Ұлттық Банк Басқармасымен мақұлдаған (келiсiлген) жағдайда қолданылмайды.

      4. Банк теңгемен немесе шетел валютасымен кепiлдiк берген кезде кредит тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (бұдан әрi - Ұлттық Банк) ақпарат беруге тиiс.
      Бес жүз миллион және одан да көп теңге сомасына (немесе көрсетiлген соманың шетел валютасындағы баламасына) кепiлдiк беру үшiн банк осы Ережеге сәйкес Ұлттық Банктiң рұқсатын алуы қажет.

      5. Кепiлдiк шарты кемiнде 2 дана етiп жасалады және онда мыналар болуға тиiс:
      кепiлдiктiң нөмiрi және берiлген күнi;
      кепiлшi ретiндегi банктiң атауы, тұрған орны, борышкердiң - заңды немесе жеке тұлғаның атауы, тұрған орны (тұратын жерi);
      борышкерге қызмет көрсететiн банктiң атауы және тұрған орны;
      кредитордың атауы;
      борышкер мiндеттемелерiнiң туындаған күнi;
      кепiлдiктің мөлшерi (сомасы) және қамтамасыз ету түрi мен сомасы кiретiн кепiлдiктi қамтамасыз ету туралы мәлiметтер;
      кепiлдiктiң қолданылу мерзiмi;
      кепiлдiктiң қолданылуын тоқтату шарттары;
      мiндеттемелердi орындамағаны үшiн кепiлшi банктiң кредитор алдындағы (тұрақсыздық айыбын төлеудi, проценттердi, борышкердiң мiндеттемелердi орындамауына немесе тиiстi түрде орындамауына байланысты кредитордың борышты өндiрiп алу бойынша сот шығасылары мен басқа да шығындарын қосқанда, бiрақ бұлармен шектелмейтiн) жауапкершiлiгі;
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шарттар.

      6. Осы Ереженiң нормаларына сәйкес кепiлдiк берген кезде Ұлттық Банктiң рұқсатын алу қажет, банк тиiстi шартта осы рұқсаттың деректемелерiн көрсетедi, ал ол болмаған жағдайда - осы Ереженiң нормаларына сүйенедi, оған сәйкес рұқсат алу талап етiлмейдi.

      7. Екi және одан көп бетке жасалған кепiлдiктердiң шарттары нөмiр қойылып, тiгiлуi, қағаз пломбамен бекiтiлуi және банктiң мөрi қойылуы керек.

      8. Ұлттық Банк банктер берген кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау жөнiнде жауапкершiлiкте болмайды.

      9. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кепiлдiктер беруi осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

2-тарау. Ұлттық Банктiң рұқсат беру тәртiбi

      10. Ұлттық Банктiң рұқсатын алу үшiн, осы Ереженiң 4-тармағында көзделген жағдайларда, банк тиiстi шарт жасалғанға дейiн жетi жұмыс күнi iшiнде алда жасалатын операция туралы ақпаратпен қоса, рұқсат алуға өтiнiш беруi қажет.
      Операция жөнiндегi ақпаратта мыналар болуға тиiс:
      борышкер мен кредитордың атауы;
      берiлетiн кепiлдiктiң сомасы;
      қамтамасыз ету түрi мен сомасы кiретiн кепiлдiктi қамтамасыз ету туралы мәлiметтер;
      кепiлдiктiң берiлу (қолданылу) мерзiмi;
      кепiлдiктiң қолданылу мерзiмiн тоқтату шарттары;
      кепiлдiк шартының жасалған күні;
      берiлетiн кепiлдiк бойынша (берешектiң әрбiр түрiнiң шеңберiнде) банк алдында борышкер болып табылатын тұлғаның жиынтық берешегi туралы мәлiметтер;
      осы тармақта көрсетiлген мәлiметтер берiлген күннен кейiнгi соңғы күннiң алдындағы жұмыс күнi үшiн берiлетiн кепiлдiктi ескере отырып, пруденциалдық нормативтер есептеу.

      11. Ұлттық Банктiң банктердi қадағалау бөлiмшесi жетi жұмыс күнi iшiнде алдағы операциялар туралы рұқсат алуға берiлген өтiнiштi қарайды. Өтiнiштi қарау нәтижелерi және онымен қоса кепiлдiк беру бойынша алдағы операциялар туралы ақпарат жөнiнде Ұлттық Банктiң банктердi қадағалау бөлiмшесi өтiнiш берушi банкке Ұлттық Банк Төрағасының (оның орынбасарының) қолы қойылған рұқсатты бередi не жазбаша түрде дәлелдей отырып бас тартады.
      Ұлттық Банктiң рұқсат беруден бас тарту негiздерi банктiң соңғы есеп берiлетiн күнге және осы Ереженiң 10-тармағының оныншы абзацында көрсетiлген күнге, сондай-ақ берiлетiн кепiлдiк сомасы ескерiлiп есептелген рұқсат берiлген күннен кейiнгi соңғы күннiң алдындағы жұмыс күнiне пруденциалдық нормативтердi орындамауы болып табылады.
      Банк Ұлттық Банктiң рұқсаты алынған тиiстi шарттар жасалған күннен бастап он күн iшiнде бұл жөнiнде тиiстi шарттың көшiрмесiмен қоса Ұлттық Банкке жазбаша хабарлама жiбередi.

      12. Ұлттық Банктiң рұқсаты ол берiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жарамды.

      13. Ұлттық Банк банктiң жазбаша хабарламасы мен оған қоса берiлген шарттар негiзiнде Берiлген кепiлдiктер тiзiлiмiне тиiстi деректердi енгiзедi.

      14. Ұлттық Банктiң банктердi қадағалау бөлiмшесi тиiстi шарттарда көрсетiлген ақшалай мiндеттемелердiң сомасын осы банк жөнiндегi ақпараттық базада көрсетедi.

      15. Тараптар берiлетiн кепiлдiктiң мерзiмдерiн немесе сомаларын ұлғайтуға қатысты бес жүз миллион теңгеден асатын сомаға (немесе көрсетiлген соманың шетел валютасындағы баламасына) жасалған тиiстi шарттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн банк Ереженiң осы тарауында көзделген тәртiппен Ұлттық Банктiң рұқсатын алуы қажет.

      16. Банктер берiлген кепiлдiктердi жiктеудi және олар бойынша провизиялардың қажеттi мөлшерiн қалыптастыруды Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң активтердi, шартты мiндеттемелердi жiктеу және оларға провизиялар (резервтер) құру тәртiбi мен шарттарын реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      17. Осы Ереженiң нормалары бұзылған жағдайда Ұлттық Банк банктерге Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген ықпал етудiң шектеулi шараларын және/немесе санкциялар қолдануға құқылы.

      18. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

Об утверждении Правил выдачи банковской гарантии и поручительства, а также принятия банком обязательств по проведению будущих платежей по собственным обязательствам, связанным с кредитным риском

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2002 года N 473. Зарегистрировано Министерством юстиции Республики Казахстан 26 декабря 2002 года N 2102. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 мая 2003 года N 159

                   Извлечение из постановления Правления
     Национального Банка Республики Казахстан от 27.05.2003г. N 159

     В целях оптимизации банковского законодательства и исключения норм, действие которых в настоящее время не требуется, Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:

     1. Признать утратившим силу постановление Правление Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2002 года N 473 "Об утверждении Правил выдачи банковской гарантии и поручительства, а также принятия банком обязательств по проведению будущих платежей по собственным обязательствам, связанным с кредитным риском"...

         Председатель
     Национального Банка"

--------------------------------------------------------------------
 
        В целях совершенствования нормативной правовой базы, регулирующей деятельность банков второго уровня  Республики Казахстан, Правление Национального Банка Республики Казахстан  постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи банковской гарантии и поручительства, а также принятия банком обязательств по проведению будущих платежей по собственным обязательствам, связанным с кредитным риском.

      2. Со дня введения в действие настоящего постановления признать утратившими силу:
      1) постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 1997 года N 288 "О Положении о порядке регистрации Национальным Банком Республики Казахстан договоров гарантий и поручительств, выданных банками второго уровня" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 429, опубликованное 19-25 января 1998 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казахстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана");
      2) постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 ноября 2000 года N 438 "О внесении изменений и дополнений в Положение о порядке регистрации Национальным Банком Республики Казахстан договоров гарантий и поручительств, выданных банками второго уровня, утвержденное постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 1997 года N 288 "Об утверждении Положения о порядке регистрации Национальным Банком Республики Казахстан договоров гарантий и поручительств, выданных банками второго уровня" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1344, опубликованное 1-14 января 2001 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казахстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана").

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      4. Департаменту финансового надзора (Бахмутова Е.Л.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.)
принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан  довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан, банков второго уровня и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального  Банка Республики Казахстан Сайденова А.Г.

       Председатель
   Национального Банка

                                           Утверждены
                                    постановлением Правления
                                       Национального Банка
                                       Республики Казахстан
                                    от 26 ноября 2002г. N 473
                                 "Об утверждении Правил выдачи
                                      банковской гарантии и
                                 поручительств, а также принятия
                                      банком обязательств по
                                   проведению будущих платежей
                                  по собственным обязательствам,
                                   связанным с кредитным риском"

          Правила выдачи банковской гарантии и поручительства,
          а также принятия банком обязательств по проведению
            будущих платежей по собственным обязательствам,
                     связанным с кредитным риском

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с Гражданским Кодексом Республики Казахстан, Законами Республики Казахстан " О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", " О Национальном Банке Республике Казахстан", и другими законодательными актами Республики Казахстан и устанавливают требования по выдаче банковской гарантии и поручительства, а также принятию банками второго уровня (далее - банки) обязательств по проведению будущих  платежей по собственным обязательствам, по которым у банка возникает кредитный риск, и имеется временной срок между датой платежа банка контрпартнеру в целях приобретения (продажи) финансовых инструментов  и датой продажи (приобретения) контрпартнером банку финансовых инструментов более десяти календарных дней (далее - гарантии).

                    Глава 1. Общие положения

      1. Выдача гарантий (как в тенге, так и в иностранной валюте) осуществляется в соответствии с требованиями настоящих Правил, законодательства Республики Казахстан, внутренними документами банка, определяющими порядок проведения операций, связанных с выдачей гарантий, и управления рисками, возникающими при проведении данных операций.

      2. Выдача банками гарантий в иностранной валюте производится только при наличии у банка лицензии на проведение банковских операций в иностранной валюте.

      3. Банк выдает гарантии при условии выполнения им всех пруденциальных нормативов на дату заключения соответствующего договора, с учетом суммы выдаваемой гарантии.
      Названное требование не применяется при наличии у банков и выполнении ими одобренных (согласованных) Правлением Национального Банка Планов (Программ) мероприятий по устранению нарушений отдельных пруденциальных нормативов.

      4. При выдаче гарантии в тенге или иностранной валюте банк должен предоставлять информацию в Национальный Банк Республики Казахстан (далее - Национальный Банк) согласно требованиям законодательства Республики Казахстан, регулирующего порядок ведения кредитного регистра.
      Для выдачи гарантии на сумму пятьдесят и более миллионов тенге (или эквивалент указанной суммы в иностранной валюте) банку необходимо в соответствии с настоящими Правилами получить разрешение Национального Банка.

      5. Договор гарантии составляется не менее чем в 2-х экземплярах и должен содержать следующее:
      номер и дата выдачи гарантии;
      наименование, место нахождения банка, выступающего гарантом,  наименование, место нахождения (жительства) должника - юридического или физического лица;
      наименование и место нахождения банка, в котором обслуживается должник;
      наименование кредитора;
      дата возникновения обязательства должника;
      размер (сумма) гарантии и сведения об обеспечении гарантии, включающие вид и сумму обеспечения;
      срок действия гарантии;
      условия прекращения действия гарантии;
      ответственность банка-гаранта перед кредитором за неисполнение обязательства (включая, но не ограничиваясь этим, уплату неустойки, процентов, судебных издержек по взысканию долга и других убытков кредитора, вызванных неисполнением или ненадлежащим исполнением обязательства должником);
      иные условия, предусмотренные законодательством Республики
Казахстан.

      6. При выдаче гарантии, по которой в соответствии с нормами настоящих Правил, необходимо получение разрешения Национального Банка, банк указывает в соответствующем договоре реквизиты данного  разрешения, а в случае его отсутствия - ссылается на нормы настоящих Правил, в соответствии с которыми получение разрешения не требуется.

      7. Договоры гарантий, составленные на двух и более листах, должны быть пронумерованы, прошиты, скреплены бумажной пломбой и печатью банка.

      8. Национальный Банк не несет ответственности за исполнение обязательств по выданным банками гарантиям.

      9. Выдача гарантий организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, осуществляется в порядке, установленном настоящими Правилами.

      Глава 2. Порядок выдачи разрешения Национального Банка

      10. Для получения разрешения Национального Банка, в случаях, предусмотренных пунктом 4 настоящих Правил, банку необходимо за семь рабочих дней до заключения соответствующего договора представить ходатайство на получение разрешения с приложением информации о предстоящей операции.
      Информация по операции должна содержать следующее:
      наименование должника и кредитора;
      сумму выдаваемой гарантии;
      сведения об обеспечении гарантии, включающие вид и сумму обеспечения;  
      срок выдачи (действия) гарантии;
      условия прекращения действия гарантии;
      дату заключения договора гарантии;
      сведения о совокупной задолженности лица, являющегося должником перед банком по выдаваемой гарантии (в разрезе по каждому виду задолженности);
      расчет пруденциальных нормативов с учетом выдаваемой гарантии за предпоследний рабочий день, предшествующий дню представления сведений, указанных в настоящем пункте.

      11. Подразделение банковского надзора Национального Банка рассматривает ходатайство на получение разрешения о предстоящей операции в течение семи рабочих дней. По результатам рассмотрения ходатайства и приложенной к нему информации о предстоящей операции по выдаче гарантии подразделение банковского надзора Национального Банка выдает банку-заявителю разрешение за подписью Председателя Национального Банка (его заместителя) либо мотивированный отказ в письменном виде.
      Основанием отказа в выдаче разрешения Национального Банка является невыполнение банком пруденциальных нормативов на последнюю отчетную дату и дату, указанную в абзаце десятом пункта 10 настоящих Правил, а также на предпоследний рабочий день, предшествующий дню выдачи разрешения, рассчитанных с учетом суммы выдаваемой гарантии.
      Банк в течение десяти дней с даты заключения соответствующих договоров, по которым банком получено разрешение Национального Банка, представляет об этом в Национальный Банк письменное уведомление с приложением копии соответствующего договора.

      12. Разрешение Национального Банка действительно в течение пяти рабочих дней со дня его выдачи.

      13. На основании письменного уведомления банка и приложенных к нему договоров Национальным Банком производится внесение соответствующих данных в Регистр выданных гарантий.

      14. Сумма денежного обязательства, указанная в соответствующих договорах, отражается подразделением банковского надзора Национального Банка в информационной базе по данному банку.

      15. Для внесения сторонами изменений и дополнений в соответствующие договоры на сумму свыше пятидесяти миллионов тенге (или эквивалент указанной суммы в иностранной валюте),  в части увеличения сроков или суммы выдаваемой гарантии, банку необходимо получить разрешение Национального Банка в порядке, предусмотренном настоящей главой Правил.

      16. Банки осуществляют классификацию выданных гарантий и формирование по ним необходимого размера провизий в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирующим порядок и условия классификации активов, условных обязательств и создания провизий (резервов) против них банками второго уровня Республики Казахстан.

                 Глава 3. Заключительные положения

      17. В случае нарушения норм настоящих Правил Национальный Банк вправе применить к банкам ограниченные меры воздействия и/или санкции, предусмотренные законодательными актами Республики Казахстан.

      18. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, разрешаются в порядке, определенном законодательством Республики Казахстан.