Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң тiркеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 288 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы 2000 жылғы 28 қараша N 438. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 28 желтоқсан N 1344 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2002 жылғы 26 қарашадағы N 473 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 288 қаулысымен  бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшіне енгізiлсiн.
      2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 288 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 288 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн. 

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2000 жылғы 28 қарашадағы
N 438 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
 "Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу  тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 288 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу
 тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктер берген кепілдiктер шарттарын тiркеу ережелерi".

      2. Барлық мәтiн бойынша "осы Ереже", "осы Ереженiң", "осы Ережеге" деген сөздер "осы Ережелер", "осы Ережелердiң", "осы Ережелерге" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Тараулардың атауларындағы "I", "II" "III", "IV" деген сандар "1", "2", "3", "4" деген сандармен ауыстырылсын.

      4. 1-тараудың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Банктер теңгемен және шетел валютасымен берген сомасы 5 млн. теңгеден асатын кепiлдiктер (кепiлдемелер) Ұлттық Банкте тiркелуге тиiс".

      5. 1-тараудың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Екi немесе одан көп парақ етiп жасалған кепiлдiктердiң (кепiлдемелердiң) шарттары нөмірленiп, тiгiлуi керек, қағаз пломбамен қойылуы және банктiң мөрiмен бекiтiлуi керек."

      6. 2-тараудың 10-тармағындағы "5" саны "бес жұмыс күнiнен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. 11-тармақтағы:
      ", ал Ұлттық Банк оны тiркеуге" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Мұндай талап банктерде жекелеген пруденциалдық нормативтердiң бұзылуын жою жөнiнде Ұлттық Банк Басқармасы мақұлдаған (келiскен) iс-шаралар жоспарлары (бағдарламалары) болса және олар орындалған болса қолданылмайды."

      8. 2-тараудың 13-тармағындағы "бес" деген сөз "жетi жұмыс күнi" деген сөздермен ауыстырылсын.    

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады