Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009.11.10 № А-12/485 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"» Заңына , Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 23.08.2002 ж. 191-б бұйрығына сәйкес облыс әкімдігі қаулы етеді:
1. Ақмола облысының халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары мен мекемелерінде киім-кешекті, төсек жабдықтарын, киімді, аяқ киімді есепке алу жөніндегі қоса беріліп отырған нұсқаулық бекітілсін.
2. Жалпы үлгідегі және жүйкеневрологиялық интернат үйлерінде тұратын азаматтарға, сондай-ақ ойлау қабілеті төмен балаларға арналған интернат үйлеріндегі балалар үшін киім мен аяқ киімді және жұмсақ мүлікті пайдалану нормалары мен мерзімі бекітілсін (1,2 қосымшалар).
Облыс әкімі
БЕКІТІЛДІ
31.10.2002 ж.
N А-10/154 әкімдіктің қаулысы
Ақмола облысының халықты әлеуметтік қорғау мекемелері мен ұйымдарында жеңіл киім-кешекті, төсек жабдықтарын, сырт киім мен аяқ киімдерді есепке алу жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің қазынашылық департаментінің республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі 1998 жылдық 27 қаңтарындағы N 31 және 1998 жылдық 22 сәуірінде жасалған өзгертулері және толықтырулары бар N 184 нұсқаулығына сәйкес, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлерінде, психоневрологиялық интернат үйлерінде, ойлау қабілеті төмен балаларға арналған интернат үйлерінде киімді, аяқ киімді, төсек орынды есепке алу тәртібі белгіленеді.
Көрсетілген заттар келесі қосалқы шотта есепке алынады (N):
070 "Қоймадағы аз құнды және тез тозатын заттар";
071 "Қолданыстағы аз құнды және тез тозатын заттар";
072 "Қоймадағы жеңіл киім-кешек, төсек жабдықтары, киім және аяқ киім";
073 "Қолданыстағы жеңіл киім-кешек, төсек жабдықтары, киім және аяқ киім".
Шаруашылық саймандарға жататын заттар: кілем, кілем бұйымдары, перделер, жалюздер, жиһаз қаптамалары және басқалары шаруашылық саймандарына жатады және олардың құны 40 еселенген есептеу көрсеткішінен 1 бірлікке асқан болса N 016 қосалқы шотында есепке алынады "Құралдар, өндірістік (жабдықтарды қоса алғанда) және шаруашылық мүліктер", егер құны 40 есе есептеу көрсеткішінен аспайтын болса 070 не 071 қосалқы шотта есепке алынады.
2. Киім-кешектің сақталуы мен дұрыс қолданылуына мекеменің, ұйымның басшысы жауапты, ал оларды осы нұсқаулыққа сәйкес дұрыс есепке алу жауапкершілігі мекеменің, ұйымның бас бухгалтеріне жүктеледі.
3. Сатып алынған немесе мекеменің, ұйымның шеберханасында тігілген жаңа киім-кешек қоймаға түседі және қолданысқа берілген уақытқа дейін қойма меңгерушісінің жауапкершілігінде сақталады. Түскен жаңа киім-кешекті қоймаға түсірмей шаруашылық бикесіне беруге тиым салынады.
4. Қолданыстағы киім-кешектің сақталуы үшін материалдық жауапкершілік мекеменің, ұйымның шаруашылық бикесіне жүктеледі, оның толық жеке жауапты екендігі туралы белгіленген тәртіпте жазбаша келісім жасалады.
Жекелеген бөлімдері бар ірі мекемелер мен ұйымдарда қолданысқа берілген киім-кешектің сақталуына толық жауапкершіліктері туралы келісім жасалып, ол осы бөлімдердің шаруашылық бикелеріне жүктеледі.
Жауапты адамдар жұмыстан босатылғанда, ауыстырылғанда, демалысқа шыққан кездерде бар киім-кешек тексеріліп, мекеменің, ұйымның бұйрығымен тағайындалған басқа жауапты адамға тапсыру жөнінде акті жасалуы тиіс.
Асханада және басқа да бөлімшелерде қолдануға арналған заттардың сақталуына шаруашылық меңгерушісі жауапты, онымен толық жауапты екендігі туралы жазбаша келісім жасалады.
Жауапты адамдар ауыстырылғанда (жұмыстан босатылғанда, не демалысқа шыққан кезде) оның сақтауында болған мүлікті түгендеу жүргізіледі және ол туралы қабылдау-тапсыру акті жасалады. Акт мекеменің, ұйымның басшысымен бекітіледі.
2. Қоймадағы киім-кешекті есепке алу
Жеткізіп берушіден қоймаға жаңа мүлікті қабылдауды тауарлық-ілеспе құжаттар бойынша қойма меңгерушісі жүзеге асырады. Қабылдағанда тауарлық-ілеспе құжаттарда көрсетілген мүліктің саны мен сапасының сәйкестігі тексеріледі.Саны мен сапасының сәйкессіздігі анықталған кезде, жеткізіп берушіге талап қою үшін қойма меңгерушісі мен мүддесіз жақтың қатысуымен акт жасалады.
Егер құжат мәліметтерімен сәйкессіздіктер анықталмаса, қойма меңгерушісі заттарды қоймаға сақтауға алғаны жөнінде қол қояды. Кіріс құжатында әр атаудың қарсысында 1 қосымшаға сәйкес жіктеу коды қойылады. Бір атаудағы, ауқымы, түрі мен бағалары сәйкес мүліктер бір кодқа біріктіріліп бухгалтерияда бір топтық ф.ОС-09 кәртішкесінде және ф.М-17 қойма есеп кітабында бір есепке алынуы мүмкін. Белгіленген кодтар бухгалтерлік және қоймалық есепте қатаң сақталып, барлық құжаттар мен айналымдық ведомостерде көрсетілуі тиіс.
6. Қоймаға қабылданған мүлікке тез арада мүліктің сырт пішінін бүлдірмей, жуылмайтын бояумен мекеменің арнайы мөртабаны басылып белгіленеді. Белгілеу 2 қосымшаға сәйкес жүргізіледі "Мүлікті, төсек орынды, киімді және аяқ киімді белгілеу". Белгілеуді мекеменің, ұйымның басшысы не оның орынбасарының, бухгалтерлік қызмет өкілінің қатысуымен, қойма меңгерушісі жүргізеді. Жүргізілген белгілеу туралы кіріс құжаттарында аталған қызметкерлердің қолдары қойылып жазылады. Мекеменің атауы көрсетілген белгілеу мөртабаны мекеменің, ұйымның басшысында не оның орынбасарының сақтауында болады. Мүліктің түгендеген кезде белгінің сақталуына бақылау жасалады. Егер, белгі айқын көрінбейтін болса қайта соғылады.
7. Жаңа келіп түскен мемлекет қамқорындағылар үшін, не тозған мүлікті ауыстыруға қоймадан жаңа мүлік алу үшін шаруашылық бикесі тұрғындардың аты-жөндерін және берілетін заттар көрсетілген тізім жасайды. Мекеменің, ұйымның басшысы бекіткен тізім ф.434 бойынша тауар құжаттамасын жазып беру үшін бухгалтерияға тапсырылады.
Талап-құжаттама үш дана жазылады, оның біріншісі қойма меңгерушісінің есебінен шығарып тастап шаруашылық бикесінің есебіне енгізу үшін бухгалтерияға беріледі. Талап құжатына мекеменің, ұйымның басшысы, бас бухгалтер, қойма меңгерушісі қол қояды және шаруашылық бикесі мүліктің тапсырылып қабылданғаны жөнінде қолын қояды. Екінші данасы ф.М-17 қойманың есеп кітабы бойынша есептен шығару негіздемесі ретінде қоймада қалдырылады, ал үшінші данасы мүлік қоймасының ф.М-17 есепке алу кітабы бойынша қабылдау үшін шаруашылық бикесіне беріледі.
8. Қоймадан жаңа мүлік қолдануға берілген кезде мекеме мөртабанының жанына жуылмайтын бояумен қолданысқа берілген жылы мен күні көрсетілген белгі қойылады.
9. Қарттар мен мүгедектерге арналған мекемелерде, ұйымдарда (жалпы типті, жүйкеневрологиялық интернат үйлерінде) жаңа мүлікті беру белгіленген пайдалану нормалары мен мерзімдеріне сәйкес жүргізіледі (1,2 қосымшалар).
Егер мүлік белгіленген мерзімінен бұрын тозып немесе бұдан әрі қолдануға жарамайтын болса, ол әр жеке жағдайда мекеменің басшысының рұқсатымен ауыстырылады.
Мүлікті кезекті ауыстырғанда, жууға немесе жөндеуге тапсырылған заттың орнына, тұрғындарға сол мөлшерде жаңа киім беріледі.
Іш киім және төсек, жейде, көйлек, күрте т.б. ауыстыру үшін шаруашылық бикесінің қоймасында қолданылып жүрген нормаға сәйкес ауыстыру қоры болуы тиіс.
10. Мүлікті беру шаруашылық бикесінің әр тұрғынға жүргізген арматуралық кәртішкеге жазу арқылы жүргізіледі (3 қосымша).
Тұрғындардың тапсырған тозған мүліктерін шаруашылық бикесі белгіленген тәртіп бойынша есептен шығару үшін атаулары бойынша сұрыпталады.
Тұрғын қайтыс болған кезде ол жерленген киімі, мүлік заттары ф.М-17 қойма кітабы және арматуралық кәртішке бойынша жасалған акті бойынша есептен шығарылады. Қайтыс болған адамға бөлінген басқа мүліктер арматуралық кәртішке бойынша қоймаға қабылданған болып есептен шығарылады және кәртішке жабылады.
Интернат үйлерінде тұрып жатқандардың берілген киімге мұқият қарауы үшін олардың киімдеріне белгі қойып бекіткен жөн.
11. Арматуралық кәртішке бланктері мекеменің бухгалтериясында сақталады. Шаруашылық бикесіне берілгенде арматуралық кәртішке мекеменің, ұйымның бухгалтериясында арнайы реестр кітабында (4
қосымша) толтырылып тіркеледі және бухгалтердің қолымен ресімделеді.
Қажет болған жағдайда осы тәртіппен кәртішкенің жалғасы
жазылып беріледі және ол бірінші кәртішкемен бірге сақталады.
Арматуралық кәртішкелер шаруашылық бикесінде сақталады және тұрғындардың қолданыстағы заттарын есептеу үшін пайдаланылады.
Мүлікті жылдық түгендеуді өткізгеннен кейін қайтыс болғандардың не шығарылған тұрғындардың жабылған арматуралық кәртішкелері мекеменің, ұйымның бухгалтерлік мұрағатына тапсырылады, мұнда алфавиттік тәртіпте 3 жыл сақталады.
12. Жүйкеневрологиялық интернат үйлерінде тұрып жатқан және
басқа интернат үйлеріндегі ауыр сырқаттарға егер олар денсаулығына байланысты алған заттары үшін қол қоя алмайтын болса, мүлікті беру санитарлар арқылы жүргізеді, олар арматуралық кәртішкеде мүлік заттары мен киімнің берілгені немесе тапсырылғаны жөнінде қолдарын қойып растайды.
Ойлау қабілеті төмен балаларға арналған интернат үйлерінде де
осы тәртіппен арматуралық кәртішкелерді топтарға бекітілген тәрбиешілер, олар болмаған жағдайда санитарлар қол қояды.
13. Жүйкеневрологиялық интернаттарда, интернат үйлеріндегі
ауыр сырқаттарға арналған бөлімшелерде, балалар интернат үйлерінде киім, палаталардағы төсек жабдықтары қабылдау-тапсыру ведомості
арқылы (5 қосымша) кезекші санитарлардың жауапкершілігіне тапсырылады.
Кезекші санитарлар ауысқан кезде палаталардағы бар мүліктің
нақты саны есептеу арқылы анықталады.
Тапсыру қабылдау туралы жазу қабылдау-тапсыру ведомостінде кезекші санитарлардың міндетті түрде қол қоюы арқылы жүргізіледі.
14. Протездік-ортопедиялық орталықтарда, санаторийлерде арматуралық кәртішкелер қолданылмайды және мүлік бөлмелерге және палаталарға кезекші санитарлардың жауапкершілігіне беріледі, олар ауысқан кезде аталған мүліктер ведомость бойынша жоғары тармақта көрсетілген тәртіппен қабылдау-тапсыруды жүргізеді.
15. Егер тұрғын интернат үйінен шығарылған болса немесе бір интернат үйінен басқа интернат үйіне ауыстырылатын болса, сақтауға тапсырылған өзінің киім-кешегі жетіспейтін не жыл мерзіміне сәйкес келмесе оған қосымша, өзіне бекітілген киім, аяқ киім т.б.
жетіспейтін заттар беріледі.
Мүліктердің берілгені жөнінде, олардың саны мен әр заттың берілген күні тұрғын бара жатқан интернат үйіне арматуралық
кәртішкеге жазып есепке алу үшін хабарланады.
16. Асханаға және мекеменің, ұйымның басқа да бөлімшелеріне берілген мүліктер шаруашылық бикесімен лауазымдық тұлғалардың (бас аспаз, т.б.) алғаны жөнінде қол қойған тізімдеме арқылы есепке алады.
Кейбір қызметкерлердің жеке қолдануына берілген мүлік пен
арнайы киімдерді, шаруашылық бикесі осы адамдардың алғаны туралы, заттардың саны көрсетілген қолхат арқылы есепке алады.
Көрсетілген бөлімшелер мен қызметкерлердің мүліктері мен арнайы киімдерін жууға не жөндеуге тапсырған кезде шаруашылық бикесі оларға сол мөлшерде таза мүлік және арнайы киім береді.
17. Шаруашылық бикесі мүліктерді жууға тізім бойынша тапсырады (6 қосымша). Тізім екі дана жасалады, оның біріншісі шаруашылық бикесіне, ал екіншісі кір жуатын жерге тапсырылады. Тізімнің бірінші данасында шаруашылық бикесі тапсырғаны жөнінде қол қояды, ал кір жуатын жердің меңгерушісі (кір жуушы) кір заттардың салмағын көрсетіп, қабылдағаны туралы қолын қояды. Екінші данасында шаруашылық бикесі қабылдағаны туралы, ал кір жуушы тапсырғаны жөнінде қолдарын қояды.
Заттар жууға тапсырғанда және жуылғаннан кейін қабылдағанда саналады, мекеменің белгісі бар екендігі тексеріледі. Мекеменің белгісі жоқ кір заттар жууға қабылданбайды. Жуылған заттар мекеменің белгісі болмаса қабылданбайды. Егер жуғаннан соң заттарға басылған белгі айқын көрінбейтін болса, бұл туралы кір жуатын жердің меңгерушісі мен шаруашылық бикесі осы нұсқаулықтың 6 тармағына сәйкес қайта белгілеу жүргізу үшін мекеменің басқармасына хабарлайды.
Мекемеде өзінің кір жуатын жері болмаған жағдайда заттар жергілікті кір жуатын мекемеге тапсырылады.
18. Заттарды мейлінше ұзақ пайдалану үшін олар жөнделіп отырады. Мүліктің шағын жөндеуі заттар қоймасында жүргізіледі.
Шаруашылық бикесінің заттарды қоймадан шеберханаға жөндеуге беруі және жөнделген заттарды қабылдауы тізім бойынша жууға берердегі тәртіпте жүргізіледі.
19. Жаңа заттарды есепке алу мекеменің ф. М-17 қоймалық есеп кітабында саны бойынша жүргізіледі. Кітапта заттың әр түрінің атауына N 072 субесебі бойынша белгіленген кодқа сәйкес жеке шот ашылады.
№ N 072 субесебі бойынша негізгі құралдар құрамында есептелмейтін, ал N 070 субесебі бойынша аз құнды, тез тозатын заттардың құрамында есепке алынатын заттардың әр атауына жеке шот ашылады.
20. Қолданыстағы заттарды есептеуді шаруашылық бикесі ф. N М-17 қоймалық есеп кітабында саны бойынша жүргізеді.
Бұл кітапта шаруашылық бикесі әр атауға және әр затқа, төсек жабдықтарына, киімге, аяқ киімге N 073 субесебі бойынша берілген әр кодына жеке шот ашады.
Аз құнды және тез тозатын заттардың құрамында есептелетін мүлік заттарының әрқайсысына жеке шот ашылады.
Шаруашылық бикесі тиісті құжаттар негізінде, мекеменің жаңа сатып алған немесе өтеусіз алған заттарын келуі бойынша жазып алады, ал қолдануға жарамсыз болған, өтеусіз басқа мекемелерге берілген заттарды шығысы бойынша есептен шығарып тастайды. Бұл туралы жазу кітапқа сол күні енгізіледі.
Заттардың ішкі айналымы-тұрғындарға және мекеме бөлімшелеріне заттарды жууға қабылдау және оның орнына тазасын беру, заттарды кір жуатын жерге, не жөндеуге тапсыру ф. N М-17 кітабында көрсетілмейді.
3. Қолдануға жарамсыз заттарды есептен
шығарып тастау
21. Жұмыс барысында шаруашылық бикесі тозып, қолдануға жарамсыз болған заттарды сұрыптайды және облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы өкілінің қатысуымен есептен шығарып тастау үшін жоғары тұрған ұйым бастығының бұйрығымен тағайындалған тұрақты жұмыс істейтін комиссияға ұсынады.
Комиссия есептен шығарып тастауға ұсынылған заттарды мұқият қарайды, заттардың нақты тозғандығын белгілейді оның пайдалану мерзімі мен нормаларын салыстырады, басылған мөрін тапсырады. Егер ұсынылған заттар уақытынан бұрын тозған болса, комиссия оның себептерін жою шараларын қолданады.
Есептен шығаруға тек мекеменің белгісі соғылған заттар қабылданады. Жөндеуге жарайтын немесе басқа мекемелер мен ұйымдар қолдана алатын заттарды баланстан шығаруға және жоюға тиым салынады.
22. Мүлікті есептен шығару ф. N№443 актісімен ресімделеді- "Киім-кешекті, төсек жабдықтарын, өндірістік және шаруашылық құралдарын баланстан шығару актісі"»(7 қосымша). Актіде көрсетілген заттарды есептен шығаруға рұқсат алғаннан кейін шаруашылық бикесі акті жасаған комиссияның қатысуымен заттарға басылған белгілерді қиып алады және жағу арқылы жояды, киімдерді жөндеу үшін, сондай-ақ шаруашылық мақсаттарға пайдалануға жарамды бөліктерін таңдап алып, өлшейді.
Бұл туралы актіде комиссия мүшелерінің қолдары қойылып, белгі жасалады. Алынған заттар шаруашылық қоймасына актінің бірінші данасына қол қойылып тапсырылады.
Актінің негізінде бухгалтерия баланстан заттарды шығарады және алынған бөліктер, түймелер есепке алынады.
4. Мекеменің, ұйымның бухгалтериясында
киім-кешекті есептеу
23. Аз құнды және тез тозатын мүліктің аналитикалық есебі 070 және 071 субесептері бойынша заттардың атауы, саны, бағасы және жауапты адамдармен ф.296-а (ф.296 кітабы) кәртішкелерінде тоқсан сайынғы ф.М-44 бойынша айналым ведомостері құралып жүргізіледі.
24. Заттарды аналитикалық есептеу 072 және 073 субесептері бойынша заттардың атауы, саны бағасы, тобы мен материалдық жауапты адамдар бойынша ф. ОС-9 кәртішкелерінде ф.326 айналымды ведомость жасау арқылы жүргізіледі.
25. Бухгалтерия және материалды - жауапты адамдар бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша қоймалық есеп кітабындағы көрсетулермен мүлік қалдықтарын тоқсанына бір рет салыстырып отыруы тиіс. Мерзім сайын мекеменің, ұйым басшысының бұйрығымен қоймадағы және қолданыстағы заттарды жоспардан тыс іріктеп тексеру жүргізіледі.
26. Жыл сайын жоғары тұрған ұйымның белгілеген мерзімінде мекемелерде, ұйымдарда мүлікті түгел түгендеу жүргізіледі.
Сонымен қатар, материалдық-жауапты адам ауысқан кезде міндетті түрде түгендеу жүргізіледі.
Жетіспеушілікті жасыру үшін орын ауыстырудан аулақ болу мақсатында, заттардың бар екендігін тексеру оның сақталатын жерінің бәрінде бір уақытта (бір күнде және бір сағатта) жүргізілуі керек.
Жүргізілген түгендеудің нәтижесіне байланысты мекеменің, ұйымның басшысы жабдық заттарының жағдайы мен есептеуді жақсарту шараларын қолданады.
Жабдық заттарының жетіспейтіні анықталған жағдайда кінәлі адамдардан белгіленген тәртіп бойынша өндіріліп алынады.
5. Қамсыздандырылушылардың жеке заттарын, ақшасын, бағалы бұйымдарын есепке алу және оларды мекемеде, ұйымда сақтау.
27. Қамсыздандырылушының қолдануға жарамды киімі, аяқ киімі егер мекемеге, ұйымға орналастырылғанда туыстарына қайтарылмаған болса, акті бойынша мекеменің, ұйымның әкімшілігіне сақтауға тапсырылады.
Қабылдау акті белгілі нысанда (8 қосымша) құрамына әкімшіліктің, бухгалтерияның, жауапты қызметкердің, мәдени-тұрмыстық комиссия өкілдері бар комиссиямен және тұрғындардың қатысуымен жасалады. Киетін киім мен бағалы бұйымдар актісі әрқайсысы жеке жасалады.
28. Киім актісінде сақтауға тапсырылған заттардың толық атауы, ерекше белгілері, саны, тозу пайызы көрсетіледі.
Тұрғынның тілегі бойынша кейбір жеке заттары қолданысына қалдырылуы мүмкін, бұл туралы актіде жазылады.
Акті үш дана дайындалады, олардың біреуі қамсыздандырылушыға беріледі, екіншісі - материалдық жауапты адамға (заттарды сақтаушыға) және үшіншісі бухгалтерияға тапсырылады.
Актіде материалдық жауапты адам заттарды сақтауға қабылдағаны, ал қамсыздандырылушы тапсырғаны жөнінде қолдарын қояды.
Қамсыздандырылушылардың жеке заттары жеке қоймада мекеменің, ұйымның басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты адамның жауапкершілігінде сақталады. Жеке заттарға мөр соғылмайды және арматуралық кәртішкеге жазылмайды.
Мекемеден тұрғын кеткен жағдайда оның жеке заттары заттардың қабылданғаны туралы актінің данасында қолы қойылып қайтарылады, жауапты адам есептен шығару үшін бұл актіні бухгалтерияға тапсырады.
29. Бағалы бұйымдар (сақина, сырға, білезік, түйрегіш т.б.) мекеме кассасына акті бойынша сақтауға тапсырылады, 8 қосымшаға сәйкес жасалған үш дана актінің біреуі тұрғынға, екіншісі кассирге және үшіншісі мекеменің бухгалтериясына беріледі.
Актіде бұйымның атауы, ерекше белгілері, мөлшері, салмағы, алтынның, күмістің сынамағы және т.б. көрсетіледі.
Барлық даналарда тұрғын тапсырғаны жөнінде, ал кассир сақтауға бағалы заттарды қабылдағаны туралы қолдарын қояды. Тұрғындардан қабылданған бағалы заттар сейфте немесе жанбайтын ақша жәшіктерінде сақталады.
Тұрғын кететін болған жағдайда немесе оның өтініші бойынша жеке заттары акті данасына қолы қойылып оның пайдалануына беріледі.
30. Сақтауға қабылданған жеке киімдер, бағалы заттар мекеменің бухгалтериясында, киімдерді есепке алу үшін және тапсырылған бағалы бұйымдарды есепке алу үшін ашылатын жүйеден тыс жеке кітаптарда есепке алынады.
Бұл кітаптарда жеке затын не бағалы бұйымдарын сақтауға берген әр тұрғынға жеке шот ашылады, мұнда қабылдау актісіне сәйкес заттардың түсуіне байланысты, әр заттың жеке сипаттамасымен, ал шығысқа оған кетерінде пайдалануына берілген заттар жазылады.
31. Тұрғындар жеке ақшаларын сақтау банкілеріне тапсыруы тиіс. Зейнетақы төлемдерін Қазпошта жүзеге асыратын ауылдық жерлерде, тұрғындардың ақшаларын Қазпоштамен жасаған келісімі негізінде арнайы зейнетақылық салым депозитіне салуға болады.
Келісім қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және нольдік салым негізінде жабылмайды. Интернат үйіне түскен азаматтар өздерінің ақшалары болған жағдайда интернат үйінің кассасына нұсқаулыққа сәйкес тапсырады, содан соң зейнетақы салымының арнайы депозиті бойынша сақтық есебінің келісімін толтырады. Бұдан кейін поштада тұрғынның жеке шоты және салым мөлшері көрсетілген жинақ кітапшасы ашылады.
Арнайы кітапшадан ақша тұрғынның жеке өтініші бойынша ғана алынады.
32. Тұрғындарға тиісті мемлекеттік салымдар облигациялары
жинақ банкісіне сақтауға берілуі керек.
Мекеменің кассасында жинақ кассасына тапсырылған мемлекеттік салымдардың, жинақ кітапшаларының түбіртіктері және басқа да бағалы қағаздар сақталуы мүмкін.
Сақтауға бағалы қағаздар қабылданған кезде олардың атауы көрсетіліп, актіге енгізіледі (8 қосымша).
Егер бұл жинақ кітапшасы немесе мемлекеттік салымдардың
түбіртегі болса, тұрғынның тегі, аты, әкесінің аты, кітапшаның немесе
облигацияның берілген күні, жинақ банкісінің атауы мен жеке шотының нөмірі және салымның ақырғы қалдығының сомасы немесе салымның атауы, сериясы, облигацияның сомасы көрсетіледі. Акті үш дана жасалады,
тиісті қолдармен ресімделіп бухгалтерияға, кассирге және тұрғынға беріледі.
Сақтауға қабылданған бағалы қағаздар әр тұрғынға жеке шот ашылатын бағалы бұйымдар кітабында есепке алынады. Оларды қолға берерде тауар құжаттамасы бойынша тұрғыннан қолхат алынып тапсырылады.
33. Ойлау қабілетінің төмендігінен не дімкестігінен өз іс-әрекетінің маңызын түсіне алмайтын тұрғындар мекеменің әкімшілігі белгіленген тәртіп бойынша сот арқылы іс-әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін.
Сот шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған және қамқорлыққа мұқтаж интернат үйінің тұрғындарына зейнетақы,
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және мемлекеттік арнайы жәрдемақы
төлеу Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылдың 18 қыркүйегіндегі N 212 бұйрығымен бекітілген Ережелерге сәйкес жүргізіледі.
34. Тұрғын қайтыс болған кезде ол жерленген киіміне екі дана
акті жасалады. Актіде мекеменің заттары бөлек, ал қайтыс болған
адамның жеке заттары бөлек көрсетіледі және акті бекітілген кезде есептен шығарылады.
Осы актіде тұрғынның қайтыс болғаннан кейін мекеменің
сақтауында қалған жеке заттары мен бағалы бұйымдары көрсетіледі.
Мекеменің, ұйымның әкімшілігі үш күн ішінде нотариалдық
кеңселерге және қалалық, селолық, поселкелік жергілікті атқарушы органдарға қайтыс болған тұрғыннан қалған заттардың бар екендігі
жөнінде және мұрагерлері болса, олар туралы мәліметті хабарлауы тиіс.
Интернат үйінің тұрғыны қайтыс болғаннан кейін қалған жеке заттарын, басқа да бағалы бұйымдарын, ақшасын оның мұрагерлеріне беру,
егер олар нотариалды расталған құжаттарын (белгіленген тәртіпте ресімделген мұрагерлік құқыққа ие екені жөніндегі куәлік), жеке және
бағалы заттар тізімдемесі мен шығыс-кассалық ордерде міндетті түрде
қол қойып, заттарды алған мұрагердің тегі, аты, жөні, жеке куәлігінің
сериясы, нөмірі, берілген күні мен органның атауы көрсетіле отырып жүргізіледі. Сонымен қатар мұрагерлік құқығы куәлігін берген
нотариалдық органның атауы, нотариалдық куәліктің номері, берілген
күні көрсетіледі.
Қолхат пен тізімдеме заттар мен бағалы заттарды есептен
шығарудың негізі болып табылады.
35. Интернат үйінің тұрғыны қайтыс болғаннан соң оның заң не аманат қағазы бойынша мұрагері болмаса оның қалған заттары мемлекетке тапсырылады.
Бұл жағдайда нотариалдық кеңсе мұрагерлік ашылғаннан кейін
алты ай өткен соң қаржы органына заттардың тізімдемесі мен мемлекеттің
мұрагерлік құқы жөніндегі куәлікті жібереді, қаржы органы заттарды өткізу шараларын жүргізеді, ал ақша мен мемлекеттік салымдар облигациялары оның нұсқауы бойынша мемлекеттік бюджет кірісіне тапсырылады.
37.Тұрғындардың заттары мен бағалы заттарын сақтауға және
есепке алуға және есептен шығаруға негіз болған құжаттар мекеменің бухгалтериясында бас бухгалтердің жауапкершілігінде жеке кітапта әр
жыл бөлек, хронологиялық тәртіпте тігіліп сақталады.
Киім-кешекті, төсек жабдықтарын,
киімді және аяқ киімді есепке
алу бойынша нұсқаулыққа
1 қосымша
Жеңіл киім-кешек, төсек жабдықтары,
киім және аяқ киім заттарының
тізбесі
Классификатор(жіктеу) бойынша код |
Бұйымның атауы |
Ескерту |
1 |
2 |
3 |
851000 856311 |
Сыртқы киім |
Киім-кешекті, төсек жабдықтарын,
киімді және аяқ киімді
есепке алу нұсқаулығына
2 қосымша
Киім-кешекті, төсек жабдықтарын,
киімді және аяқ киімді белгілеу
Заттардың атаулары |
Таңба басатын орын |
1. Ақ төсеніш, көрпе тыстары, орамалдар, көрпелер, дастархандар, сулықтар |
бұрышының ұшында (енінің) |
2. Жастық тыстары |
Ішкі жағында (бұрышында) |
3.Кальсондар, іш киім, шалбар, юбка, рейтуздер |
Белінің ішкі жағында |
4. Ерлердің жейдесі, майкалар, джемперлер, көйлектер, күртелер |
Заттың ішкі аяқ жағында |
5. Пиджак, жакет, пальто, костюмдер |
Оң жақ етегінің ішкі жағында |
6. Бәтеңке, туфли, резеңке аяқ киім |
Оң жақ тобығының ішкі жағында |
7.Етіктер, пималар |
Оң жақ қонышының жоғарғы жағында |
Ескертпе:
Белгі жуылмайтын ақ не қара бояумен (заттың түсіне қарай) және заттың сырт пішінін білдірмейтін жеріне қойылады.
Қайта белгі соғу бұған дейінгі белгінің күнімен белгіленеді.
Киім-кешекті, төсек жабдықтарын,
киімді және аяқ киімді
есепке алу нұсқаулығына
3 қосымша
____________________________________________________________________
(мекеменің атауы)
Арматуралық кәртішке
Тізілімге жазылып алынған: бухгалтер __________________________ қолы
__________________200 __ж.
____________________________________________________________________
(тұрғынның тегі,аты, әкесінің аты)
берілген заттарға
р/н |
Атауы |
Берілді |
Тапсырылды |
Ескертпе |
||||||
саны |
берілген |
алғаны туралы қолхат |
бергені туралы |
саны жазумен |
берілген күні |
тұрғынның заттарды тапсырғаны туралы қолы |
шаруашылық бикесінің зат. |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Киім-кешекті, төсек жабдықтарын,
киімді және аяқ киімді
есепке алу нұсқаулығына
4 қосымша
_________________________
(мекеменің атауы)
Арматуралық кәртішкелердің тізімдемесі
Берілген күні |
NN |
Қамсыздандырылушының тегі,аты және әкесінің аты |
кәртішкені алғаны туралы шаруашылық бикесінің қолы |
Киім-кешекті, төсек жабдықтарын,
киімді және аяқ киімді
есепке алу нұсқаулығына
5 қосымша
_________________________
(мекеменің атауы)
Айлық қабылдау тапсыру ведомості
Бөлімше бойынша, N№ _____ палата 200____ж. _______
Күні |
сағаты |
Заттардың атауы және саны |
Қабылда-ғаны туралы қолы |
Тапсырғаны туралы қолы |
||||||||
матрацтар |
жастықтар |
көрпелер |
ақ төсеніштер |
жастық тыстары |
||||||||
Киім-кешекті, төсек жабдықтарын,
киімді және аяқ киімді
есепке алу нұсқаулығына
6 қосымша
______________________________
(мекеменің атауы)
Жууға (не жөндеуге) тапсырған жеңіл киім-кешектің
ТІЗІМІ
N№ |
Заттардың атауы |
Жууға тапсырылды |
Жуудан алынды |
Ескертпе |
||
(жөндеуге) саны |
(жөндеу.) саны |
|||||
цифрмен |
жазбаша |
цифрмен |
жазбаша |
|||
Барлығы Салмағы
Жууға тапсырғанда:
_________________________________________________________________
Барлығы
Жуудан қабылданғанда:
Жууға Тапсырды______________ Қабылдады______________
(жөндеуге) (қолы) (қолы)
_________________________________________________________________
(күні)
Жуудан Қабылдады______________
Тапсырды_________(жөндеуден) (қолы) (қолы)
(күні)_________
Киім-кешекті, төсек жабдықтарын,
киімді және аяқ киімді
есепке алу нұсқаулығына
7 қосымша
N 443 форма
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігінің қазынашылық
департаментінің 01.12.98ж. N№518
бұйрығымен бекітілген
____________________________________________________________________
(бюджеттік мекеменің атауы)
БЕКІТЕМІН
________________
мекеме бастығының қолы
________________ ж.
Мекеменіңкоды |
Түгендеу нөмірі |
Негізгі шот |
Реттік шот |
Бөлімнің, бөлімшенің коды |
____ АКТІ
жеңіл киім-кешекті, төсек жабдықтарын, киімді және аяқ киімді, өндірістік және шаруашылық құралдары мен мүліктерді баланстан шығарып тастау
______________________________ ж.
_________ж. N№_______ бұйрығымен тағайындалған
мына құрамда комиссия _____________________________________________ комиссия мүшелерінің, лауазымы, тегі,аты-жөні
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
бөлімнің, кабинеттің т.б. атауы
қолдануға жарамсыз болып қалған активтерді,жеңіл киім-кешекті,төсек жабдықтарын, киімді, аяқ киімдердің жағдайын тексеруді жүргізді және жөндеуге, сатуға немесе басқа ұйымдарға беруге жарамайтын,есептен шығарылып тастайтын мына құндылықтарды белгіледі:
N |
Мүлік-тік нөмірі |
Атауы және сипаты (маркасы,сорты т.б.) |
Мекеме-ге түскен күні |
Пай-далану мер-зімі |
Зат-тар саны |
Бағасы |
Сомасы |
Активтің тозуы |
Пайдалануға жарамауының себебі |
Материалды жауапты адам |
Осылай аяғына дейін (сызықтау 16 т. кейін) |
Киім-кешекті, төсек жабдықтарын,
киімді және аяқ киімді
есепке алу нұсқаулығына
8 қосымша
(мекеменің атауы)
БЕКІТЕМІН
____________________________________________________________________
(мекеме бастығының лауазымы және қолы)
________________200__ж.
ҚАБЫЛДАУ АКТІ
______ _________200__ж. мына құрамда комиссия:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
қамсыздандырылушы азаматтың қатысуымен
____________________________________________________________________(тегі,аты,әкесінің аты)
(арматуралық кәртішкенің нөмірі N№________)
және материалды жауапты адамның қатысуымен _________________________
азамат _________________ мекемеге сақтауға тапсыратын заттарын, бағалы заттарын (керексізін сызып тастау керек) қарауды жүргізді.
Комиссия белгіледі:
№N |
Заттардың, бағалы заттардың атауы |
Саны |
Тозғаны және т.б. ақаулары туралы белгі(%) |
||
өлшеу бірлігі |
цифрлар |
жазумен |
|||
Барлығы
Заттардың жалпы саны ___________________________ (саны жазумен)
Комиссияның қолы
Тапсырды __________
(қолы) Актіде тізілген заттар, бағалы заттар
_________________________________________________________________ (материалды жауапты адамның қолы)
Актіде көрсетілген заттар бухгалтерияда есепке алынған
Бас (аға) бухгалтер ____________________________________ (қолы) (күні)
Облыс әкімдігінің
31.10.2002 ж.
N а-10/15 қаулысына
1 қосымша
Ақмола облысының жалпы типті интернат үйлерінде, жүйкеневролоргиялық интернат үйлерінде тұрып жатқан азаматтарға арналған жұмсақ мүлікті, киімді, аяқ киімді қолдану мерзімдері мен нормалары
N |
Атауы |
Өлшеу бірлігі |
Норма |
Кию мерзімі, |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Киім, ішкі киім және аяқ киім |
||||
1 |
Жүн матадан тігілген пальто және қысқа пальто |
шт. |
1 |
3 |
Жеңіл киім-кешек |
||||
15 |
Мақта матадан тігілген іш көйлектер Төсек жабдықтары |
шт. |
2/3 |
1 |
25 |
Ақ төсеніштер |
шт. |
3 |
2 |
33 |
Аяқ киімдер Кигізден жасалған аяқ киім |
пар |
1 |
2 |
41 |
Бас киімдер, галантереялық және тоқыма бұйымдар Бас орамалдар |
шт. |
1 |
1 |
48 |
Ішкі және сыртқы тоқыма бұйымдар -кальсондар |
шт. |
2 |
1 |
Шұлық бұйымдары |
||||
60 |
-колготкилер |
шт. |
6 |
1 |
65 |
Тоқыма қолғап бұйымдар Жалаң қабат тоқылған бессаусақтар Шарф-орамал бұйымдар, -шарфтар |
пар |
1 |
1 |
7172 |
Санитарлық-гигиеналық құралдар -резеңке қосылған клеенка |
шт. |
1 |
1 |
* 3/4 3-жалпы бөлімше үшін ** 3/2 3- жалпы бөлімше үшін 4-псих.бөлімше үшін 2- ауыр сырқаттар үшін
1* -псих.бөлімше үшін
Облыс әкімдігінің
31.10.2002 ж.
N а-10/154 қаулысына
2 қосымша
Ақмола облысының ойлау қабілеті төмен балаларға арналған интернат үйлерінде тұрып жатқан балаларға арналған жұмсақ мүлікті, киімді, аяқ киімді қолдану мерзімдері мен нормалары
N№ |
Атауы |
Өлшеу бірлігі |
Норма |
Пайдалану мерзімі, |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Киім, ішкі киім және аяқ киім |
||||
1 |
Жүн матадан тігілген пальто және |
шт. |
1 |
2 |
Жеңіл киім-кешек |
||||
16 |
Мақта матадан тігілген іш көйлектер Төсек жабдықтары |
шт. |
2 |
1 |
25 |
Ақ төсеніштер |
шт. |
3 |
1 |
34 |
Аяқ киімдер |
пар |
1 |
1 |
43 |
Бас киімдер, галантереялық және |
шт. |
1 |
2 |
53 |
Ішкі және сыртқы тоқыма бұйымдар |
шт. |
3 |
1 |
Шұлық бұйымдары |
||||
636465 |
-колготкилер |
шт. |
6 |
1 |
6667 |
Санитарлық-гигиеналық құралдар |
шт. |
2 |
1 |