Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихаты және әкімінің ұсыныстарын қарай келе, облыс әкімі жанындағы ономастика комиссиясының оңды ұйғарымын ескере және "Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Заңының
5, 11 баптарын басшылыққа ала отырып, облыстық мәслихат және облыс әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық аймағындағы Ленин ауылының атауы Рахым Сәбденов атындағы ауыл болып өзгертілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссиядан осы шешімге келісім беру сұралсын.
Облыстық мәслихат Облыс Әкімі
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы