"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Z010148_
Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы 1758
P011758_
"Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" қаулысына сәйкес облыстық мәслихат шешiм еттi:
1. Маңғыстау облысы бойынша мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Облыстың, қалалар мен аудандардың әкiмдерiне Маңғыстау облысы бойынша мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасын орындау жөнiнде тиiстi шаралар алу ұсынылсын.
3. Осы шешiм жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Сессия төрағасы Облыстық мәслихаттың
хатшысы
Облыстық мәслихаттың
2002 жылғы 12 сәуiрдегi
N 18/178 шешiммен
бекiтiлген
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МҮГЕДЕКТЕРДI
ОҢАЛТУДЫҢ 2002-2005 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Маңғыстау облысы бойынша мүгедектердi оңалтудың
2002-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
Бағдарламаның атауы Маңғыстау облысы бойынша мүгедектердi
оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған
аймақтық бағдарламасы.
Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
үшiн негiздеме 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758
қаулысымен бекiтiлген "Мүгедектердi
оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған
бағдарламасы".
Бағдарламаның Облыстық еңбек халықты жұмыспен қамту және
бастамашысы әлеуметтiк қорғау басқармасы.
Бағдарламаның мақсаты Бағдарламаның негiзгi мақсаты және
мен мiндеттерi мiндеттердi - мүгедектердi оңалту жүйесiн
құру олардың қоғаммен етене болуына
мүмкiндiктер беру, тұрмыстағы
кiрiптарлықтан құтқару жағдайларын жасау,
мүгедектiк деңгейiн азайту.
Негiзгi орындаушылар Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтiк қорғау басқармасы, Қазақстан
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгiнiң Маңғыстау облысы
бойынша Департаментi, облыстық бiлiм
басқармасы, облыстық мәдениет басқармасы,
облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм
басқармасы, облыстық денсаулық сақтау
басқармасы, облыстық туризм және спорт
жөнiндегi басқарма, аудандар мен
қалалардың әкiмдерi.
Бағдарламаның негiзгi Бағдарлама облыста мүгедектердi медициналық,
iс-шаралары әлеуметтiк, кәсiби оңалтудың ұйымдастыру
шараларын алуды,оңалту мекемелерiнiң
желiлерiн дамыту мен олардың материалдық-
техникалық базасын нығайтуды, мүгедектерге
протез-ортопедиялық көмек көрсету және
оларды оңалтудың техникалық құралдармен
қамтамасыз етудi, мүгедектердiң әлеуметтiк
инфрақұрылым объектiлерiн кедергiсiз
пайдалану мүмкiндiгiн жасауды, халықты
әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм
беру жүйелерiнде мүгедектердi оңалту
мәселелерiмен айналысатын қызметкерлердi
даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi
iс-шараларды жүзеге асыруды көздейдi.
Бағдарламаны iске асыру Мүгедектердi оңалтудың Аймақтық
мерзiмi бағдарламасы 202-2005 жылдарға арналып
жасалған.
Қаржыландыру көздерi Аймақтық бағдарламаны қаржыландыру
республикалық және жергiлiктi бюджеттер
қаражаты есебiнен, Қазақстан
Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын
басқа да қаржы көздерiнен жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске Бағдарламаны iске асыру оңалту iс-
асырудан күтiлетiн шараларының көлемiн ұлғайтуға, мүгедектердiң
нәтижелер жеке мұқтаждарын ескере отырып, техникалық
құралдармен қамтамасыз етуге мүмкiндiк
бередi, мүгедектердiң тұрмыстық, қоғамдық,
кәсiби қызметiнде қабiлетiн қалпына
келтiруге, конституциялық құқықтарын iске
асыруға және олардың қоғаммен етене болуын
жеделдетуге көмектеседi.
2. Кiрiспе
Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау мен қорғауға олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын iске асыруда тең мүмкiндiктерiмен қамтамасыз етiлуiне Қазақстан Республикасының
K951000_
Конституциясында кепiлдiк берiлген.
Мүгедектердi оңалту - медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтiк-экономикалық iс-шаралар кешенiнен тұратын, жазым болған ағза қызметiн қалпына келтiруге, не өзiн-өзi күтуге, түрлі кәсiби қаракетке бейiмдеуге, сондай-ақ мүгедектердiң толыққанды өмiр сүруiне мүмкiндiк беретiн әрi олардың құқықтары мен қабiлет мүмкiндiктерiн iске асыруын қамтамасыз ететiн мүгедектердi әлеуметтiк қорғаудың маңызды элементi болып табылады.
Мүгедектердi оңалтудың Аймақтық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758
P011758_
қаулысымен бекiтiлген мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы сәйкес әзірлендi және облыстың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы ескерiлiп жасалды.
3. Облыстағы мүгедектiктiң жай-күйiн талдау
Облыста барлығы түрлi санаттардағы 7952 мүгедек, оның iшiнде 4357 мүгедек әйел, 16 жасқа толмаған 1010 мүгедек бала, 916 бала кезiнен мүгедек тұрады. Мүгедектiктiң бұдан әрi көбеюiнiң денi сау халық өсiмiнiң азаюына әкелiп соқтыратын әлеуметтiк қаупi бар.
Мүгедектiкке алғаш ұшыраудың 1998-2001 жылдарғы көрсеткiшi
___________________________________________________________________________
Көрсеткiштер 1998жыл 1999жыл 2000жыл 2001жыл
___________________________________________________________________________
Ересек адамдар арасында алғаш рет
мүгедек деп танылғандар, оның 1108 975 974 990
iшiнде әйелдер 465 368 372 401
___________________________________________________________________________
Алғаш рет мүгедек деп танылған
адамдардың iшiнде:
қалалық жерде тұратындар, 912 784 780 825
оның iшiнде еңбекке жарамды
жастағылар 776 695 703 776
___________________________________________________________________________
Ауылда тұратындар, 196 191 194 165
оның iшiнде еңбекке жарамды
жастағылар 165 169 177 157
___________________________________________________________________________
Алғаш рет мүгедек деп
танылғандардың iшiнде
жұмыс iстейтiндер 411 316 249 272
___________________________________________________________________________
Алғаш рет мүгедек деп танылғандардың мүгедектiк
топтары бойынша саны
__________________________________________________________________________
Мүгедектiк тобы 1998жыл 1999жыл 2000жыл 2001жыл
___________________________________________________________________________
1 топ 98 79 89 74
___________________________________________________________________________
2 топ 857 688 653 656
___________________________________________________________________________
3 топ 153 208 233 260
___________________________________________________________________________
Мүгедектiктiң негiзгi себептерi:
___________________________________________________________________________
Мүгедектiк себебi 1998 жыл 1999 жыл 2000 жыл 2001 жыл
___________________________________________________________________________
жалпы аудан 983 849 810 836
___________________________________________________________________________
Еңбекте майып болу 12 13 26 24
___________________________________________________________________________
кәсiби аурудан - - - 1
___________________________________________________________________________
бала кезiнен мүгедек 92 94 112 112
___________________________________________________________________________
Алғаш рет мүгедектiкке ұшырау құрылымында бiрiншi орында қан айналымы органдары сырқатынан мүгедектiк - 22,8%, екiншi орында психиканың бұзылуынан - 17,1% және үшiншi орында зиянды iсiктерден мүгедектiк - 11,1%.
Еңбекке жарамды адамдар арасындағы мүгедектiктiң көбеюiне әлеуметтiк және экономикалық факторлар, жұмыссыздық, медициналық қызметтер құнының жоғарғы болуы әсер етедi.
Балалардың мүгедектiкке ұшырауына итермелейтiн факторлардың iшiнде мыналарды бөлiп көрсетуге болады: биологиялық- ата-анасының созылмалы, туа бiткен және генетикалық ауруларының жоғарғы деңгейде болуы, перинаталдық кезеңнiң патологиясы; медициналық-ұйымдастырушылық - ауруды кеш анықтау, ауруды анықтаудан бастап мүгедектiк белгiленiп, оңалтудың басталуына дейінгi кезеңiнiң ұзақтығы; әлеуметтiк орта - экологиялық жағдайдың нашарлауы, отбасының әлеуметтiк нашар жағдайы.
Көбiне мүгедек балалардың және олардың отбасыларының әлеуметтiк проблемалары өткiр сезiледi. Ауру сәби дүниеге келген күннен бастап отбасы оның тауқыметiн тартуға мәжбүр болады. Жағдайды өзгерту үшiн және мүгедек балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсету үшiн халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет, ақпарат органдарының ынтымақтастығы мен күш-жiгерiн бiрiктiру қажет.
Мүгедек балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшiн арнайы жағдайлар қажет. Облыста Ақтау қаласындағы N 1, N 4 арнаулы кешендерiнiң жанында көзi нашар көретiн 155 бала, есту қабiлетi нашар 21 бала оқиды.
Жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқуға мүмкiндiгi жоқ мүгедек балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы бойынша тәрбие мен бiлiмдi үйлерiнде алуына болады. Қазiргi кезде 124 мүгедек бала үйiнде оқытылуда. Оқытуға жұмсалатын шығындарды өтеу үшiн оларға тоқсан сайын жәрдемақы төленедi, оның орташа мөлшерi 2002 жылдың басына 6498 теңге құрайды.
Жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарын бiтiрген мүгедектердiң өздерiнiң тұрғылықты жерiнде денсаулық жағдайына сай жұмысқа тұруына мүмкiндiгi бола бермейдi.
Кәсiпорындар мен ұйымдарда мүгедектер үшiн жаңа жұмыс орындары құрыла бермейдi. Кәсiпорын әкiмшiлiктерi еңбек рыногында еңбекке жарамды адамдар тарапынан ұсыныстар көп түсетiндiктен түрлi сылтауларды желеу етiп, жұмыс iстейтiн мүгедектердi қысқартады.
10 жылдан астам "Маңғыстаумұнайгаз" ААҚ мен "Өзенмұнайгаз" ААҚ-сын картон, тiгiн және мақта бұйымдарымен жабдықтаған облыстағы жалғыз мамандандырылған кәсiпорын - "Қазақ соқырлар қоғамының Ақтау оқу- өндiрiстiк кәсiпорны" ЖШС оның өнiмiне мемлекеттiк сатып алулар тоқтатылғандықтан қиын жағдайда қалды.
Бос орындар мүгедектерге тым сирек берiледi. Мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн болатын жұмыс орындарының жүйелi енген есебi жоқ. Осыған байланысты, ұйым қағидаттары туралы, инвестиция көздерi туралы мәлiметтерi бар, есеп жүргiзiп отыратын (жұмыс орнының болуы, сақталуы, өзгеруi, жаңаларын құру) мүгедектерге арналған жұмыс орындары банкiн құру қажет.
Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау шаралары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңына,
Z970126_
"Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына,
Z990366_
"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегi Заңында басқа да заңнамалық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Мүгедектерге әлеуметтiк көмек жәрдемақы түрiнде, протез-ортопедиялық бұйымдарымен және аяқ киiммен, арнаулы қарпi бар баспа өнiмдерiмен, дыбыс күшейту аппаратурасымен және сигнализаторлармен, компенсаторлық техникалық құралдармен қамтамасыз ету түнде берiледi.
Облыстың барлық мүгедектерi мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк жәрдемақы алады. Жалпы аурудан, еңбек жарақатынан, кәсiби аурудан, бала жасынан мүгедектерге жәрдемақы мынадай мөлшерлерде төленедi:
I топтағы мүгедектерге-6 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы мүгедектерге - 4 айлық есептiк көрсеткiш, III топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға - 3 айлық есептiк көрсеткiш, бұл 2002 жылдың 1 қаңтарында тиiсiнше 4938 теңгенi, 3292 теңгенi және 2469 теңгенi құрады.
1999 жылғы 1 сәуiрден бастап жалпы аурудан, еңбек жарақатынан, кәсiби аурудан болған I, II және III топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға, Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға жәрдемақылардың өзге түрлерiне қарамастан, коммуналдық қызметтерге, отын және тұрғын үйдi ұстау шығындарын төлеуге арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы төленiп келедi.
I және II топтардағы мүгедектерге берiлетiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы мөлшерi 1,4 айлық есептiк көрсеткiштi немесе 1152 теңге, III топтағы мүгедектерге - 0,6 айлық есептiк көрсеткiштi немесе 493 теңге және 16 жасқа дейінгi мүгедек балаларға 0,9 айлық есептiк көрсеткiштi немесе 740 теңге құрайды.
Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға 5,7 айлық 4691 теңге мөлшерiнде арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы төленедi.
Облыстық және жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен мүгедектерге әлеуметтiк көмек көрсету, олардың тұрмыс деңгейiн арттыру мақсатында облыс әкiмi арқылы төмендегiдей шешiмдер қабылданды:
17.08.1999ж. N 199 "Ұлы Отан соғысының ардагерлерiн, Чернобыль АЭС-ғы апаттың мүгедектерiн және сырттай көмекке мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы";
03.05.2001ж. N 97 "Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына амбулаториялық емделу кезiнде дәрi-дәрмек алу үшiн бiр жолғы материалдық көмек көрсету туралы";
27.08.2001 ж. N 12 "Азаматтардың жекелеген санаттарына бiр жолғы материалдық туралы".
Облыстық мәслихаттың "2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешiмiмен мүгедектерге әлеуметтiк көмек көрсетуге қаражат қаралды.
Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жергiлiктi облыстық газеттердi тегiн алады.
Облыста қарттар мен мүгедектерге арналған 120 орынды және психикалық-жүйке ауруларына арналған 110 орынды екi интернат үйi жұмыс iстейдi. Жалғызiлiктi қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қолдау үшiн үйлерге барып көмек көрсететiн 11 әлеуметтiк көмек бөлiмшесi жұмыс iстейдi, олар 875 жалғызiлiктi қарт азаматтарға, оның iшiнде 169 мүгедекке қызмет көрсетедi.
2000 жылғы облыс әкiмiнiң шешiмiмен жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне УАЗ-469 маркалы 14 автомашина тегiн бөлiндi.
Гуманитарлық көмек желiсi бойынша бiздiң облыс "Каунтерпарт Интернешнл" фирмасынан 2000 жылы 240 мүгедектер арбасын алды, бұл осындай арба алу үшiн кезекте тұрған барлық мүгедектердi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi. 2001 жылға 23 мүгедек медициналық көрсеткiштерi бойынша, оның iшiнде 11 мүгедек облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасының ұсынысы бойынша аз қамтамасыз етiлген азаматтарды қолдау жөнiндегi облыстық қайырымдылық қорынан мүгедектер арбасын алды. Бұдан басқа Жаңаөзен қаласының әкiмi жергiлiктi бюджеттен 150000 теңге бөлдi, оған 7 мүгедектер арбасы сатып алынды.
2001 жылы 53 мүгедек аяқ-қол буындарын протездеумен, 79 мүгедек протез-ортопедиялық аяқ киiмдерiмен, 112 мүгедек есту аппараттармен, 125 көзi көрмейтiн мүгедектер тифлоқұралдармен қамтамасыз етiлдi.
"Қазақстан Республикасындағы мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының мүгедектерге техникалық немесе өзге де құралдар беруге қатысты бөлiгi толық көлемiнде орындалмай келедi.
Оңалтудың техникалық құралдары мүгедектердiң жоғалтқан қарекеттерiн түзеуге немесе орнын толтыруға, оның iшiнде өзiне өзi қызмет көрсетуге бейiмделген арнайы құралдардан тұрады (тамақ iшу үшiн - асханалық аспаптарды кигiзiп бекiтуге арналған белбеушелер, крандар, газ және электроплиткаларына арналған тұтқалар, арнайы асханалық аспаптар және зағип адамдар үшiн икемдеу құралдары); санитарлық-гигиеналық процедураларды орындау үшiн (тiс мәуесегiн, сабынды, жөкенi, тарақты, электр ұстарасын кигiзiп, бекiтетiн белбеушелер, тiс пастасын қысып шығаруға, су крандарын, су себізгiсiн ашуға, киiмдердi, шұлық-ұйықтарды, аяқкиiмдi киiп, шешуге бейiмдеу құралдары); жылдамырақ және ақырын жүруге арналған құралдардан (қолмен басқарылатын автомобиль, бөлме iшiнде жүретiн, серуендейтiн кресло-арбалар, екi аяғы жоқ мүгедектер үшiн шағын қораптар, балдақтар, таяқтар); мүгедектердiң естуiн түзеу және коммуникациялық қолдау құралдарынан (Брайло бойынша хат жазуға арналған машинкалар, ұлғайтқыш әйнектер, "сөйлей бiлетiн кiтап" үшiн арнайы магнитофондар, домофондар; тербеткiш қоңыраулы сағаттар, арнайы диктофондар, жылжымалы жолдары бар немесе дыбысы күшейтiлген телефон аппараттары) тұрады.
Мүгедектердiң тұрғын үйлерге және өзге де әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлеріне көтерiлуiн қамтамасыз ету жүзеге асырылмай отыр. Бұл бiрiншi кезекте ғимараттарға кiре берiс пандустар мен көшелерден өтетiн жерлерге қатысты.
Мүгедектер мен олардың отбасы мүшелерiн өздерiнiң жеке проблемаларын шешуге олардың өздерiн тiкелей тарту жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу және бекiту мүгедектердi әлеуметтiк оңалту жоспарының маңызды бағыттарының бiрiнен саналады.
4. Аймақтық бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарламаның негiзгi мақсаты-мүгедектердi оңалту жүйесiн құру, олардың қоғамда өздерiн етене ұстауына мүмкiндiктер беру, тұрмыстағы кiрiптарлықтан арылтуды қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау, мүгедектiк деңгейiн азайту.
Бағдарламаның мiндеттерi мыналар болып табылады:
мүгедектiктiң азаюын қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау;
әрбiр мүгедекке оңалту және техникалық құралдар мен медициналық, әлеуметтiк-кәсiби оңалту бойынша қызметтердiң кепiлдi тiзбесi бар жеке бағдарламалар әзiрлеу және оны жүзеге асыру;
мүгедектердi кешендi оңалтуды дамыту жөнiндегi оңалту мекемелерiнiң жүйелерi мен материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша практикалық iс-шараларды қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау, бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау, дене мәдениетi және спорт жүйесiнде мүгедектерге арналған iс-шаралар мен түрлерiн және ауқымын кеңейту;
бiлiм беру, еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау, дене мәдениетi және спорт ұйымдарының мүгедектердi оңалту мәселелер жөнiндегi жұмысының нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру және бұларда оңалту мәселелерiмен айналысатын мамандары даярлауды қамтамасыз ету;
мүгедектерге хореография, музыка, әдебиет, театр, сурет, мүсiндеумен, өнердiң басқа да түрлерiмен айналысып, шығармашылық қабiлеттерiн пайдалануға мүмкiндiктер беру мақсатында кәсiби даярлықты қамтитын iс-шараларды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтiк экономикалық шараларды жүзеге асыру жолымен мүгедектердi жұмыспен қамту саласында қосымша кепiлдiктермен қамтамасыз ету;
мүгедектердiң кедергiсiз жүрiп-тұруына және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiруiне жәрдемдесу жөнiнде iс-шаралар өткiзудi қамтамасыз ету.
5. Аймақтық бағдарламаны iске асыруды қаржылық қамтамасыз ету
Аймақтық бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен, Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын басқа да көздерден жүзеге асырылады.
Аймақтық бағдарламаны 2002 жылдан 2005 жылға дейiн қаржыландыру үшiн 344,91 млн.теңге қажет болады. Бұл жылдары қарттар мен мүгедектерге арналған қазiргi интернат үйiне қосымша құрылыс салу, психикалық-жүйке ауруларына арналған интернат үйi ғимаратының тозуы себептi оны жаңа қонысқа орналастыру, ақыл-есi кем мүгедек балалар үшiн интернат үйiн ашу мәселелерiн шешу үшiн қосымша қаржы-қаражатының қажеттiгi туындайды. Оларды қаржыландыру көздерi мәселенiң шешiлуiне қарай қосымша көзделетiн болады.
2002 жылға арналған жергiлiктi бюджеттiң шығындары, бюджеттi нақтылау ескерiле отырылып, көрсетiлдi және ол - 61,56 млн.теңге, 2003 жылы- 92,02 млн.теңге, 2004 жылы- 93,41 млн.теңге, 2005 жылы- 97,92 млн.теңге құрайды.
Аймақтық бағдарламаның шараларын iске асыруға қажеттi қаражаттардың көлемi жергiлiктi бюджетте тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттi әзірлеу және қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
6. Аймақтық бағдарламаны iске асырудан
күтiлетiн нәтижелер
Аймақтық бағдарламаны iске асыру оңалту iс-шараларының ауқымын ұлғайтуға, мүгедектердi жеке мұқтаждықтарын ескере отырып, техникалық құралдармен қамтамасыз етуге, мүгедектердiң тұрмыстық, қоғамдық, кәсiби қызметiнде қабiлетiн қалпына келтiруге, конституциялық құқықтарын iске асыруға және олардың қоғамда өздерiн етене ұстауын жеделдетуге мүмкiндiк бередi.
7. Маңғыстау облысы бойынша мүгедектердi
оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған
Аймақтық бағдарламасының iске асыру
жөнiндегi iс-шаралар жоспары
___________________________________________________________________________
Р/с Iс-шара Жауапты орындаушылар Орындалу Аяқталу
N мерзiмi нысаны
___________________________________________________________________________
1 2 3 4 5
___________________________________________________________________________
Әлеуметтiк оңалту
___________________________________________________________________________
1 Жергiлiктi атқарушы Облыстық еңбек, халықты 2002 ж. Әкiмияттың
органдардың жанынан жұмыспен қамту және II тоқсаны қаулысы
мүгедектер iстерi әлеуметтiк қорғау
жөнiндегi Кеңестер басқармасы, аудандар
құру мен қалалар әкiмдерi
___________________________________________________________________________
2 Мүгедектердi: Облыстық еңбек, халықты 2002ж. Қазақстан
-техникалық құралдармен, жұмыспен қамту және IV тоқсаны Республи-
әртүрлi модификациядағы әлеуметтiк қорғау 2003ж. касы Еңбек
кресло-арбалармен басқармасы, облыстық 2004ж. және
қамтамасыз ету қаржы басқармасы 2005ж. халықты
әлеуметтiк
қорғау ми-
нистрлiгi-
не жыл
сайын 10
қаңтарға
ақпарат
беру
___________________________________________________________________________
3 Тұрғын үй дәлiздерiне, Облыстық құрылыс,тұрғын 2002-2005 Облыстық
қоғамдық және өндiрiстiк үй және архитектура бас- жж. еңбек, ха-
ғимараттарға объектiле- қармасы, қалалар мен лықты жұ-
рiне мүгедектер арбалары аудандардың әкiмдерi мыспен
кiре алатындай жағдай қамту және
жасау халықты
әлеуметтiк
қорғау бас-
қармасына
жыл сайын
10 қаңтарға
ақпарат
беру
___________________________________________________________________________
4 Мүгедектерге қызмет Облыстық iшкi iстер 2002-2005 Облыстық
көрсететiн мекемелер басқармасы,қалалар мен жж. еңбек,
орналасқан жерлерде, аудандардың әкiмдерi халықты жұ-
сондай-ақ мүгедектер мыспен
болуы мүмкiн, адамдар қамту және
көп жүретiн жерлерде әлеу.-тiк
iлеспелi дыбыс белгiсi қорғау
бар арнайы бағдаршамдар, басқарма-
жол белгiлерi мен көр- сына жыл
сеткiштерiн жасап, орнату сайын 10
шiлдедегi
және 10
қаңтарға
ақпарат
беру
___________________________________________________________________________
5 Ақтау қаласында дыбысты Ақтау қаласының әкiмi 2002-2005 Облыстық
құрылғылары бар, жаяу облыстық құрылыс, тұр жж. еңбек,
адамдар жүретiн жолдар ғын үй және архитекту- халықты
салу ра басқармасы жұмыспен
қамту
және
әлеуметтiк
қорғау
басқармасы
жыл сайын
10 шiлдеде.
гі және 10
қаңтардағы
ақпарат
ұсыну
___________________________________________________________________________
6 Қарттар мен мүгедектер- Облыстық еңбек, халықты 2002-2003 Ақтау
ге арналған жалпы жұмыспен қамту және әлеу- жж. қаласы
тұрпаттағы қазiргi меттiк қорғау басқармасы, әкiмiнiң
интернат үйiн кеңейту Ақтау қаласының әкiмi қаулысы
үшiн 50 орынға жанама мен қалалық
құрылыстың жобалық- мәслихаттың
сметалық құжаттамасын шешiмi
әзiрлеу
___________________________________________________________________________
7 Жобалар әзiрлеуге, Облыстық құрылыс, тұрғын 2002-2005 Облыстық
сондай-ақ ғимараттар, үй және архитектура жж. еңбек,
құрылыстар, жолдар, басқармасы, мәдениет халықты
көлiк, байланыс объек. басқармасы жұмыспен
тiлерiн салуға мемле. қамту және
кеттiк тапсырыстар алынған әлеуметтiк
кезде, көлiк және өзге қорғау
қызмет түрлерiн ұсынған басқарма-
кезде мүгедектердiң сына жыл
әлеуметтiк инфрақұрылымға сайын 10
кедергiсiз кiруiн шiлдедегi
қамтамасыз ету және 10
қажеттiгiн конкурстық қаңтарға
құжаттама талаптарының ақпарат
бiрi етiп белгiлеу беру
___________________________________________________________________________
8 Мүгедектердi, соның iшiнде Облыстық бiлiм басқармасы, Жыл Облыстық
мүгедек балаларды белсендi облыстық еңбек, халықты сайын еңбек
өмiр сүруге тарту мақса- жұмыспен қамту және шаралар халықты
тында облыстық көркем- әлеуметтiк қорғау жоспа. жұмыспен
өнерпаздар конкурсын, басқармасы, рына қамту және
сурет, қолөнер бұйымдары мәдениет басқармасы сәйкес әлеуметтiк
көрмелерiн өткiзу қорғау
және шығармашылық басқа басқармасы
түрлерiн ұйымдастыру жыл сайын
10 шiлдеде.
гі және 10
қаңтарға
ақпарат
беру
___________________________________________________________________________
9 Мүгедектердiң шығармашылық Облыстық еңбек,халықты Жыл Облыстық
жұмыстарының, мүгедектер жұмыспен қамту және сайын еңбек,
ұйымдары өнiмдерiнiң әлеуметтiк қорғау жоспар халықты
көрме-сатуларын жүйелi басқармасы, аудандар бойынша жұмыспен
түрде өткiзiп отыру мен қалалардың қамту
әкiмдерi және
әлеуметтiк
қорғау бас
қармасына
жыл сайын
10 шiлдеге
және 10
қаңтарға
ақпарат
беру
___________________________________________________________________________
10 Аймақтық телемарафондар Облыстық ақпарат және Жыл сайын Облыстық
өткiзудi қамтамасыз ету қоғамдық келiсiм жылына бiр еңбек
оларды өткiзуден түскен басқармасы рет халықты
қаражатты мүгедектерге жұмыспен
атаулы әлеуметтiк көмек қамту және
көрсетуге жұмсау әлеуметтiк
қорғау
басқарма-
сына жыл
сайын 10
қаңтарға
ақпарат
беру
___________________________________________________________________________
11 Ақтау қаласындағы Облыстық мәдениет Тұрақты, Облыстық
интернат үйiндегi басқармасы, мерекелер еңбек,
мен қарт адамдардың бос аудандар мен атаулы халықты
уақытын ұйымдастыруға қалалардың күндерде жұмыспен
көркемөнерпаздар әкiмдерi қамту және
ұжымдарын тарту әлеуметтiк
қорғау
басқарма-
сына жыл
сайын 10
шiлдедегi
және 10
қаңтарға
ақпарат
беру
__________________________________________________________________________
12 Мүгедектер арасында Облыстық еңбек, халықты 2002- Облыстық
жарыстар өткiзу үшiн жұмыспен қамту және 2005 еңбек,
спорттық арбалар, әлеуметтiк қорғау жж. халықты
спорттың қысқы басқармасы, туризм жұмыспен
түрлерiн өткізу және спорт жөнiндегi қамту және
үшiн спорт облыстық басқармасы әлеуметтiк
киiмдерi мен қорғау
жабдықтар сатып алу басқарма-
сына жыл
сайын 10
қаңтарға
ақпарат
беру
___________________________________________________________________________
13 Барлық санаттағы Туризм және спорт Жыл Облыстық
мүгедектер арасында жөнiндегi облыстық сайын еңбек,
аудандық, қалалық, басқарма, аудандар халықты
облыстық спорт мен қалалардың жұмыспен
жарыстарын өткiзу әкiмдерi қамту және
әлеуметтiк
қорғау бас
қармасына
жыл сайын
10 қаңтарға
ақпарат
беру
___________________________________________________________________________