Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 2572-ХII "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Заңы
11 бабының 3 тармағына сәйкес және Баянауыл ауданы мәслихаты мен әкiмiмен ұсынылған "Баянауыл ауданының Шөптiкөл, ЦЭС, Сұлужон кенттерiн қайта құру және Шөптiкөл кентiнiң санатын өзгерту жөнiндегi" құжаттар және облыс әкiмиятының 2002 жылғы 19 маусымдағы N 138/7 қаулысы негiзiнде, Баянауыл ауданының Шөптiкөл, ЦЭС, Сұлужон кенттерi тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отырып, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Шөптiкөл, ЦЭС, Сұлужон кенттерi Шөптiкөл, ЦЭС, Сұлужон ауылдары етiп қайта құрылсын.
2. Аталған ауылдары құрамымен Шөптiкөл ауылдың округi қайта құрылсын және ЦЭС ауылы осы округтiң орталығы етiп бекiтiлсiн.
II сайланған облыстық
Мәслихаттың кезектi ХХ
Сессиясының төрағасы