Баянауыл ауданының Шөптікөл, ЦЭС, Сұлужон кенттеріiн қайта құру және Шөптiкөл ауылдық округiн құру туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының (II сайланған, ХХ сессия) шешімі. 2002 жылғы 24 маусымдағы N 54/20. Павлодар облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 9 шілдеде N 1316 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 2572-ХII "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңы  11 бабының 3 тармағына сәйкес және Баянауыл ауданы мәслихаты мен әкiмiмен ұсынылған "Баянауыл ауданының Шөптiкөл, ЦЭС, Сұлужон кенттерiн қайта құру және Шөптiкөл кентiнiң санатын өзгерту жөнiндегi" құжаттар және облыс әкiмиятының 2002 жылғы 19 маусымдағы N 138/7 қаулысы негiзiнде, Баянауыл ауданының Шөптiкөл, ЦЭС, Сұлужон кенттерi тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отырып, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Шөптiкөл, ЦЭС, Сұлужон кенттерi Шөптiкөл, ЦЭС, Сұлужон ауылдары етiп қайта құрылсын.
      2. Аталған ауылдары құрамымен Шөптiкөл ауылдың округi қайта құрылсын және ЦЭС ауылы осы округтiң орталығы етiп бекiтiлсiн.

      II сайланған облыстық
      Мәслихаттың кезектi ХХ
      Сессиясының төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады