Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 21.10.2013 N 369/12 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі "Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерiнiң санын реттеу жөнiндегi шаралар туралы" N 1230 қаулысы негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қандардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік атқару туралы" Заңына сәйкес қасқырлар санының өсуін және олардың облыс ауыл және аңшылық шаруашылықтарына келтірген экономикалық шығын мөлшерінің артуын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДі:
1. Облыстық аумақтық орман және биоресурстар басқармасы (келісім бойынша):
аң аулаушылармен бірлесе отырып, қасқырлар санын есепке алу және реттеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
қасқыр бөлтіріктерін аулаушылардың қажетті көлік және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген арнаулы бригадаларды ұйымдастыру жөнінде шаралар қолдансын;
облыс аумағында ауланған қасқыр терісін қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
2. Қасқырларды аулау үшін келесі сыйақы мөлшері белгіленсін (терінің құнысыз):
ауланған үлкен қасқыр үшін - 5000 теңге
ауланған бөлтірік үшін - 2000 теңге.
3. Облыс табиғатты сақтау бағдарламалары департаменті аң аулаушылар мен аңшылардың материалдық қызуғышылығын және облыс аумағындағы қасқырлар санын реттеу мақсатында белгіленген тәртіп бойынша қарау үшін жыл сайын реттеу мақсатында белгіленген тәртіп бойынша қарау үшін жыл сайын әрбір ауланған жыртқышқа (терінің құнысыз) сыйақы төлеу үшін шығындары табиғатты қорғаудың іс-шаралар жоспарында қарастыратын болсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімнің орынбасары Ж.Ж. Нұрғалиевке жүктелсін.