Облыс аумағында қасқырлар санын реттеу жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2002 жылғы 25 желтоқсандағы N 190/9 қаулысы. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 6 қаңтарда N 1584 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 21 қазандағы N 369/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 21.10.2013 N 369/12 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі "Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерiнiң санын реттеу жөнiндегi шаралар туралы" N 1230 қаулысы негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қандардағы  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік атқару туралы" Заңына сәйкес қасқырлар санының өсуін және олардың облыс ауыл және аңшылық шаруашылықтарына келтірген экономикалық шығын мөлшерінің артуын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДі:

      1. Облыстық аумақтық орман және биоресурстар басқармасы (келісім бойынша):
      аң аулаушылармен бірлесе отырып, қасқырлар санын есепке алу және реттеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
      қасқыр бөлтіріктерін аулаушылардың қажетті көлік және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген арнаулы бригадаларды ұйымдастыру жөнінде шаралар қолдансын;
      облыс аумағында ауланған қасқыр терісін қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.

      2. Қасқырларды аулау үшін келесі сыйақы мөлшері белгіленсін (терінің құнысыз):
      ауланған үлкен қасқыр үшін - 5000 теңге
      ауланған бөлтірік үшін - 2000 теңге.

      3. Облыс табиғатты сақтау бағдарламалары департаменті аң аулаушылар мен аңшылардың материалдық қызуғышылығын және облыс аумағындағы қасқырлар санын реттеу мақсатында белгіленген тәртіп бойынша қарау үшін жыл сайын реттеу мақсатында белгіленген тәртіп бойынша қарау үшін жыл сайын әрбір ауланған жыртқышқа (терінің құнысыз) сыйақы төлеу үшін шығындары табиғатты қорғаудың іс-шаралар жоспарында қарастыратын болсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімнің орынбасары Ж.Ж. Нұрғалиевке жүктелсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады