Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің қалалық қоғамдық көлікте жүруіне арналған жеңілдіктері туралы

Алматы қаласы әкімшілігінің 2002 жылғы 28 қаңтардағы N 1/73 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 14 ақпанда N 434 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 4/910 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2011.11.07 № 4/910 қаулысымен.

      Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 29 желтоқсандағы "Алматы қаласының 2002 жылға арналған бюджеті туралы" шешімін басшылыққа алып, Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін әлеуметтік қорғау мақсатында Алматы қаласының Әкімшілігі қаулы етті:
       1. "Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, мүгедектеріне және зейнеткерлерге қалалық қоғамдық көлікте жеңілдіктер беру туралы" Ереже бекітілсін (N 1 қосымша).
       2. Көлік және коммуникация департаменті (В.К.Сухоруков) Ұлы Отан соғысына қатысушыларының, мүгедектерінің қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жүруін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
       3. Алматы қалалық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті (А. Нұрланов) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне айрықша үлгідегі бірыңғай жол жүру билеттерін тапсыруды ұйымдастырсын.
       4. Мемлекеттік зейнетақыларды төлеу орталығының Алматы қалалық филиалы (М.Т.Оспанов) Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне ай сайын, әр айдың 20 жұлдызына дейін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тізімдерін тапсырсын.
       5. Қалалық қаржы басқармасы (Қ.Қ.Тәжібаев) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне арналған айрықша жол жүру билеттері үшін ақы төлеу бойынша уақытылы қаржы бөлінуін қамтамасыз етсін.
       6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.Қ.Бижановқа берілсін.

      Алматы қаласының Әкімі

      Әкімшілік хатшысы

Алматы қаласы Әкімшілігінің  
2002 жылғы 28 қаңтардағы   
N 1/73 қаулысымен       
Бекітілді           

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері
үшін қалалық қоғамдық көлікте жүруіне
жеңілдіктер беру туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

       Алматы қаласында тұратын Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер қалалық қоғамдық көлікте жүру кезінде (таксиден басқа) ақы төлеуден босатылады, осы тұрғыда олар айрықша үлгідегі бірыңғай жол жүру билетін (бұдан әрі - жол жүру билеті) көрсетеді, бұған қоса олар Ұлы Отан соғысына қатысушы мен мүгедегінің куәлігін міндетті түрде қоса беруі тиіс.

2. Жол жүру билетін әзірлеу тәртібі

      Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті "Алматыэлектркөлік" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен және "Жолаушыларды тасымалдау" мемлекеттік кәсіпорнымен жол жүру билетін әзірлеу мақсатында және Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерін тегін жүруін ұйымдастыруға үш жақты шартқа отырады.
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне арналған айрықша үлгідегі бірыңғай мерзімі бір тоқсанға жарамды жол жүру билетін Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің өтінімі бойынша "Алматыэлектркөлік" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны мен "Жолаушыларды тасымалдау" мемлекеттік кәсіпорны әзірлейді.

3. Жол жүру билетін беру тәртібі

      Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментi аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталықтары арқылы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне жол жүру билеттерiн тапсыруды ұйымдастырады.
      Ұлы Отан соғысына қатысушы мен мүгедектiң Алматы қаласынан кетiп қалған немесе қайтыс болған жағдайда жол жүру билеттерi аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығына қайтарылады. Жоғалып қалған билеттiң орнына оның Көшiрмесi (Дубликат) берiледi.
      Мемлекеттiк зейнетақы төлемдерi жөнiндегi орталықтың Алматы қалалық филиалы әр айдың 20-шы жұлдызына Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектердiң тiзiмдерiн Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментiне ұсынады.
      Жол жүру билетi, Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе мүгедегi науқастанған жағдайда, оған күтiм жасаған, туыстық қатысын дәлелдейтiн құжатын көрсеткен жақын туысқанына (жұбайы, балалары, бауырлары) берiлуi мүмкiн.
      Бұл жағдайда билеттiң терiс жағына жақын туысқанның аты-жөнi жазылып, аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының мөрi қойылады.
      Мұндай билет қалалық қоғамдық көлiкте Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе мүгедегi куәлiгiн көрсеткенде жарамды болып табылады.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 4/601 қаулысымен.

4. Қаржыландыру көзі

      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне жол жүру билетін алуға ақша қаражатын қалалық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінде айына бір жол жүру билетінің бағасы 1200 теңге мөлшерінде белгіленеді. Билеттің бағасы жыл аралығында өзгермейді.

5. Жол жүру билеттері бойынша бухгалтерлік есеп пен
есеп беру тәртібі

      Қалалық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінде Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне арналған жол жүру билеттерін есепке алу кіріс құжаттары (есепке алынған құжаттар) "Алматыэлектркөлік" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнынан келіп түскен оны қабылдап алған және қол қойған тұлғалардың жол жүру билеті негізінде жүзеге асырылады.
      Қалалық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті өткен айдың жол жүру билеттерін сомасын есептегенде, жол жүру билеттерін толығымен есептеп шығарады, бұл ретте қаладан шығып кеткен немесе қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерінің пайдаланылмаған билеттері есепке алынады.

      Әкімшілік хатшысы

О льготах на проезд в городском общественном транспорте для участников и инвалидов Великой Отечественной войны

Постановление Акимата города Алматы от 28 января 2002 года N 1/73. Зарегистрировано Управлением юстиции города Алматы 14 февраля 2002 года за N 434. Утратило силу постановлением Акимата города Алматы от 7 ноября 2011 года N 4/910

      Сноска. Утратило силу постановлением Акимата города Алматы от 07.11.2011 N 4/910.

      Руководствуясь решением Алматинского городского Маслихата от 29.12.2001 г. "О бюджете города Алматы на 2002 год" и в целях социальной защиты участников и инвалидов Великой Отечественной войны, Акимат города Алматы постановил:
      1. Утвердить Положение "О льготах на проезд в городском общественном транспорте для участников и инвалидов Великой Отечественной войны" (Приложение N 1).
      2. Департаменту транспорта и коммуникаций (Сухоруков В.К.) обеспечить организацию бесплатного проезда в городском общественном транспорте участников и инвалидов Великой Отечественной войны (кроме такси).
      3. Департаменту труда, занятости и социальной защиты населения (Нурланов А.Ж.) организовать вручение единых проездных билетов особого образца участникам и инвалидам Великой Отечественной войны.
      4. Алматинскому городскому филиалу Государственного центра по выплате пенсий (Оспанов М.Т.) представлять Департаменту труда, занятости и социальной защиты населения списки участников и инвалидов Великой Отечественной войны ежемесячно к 20 числу.
      5. Городскому финансовому управлению (Тажибаев К.К.) обеспечить своевременное финансирование расходов по оплате за проездные билеты особого образца для участников и инвалидов Великой Отечественной войны.
      6. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя Акима города Алматы Бижанова А.Х.

            Аким города Алматы                     В.Храпунов

            Секретарь Акимата                      К.Тажиева

      

      Утверждено         
постановлением Акимата   
города Алматы         
от 28 января 2002 года N 1/73  

Положение о льготах на проезд в городском
общественном транспорте для участников и
инвалидов Великой Отечественной войны

1. Общие положения

      Участники и инвалиды Великой Отечественной войны, проживающие в г.Алматы, освобождаются от оплаты за проезд в городском общественном транспорте (кроме такси), при предъявлении единого проездного билета особого образца (далее проездной билет), который действителен при предъявлении удостоверения участника или инвалида Великой Отечественной войны.

2. Порядок изготовления проездных билетов

      Департамент труда, занятости и социальной защиты населения заключает трехсторонний Договор с Коммунальным государственным предприятием "Алматыэлектротранс" и Государственным предприятием пассажирских перевозок с целью изготовления проездных билетов и организации бесплатного проезда участников и инвалидов Великой Отечественной войны.
      Проездные билеты особого образца для участников и инвалидов Великой Отечественной войны изготавливаются по заявке Департамента труда, занятости и социальной защиты населения Коммунальным государственным предприятием "Алматыэлектротранс" со сроком действия на квартал.

3. Порядок выдачи проездных билетов

      3. Департамент труда, занятости и социальной защиты населения через районные центры труда и социальной защиты населения организует вручение проездных билетов участникам и инвалидам Великой Отечественной войны.
      В случае выезда из города Алматы или смерти участника и инвалида Великой Отечественной войны проездной билет подлежит возврату в районный центр труда и социальной защиты населения. Взамен утерянного проездного билета выдается Дубликат.
      Списки участников и инвалидов Великой Отечественной войны представляет Алматинский городской филиал Государственного центра по выплате пенсий в Департамент труда, занятости и социальной защиты населения г.Алматы ежемесячно к 20 числу.
      В случае болезни проездной билет может быть выдан близкому родственнику (супруг, супруга, дети, сестра, брат), ухаживающему за участником или инвалидом войны, при предъявлении документа, подтверждающего родственную связь.
      При этом в проездном билете на оборотной стороне указывается фамилия, имя, отчество близкого родственника и проставляется печать районного центра труда и социальной защиты населения.
      Такой проездной билет действителен в городском общественном транспорте при предъявлении удостоверения участника или инвалида Великой Отечественной войны. <*>
      Сноска. Пункт 3 - в редакции постановления Акимата города Алматы от 16.09.2002 N 4/601 .

  4. Источник финансирования

      Денежные средства на приобретение проездных билетов участникам и инвалидам Великой Отечественной войны предусматриваются в городском бюджете Департаменту труда, занятости и социальной защиты населения на социальную защиту, исходя из стоимости одного проездного билета 1200 тенге в месяц. Цена билета не меняется в течение года.

5. Порядок бухгалтерского учета и отчетности
по проездным билетам

       В Департаменте труда, занятости и социальной защиты населения учет проездных билетов для участников и инвалидов Великой Отечественной войны осуществляется на основании приходных документов (накладных, счетов) от Коммунального государственного предприятия "Алматыэлектротранс", от которого поступили проездные билеты, с распиской лиц, принявших их.
      При оплате Департаментом труда, занятости и социальной защиты населения проездных билетов за прошедший месяц учитываются суммы, направленные на приобретение проездных билетов за предшествующий период, но неиспользованные на проезд в полном объеме в связи с выездом или смертью участников и инвалидов Великой Отечественной войны.

      Секретарь Акимата                     К.Тажиева