Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2011.11.07 № 4/910 қаулысымен.
Алматы қаласының Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Келесi мағынада өзгертулер енгiзiлсiн:
1) "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерi үшiн қалалық қоғамдық көлiкте жүруiне жеңiлдiктер беру туралы" Ереженiң 3-шi тармағы келесi редакцияда баяндалсын:
"Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментi аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталықтары арқылы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне жол жүру билеттерiн тапсыруды ұйымдастырады.
Ұлы Отан соғысына қатысушы мен мүгедектiң Алматы қаласынан кетiп қалған немесе қайтыс болған жағдайда жол жүру билеттерi аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығына қайтарылады. Жоғалып қалған билеттiң орнына оның Көшiрмесi (Дубликат) берiледi.
Мемлекеттiк зейнетақы төлемдерi жөнiндегi орталықтың Алматы қалалық филиалы әр айдың 20-шы жұлдызына Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектердiң тiзiмдерiн Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментiне ұсынады.
Жол жүру билетi, Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе мүгедегi науқастанған жағдайда, оған күтiм жасаған, туыстық қатысын дәлелдейтiн құжатын көрсеткен жақын туысқанына (жұбайы, балалары, бауырлары) берiлуi мүмкiн.
Бұл жағдайда билеттiң терiс жағына жақын туысқанның аты-жөнi жазылып, аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының мөрi қойылады.
Мұндай билет қалалық қоғамдық көлiкте Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе мүгедегi куәлiгiн көрсеткенде жарамды болып табылады".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсiн.
Алматы қаласының Әкімі
Әкiмшiлiк хатшысы