Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 28.01.02 жылы N 1/73 "Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне қалалық қоғамдық көлiкте жүруiне арналған жеңiлдiктерi туралы" қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 4/601 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 3 қазанда N 471 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 4/910 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2011.11.07 № 4/910 қаулысымен.

      Алматы қаласының Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Келесi мағынада өзгертулер енгiзiлсiн:
      1) "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерi үшiн қалалық қоғамдық көлiкте жүруiне жеңiлдiктер беру туралы" Ереженiң 3-шi тармағы келесi редакцияда баяндалсын:
      "Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментi аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталықтары арқылы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне жол жүру билеттерiн тапсыруды ұйымдастырады.
      Ұлы Отан соғысына қатысушы мен мүгедектiң Алматы қаласынан кетiп қалған немесе қайтыс болған жағдайда жол жүру билеттерi аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығына қайтарылады. Жоғалып қалған билеттiң орнына оның Көшiрмесi (Дубликат) берiледi.
      Мемлекеттiк зейнетақы төлемдерi жөнiндегi орталықтың Алматы қалалық филиалы әр айдың 20-шы жұлдызына Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектердiң тiзiмдерiн Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментiне ұсынады.
      Жол жүру билетi, Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе мүгедегi науқастанған жағдайда, оған күтiм жасаған, туыстық қатысын дәлелдейтiн құжатын көрсеткен жақын туысқанына (жұбайы, балалары, бауырлары) берiлуi мүмкiн.
      Бұл жағдайда билеттiң терiс жағына жақын туысқанның аты-жөнi жазылып, аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының мөрi қойылады.
      Мұндай билет қалалық қоғамдық көлiкте Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе мүгедегi куәлiгiн көрсеткенде жарамды болып табылады".
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсiн.

      Алматы қаласының Әкімі

      Әкiмшiлiк хатшысы

О внесении изменений и дополнений в постановление Акимата города Алматы "О льготах на проезд в городском общественном транспорте для участников и инвалидов Великой Отечественной войны" от 28.01.02 года N 1/73

Постановление Акимата города Алматы от 16 сентября 2002 года N 4/601. Зарегистрировано в Управлении юстиции города Алматы 3 октября 2002 года за N 471. Утратило силу постановлением Акимата города Алматы от 7 ноября 2011 года N 4/910

      Сноска. Утратило силу постановлением Акимата города Алматы от 07.11.2011 N 4/910.

      Акимат города Алматы постановляет:
      1. Внести изменение следующего содержания:
      1) пункт 3 Положения "О льготах на проезд в городском общественном транспорте для участников и инвалидов Великой Отечественной войны" изложить в следующей редакции:
      "Департамент труда, занятости и социальной защиты населения через районные центры труда и социальной защиты населения организует вручение проездных билетов участникам и инвалидам Великой Отечественной войны.
      В случае выезда из города Алматы или смерти участника и инвалида Великой Отечественной войны проездной билет подлежит возврату в районный центр труда и социальной защиты населения. Взамен утерянного проездного билета выдается Дубликат.
      Списки участников и инвалидов Великой Отечественной войны представляет Алматинский городской филиал Государственного центра по выплате пенсий в Департамент труда, занятости и социальной защиты населения г.Алматы ежемесячно к 20 числу.
      В случае болезни проездной билет может быть выдан близкому родственнику (супруг, супруга, дети, сестра, брат), ухаживающему за участником или инвалидом войны, при предъявлении документа, подтверждающего родственную связь.
      При этом в проездном билете на оборотной стороне указывается фамилия, имя, отчество близкого родственника и проставляется печать районного центра труда и социальной защиты населения.
      Такой проездной билет действителен в городском общественном транспорте при предъявлении удостоверения участника или инвалида Великой Отечественной войны."
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя Акима города Алматы Бижанова А.Х.

      Аким города Алматы               В. Храпунов
 
 
      Секретарь Акимата                К.Тажиева