Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық аудандық комиссия туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімиятының 2002 жылғы 20 қарашадағы N 205 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 5 қаңтарда N 1051 тіркелді. Күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 1/1195 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 1/1195 хатымен.
      2002 ж. 11.02. Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының "Көліктегі
      қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық облыстық комиссия туралы" N 76 қаулысын орындауда, сондай-ақ апаттарды азайту және көлікті кешеннің қауіпсіз жұмысын көтеру, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың, акционерлік қоғамдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметін үйлестіру бойынша ұсыныстарын өндіру мақсатында Шемонайха ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
      Ведомствоаралық аудандық комиссия құрылсын (N 1 қосымша).
      2. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Ведомствоаралық аудандық комиссия туралы Ереже бекітілсін (N 2 қосымша).
      3. "Шемавтодор" бастығына (А.А. Веретеха), Шемонайха аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясы бөлімшесімен бірлесе, (келісім бойынша) көлік апаттарын азайту, қала және ауылдардың көше жүйесін, жалпы қолданыстағы автожолдарды қайта құру және дамыту, жол жүрісін реттеудің техникалық қалпын тиісті қалыпта ұстау бойынша шаралар кешені құрылсын.
      4. Комиссияның дербес құрамы Шемонайха аудандық Мәслихатына бекітілуге ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шемонайха ауданы әкімінің орынбасары М.В. Шаламовқа жүктелсін.

      Шемонайха ауданының әкімі

  Шемонайха ауданы әкімиятының
2002 ж. 20 қарашасынан
N 205 қаулысына N 1 қосымша

Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аудандық комиссия құрамы


Шаламов Михаил Васильевич
Аудан әкімінің орынбасары-
комиссия төрағасы
Кузьмин Иван Перфильевич
Аудан әкімі аппаратының АҚ
және ТЖ жөніндегі бас маман-
комиссия төрағасының
орынбасары
Мейстер Галина Евдокимовна
Тұрғын-коммуналды, жол
шаруашылығы және көлік
бөлімінің бастығы-комиссия
хатшысы
Қайпеков Серік Хасанұлы
Шемонайха аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Ақынов Едіге Қабденұлы
Шемонайха аудандық ішкі істер
бөлімі жол полициясы
бөлімшесінің бастығы
Қосантаев Дәурен
Сейітәшімұлы
Шемонайха аудандық ішкі істер
бөлімі жол полициясы
бөлімшесінің жол бақылауы
инженері
Веретеха Анатолий
Александрович
"Шемавтодор" Коммуналды
мемлекеттік кәсіпорынның
бастығы
Андронов Владимир Васильевич
"Шемжол" ЖШС мүдірі (келісім
бойынша)
Әсбеков Нұрлан Батқалұлы
Защита т/ж бөлімінің 19 жол
дистанциясы бастығы (келісім
бойынша)
Қабанбаев Сапар Мәдиұлы
Мемлекеттік техникалық бақылау
жөніндегі инженер (келісім
бойынша)
Артамонов Борис Георгиевич
Шаруашылық көлік цехінің
бастығы (келісім бойынша)
Кулаков Леонид Васильевич
АТЦ-2 тізбегінің бастығы
(келісім бойынша)
Крузмягина Нина Радионовна
Аудандық қаржы бөлімінің
меңгерушісі
Гольцев Юрий Петрович
Қоршаған ортаны қорғаудың бас
маманы (келісім бойынша)
Перевозова Ольга Ивановна
Аудандық денсаулық сақтау
бөлімінің меңгерушісі
Колтунова Татьяна Дмитриевна
Аудандық білім бөлімінің
меңгерушісі
Скубченко Александр
Артемьевич
Аудандық ауыл шаруашылығы
бөлімінің бастығы


      Аппарат басшысы

  Шемонайха ауданы әкімиятының
2002 ж. 20 қарашасынан
N 205 қаулысына N 2 қосымша

Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық аудандық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық аудандық комиссия (ары қарай-Комиссия) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сәйкес мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыруға, осы мақсаттарға бөлінген қаражаттарды тиімді пайдалануға байланысты мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар, меншік түрі дербестігіне қарамастан шаруашылық жүргізетін субъектілер, ғылыми, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер қызметін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды өндіру үшін консультативті-кеңестік органы болады.
      2. Комиссия өз қызметін төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
      1) көлік апаттары себептерін зерттеу мен талдау және жүру қауіпсіздігін орындау жөніндегі ұсыныстарды өндіру;
      2) көлік апаттарын азайту бойынша мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды, жобалар мен шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға көмек көрсету, басымдықтарды анықтау;
      3) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басымды бағыттарында ғылыми-техникалық мүмкіндігін, материалды-техникалық қорын және бюджетті қаржы бөлудің дамуы және шоғырлануына көмек көрсету: автомобиль мен темір жолдарын, қалалар мен елді мекендердің көше жүйесін салу және қайта құру бағдарламалары, қозғалғыштық құрамының техникалық мінездемелерін жақсарту, көлікпен жүруді реттеудің осы заманғы техникалық құралдарын енгізу, көлік құралдары жүргізушілерінің кәсіптік деңгейін көтеру, жол полициясы басқармасы жұмысшыларын және көлік құралдары жүргізушілерін жол-көлік апаттарында зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйрету;
      4) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының қызметтегі заңнамасы мен нормативті актілеріне қажетті өзгертулер және толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды даярлауға қатысу;
      5) көлік апаттарының алдын алу және зардап ауырлығын азайту, осы жұмыстың оң тәжірибесін тарату мәселелері бойынша аудандық басқармалар және комитеттер, жергілікті атқарушы органдар, шаруашылық субъектілер және қоғамдық ұйымдардың жұмыс тәжірибесін зерттеу;
      6) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудандық басқармалар және комитеттер, жергілікті атқарушы органдар, шаруашылық субъектілер және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарына талдау жасау және кепілдемелерді өндіру;
      7) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жергілікті, ведомстволық қызметтер және қоғамдық ұйымдар қызметтеріне көмек көрсету;
      8) тұрғындардың барлық жастар топтарына Жолда жүру Ережелерін үйретуге көмек көрсету, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жолда жүру қауіпсіздігі жөніндегі білімдерді насихаттау;
      9) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша озық шетел тәжірибесін зерттеу, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету халықаралық ұйымдастыру механизмдерін енгізу бойынша ұсыныстарды даярлау.
      3. Комиссия құқылы:
      1) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудандық басқармалар және комитеттер, жергілікті атқарушы органдар, шаруашылық субъектілер және төмен тұратын комиссиялардан мәліметтерді сұрауға және алуға;
      2) көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудандық басқармалар және комитеттер, жергілікті атқарушы органдар, меншік түріне қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарда тексерулер өткізуді ұйымдастыру;
      3) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудандық басқармалар және комитеттер, бөлімдер мен ұйымдардың баяндамаларын және есептерін өз отырыстарында тыңдау;
      4) аудандық басқармалар мен комитеттер, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпорындар мен ұйымдарға ведомстводағы көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етпейтін басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізу;
      5) сәйкес аудандық басқармалар мен комитеттер, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларымен келісім бойынша, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша мәліметтерді даярлауға, сондай-ақ, аудандық басқармалар мен комитеттер, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпорындар және ұйымдармен Үкіметтің қаулыларын, облыс, аудан Әкімдері және осы мәселелер жөніндегі Комиссия шешімдерін орындауын зерттеу және талдауға білікті мамандарды қатыстыру.
      4. Комиссия өз жұмысын Комиссия төрағасы бекіткен жоспарға сәйкес жүргізеді. Комиссия отырыстары тоқсанда бір реттен кем өткізілмейді. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынысты сипат қабылдайды.
      5. Комиссия жұмысының ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етілуін аудан әкімі аппараты жүзеге асырады.
      6. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық аудандық комиссия аудан әкімияты жанындағы аудандық Мәслихат бекіткен құрамды анықтайтын, үнемі қызмет жасап тұратын орган.

      Аппарат басшысы

О межведомственной районной комиссии по обеспечению безопасности на транспорте

Постановление акимата Шемонаихинского района Восточно-Казахстанской области от 20 ноября 2002 года за N 205. Зарегистрировано Управлением юстиции Восточно-Казахстанской области 5 января 2003 года за N 1051. Утратило силу - на основании письма аппарата акима Шемонаихинского района от 24 апреля 2009 № 1/1195

       Сноска. Утратило силу - на основании письма аппарата акима Шемонаихинского района от 24.04.2009 № 1/1195.

      Во исполнение постановления Акимата Восточно-Казахстанской области от 11.02.2002 г. N 76 "О межведомственной областной комиссии по обеспечению безопасности на транспорте", а также в целях снижения аварийности, повышения безопасной работы транспортного комплекса, выработки предложений по координации действий, местных исполнительных органов, общественных организаций, акционерных обществ, предприятий и учреждений по вопросам обеспечения безопасности на транспорте акимат Шемонаихинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Образовать Межведомственную районную комиссию по обеспечению безопасности на транспорте (приложение N 1).
      2. Утвердить Положение о Межведомственной районной комиссии по обеспечению безопасности на транспорте (приложение N 2).
      3. Начальнику "Шемавтодор" (Веретеха А.А.) совместно с отделением дорожной полиции Шемонаихинского районного отдела внутренних дел (по согласованию) разработать комплекс мероприятий по снижению аварийности на транспорте, реконструкции и развитию уличной сети города и сел, автодорог общего пользования, содержанию в надлежащем состоянии технических средств регулирования дорожного движения.
      4. Представить персональный состав комиссии на утверждение Шемонаихинского районного Маслихата.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Шемонаихинского района Шаламова М.В.

      Аким Шемонаихинского района

Приложение N 1 к постановлению
акимата Шемонаихинского района
от 20 ноября 2002 г. N 205

Состав районной комиссии
по обеспечению безопасности на транспорте

Шаламов Михаил Васильевич

Заместитель акима района-
председатель комиссии

Кузьмин Иван Перфильевич

Главный специалист аппарата акима
района по ГО и ЧС-заместитель
Председателя комиссии

Мейстер Галина Евдокимовна

Начальник отдела жилищно-
коммунального, дорожного
хозяйства и транспорта аппарата
акима района-секретарь комиссии

Кайпеков Серик Хасанович

Начальник Шемонаихинского
районного отдела внутренних дел

Акынов Едеге Кабденович

Начальник отделения дорожной
полиции Шемонаихинского районного
отдела внутренних дел

Косантаев Даурен
Сейташимович

Инженер дорожного надзора
отделения дорожной полиции
Шемонаихинского районного отдела
внутренних дел

Веретеха Анатолий
Александрович

Начальник Коммунального
государственного предприятия
"Шемавтодор"

Андронов Владимир
Васильевич

Директор ТОО "Шемжол"
(по согласованию)

Асбеков Нурлан Баткалович

Начальник Защитинского отделения
ж/д 19 дистанции пути
(по согласованию)

Кабанбаев Сапар Мадиевич

Инженер по гостехнадзору
(по согласованию)

Артамонов Борис Георгиевич

Начальник цеха хозтранспорта
(по согласованию)

Кулаков Леонид Васильевич

Начальник колонны АТЦ-2
(по согласованию)

Крузмягина Нина Радионовна

Заведующая районным финансовым
отделом

Гольцев Юрий Петрович

Главный специалист охраны
окружающей среды (по
согласованию)

Перевозова Ольга Ивановна

Заведующая районным отделом
здравоохранения

Колтунова Татьяна
Дмитриевна

Заведующая районным отделом
образования

Скубченко Александр
Артемьевич

Начальник районного отдела
сельского хозяйства

      Руководитель аппарата

Приложение N 2
к постановлению акимата района
от 20 ноября 2002 г. N 205

ПОЛОЖЕНИЕ
о Межведомственной комиссии по обеспечению
безопасности на транспорте

      1. Межведомственная районная комиссия по обеспечению безопасности на транспорте (далее Комиссия) является консультативно-совещательным органом для выработки предложений по координации деятельности местных исполнительных органов, хозяйствующих субъектов, независимо от форм собственности, научных, общественных организаций и объединений по вопросам, связанным: с обеспечением безопасности на транспорте; разработкой и реализацией соответствующих государственных и региональных программ; эффективным использованием выделяемых на эти цели средств.
      2. Комиссия осуществляет свою деятельность по следующим направлениям:
      1) изучение и анализ причин аварийности на транспорте и выработка рекомендаций по выполнению безопасности движения;
      2) определение приоритетов и содействие в разработке и реализации государственных и региональных программ, проектов и мероприятий по снижению аварийности на транспорте;
      3) содействие развитию и концентрации научно-технического потенциала, материально-технических ресурсов и бюджетных ассигнований на приоритетных направлениях обеспечения безопасности на транспорте: программах строительства и реконструкции автомобильных и железных дорог, уличной сети городов и населенных пунктов, улучшении технических характеристик подвижного состава, внедрении современных технических средств регулирования движения на транспорте, повышении профессионального уровня водителей транспортных средств, обучении работников управления дорожной полиции и водителей транспортных средств оказанию первой медицинской помощи пострадавшим в дорожно-транспортных происшествиях;
      4) участие в подготовке предложений по внесению необходимых изменений и дополнений в действующее законодательство и нормативные акты Республики Казахстан по вопросам обеспечения безопасности на транспорте;
      5) изучение опыта работы районных управлений и комитетов, местных исполнительных органов, хозяйствующих субъектов и общественных объединений по вопросам предупреждения транспортных происшествий и снижения тяжести последствий, распространения положительного опыта этой работы;
      6) анализ предложений районных управлений и комитетов, местных исполнительных органов, хозяйствующих субъектов и общественных объединений и выработка рекомендаций по вопросам обеспечения безопасности на транспорте;
      7) содействие и оказание помощи в деятельности местных, ведомственных служб и общественных объединений по обеспечению безопасности на транспорте;
      8) содействие в обучении всех возрастных групп населения Правилам дорожного движения, пропаганде знаний по безопасности дорожного движения через средства массовой информации;
      9) изучение передового зарубежного опыта по обеспечению безопасности на транспорте, подготовка предложений по внедрению международных организационных механизмов обеспечения безопасности на транспорте.
      3. Комиссия имеет право:
      1) запрашивать и получать от районных управлений и комитетов местных исполнительных органов, хозяйствующих субъектов и нижестоящих комиссий данные, отражающие их деятельность по вопросам обеспечения безопасности на транспорте;
      2) организовывать проведение проверок районных управлений и комитетов, местных исполнительных органов, на предприятиях и в организациях, независимо от форм собственности, по вопросам обеспечения безопасности на транспорте;
      3) заслушивать на своих заседаниях доклады и отчеты районных управлений и комитетов, отделов, предприятий и организаций по вопросам обеспечения безопасности на транспорте;
      4) вносить районным управлениям и комитетам, местным исполнительным органам, предприятиям и организациям предложения о привлечении к дисциплинарной ответственности руководителей, не обеспечивающих безопасность на подведомственном транспорте;
      5) привлекать по согласованию с руководителями соответствующих районных управлений и комитетов, местных исполнительных органов, предприятий и организаций квалифицированных специалистов для участия в подготовке материалов по вопросам, касающимся обеспечения безопасности на транспорте, а также для изучения и анализа выполнения районными управлениями и комитетами, местными исполнительными органами, предприятиями и организациями постановлений Правительства, решений Акима области, района и Комиссии по данным вопросам.
      4. Комиссия проводит свою работу в соответствии с утвержденным председателем Комиссии планом. Заседания Комиссии проводятся не реже одного раза в квартал. Решения Комиссии оформляются протоколом и носят рекомендательный характер.
      5. Организационно-техническое обеспечение работы Комиссии осуществляет аппарат акима района.
      6. Межведомственная районная комиссия по обеспечению безопасности на транспорте является постоянно действующим органом при акимате района, который определяет состав, утверждаемый районным Маслихатом.

      Руководитель аппарата