2002 ж. 11.02. Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының "Көліктегі
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық облыстық комиссия туралы" N 76 қаулысын орындауда, сондай-ақ апаттарды азайту және көлікті кешеннің қауіпсіз жұмысын көтеру, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың, акционерлік қоғамдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметін үйлестіру бойынша ұсыныстарын өндіру мақсатында Шемонайха ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
Ведомствоаралық аудандық комиссия құрылсын (N 1 қосымша).
2. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Ведомствоаралық аудандық комиссия туралы Ереже бекітілсін (N 2 қосымша).
3. "Шемавтодор" бастығына (А.А. Веретеха), Шемонайха аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясы бөлімшесімен бірлесе, (келісім бойынша) көлік апаттарын азайту, қала және ауылдардың көше жүйесін, жалпы қолданыстағы автожолдарды қайта құру және дамыту, жол жүрісін реттеудің техникалық қалпын тиісті қалыпта ұстау бойынша шаралар кешені құрылсын.
4. Комиссияның дербес құрамы Шемонайха аудандық Мәслихатына бекітілуге ұсынылсын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шемонайха ауданы әкімінің орынбасары М.В. Шаламовқа жүктелсін.
Шемонайха ауданының әкімі |
Шемонайха ауданы әкімиятының 2002 ж. 20 қарашасынан N 205 қаулысына N 1 қосымша |
Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аудандық комиссия құрамы
Шаламов Михаил Васильевич | Аудан әкімінің орынбасары- комиссия төрағасы |
Кузьмин Иван Перфильевич | Аудан әкімі аппаратының АҚ және ТЖ жөніндегі бас маман- комиссия төрағасының орынбасары |
Мейстер Галина Евдокимовна | Тұрғын-коммуналды, жол шаруашылығы және көлік бөлімінің бастығы-комиссия хатшысы |
Қайпеков Серік Хасанұлы | Шемонайха аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы |
Ақынов Едіге Қабденұлы | Шемонайха аудандық ішкі істер бөлімі жол полициясы бөлімшесінің бастығы |
Қосантаев Дәурен Сейітәшімұлы | Шемонайха аудандық ішкі істер бөлімі жол полициясы бөлімшесінің жол бақылауы инженері |
Веретеха Анатолий Александрович | "Шемавтодор" Коммуналды мемлекеттік кәсіпорынның бастығы |
Андронов Владимир Васильевич | "Шемжол" ЖШС мүдірі (келісім бойынша) |
Әсбеков Нұрлан Батқалұлы | Защита т/ж бөлімінің 19 жол дистанциясы бастығы (келісім бойынша) |
Қабанбаев Сапар Мәдиұлы | Мемлекеттік техникалық бақылау жөніндегі инженер (келісім бойынша) |
Артамонов Борис Георгиевич | Шаруашылық көлік цехінің бастығы (келісім бойынша) |
Кулаков Леонид Васильевич | АТЦ-2 тізбегінің бастығы (келісім бойынша) |
Крузмягина Нина Радионовна | Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі |
Гольцев Юрий Петрович | Қоршаған ортаны қорғаудың бас маманы (келісім бойынша) |
Перевозова Ольга Ивановна | Аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі |
Колтунова Татьяна Дмитриевна | Аудандық білім бөлімінің меңгерушісі |
Скубченко Александр Артемьевич | Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы |
Аппарат басшысы |
Шемонайха ауданы әкімиятының 2002 ж. 20 қарашасынан N 205 қаулысына N 2 қосымша |
Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық аудандық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық аудандық комиссия (ары қарай-Комиссия) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сәйкес мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыруға, осы мақсаттарға бөлінген қаражаттарды тиімді пайдалануға байланысты мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар, меншік түрі дербестігіне қарамастан шаруашылық жүргізетін субъектілер, ғылыми, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер қызметін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды өндіру үшін консультативті-кеңестік органы болады.2. Комиссия өз қызметін төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
1) көлік апаттары себептерін зерттеу мен талдау және жүру қауіпсіздігін орындау жөніндегі ұсыныстарды өндіру;
2) көлік апаттарын азайту бойынша мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды, жобалар мен шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға көмек көрсету, басымдықтарды анықтау;
3) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басымды бағыттарында ғылыми-техникалық мүмкіндігін, материалды-техникалық қорын және бюджетті қаржы бөлудің дамуы және шоғырлануына көмек көрсету: автомобиль мен темір жолдарын, қалалар мен елді мекендердің көше жүйесін салу және қайта құру бағдарламалары, қозғалғыштық құрамының техникалық мінездемелерін жақсарту, көлікпен жүруді реттеудің осы заманғы техникалық құралдарын енгізу, көлік құралдары жүргізушілерінің кәсіптік деңгейін көтеру, жол полициясы басқармасы жұмысшыларын және көлік құралдары жүргізушілерін жол-көлік апаттарында зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйрету;
4) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының қызметтегі заңнамасы мен нормативті актілеріне қажетті өзгертулер және толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды даярлауға қатысу;
5) көлік апаттарының алдын алу және зардап ауырлығын азайту, осы жұмыстың оң тәжірибесін тарату мәселелері бойынша аудандық басқармалар және комитеттер, жергілікті атқарушы органдар, шаруашылық субъектілер және қоғамдық ұйымдардың жұмыс тәжірибесін зерттеу;
6) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудандық басқармалар және комитеттер, жергілікті атқарушы органдар, шаруашылық субъектілер және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарына талдау жасау және кепілдемелерді өндіру;
7) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жергілікті, ведомстволық қызметтер және қоғамдық ұйымдар қызметтеріне көмек көрсету;
8) тұрғындардың барлық жастар топтарына Жолда жүру Ережелерін үйретуге көмек көрсету, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жолда жүру қауіпсіздігі жөніндегі білімдерді насихаттау;
9) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша озық шетел тәжірибесін зерттеу, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету халықаралық ұйымдастыру механизмдерін енгізу бойынша ұсыныстарды даярлау.
3. Комиссия құқылы:
1) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудандық басқармалар және комитеттер, жергілікті атқарушы органдар, шаруашылық субъектілер және төмен тұратын комиссиялардан мәліметтерді сұрауға және алуға;
2) көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудандық басқармалар және комитеттер, жергілікті атқарушы органдар, меншік түріне қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарда тексерулер өткізуді ұйымдастыру;
3) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудандық басқармалар және комитеттер, бөлімдер мен ұйымдардың баяндамаларын және есептерін өз отырыстарында тыңдау;
4) аудандық басқармалар мен комитеттер, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпорындар мен ұйымдарға ведомстводағы көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етпейтін басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізу;
5) сәйкес аудандық басқармалар мен комитеттер, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларымен келісім бойынша, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша мәліметтерді даярлауға, сондай-ақ, аудандық басқармалар мен комитеттер, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпорындар және ұйымдармен Үкіметтің қаулыларын, облыс, аудан Әкімдері және осы мәселелер жөніндегі Комиссия шешімдерін орындауын зерттеу және талдауға білікті мамандарды қатыстыру.
4. Комиссия өз жұмысын Комиссия төрағасы бекіткен жоспарға сәйкес жүргізеді. Комиссия отырыстары тоқсанда бір реттен кем өткізілмейді. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынысты сипат қабылдайды.
5. Комиссия жұмысының ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етілуін аудан әкімі аппараты жүзеге асырады.
6. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық аудандық комиссия аудан әкімияты жанындағы аудандық Мәслихат бекіткен құрамды анықтайтын, үнемі қызмет жасап тұратын орган.
Аппарат басшысы |