"Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының
кодексіне
және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Кедендік төлемдер мен салықтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне төлеудің және оларды мемлекеттік бюджеттен қайтарып алудың ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (Г.Т.Исахан) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Н.К.Рахметовке және Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары С.Ж.Мулкинге жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы
Кедендік бақылау
агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
17 қаңтар 2003 жылғы N 13
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
17 қаңтар 2003 жылғы
N 19 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Кедендік төлемдер мен салықтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне төлеудің және оларды мемлекеттік бюджеттен қайтарып алудың
ЕРЕЖЕСІ
1. Осы Ереже "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және алу Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелетін кедендік төлемдерді, салықтарды (бұдан әрі - кедендік төлемдер мен салықтар) мемлекеттік бюджеттің кірісіне төлеудің және оларды мемлекеттік бюджеттен қайтарып алудың тәртібін белгілейді.
2. Кедендік төлемдер мен салықтарды, оның ішінде аванспен енгізілетіндерді төлеушілер не төлеушінің тапсырмасы бойынша үшінші тұлға (бұдан әрі - төлеуші) кедендік төлемдер мен салықтардың алынуын жүзеге асыратын кеден органы (бұдан әрі - кеден органы) бар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің облыстық, Астана және Алматы қалалық Қазынашылық басқармаларының, (бұдан әрі - Қазынашылық) "Бюджеттер арасында бөлінетін кірістер" 080 баланстық шотына төлейді.
3. Кедендік төлемдер мен салықтарды мемлекеттік бюджетке қабылдау және енгізу "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын, мемлекеттік мекемелер үшін есептік формаларын жүргізу (кезеңдік және жылдық) және бюджетті орындау бойынша қаржылық рәсімі Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылы 24 қыркүйекте N 900 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін кассалық орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі N 484 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) сәйкес жүргізіледі.
2. Кедендік төлемдер мен салықтарды мемлекеттік
бюджетке төлеудің тәртібі
4. Төлеушілер кедендік төлемдер мен салықтарды Қазақстан Республикасының салықтық және кедендік заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік бюджетке төлейді.
5. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі кедендік төлем мен салықтың түріне сәйкес жыл сайын бекітетін Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктеменің сәйкес коды бойынша (бұдан әрі - бюджеттік жіктеме коды) жүргізіледі.
6. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді төлеушілер Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар арқылы жүргізеді. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге арналған төлем құжаттарында төлеушілер кеден органы тіркелген орын бойынша орналасқан салық органының (бұдан әрі - бенефициар-салық органы) деректемелерін көрсетеді.
7. Осы Ережеге сәйкес мынадай кедендік төлемдер мен салықтар төленеді:
1) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес есептелетін және төлеуге жататын кедендік төлемдер;
2) Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес алынатын акциздер, қосымша құн салығы;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен уақытша шаралар ретінде енгізілгендерді қоспағанда, демпингке қарсы, қорғаныштық және өтемдік баждар.
8. Төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша алдағы міндеттемелер есебінен кедендік төлемдер мен салықтарды аванспен енгізуге құқығы бар. Кедендік төлемдер мен салықтарды олардың түрлері бойынша аванспен енгізу бюджеттік жіктеме кодтары бойынша жүргізіледі.
9. Кедендік төлемдер мен салықтарды, оның ішінде аванспен енгізілгендерін есептеуді төлеуші Қазақстан Республикасының салықтық және кедендік заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Кеден органы кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу, қосымша есептеу кезінде төлеушіге оның негізінде ол кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді жүргізетін Төлеу шоты (1-қосымша) беріледі.
10. Қазынашылық кеден органы мен бенефициар-салық органына күн сайын ұсынатын Бұйрықпен бекітілген 040-К немесе Қаулымен бекітілген 2-43 нысандарының деректері жоғарыда көрсетілген органдар үшін төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтарды мемлекеттік бюджетке төлегендігін растау болып табылады.
11. Кеден органдары осы Ереженің 9-тармағына сәйкес Қазынашылықтың Бұйрықпен бекітілген 040-К немесе Қаулымен бекітілген 2-43 нысандарының деректерімен қоса төлеуге есептелген (есептелген, қосымша есептелген) кеден төлемінің немесе салықтың әрбір түрін салыстыру жолымен төлеушіден мемлекеттік бюджеттің кірісіне кедендік төлемдер мен салықтардың түсуінің уақытылығын және толықтығын бақылауды жүзеге асырады.
12. Егер кеден органдары осы Ереженің 11-тармағына сәйкес жүргізілген салыстыру қорытындылары бойынша мемлекеттік бюджетке енгізілген сомалар есептелген және төлеуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардың жалпы сомасын жабатындығын, бірақ кедендік төлемдер мен салықтардың жекелеген түрлері бойынша есептелген және төлеуге жататын сомаларды жаппайтындығын анықтаса, төлеуші:
жетпейтін сомаларды мемлекеттік бюджетке осы Ережеге сәйкес енгізуге;
осы Ереженің 3-бөлімінде белгіленген тәртіппен басқа кедендік төлемдер мен салықтар жөніндегі міндеттемелерінің шотына артық есептелген сомаларды есепке алуды жүргізу үшін бенифициар-салық органына одан әрі жүгіну мақсатында Кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомаларының бар екендігі туралы растау (бұдан әрі - Растау) (2-қосымша) алу үшін кеден органына жүгінуге құқылы.
Кедендік төлемдер мен салықтардың жетпейтін сомаларын төлеу фактісі, оның ішінде есепке алуды жүргізу кезіндегі, осы Ереженің 10-тармағына сәйкес куәландырылады.
13. Төлеуші Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша есептерді бюджетпен салыстыру актісін (бұдан әрі - Салыстыру актісі) (3-қосымша) алу үшін кеден органына жүгінуге құқылы.
3. Артық төленген кедендік төлемдер мен салықтарды
есепке алудың және қайтарудың тәртібі
14. Артық төленген кедендік төлемдер мен салықтарды есепке алуды немесе қайтаруды бенифициар-салық органы салықтық заңнамаға сәйкес жүргізеді.
15. Бенифициар-салық органы артық төленген кедендік төлемдер мен салықтарды есепке алуды немесе қайтаруды жүзеге асыруы үшін төлеуші Растау алу үшін кеден органына өтінішпен жүгінеді.
16. Өтінішке мынадай құжаттардың:
1) ол бойынша есепке алуға немесе қайтаруға жататын сомаларды төлеу жүргізілген төлем құжатының;
2) ол бойынша кедендік төлемдер мен салықтар есептелген және төленген кеден органы ресімдейтін кедендік декларацияның (кедендік декларация ресімделген жағдайда ұсынылады);
3) оларды жүзеге асырғаны үшін кедендік төлемдер мен салықтар енгізілген өзге де әрекеттерді жасау кезінде кеден органдары ресімдейтін өзге де құжаттардың (кедендік төлемдер кедендік декларацияны ресімдеу жүргізілместен төлеу жүргізілген жағдайда ұсынылады) көшірмелері қоса беріледі.
17. Кеден органдарының өтінішті қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.
18. Растауды ресімдеуді кеден органдары Салыстыру актісінің негізінде жүргізеді.
19. Бенифициар-салық органы артық төленген кедендік төлемдер мен салықтарды есепке алу, не қайтару туралы шешім шығарған жағдайда, бенифициар-салық органы Растаудың деректемелерін көрсете отырып қорытындыны және кедендік төлемдер мен салықтар бойынша артық төленген сомаларды есепке алуға немесе қайтаруға арналған төлем тапсырмасын ресімдейді және Қазынашылыққа береді.
20. Қазынашылық салық органдары ұсынған құжаттардың негізінде артық төленген сомаларды есепке алуды немесе қайтаруды жүргізгеннен кейін, бірінші дананы бенифициар-салық органына қайтарады, екінші дананы кеден органына береді.
Кедендік төлемдер мен салықтарды
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бюджетіне төлеудің
және оларды мемлекеттік бюджеттен
қайтарып алудың ережесіне
1-қосымша
Кеден органының коды_____________________
Кеден органы ____________________________
(кеден органының атауы)
_________________________________________
(құрылымдық бөлімше)
N____ төлеу шоты
"___"________________ 200__ ж.
(шығарылған күні)
Төлеуші___________________________________________________________
(төлеушінің толық атауы, оның СТН-ы)
__________________________________________________________________
негіздеме_________________________________________________________
_________________________________________________________
р!Кедендік !Бюджеттік! Есептелді, теңгемен !Төлемнің !
/!төлем !жіктеме !_________________________!мақсатты !
б!немесе !коды ! ! коды !
N!салықтың ! ! Сомасы ! Өсім ! барлығы ! !
! түрі ! ! ! !
_!_________!_________!_________________________!_________!
_________________________________________________________
_________________________________________________________
Шот бойынша барлық төлеуге жататыны:_________________________
(сомасы теңгеде, жазумен)
____________________________________теңге_______________ тиын
Кедендік төлемдер мен салықтардың көрсетілген сомаларын бюджеттік
жіктеме кодтары бойынша бюджетке 080___ "Бюджеттер арасында
бөлінетін кірістер" баланстық шотына ____________________________
_________________________________________________________________
(алушы-салықтық органның және оның Қазынашылығының деректемелері,
____________________________________________________аудару қажет.
СТН, ИИК, БИК және т.б.)
Жауапты орындаушы________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты-жөні, қолы, жеке нөмірлі мөрі)
Кедендік төлемдер мен салықтарды
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бюджетіне төлеудің
және оларды мемлекеттік бюджеттен
қайтарып алудың ережесіне
2-қосымша
"Бекітемін"
_____________________бастығы
(кеден органының атауы)
____________________________
(тегі, аты-жөні)
____________________________
(МО, қолы)
"___"______________200___ жыл
Бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың
артық төленген сомаларының бар екендігі туралы
N____растау
"___"______________200___ жылғы N___ Салыстыру актісінің қорытындылары бойынша______________________________________(теңге)
________________________________________________________ұсыну үшін
(салықтың орган-бенефициардың атауы)
салықтық орган-бенефициардың СТН-ы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
______________________________________________берілді
(төлеушінің атауы/тегі, аты-жөні)
төлеушінің СТН-ы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
___________________________________________________________________
N Кедендік Бюджетке төленген Артық
төлемнің ____________________________________ төленген
және/немесе Төлем Бюджеттік Төлем Сома сома
салықтың құжатының жіктеме тағайын.
атауы күні, N коды(БЖК) дау коды
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Артық төленген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы мынадай
себептер бойынша құралды (тиісті ұялардан көрсетіңіз|_|):
_
|_| тауарды еркін айналымға шығарғаннан кейін кедендік төлемдер
мен салықтар сомасының кемуі
_
|_| кедендік төлемдер мен салықтарды аванспен төлеу
_
|_| басқа себептер
____________________________________________________________________
Р/б Белгіленген себеп Себептің сипаттамасы
*
N
____________________________________________________________________
1 2 3
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Кірістер бөлімінің бастығы _______________ __________
(Тегі, аты-жөні) (қолы)
_________________________
*
3-бағанды толықтыру кезінде олардың негізінде кедендік төлемдер мен салықтар төленген құжаттардың, олардың негізінде
кедендік төлемдер мен салықтар есептелген құжаттардың, олардың негізінде алғашқы құжаттарда өзгерістер болған құжаттардың
деректемелерін көрсете отырып кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомасының құралған әрбір себебіне нақты сипаттама
беру қажет.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бюджетіне төлеудің
және оларды мемлекеттік бюджеттен
қайтарып алудың ережесіне
3-қосымша
Кеден органының СТН _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Төлеушінің СТН-ы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша есептерді
салыстыру актісі
"___"________ 200__ жылдан _________ 200____ жыл ішіндегі
кезеңде кедендік кірістер бөлімінің қызметкері мен төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша есептерді салыстыруды жүргізді
____________________________________________________________________ |Бастапқы сальдо| Есептелді | Азайтылды
| | |
|_______________|________________|_________________
|кедендік |өсім | кедендік |өсім |кедендік |өсім
|төлемдер |ақы | төлемдер |ақы |төлемдер |ақы
|немесе | | немесе | |немесе |
|салықтар | | салықтар | |салықтар |
_________________|_________|_____|__________|_____|_________|_______
|кеден |
|органы.|
|ның де.|
|ректері|
|бойынша|
|_______|__________________________________________________
Кедендік |төлеу. |
төлемнің |шінің |
немесе |дерек. |
салықтың |тері |
атауы |бойынша|
мен коды |_______|__________________________________________________
|Айырма.|
|шылығы |
|(+,-) |
_________________|__________________________________________________
|кеден |
|органы.|
|ның де.|
|ректері|
|бойынша|
|_______|__________________________________________________
Кедендік |төлеу. |
төлемнің |шінің |
немесе |дерек. |
салықтың |тері |
атауы |бойынша|
мен коды |_______|__________________________________________________
|Айырма.|
|шылығы |
|(+,-) |
_________________|__________________________________________________
____________________________________________________________________
т.б.
____________________________________________________________________
Жиынтық
____________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
__________________________________________________
| Төленді | Қайтарылды |Кезең соңындағы
| | | сальдо
|_______________|________________|_________________
|кедендік |өсім | кедендік |өсім |кедендік |өсім
|төлемдер |ақы | төлемдер |ақы |төлемдер |ақы
|немесе | | немесе | |немесе |
|салықтар | | салықтар | |салықтар |
|_________|_____|__________|_____|_________|_______
|
|
|
|
|
|__________________________________________________
|
|
|
|
|
|__________________________________________________
|
|
|
|__________________________________________________
|
|
|
|
|
|__________________________________________________
|
|
|
|
|
|__________________________________________________
|
|
|
|__________________________________________________
___________________________________________________
___________________________________________________
___________________________________________________
Салыстыру акт жасалған күн "___" ___________ 200__ ж.
Кеден органында салыстыру
акт тіркелген күн және нөмірі "___" ___________ 200__ ж.
Кедендік кірістер бөлімінің бастығы: _______________________
(қолы)
Төлеуші: _______________________
(қолы)