Білім алушылардың құқы мен мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту, сондай-ақ жоғары оқу орындарында мамандар даярлау сапасын бақылауды күшейту мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. "Жоғары кәсіби білім беретін білім ұйымдарында оқуға қайта алу және ауыстыру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 350 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1176 болып тіркелген, 2000 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 8-нөмірінде жарияланған, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 350 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2000 жылғы 11 желтоқсандағы N 1152 бұйрығы) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары кәсіби білім беретін білім ұйымдарында оқуға қайта алу және ауыстыру тәртібі туралы ережесінде:
6-тармақта "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. "Жоғары оқу орындарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі міндетін атқарушының 2000 жылғы 12 шілдедегі N 714 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1222 болып тіркелген, 2000 жылғы қазан айында Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 10-нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орындарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы ережесінде:
34-тармақта:
"оқу саласының орталық басқару органдарының келісімімен факультет ғылыми кеңесінің ұсынысы бойынша оқу орнының басшысы" деген сөздер "білім беру саласының орталық атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тағайындайды" деген сөз "бекітеді" деген сөзбен ауыстырылсын;
36-тармақта:
бірінші абзацта "құрамы" деген сөзден кейін "төрағадан басқасы" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтың бірінші сөйлемі ", оның төрағасын да білім беру саласының орталық атқарушы органы бекітеді" деген сөздермен толықтырылсын.
3. "Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2001 жылғы 11 наурыздағы N 151 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1474 болып тіркелген, 2001 жылғы шілде айында Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 22-нөмірінде жарияланған, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2001 жылғы 11 наурыздағы N 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2002 жылғы 21 наурыздағы N 200 бұйрығы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережелерінде:
57-тармақ келесі мазмұнда берілсін:
"Жоғары оқу орындарында профессорлық-оқытушылар құрамының: кафедра меңгерушісі, профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы, ассистент, оқытушы-стажер; ғылыми құрамының: бас ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер және кіші ғылыми қызметкер сияқты қызметтері болады";
65-тармақта "факультет" деген сөзден кейін "даярлау профилін айқындайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
84-тармақта "мүмкін" деген сөз "керек" деген сөзбен ауыстырылсын;
93-тармақта:
"келетін" деген сөзден кейін "арнайы" деген сөзбен толықтырылсын;
"мүмкін" деген сөз "керек" деген сөзбен ауыстырылсын;
"оны" деген сөзден кейін "типтік және жұмыстық оқу бағдарламаларымен қарастырылған білім беру мазмұнын" деген сөздермен толықтырылсын;
187-тармақта:
"білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен" деген сөздер алынып тасталсын;
188-тармақта:
"қатарынан" деген сөзден кейін "білім беру саласының орталық атқарушы органымен" деген сөздермен толықтырылсын.
4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім департаменті (Б.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Министрдің міндетін атқарушы |