Жоғары кәсiби бiлiм беретiн бiлiм ұйымдарында оқуға қайта алу және ауыстыру тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 350 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 27 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1176. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 13 қаңтардағы N 13 (V053426) бұйрығымен.

     Жоғары кәсiби бiлiм беретiн бiлiм ұйымдарында оқитындарды оқуға қайта алу және ауыстыру процестерiн реттеу және бақылау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса берiлген жоғары кәсiби бiлiм беретiн бiлiм ұйымдарында оқуға қайта алу және ауыстыру ретi туралы Ереже бекiтiлсiн.
     2. Жоғары бiлiм департаментi (Ә. Әбжаппаров) осы бұйрықты, белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
     3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә. Ахметовке жүктелсiн.

     Министр

Қазақстан Республикасы    
Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң
2000 жылғы 18 сәуiр N 350  
бұйрығымен бекiтiлген     

Жоғары кәсiби бiлiм беретiн бiлiм беру
орындарында бiлiм алушыларды қайта қабылдауды
және ауыстырудың тәртiбi туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

     1. Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қайта қабылдаудың және ауыстырудың тәртiбi туралы ереже (одан әрi - Ереже) 1999 жылдың 7 маусымында қабылданған Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңына сәйкес жасалған.

     2. Ереже меншiк түрiне және ұйымдық бағыныштылығына қарамастан жоғары кәсiби бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды оқуға қайта қабылдау тәртiбiн анықтайды.

     3. Жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға мыналар жатады:
     1) жоғары базалық кәсiби бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылар - студенттер;
     2) жоғары ғылыми-педагогикалық кәсiби бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылар - магистранттар;
     3) жоғары кәсiби бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарының дайындық бөлiмшелерiнде бiлiм алатындар - тыңдаушылар;
     4) жоғары кәсiби бiлiм беретiн әскери оқу орындарында бiлiм алушылар - курсанттар.
     4. Бiрiншi курста бiлiм алушыларды бiр мамандықтан екiншi мамандыққа, оқудың бiр түрiнен екiншi түрiне, ауыстыруға тыйым салынады.
     Бiрiншi курста академиялық қарызы, iшкi тәртiп ережелерiн бұзғаны үшiн шығарылған бiлiм алушылар қайта қабылдауға жатпайды.
     Қысқы емтихандық-сынақ сессиясын табысты тапсырғаннан соң бiрiншi курстың бiлiм алушыларының бiр ұйымнан екiншi ұйымға ауысуға құқы бар.
      Ескерту: 4-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 11 желтоқсандағы N 1152 бұйрығымен .

     5. Күндiзгi және сырттай оқу түрiнде бiлiм алушының қайта қабылдануға байланысты өтiнiшiн бiлiм беру ұйымының басшысы жазғы және қысқы демалыс кезеңiнде қарайды.
     Сырттай оқу түрiнде бiлiм алушының қайта қабылдауға немесе ауысуға байланысты өтiнiшi бiлiм беру ұйымының басшысымен кезектi емтихандық-сынақ сессиясының басталуына дейiн қаралады.
      Ескерту: 5-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 11 желтоқсандағы N 1152 бұйрығымен .

2. Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушы
оқуға қайта қабылдаудың тәртiбi туралы

     6. Жоғары кәсiби бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымынан шығарылған тұлғаның, егер оқудан шығарылған сәттен бастап он жыл өтпеген болса бiлiм алушылардың қатарына бiлiм беру ұйымдарының басшысының бұйрығымен оқудың кез-келген түрiне қайта қабылдауға құқығы бар.
      Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 13 ақпандағы N 82 бұйрығымен .

     7. Бiлiм алушылардың қатарына қайта қабылдау, тиiстi курсқа тек ақылы оқуға ғана жүзеге асырылады. Бұл жағдайда жұмыстың оқу жоспарындағы айырма мiндеттi түрде бес оқу пәнiнен аспау керек, бұлай болмаған жағдайда бiлiм алушы төмен курсқа қабылданады.
      Ескерту: 7-тармақ толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 11 желтоқсандағы N 1152 бұйрығымен .

     8. Оқу жоспарындағы айырмашылықты факультет деканы белгiлейдi. Оқу жоспарындағы айырмашылықты жою тәртiбi мен мерзiмi факультет бойынша өкiмiмен хатталады. Айырмашылықты жою мерзiмi бұл жағдайда кезектi сессияның басталуымен шектеледi.
     9. Қайта қабылдау жөнiндегi өтiнiшке қоса академиялық анықтаманың түп нұсқасы тапсырылу керек.
     Академиялық анықтамалардың бланклары қатаң есеп беру құжаты болып табылады. Олардың есебi мен берiлуi арнаулы журналда тiркеледi.

     9-1. Ақысын төлемегендiктен немесе оқу төлемақысына қарыздар болғандықтан семестр барысында оқудан шығарылған ақылы негiзде бiлiм алушылардың, ақысын төлеген немесе қарызын жойған уақыттан оқуға қайта қабылдануына құқы бар.
      Ескерту: 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 11 желтоқсандағы N 1152 бұйрығымен .

     9-2. Егер бiлiм алушы басқа бiлiм ұйымына қайта қабылданып жатса, бiлiм алушы бұрын оқыған бiлiм беру ұйымының басшысы қабылдаушы жағының жазбаша өтiнiшi негiзiнде, өзiнде академиялық анықтаманың көшiрмесiн, оқу карточкасын, сынақ кiтапшасын, студенттiк билетiн және жiберiлген құжаттардың тiзбесiн қалдырып, студенттiң жеке құжаттарын жiбередi.
      Ескерту: 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 11 желтоқсандағы N 1152 бұйрығымен .  

3. Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм
алушыларды ауыстыру туралы

     10. Бiлiм алушылар бiр жоғарғы оқу орнына бiр мамандықтан екiншi мамандыққа немесе оқудың бiр түрiнен екiншi түрiне, мемлекеттiк емес жоғары оқу орнынан мемлекеттiк жоғары оқу орнына ауысуына құқығы бар. Бұл жағдайда оқу жоспары бойынша айырмашылық бес пәннен көп болмауға тиiс.

     11. Бiлiм алушылардың бiр оқу орнының немесе оқудың бiр түрiнен екiншi түрiне олардың оқыту жағдайларына байланысты ауысуына құқығы бар.

     12. Мемлекеттiк емес оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм гранттары мен несиелерi бойынша оқитындардан басқа білiм алушылардың бiр мамандықтан екiншi мамандыққа немесе мемлекеттiк емес оқу орнынан мемлекеттiк оқу орнына ауысуы тек ақылы бөлiмшеге одан әрi оқуға кететiн шығынды толық төлегенде ғана жүзеге асырылады.
      Ескерту: 12-тармақ толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 11 желтоқсандағы N 1152 бұйрығымен .

     13. Мемлекеттiк бiлiм беру гранты негiзiн бiлiм алушы тұлғаларды бiр бiлiм беру ұйымынан басқасына ауыстыру кезiнде бұл бiлiм беру ұйымдары бойынша мемлекеттiк тапсырыс көлемi түзетуге жатады.

     14. Мемлекеттiк бiлiм беру несиесi негiзiнде бiлiм алушы тұлғаларды бiр бiлiм беру ұйымдарынан басқасына ауыстыру кезiнде бұл бiлiм беру ұйымдары бойынша мемлекеттiк тапсырыс көлемi үш жақты келiсiмге тиiстi өзгерiстер енгiзiле отырылып түзетуге жатады.

     14-1. Жоғары оқу орнын қаражаттандыру көлемiн нақтылау мақсатында мемлекеттiк бiлiм тапсырысы негiзiнде бiлiм алушыларды 13, 14-тармақтарға сәйкес бiр бiлiм ұйымынан басқасына ауыстырғанда, қабылдаушы жағының басшысы бiлiм беру саласының орталық орындау органына бiлiм алушыны қабылдау жөнiндегi бұйрығының көшiрмесiн, оның оқуға қабылданғаны және шығарылғаны туралы бұйрықтың көшiрмесiн бiрге жiбередi.
      Ескерту: 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 11 желтоқсандағы N 1152 бұйрығымен .  

     15. Келiсiм шарттың негiзiнде бiлiм алушыларды бiр бiлiм беру ұйымынан немесе бiр мамандықтан (оқу түрi) екiншiсiне ауыстыру келiсiм шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлу арқылы жүргiзiледi.

     16. Ауыстыру тек оқу үлгерiмi бар студенттерге магистранттарға, тыңдаушыларға рұқсат етiледi.

     17. Бiлiм алушылардың басқа оқу түрiне немесе басқа оқу түрiнiң мамандығына немесе бiр бiлiм беру ұйымының iшiндегi мамандыққа ауысуы оның басшысының бұйрығымен хатталады.

     18. Мемлекеттiң бiлiмдiк кредитi бойынша бiлiм алушы, мемлекеттiң бiлiмдiк гранты арқылы оқуына ауысуына құқысы бар. Мемлекеттiң бiлiмдiк грантпен оқуға ауысу құқысына, тек қана, бүкiл оқу кезеңiнде "жақсы" және "өте жақсы" бағалары бар бiлiм алушы иемдене алады.
     Мемлекеттiң бiлiмдiк кредитiмен бiлiм алушы, мемлекеттiң бiлiмдiк гранты бойынша оқуға ауысуы, ваканттық бос орындарға конкурстық тұрғыда, демалыс кезеңiнде келесi ережелер бойынша жүргiзiледi:
     1) мемлекеттiк бiлiмдiк кредит бойынша бiлiм алушы, келешекте мемлекеттiк бiлiмдiк грант бойынша оқуға ауысуын сұрап арыз бередi.
     2) бiлiм беру ұйымының жетекшiсi, сол арызды қарап, Ғылыми кеңесiнiң шешiмiмен қоса, тұрғылықты шешiм қабылдау үшiн бiлiм беру саласының орталық орындаушы жүйесiне жiбередi. Бұл жағдайда бiлiм алушының өтiнiшiне ғылыми кеңестiң шешiмiмен бiрге оқудан шығарылған мемлекеттiк бiлiм гранты иесiнiң және бос орынға ауыстырылатын мемлекеттiк бiлiм несиесi иесiнiң куәлiктерi, ауыстырылатын студенттiң сынақ кiтапшасының көшiрмесi қоса берiледi.
     3) орталық орындаушы жүйесi түскен құжаттарды бекiтiлген тәртiппен қарап және сұрақ келiсiмдi шешiлген жағдайда, мемлекеттiк бiлiмдiк грантқа ауыстырылуы жөнiнде бұйрық шығарады.
     4) осы бұйрық бойынша, мемлекеттiк бiлiм беру стандартының ұлттық орталығы, арыз берген бiлiм алушының атына арнап, мемлекеттiң бiлiмдiк грант иегерiнiң куәлiгiн жазып бередi.
     5) берiлген куәлiк бойынша, бiлiм беру ұйымының жетекшiсi, бiлiм алушыны мемлекеттiң бiлiмдiк кредитi бойынша оқуына мемлекеттiң бiлiмдiк гранты бойынша оқуына ауысқаны жөнiнде бұйрық шығарады.
     6) бiлiм алушы, мемлекеттiң бiлiмдiк кредитiнен мемлекеттiң бiлiмдiк гранты бойынша оқуына ауысқан жағдайда, кредит берiлуi жөнiндегi жасалған үш жақты келiсiмдi бұздырады. Ал бiлiмдiк кредиттiң алынған мөлшерi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылдың 20 шiлдесiнде шыққан N 1018, Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орындарында мамандар дайындауды мемлекет тұрғысынан кредиттендiру қаулысының 5, 6 тармақтары бойынша жойылады.
      Ескерту: 18-тармақ толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 11 желтоқсандағы N 1152 бұйрығымен .

     19. Барлық шығынды өтеу арқылы ақылы бiлiм - алушы, мемлекеттiк бiлiмдiк кредит бойынша оқуға ауысуға құқысы бар. Бұл жағдайда ақылы бiлiм алушының мемлекеттiк бiлiмдiк кредит бойынша оқуға ауысуы конкурс бойынша ваканттық бос орындарға демалыс кезеңiнде келесi тәртiп бойынша жүзеге асырылады:
     1) ақылы бiлiм алушы, келешекте мемлекеттiк бiлiмдiк кредит бойынша оқуға ауысуы жөнiнде арыз бередi.
     2) бiлiм беру ұйымының жетекшiсi, сол арызды қарап, ғылыми кеңестiң шешiмiмен қоса, тұрғылықты шешiм қабылдау үшiн бiлiм беру саласының орталық орындаушысы жүйесiне жiбередi. Бұл жағдайда бiлiм алушының өтiнiшiне ғылыми кеңестiң шешiмiмен бiрге, оқудан шығарылған мемлекеттiк бiлiм несиесi иесiнiң куәлiгi, ауыстырылатын студенттiң сынақ кiтапшасының көшiрмесi қоса берiледi.
     3) орталық орындаушы жүйесi түскен құжаттарды бекiтiлген тәртiппен қарап және сұрақ келiсiмдi шешiлген жағдайда, бiлiм алушыға берген арызына сәйкес, мемлекеттiк бiлiмдiк кредит берiлетiнi туралы бұйрық шығарады.
     4) осы бұйрық бойынша, орталық орындаушы жүйесi бiлiм алушыға мемлекеттiк бiлiмдiк кредитi берiлгенi туралы, мемлекеттiк бiлiм беру стандартының ұлттық орталығы және арыз берген бiлiм алушының атына арнап, мемлекеттiк бiлiмдiк кредит иегерiнiң куәлiгiн жазып бередi.
     5) берiлген куәлiк бойынша, бiлiм беру ұйымының жетекшiсi, бiлiм алушы ақылы бiлiм алудан келешекте мемлекеттiк бiлiмдiк кредитi бойынша бiлiм алатыны туралы бұйрық шығарады.
     6) ақылы бiлiм алушы келешекте мемлекеттiк бiлiмдiк кредитi бойынша бiлiм алуына ауысқан жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылдың 20 шiлдесiнде шыққан N 1018 "Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында мамандар дайындауды мемлекеттiк тұрғысынан кредиттендiру" үш жақты келiсiм бекiтедi.
      Ескерту: 19-тармақ толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 11 желтоқсандағы N 1152 бұйрығымен .  

     19-1. Сол мамандыққа мемлекеттiк бiлiм гранттары мен несиелерi түрiндегi мемлекеттiк тапсырыс болмаған жағдайда ақылы негiзде оқитын бiлiм алушыны 18-тармақтың 1)-5) тармақшаларында берiлген тәртiппен мемлекеттiк бiлiм гранттары мен несиелерi негiзiнде оқуға ауыстыруға болады.
      Ескерту: 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 11 желтоқсандағы N 1152 бұйрығымен .

     20. Бiлiм алушылардың барлық оқу түрi бойынша бiр бiлiм беру ұйымынан екiншiсiне ауысуы екi ұйымның да басшыларының келiсiмiмен жүргiзiледi және тиiстi бұйрықпен хатталады.

     21. Басқа бiлiм беру ұйымына ауысқысы келген бiлiм алушылар өзi бiлiм алып жатқан ұйым басшысының атына ауысуы туралы өтiнiш бередi және мөрмен бекiтiлген жазбаша келiсiм алғаннан кейiн өзi ауысуына мүдделi бiлiм беру ұйымының басшысына барады.
     Қабылдайтын бiлiм беру ұйымы басшысының атына жазылған өтiнiшке қоса сынақтық кiтапшаның көшiрмесi немесе оқу бөлiмiнiң (оқу - әдiстемелiк бөлiмiнiң немесе басқармасының) бастығы, факультет деканының қолдары қойылып, мөрiмен хатталған бiлiм алушының оқу карточкасының көшiрмесi сондай-ақ жоғары оқу орнының осы мамандық бойынша бiлiм беру қызметiн жүргiзуге берiлген лицензияның көшiрмесi тапсырылады.
     Ауысу туралы мәселе оң шешiлген жағдайда бiлiм алушыны қабылдайтын бiлiм беру ұйымының басшысы оны оқу сабақтарына жiберу және оқу жоспарындағы айырмашылықтарды тапсыру жөнiнде бұйрық шығарады. Сонымен бiр мезгiлде бiлiм алушының бұрын оқыған бiлiм беру ұйымына оның жеке iс қағазын жiберу туралы жазбаша сұрау салады.
     Бiлiм алушы бұрын оқыған бiлiм беру ұйымдарының басшысы мұндай сұрауды алғаннан кейiн "(бiлiм беру ұйымының аты) ауысуына байланысты шығарылды" деген желеумен оқудан шығару туралы бұйрық шығарады және апталық мерзiм iшiнде бiлiм алушының жеке iс қағазын сұрау хат негiзiнде қабылдаушы жақтың адресiне жiбередi. Бiлiм беру ұйымында академиялық анықтаманың көшiрмесi, оқу карточкасы, сынақ кiтапшасы, студенттiк билет және жiберiлген құжаттардың тiзбесi қалады.
     Жеке iс парағы жiберiлуге жатпайтын жағдайда (жоғары кәсiби бiлiм беретiн арнаулы бiлiм беру ұйымдары, басқа да бiлiм беру ұйымдары және ТМД елдерiнiң бiлiм беру ұйымдары) оқуға қабылдау осы тектес бiлiм беру ұйымдарынан басшының қолы қойылып мөрi басылған академиялық анықтаманы алғаннан кейiн жүзеге асырылады.
      Ескерту: 21-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 11 желтоқсандағы N 1152 бұйрығымен .

     22. Бiлiм алушының жеке iс парағын дер кезiнде жiберумен алуға бақылауды жүзеге асыру оқу білiмiнiң (оқу - әдiстемелiк бөлiмi немесе басқармасының) бастығына және тиiстi факультеттердiң декандарына жүктеледi.

     23. Бiлiм алушыны бiлiм беру ұйымдарына қабылдау туралы бұйрық оның жеке iс парағы алынғаннан кейiн шығарылады. Басқа бiлiм беру ұйымынан ауыстырылған бiлiм алушының жеке iс парағы кезектi емтихандық сессияның басталуына дейiн келiп жетпеген жағдайда оны оқу сабағына жiберу және оқу жоспарындағы айырмашылықты тапсыру жөнiндегi бұйрық жоққа шығарылады.

     24. Аталмыш ережеде қарастырылмаған мәселелердi шешу бiлiм беру ұйымының құзырына жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады