БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 22 қыркүйекте N 1245 тiркелген "Қазақстан Республикасының орта кәсiптiк оқу орындарына қабылдаудың Үлгi ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 10 шiлдедегi N 707
бұйрығына
мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының орта кәсiптiк оқу орындарына қабылдаудың Үлгi ережелерi:
Мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Кәсiптiк орта бiлiм беретiн оқу орындарына қабылдау кезiнде мемлекеттiк тапсырыстан ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша 30 пайыз, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға 2 пайыз мөлшерiнде квота белгiленедi";
Мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Кәсiптiк орта бiлiм беретiн оқу орындарына түсушi азаматтардан өтiнiш қабылдау 20 маусымнан 1 тамызға дейiн, түсу емтихандары (тестiлеу) 2 тамыздан 28 тамызға дейiн жүргiзiледi.
Шығармашылық мамандықтарға құжаттарды қабылдау 10 шiлдеге дейiн, арнайы (шығармашылық) емтихандар 12 шiлдеден 18 шiлдеге дейiн жүргiзiледi";
4-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "25 тамыздан кешiктiрiлмей" сөзi "30 тамыздан кешiктiрiлмей" деген сөзбен ауыстырылсын, "25 қыркүйектен кешiктiрiлмей" сөзi "30 қыркүйектен кешiктiрiлмей" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтағы бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жалпы орта бiлiмi бар азаматтар үшiн түсу емтихандары жалпы орта бiлiмнiң үш пәнi, ал жалпы негiзгi бiлiмi бар тұлғалар үшiн, жалпы негiзгi бiлiмнiң екi пәнi бойынша жүргiзiледi.
Мiндеттi түсу емтихандарының тiзбесiне жалпы негiзгi бiлiмi бар тұлғалар үшiн қазақ немесе орыс тiлдерi, ал жалпы орта бiлiмi бар тұлғалар үшiн қазақ немесе орыс тiлдерi және Қазақстан тарихы енгiзiледi. Арнайы немесе шығармашылық емтихандар (2-ден көп емес) талапкерлердiң таңдауына байланысты мамандықтардың ерекшелiктерiне қарай белгiленiп, түсу емтихандарының алдында орта кәсiптiк оқу орындары бекiткен бағдарлама бойынша жүргiзiледi";