Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз
).
____________________________
Қазақстан Республикасында екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213
қаулысына
(Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1902 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 1-14 шілдеде жарияланған, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2098 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 қарашадағы N 467
қаулысымен
бекітілген толықтырумен бірге) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережеде:
12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"Standart&Poor`s" агенттігінің "ВВВ" рейтингінен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар бас банктердің кепілдіктері немесе Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің еншілес банктері үшін - халықаралық рейтинг агенттіктері ретінде танылған басқа да рейтинг ұйымдарының біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі.".
2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулыны мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.