Табиғи монополия субъектiлерiнiң мүлкін иелiктен айыруды және өзге мәмiлелер жасауды уәкiлеттi органмен келiсу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 5 мамырдағы N 125-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 27 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2324. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 71-НҚ (V053515) бұйрығымен.

     "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1 және 18-2-баптарына, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы ереженiң 4-тармағына, 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:
     1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополия субъектiлерiнiң мүлкiн иелiктен айыруды және онымен өзге мәмiлелер жасауды уәкiлеттi органмен келiсу туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (А.Т.Шабдарбаев) осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн:
     1) оны заңнамада белгiленген тәртiппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн;
     2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң орталық аппараты құрылымдық бөлiмшелерiнiң және оның аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары А.К.Әмiринге жүктелсiн.
     4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төрағаның мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасының Табиғи
монополияларды реттеу және    
бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi  
агенттiгi төрағасының 2003 жылғы  
5 мамырдағы N 125-НҚ бұйрығымен  
бекiтiлген             

Табиғи монополия субъектiлерiнiң мүлкiн иелiктен
айыруды және онымен өзге мәмiлелер жасауды
уәкiлеттi органмен келiсу жөнiндегi
нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

     1. Табиғи монополия субъектiлерiнiң мүлкiн иелiктен айыруды және онымен уәкілеттi органмен келiсу жөнiндегi Нұсқаулық өзге мәмілелер жасауды нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.

     2. Осы Нұсқаулықтың мақсаты құжаттар мен ақпараттар тiзбесiн, табиғи монополия субъектілерiнiң мүлкiн иелiктен айыруды және онымен өзге мәмілелер жасауды (бұдан әрi - Субъект) уәкiлеттi органмен келiсу кезiнде оларды ұсыну мен қарау тәртiбiн анықтау болып табылады.

     3. Уәкiлеттi орган мынадай мәмiлелердi:
     1) Субъектiнiң негiзгi құралдарына қатысы бар ретiнде де, оған қатысы жоқ ретiнде де иелiктен айыруды және онымен өзге мәмiлелер жасауды;
     2) тасымалданатын немесе оларға берілетiн тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) Субъект өзiнiң пайдалануы үшiн емес, сатып алуын;
     3) Субъектiнiң акцияларды (үлестердi) сатып алуын, сондай-ақ оған "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге нысандарын келiсудi жүзеге асырады.
     Субъектiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акциялардың (үлестердiң) он пайыздан астамын сатып алатын жеке немесе заңды тұлға (немесе тұлғалар тобы) бұл туралы уәкiлеттi органды алдын-ала хабардар етуге мiндеттi.

     4. Осы Нұсқаулықта қолданылатын ұғымдар мен терминдер:
     1) Субъектiнiң мүлкi - заттар, ақша, оның iшiнде шет ел валютасы, бағалы қағаздар, жұмыстар, қызметтер, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң ақиқатты нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауар белгiлерi, бұйымдарды дараландырудың өзге құралдары, мүлiктiк құқықтар мен Субъектiнің басқа мүлкi;
     2) құзыреттi орган - тиiстi саладағы Субъектiнiң қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган; коммуналдық меншiктегi не су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелер қызметтерiн көрсететiн Субъектi үшiн - жергiлiктi атқарушы органдар;
     3) Субъектiнiң бiртектес мүлкi - Субъектiнiң бiрдей болып табылмайтын, ұқсас сипаты бар және бiрдей құраластардан тұратын, сол бiр функцияны орындауға және бiрiн бiрi алмастыруға мүмкiндiк беретiн мүлкi;
     4) Субъектiнiң мүлiктерiн иелiктен айыру - меншiк құқықтарының өтуi, яғни Субъектiнiң мүлкiн иелену, пайдалану және билiк ету құқықтарын басқа тұлғаға беру;
     5) Субъектiнiң негiзгi құралдары - бiр жылдан астам мерзiммен қызмет ететiн материалдық активтер;
     6) Субъектiнiң мүлкiмен мәмiле жасау - Субъектiнiң мүлкiне құқықтар мен мiндеттер белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер;
     7) акцияларды (үлестердi) сатып алу жөнiндегi мәмiлелер - Субъектiнiң акцияларға (үлестерге) иелену, пайдалану және билiк ету құқықтарын сатып алуға бағытталған әрекеттерi;
     8) уәкiлеттi орган - табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (оның аумақтық органдары);
     9) өтiнiш - Субъектiнiң мәмiлелер жасауға келiсу туралы жазбаша түрдегi өтiнiшi.

     5. Осы Нұсқаулықтың күшi Субъектiлердiң Мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзілген Субъектiлерге, сондай-ақ Субъектiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акциялардың (үлестердiң) он пайыздан астамын сатып алатын жеке немесе заңды тұлғаларға (немесе тұлғалар топтарына) қолданылады.

2. Өтініштердi қараудың рәсiмдерi, мазмұны және мерзiмi

     6. Мүлiктi иелiктен айыруды және онымен өзге мәмілелер жасауды келісу үшiн Субъект осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшасына сәйкес нысандарда әзiрленген өтiнiшпен уәкiлеттi органға жүгiнедi.

     7. Өтiнiшпен бiрге уәкiлеттi органға берiлген құжаттар (ақпараттар) толық және дұрыс болуға тиiс.

     8. Ұсынылған құжаттар түпнұсқада болуға немесе олардың көшiрмелерi болуға тиiс, соңғы жағдайда өтiнiшке қол қойған басшы олардың дұрыстығы мен толықтығын жазбаша түрде растауға тиiс.
     Ұсынылған барлық материалдарға басшы, ал қаржылық құжаттарға - бас бухгалтер қол қоюға тиiс.

     9. Уәкiлеттi орган, егер:
     1) оның қанағаттануы Субъектiнiң қызметiн тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге, тұтынушылармен жасалған шарттарды бұзуға алып келуi мүмкiн болған;
     2) өтiнiш иесі барлық қажеттi құжаттар мен ақпаратты ұсынбаған;
     3) ұсынылған құжаттар мен ақпараттар дұрыс болып табылмаған;
     4) оның қанағаттануы:
     Субъектiнiң қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) арттыруға;
     қоршаған ортаға терiс әсер етуге;
     үздiксiз байланыстағы технологиялық жүйенi бұзуға;
     ұсынылатын қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерiн үзуге не едәуiр төмендетуге алып келген жағдайларда өтiнiштi қабылдамауға құқылы.

     10. Уәкiлеттi органның осы өтiнiштi және қажеттi барлық құжаттар мен ақпараттарды немесе Субъект үшiн жоғарыда көрсетiлген құжаттар мен ақпараттарды алудың мүмкiн еместiгiн түсiндiретiн себептер туралы мәлiметтердi алған күнi өтiнiш берiлген күн деп есептеледi.

     11. Уәкiлеттi орган өтiнiштi алған күннен бастап отыз күн мерзiмде оны қарайды және өтiнiш иесiн қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабардар етедi.

     12. Егер шешiм қабылдау үшiн қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган оны Субъектiден сұратуға және мұндай сұрау салу өтiнiштi алған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей өтiнiш иесiне өтiнiштi қарау мерзiмiн ұзарту туралы хабарламамен бiрге жiберiлген жағдайда, өтiнiштi қарау мерзiмiн отыз күнге ұзартуға құқылы.
     Уәкiлеттi органның талабы бойынша құжаттар мен ақпараттарды мерзiмiнде ұсынбау өтiнiштi қабылдамау үшiн негiзi болып табылады.

     13. Субъект өтiнiш берген кезде ұсынылған құжаттар мен ақпараттарға қосымша уәкiлеттi органға Субъектiнiң пiкiрi бойынша шешiм қабылдау үшiн маңызды болып табылатын кез келген ақпаратты өздiгiнен жiберуге құқылы.

     14. Коммерциялық құпияны құрайтын құжаттар мен ақпараттарды Субъект мiндеттi түрде "коммерциялық құпия" деген белгiмен ұсынады және жеке мұқабамен жiберiлуi мүмкiн, бiрақ сонымен бiрге өтiнiштердi қарауға арналған құжаттар мен ақпараттар пакетiне мiндеттi түрде енгiзiлуге тиiс.

     15. Құжаттар мен ақпараттардың құрамындағы коммерциялық құпия уәкiлеттi органға оларды ұсынудан бас тартудың негiзi бола алмайды, сонымен бiрге Субъект және өзге де мүдделi тараптар уәкiлеттi органға құжаттар мен ақпараттар ұсынған кезде коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң тiзбесiн айқындайтын, коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң толық тiзбесiн iшкi актiнiң көшiрмесiн қоса көрсетуге тиiс.

     16. Құжаттардың және (немесе) ақпараттардың Қазақстан Республикасынан тыс аумақта болуы оны уәкiлеттi органға ұсынудан бас тарту үшiн негiз бола алмайды.

     17. Өтiнiште, құжаттар мен ақпараттарда қамтылған және шешiм қабылдау үшiн маңызы бар фактiлердiң өзгерiсiн Субъект уәкiлеттi органның назарына жазбаша түрде дереу жеткiзедi. Мұндай жағдайларда уәкiлеттi орган өзгерiстер туралы құжаттар мен ақпараттарды алған күн өтiнiштi алған күн деп есептеледi. Уәкiлеттi органға болған өзгерiстер туралы хабарламау монополияға қарсы заңнаманы бұзғандық болып табылады және заңнамаға сәйкес жауапкершiлiкке алып келедi.

     18. Субъект уәкiлеттi органға өтiнiштi Субъектiлердiң Мемлекеттiк тiркелiмiнде ол орналасқан орын бойынша бередi.
     19. Субъектiнiң мүлкiн иелiктен айыруды және онымен өзге мәмiлелер жасауды келiсу мәмiлелер жасалғанға дейiн жүргiзiлуге тиiс.

     20. Өтінiштi қанағаттандырудан бас тартуда Субъект жоғары тұрған уәкiлеттi органға немесе қолданыстағы заңнамада көзделген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.
     21. Субъектiнiң уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз жасаған мәмiлелерi немесе әрекеттерi қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жарамсыз деп танылады.

3. Субъектiнiң негiзгi құралдарына жататын, Субъектiнiң мүлкiн иелiктен айыруды және онымен өзге мәмiлелер
жасауды келiсу туралы өтiнiш берудiң рәсiмi

     22. Субъектiнiң негiзгi құралдарына жататын мүлкiн иелiктен айыру және онымен өзге мәмiлелер жасау:
     1) Субъектiнiң бастамасы бойынша;
     2) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес уәкiлеттi органның бастамасы бойынша;
     2) акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакеттерi мемлекетке тиесілi мемлекеттiк кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдарға қатысты мемлекеттiк мүлiктi басқаруға уәкiлеттi мемлекеттiк органның бастамасы бойынша;
     3) соттың шешiмi бойынша;
     4) құзыреттi органның бастамасы бойынша жүргiзiледi.

     23. Банкроттық, оңалту, сауықтыру рәсiмдерi кезiнде Субъектiнiң мүлiктерiн иелiктен айыру уәкiлеттi органның қатысуымен жүргiзіледi.
     24. Негiзгi құралдарға жататын мүлiктi иелiктен айыруды және онымен өзге мәмiлелер жасауды келiсу үшiн, Субъект осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сай нысан бойынша әзiрленген өтiнiш бередi, оған мынадай құжаттар (ақпараттар):
     1) осы мәмiлеге қатысты шарттың жобасы;
     2) мәміленiң мәнi болып табылатын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттар (меншiк иесiнiң шешiмi немесе негiзгi өндiрiстiк құралдарды меншiкке немесе пайдалануға алу туралы шарттың көшiрмесi);
     3) мәмiле жасалған жағдайда оның салдарлары туралы құзыреттi органның қорытындысы;
     4) жасалған мәмiленiң қоршаған ортаға әсерi туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыреттi органның қорытындысы;
     5) мүлiктi бағалау актiсi қоса берiлуге тиiс.

     25. Егер иелiктен айырылған мүлiк не қаржылық жылға арналған құндық көрсеткiште өзге мәмiлелер жасауға қатысты жағдайларда, Субъект уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз өзiнiң негiзгi құралдарына қатысты мүлiктi иелiктен айырады немесе онымен өзге мәмiлелер жасайды:
     1) мәмiленi келiсу 1 млн. теңгеге жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 5%-нан аспайды;
     2) мәмiленi келiсу 5 млн. теңгеге жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 4,5%-нан аспайды;
     3) мәмiленi келiсу 10 млн. теңгеге жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 4%-нан аспайды;
     4) мәмiленi келiсу 50 млн. теңгеге жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 3,5%-нан аспайды;
     5) мәмiленi келiсу 100 млн. теңгеге жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 3%-нан аспайды;
     6) мәмiленi келiсу 500 млн. теңгеге жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 2,5%-нан аспайды;
     7) мәмiленi келiсу 1 млрд. теңгеге жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 2%-нан аспайды;
     8) мәмiленi келiсу 5 млрд. теңгеге жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 1,5 %-нан аспайды;
     9) мәмiленi 10 млрд. теңгеге келiсу жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 1%-нан аспайды;
     10) мәмiленi келiсу 100 млрд. теңгеге жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 0,5 %-нан аспайды.
     Сонымен бiрге, Субъект уәкiлеттi органды жасалған мәмiле туралы хабардар етуге (хабарлама беруге), мұндай ақпаратқа (хабарламаға) жасалған шарттың көшiрмесiн қоса беруге тиiс.

     26. Субъектiнiң негiзгi құралдарына жататын бiртектес мүлiктi қаржылық жыл iшiнде оларды иелiктен айыруды немесе онымен өзге мәмiлелер жасауды жүзеге асыру мақсатында, олардың ең болмаса бiреуiнiң мөлшерi осы Нұсқаулықтың 25-тармағында белгiленгеннен кем бөлiгiнде бөлшектеуге жол берiлмейдi.

4. Субъектiлерге тасымалданатын немесе берiлетiн
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өзiнiң тұтынуы
үшiн емес оның сатып алуын келiсу туралы
өтiнiш берудiң рәсiмi

     27. Субъектілерге тасымалданатын немесе берiлетiн тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өзiнiң тұтынуы үшiн емес оның сатып алуы жөнiндегi мәмiлелерге келiсу үшiн Субъект өтiнiш бередi, оған мынадай құжаттар (ақпараттар):
     1) осы мәмілеге қатысты шарттың жобасы;
     2) мәмiленiң мәнi болып табылатын, Субъект тасымалдайтын немесе беретiн тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу қажеттiгiнiң негiздемесi;
     3) мәмiле жасалған жағдайда оның салдарлары туралы құзыреттi органның қорытындысы;
     4) жасалған мәмiленiң қоршаған ортаға әсерi туралы құзыреттi органның қорытындысы;
     5) мәмiленiң мәнi болып табылатын, Субъект тасымалдайтын немесе беретiн тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының негiздемесi қоса берiлуге тиiс.

5. Субъектiнiң акцияларды (үлестердi) сатып алу жөнiнде мәмiлелер жасауды, сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен оған рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге нысандарын келiсу туралы өтiнiш
берудiң рәсiмi

     28. Субъектiнiң акцияларды (үлестердi) сатып алуы жөнiнде мәмiлелер жасауды, сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен оған рұқсат етілген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге нысандарын келiсу үшiн Субъект осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес өтiнiш бередi.

     29. Дауыс құқығы бар акцияларды (үлестердi) сатып алу бойынша (өтiнiш берген кезде):
     1) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы дауыс құқығы бар акциялардың (үлестердiң) жалпы санының проценттiк үлесiн;
     2) акциясы (үлесi) сатып алынатын заңды тұлғаның жарғылық капиталының проценттiк үлесiн;
     3) сатып алынатын акцияның (үлестiң) дауыс құқығы бар, (ақпарат сатып алынатын акциялардың әрбiр үлгiсi бойынша жеке берiледi) дауысқа қойылатын мәселелердiң тiзбесiн;
     4) директорлар кеңес (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң, Субъект сайлай алатын, оларды сатып алғаннан кейiн акцияларда (үлестерде, пайларда) iске асырылатын дауыстарды иелене отырып, осы органдардың сандық құрамына проценттiк арасалмақтағы заңды тұлғаның атқарушы органының санын көрсетуi қажет.

     30. Егер Субъект дауыс құқығы жоқ акцияны (үлестi) бiр мезгiлде сатып алса:
     1) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы дауыс құқығы жоқ акциялардың (үлестердiң) жалпы санының проценттiк үлесiн және акциясы (үлесi) сатып алынатын заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы проценттік үлесiн;
     2) акциясы (үлесі) сатып алынатын заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы дауыс құқығы жоқ сатып алынатын барлық акциялардың (үлестердiң) құнын;
     3) дауыс беретiн акцияда (үлесте) дауыс құқығы жоқ акциялардың (үлестердің) айырбастау мүмкiндiгiн көрсету қажет.

     31. "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен Субъектiге рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын, коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге нысандары бойынша:
     1) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен Субъектiге рұқсат етілген қызметтi жүзеге асыратын (Субъект қатысатын) коммерциялық ұйымның басқару органының атауын;
     2) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен Субъектiге рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын (Субъект қатысатын) коммерциялық ұйымның басқару органында Субъект орындайтын функциясын;
     3) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен Субъектiге рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын (Субъект қатысатын) коммерциялық ұйымның басқару органы қабылдаған шешiмдi айқындауға мүмкiндiк беретiн мәселелер жөнiндегi Субъектiнiң өкiлеттiгiн (құзыретiн) көрсету қажет.

6. Қорытынды ережелер

     32. Субъектілердiң мүлкiн иелiктен айыру және онымен өзге мәмiлелер жасау туралы уәкiлеттi органның келiсiмiн алған тұлға оған жоғары тұрған уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының сот органдарына шағым жасауға құқылы.

Табиғи монополия субъектiлерiнiң   
мүлкiн иелiктен айыруды және     
онымен өзге мәмiлелер жасауды    
уәкiлеттi органмен келiсу жөнiндегi
нұсқаулыққа 1-қосымша       

            _______________________________________
                      (мәмiленiң мәнi)

               ________________ келiсу туралы

ӨТIНIШ

     1. Негiздеме _____________________________________________
________________________________________________________________
(экономикалық мақсатқа сай есептеудi көрсете отырып, мәмiле
        жасаудың себептерi, мақсаттары мен мiндеттерi)

     2. Мәмiленiң мәнi болып табылатын мүлiк туралы ақпарат, оның iшiнде Субъектiнiң барлық мүлiктерiнiң баланстық құнының барлығын, пайызда меншiкке, пайдалануға және/немесе иеленуге берiлген мүлiктерiнiң баланстық және қалдық құны ________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

     3. Субъектiнiң меншiкке, пайдалануға және/немесе иеленуге берiлген мүлiктерiнiң құрамы мен мақсаты _______________________
________________________________________________________________

     4. Мәмiле жасаудың Субъектiнiң қызметтерiне тарифтi (бағаны, алым ставкасын) көтеруге алып келмейтiнiн және оның қаржы-шаруашылық қызметiн нашарлатуға алып келмейтiнiн растайтын есеп ___________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

     5. Иелiктен айырылған немесе шаруашылықты берер алдындағы келер жыл үшiн пайдалануға және/немесе иеленуге берiлген мүлiктердi ұстау және пайдалануға беру жөнiндегi шығындар _________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

     6. Қосымша:
     (өтiнiшке қоса берiлген құжаттар (ақпараттар)

Табиғи монополия субъектiлерiнiң   
мүлкiн иелiктен айыруды және     
онымен өзге мәмiлелер жасауды    
уәкiлеттi органмен келiсу жөнiндегi
нұсқаулыққа 2-қосымша       

Субъектiнiң акцияларды (үлестердi) сатып алуы жөнiнде мәмiлелер жасауды, сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен оған рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге нысандарын келiсу туралы
ӨТIНIШ

     1. Негiздеме ______________________________________________
_________________________________________________________________
  (экономикалық мақсатқа сай есептеудi көрсете отырып, мәмiле
          жасаудың себептерi, мақсаттары мен мiндеттерi)

     2. Акциялар (үлестер), сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен Субъектiге рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге нысандары туралы ақпарат ___________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

     3. Мәмiле жасаудың Субъектiнiң қызметтерiне тарифтi (бағаны, алым ставкасын) көтеруге алып келмейтiнiн және оның қаржы-шаруашылық қызметiн нашарлатуға алып келмейтiнiн растайтын есеп ____________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

     4. Жасалған мәмiле жөнiндегi шығындар _____________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

     5. Қосымша:
     (өтiнiшке қоса берiлген құжаттар (ақпараттар))

      Ескерту: Субъектiге тасымалданатын немесе берiлетiн (осы Нұсқаулықтың 27-тармағы) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өзiнiң тұтынуы үшiн емес сатып алуы жөнiндегi мәмiлелердi келiсу үшiн ол осы өтiнiштiң 2-тармағын көрсетпей-ақ өтiнiш бередi.

Об утверждении Инструкции по согласованию с уполномоченным органом отчуждения и совершения иных сделок с имуществом субъектов естественной монополии

Приказ И.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 5 мая 2003 года N 125-ОД. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 мая 2003 года N 2324. Утратил силу - приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 4 марта 2005 года N 71-ОД (V053515)

     В соответствии со статьями 18-1 и 18-2 Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях", с пунктом 4, подпунктом 4) пункта 11 Положения об Агентстве Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 ноября 1999 года N 1713 приказываю:

     1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по согласованию с уполномоченным органом отчуждения и совершения иных сделок с имуществом субъектов естественной монополии.
     2. Департаменту административной работы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции (Шабдарбаев А.Т.) после государственной регистрации настоящего приказа:
     1) обеспечить в установленном законодательством порядке его опубликование в официальных средствах массовой информации;
     2) довести его до сведения структурных подразделений центрального аппарата Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции и его территориальных органов.
     3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции
Амрина А.К.

     4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации.

     И.о. Председателя

Утверждена          
приказом Председателя    
Агентства Республики Казахстан
по регулированию естественных
монополий и защите конкуренции
от 5 мая 2003 года N 125-ОД

Инструкция
по согласованию с уполномоченным органом отчуждения
и совершения иных сделок с имуществом субъектов
естественной монополии

1. Общие положения

     1. Инструкция по согласованию с уполномоченным органом отчуждения и совершения иных сделок с имуществом субъектов естественной монополии (далее - Инструкция) разработана в соответствии с Законом Республики Казахстан "О естественных монополиях".
     2. Целью настоящей Инструкции является определение перечня документов и информации, порядок их представления и рассмотрения при согласовании с уполномоченным органом отчуждения и совершения иных сделок с имуществом субъектов естественной монополии (далее - Субъект).
     3. Уполномоченный орган осуществляет согласование следующих сделок:
     1) отчуждение и совершение иных сделок с имуществом Субъекта, относящимся к его основным средствам;
     2) приобретение Субъектом не для собственного потребления товаров (работ, услуг), транспортируемых или передаваемых им;
     3) приобретение Субъектом акций (долей), а также иные формы его участия в коммерческих организациях, осуществляющих деятельность, разрешенную для него Законом Республики Казахстан "О естественных монополиях".
     Физическое или юридическое лицо (или группа лиц), приобретающее более десяти процентов голосующих акций (долей) в уставном капитале Субъекта, обязано предварительно проинформировать об этом уполномоченный орган.
     4. Понятия и термины, применяемые в настоящей Инструкции:
     1) имущество Субъекта - вещи, деньги, в том числе иностранная валюта, ценные бумаги, работы, услуги, объективированные результаты творческой интеллектуальной деятельности, фирменные наименования, товарные знаки и иные средства индивидуализации изделий, имущественные права и другое имущество Субъекта;
     2) компетентный орган - государственный орган, уполномоченный осуществлять регулирование деятельности Субъекта в соответствующей отрасли; для Субъекта, находящегося в коммунальной собственности либо оказывающего услуги водохозяйственной и (или) канализационных систем - местные исполнительные органы;
     3) однородное имущество Субъекта - имущество Субъекта, которое, не являясь идентичным, имеет сходные характеристики и состоит из схожих компонентов, что позволяет ему выполнять одни и те же функции и быть взаимозаменяемым;
     4) отчуждение имущества Субъекта - переход права собственности, то есть передача права владения, пользования и распоряжения на имущество Субъекта другому лицу;
     5) основные средства Субъекта - материальные активы сроком службы более одного года;
     6) сделки с имуществом Субъекта - действия, направленные на установление, изменение или прекращение прав и обязанностей на имущество Субъекта;
     7) сделки по приобретению акций (долей) - действия Субъекта, направленные на приобретение права владения, пользования и распоряжения на акции (доли);
     8) уполномоченный орган - государственный орган (его территориальные органы), осуществляющий контроль и регулирование деятельности в сфере естественной монополии;
     9) ходатайство - заявление Субъекта в письменной форме о согласовании совершения сделки.
     5. Действие настоящей Инструкции распространяется на Субъектов, включенных в Государственный регистр Субъектов, а также на физических или юридических лиц (или группы лиц), приобретающих более десяти процентов голосующих акций (долей) в уставном капитале Субъекта.

2. Процедура, содержание и сроки рассмотрения ходатайства

     6. Для согласования отчуждения и совершения иных сделок с имуществом, Субъект обращается в уполномоченный орган с ходатайством, подготовленным по формам согласно Приложению 1 и 2 к настоящей Инструкции.
     7. Документы (информация), представляемые в уполномоченный орган вместе с ходатайством должны быть полными и достоверными.
     8. Прилагаемые документы должны представлять собой оригиналы или их копии, в последнем случае руководитель, подписывающий ходатайство, должен письменно подтвердить их достоверность и полноту.
     Все представленные материалы должны быть подписаны руководителем, а финансовые документы также главным бухгалтером.
     9. Уполномоченный вправе отклонить ходатайство в случаях, если:
     1) его удовлетворение может привести к ущемлению прав и законных интересов потребителей услуг Субъекта, нарушению договоров с потребителями;
     2) заявителем не представлены все необходимые документы и информация;
     3) представленные документы и информация являются недостоверными;
     4) его удовлетворение может привести к:
     повышению тарифов (цен, ставок сборов) на услуги Субъекта;
     негативному влиянию на окружающую среду;
     нарушению неразрывно связанной технологической системы;
     прерыванию либо существенному снижению объемов предоставляемых услуг (производимых товаров, работ).
     10. Днем подачи ходатайства считается день получения уполномоченным органом этого ходатайства и всех необходимых документов и информации или сведений о причинах, объясняющих невозможность для Субъекта получения вышеуказанных документов и информации.
     11. Уполномоченный орган в тридцатидневный срок со дня получения ходатайства рассматривает его и уведомляет заявителя в письменной форме о принятом решении.
     12. В случае если для принятия решения необходима дополнительная информация, уполномоченный орган вправе запросить ее у Субъекта и увеличить срок рассмотрения ходатайства на тридцать дней при условии, что такой запрос вместе с уведомлением о продлении срока рассмотрения ходатайства направлен заявителю не позднее пятнадцати дней со дня получения ходатайства.
     Непредставление в срок по требованию уполномоченного органа документов и информации, является основанием для отклонения ходатайства.
     13. Субъект при подаче ходатайства вправе самостоятельно в дополнение к представленным документам и информации, направлять в уполномоченный орган любую информацию, которая, по мнению Субъекта, является важной для принятия решения.
     14. Документы и информация, составляющие коммерческую тайну, представляются Субъектом с обязательной пометкой "коммерческая тайна" и могут быть направлены в отдельной обложке, но при этом, должны быть обязательно включены в пакет документов и информации для рассмотрения ходатайства.
     15. Коммерческая тайна в составе документов и информации не может служить основанием отказа в их предоставлении уполномоченному органу, при этом Субъект и иные заинтересованные стороны должны при предоставлении документов и информации уполномоченному органу указать исчерпывающий перечень сведений, составляющих коммерческую тайну с приложением копии внутреннего акта, определяющего перечень сведений, составляющих коммерческую тайну.
     16. Нахождение документов и (или) информации вне территории Республики Казахстан не может служить основанием для отказа в ее предоставлении уполномоченному органу.
     17. Изменение фактов, содержащихся в ходатайстве, документах и информации, и имеющих значение для принятия решения, незамедлительно доводится Субъектом до сведения уполномоченного органа в письменном виде. В таких случаях днем получения ходатайства считается день получения уполномоченным органом документов и информации об изменениях. Несообщение уполномоченному органу о произошедших изменениях является нарушением антимонопольного законодательства и влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством.
     18. Субъект подает ходатайство в уполномоченный орган по месту его нахождения в Государственном регистре Субъектов.
     19. Согласование отчуждения и совершения иных сделок с имуществом Субъекта, должно быть произведено до совершения сделки.
     20. Отказ в удовлетворении ходатайства может быть обжалован Субъектом в вышестоящий уполномоченный орган или в порядке, предусмотренном действующим законодательством.
     21. Сделки, совершенные Субъектом без согласования с уполномоченным органом признаются недействительными в соответствии с действующим законодательством.

3. Процедура предоставления ходатайства о согласовании
отчуждения и совершения иных сделок с имуществом Субъекта,
относящимся к основным средствам Субъекта

     22. Отчуждение и совершение иных сделок с имуществом Субъектов, относящимся к его основным средствам производится:
     1) по инициативе Субъекта;
     2) по инициативе уполномоченного органа в соответствии с подпунктом 6) пункта 1 статьи 14 Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях";
     3) по инициативе государственного органа, уполномоченного управлять государственным имуществом - в отношении государственных предприятий и акционерных обществ, контрольный пакет акций (долей) которых принадлежит государству;
     4) по решению суда;
     5) по инициативе компетентного органа.
     23. Отчуждение имущества Субъекта при процедурах банкротства, реабилитации, санации производится при участии уполномоченного органа.
     24. Для согласования отчуждения и совершения иных сделок с имуществом, относящимся к основным средствам, Субъект предоставляет ходатайство, подготовленное по форме согласно Приложению 1 к настоящей Инструкции, к которому должны быть приложены следующие документы (информация):
     1) проект договора, касающийся данной сделки;
     2) правоустанавливающие документы на имущество, являющееся предметом сделки (решения собственника или копию договора о получении в собственность или пользование основных средств);
     3) заключение компетентного органа о последствиях сделки в случае ее совершения;
     4) заключение компетентного органа в области охраны окружающей среды о влиянии совершаемой сделки на окружающую среду;
     5) акт оценки имущества.
     25. Субъект отчуждает или совершает иные сделки с имуществом, относящимся к его основным средствам без согласования с уполномоченным органом, в случаях, если отчуждаемое имущество, либо имущество Субъекта, в отношении которого совершаются иные сделки, в стоимостном выражении на финансовый год:
     1) не превышает 5% от балансовой стоимости активов, при условии, если балансовая стоимость активов по состоянию на начало квартала, в котором производится согласование сделки, составляет не более 1 млн. тенге;
     2) не превышает 4,5% от балансовой стоимости активов, при условии, если балансовая стоимость активов по состоянию на начало квартала, в котором производится согласование сделки, составляет не более 5 млн. тенге;
     3) не превышает 4% от балансовой стоимости активов, при условии, если балансовая стоимость активов по состоянию на начало квартала, в котором производится согласование сделки, составляет не более 10 млн. тенге;
     4) не превышает 3,5% от балансовой стоимости активов, при условии, если балансовая стоимость активов по состоянию на начало квартала, в котором производится согласование сделки, составляет не более 50 млн. тенге;
     5) не превышает 3% от балансовой стоимости активов, при условии, если балансовая стоимость активов по состоянию на начало квартала, в котором производится согласование сделки, составляет не более 100 млн. тенге;
     6) не превышает 2,5% от балансовой стоимости активов, при условии, если балансовая стоимость активов по состоянию на начало квартала, в котором производится согласование сделки, составляет не более 500 млн. тенге;
     7) не превышает 2% от балансовой стоимости активов, при условии, если балансовая стоимость активов по состоянию на начало квартала, в котором производится согласование сделки, составляет не более 1 млрд. тенге;
     8) не превышает 1,5% от балансовой стоимости активов, при условии, если балансовая стоимость активов по состоянию на начало квартала, в котором производится согласование сделки, составляет не более 5 млрд. тенге;
     9) не превышает 1% от балансовой стоимости активов, при условии, если балансовая стоимость активов по состоянию на начало квартала, в котором производится согласование сделки, составляет не более 10 млрд. тенге;
     10) не превышает 0,5% от балансовой стоимости активов, при условии, если балансовая стоимость активов по состоянию на начало квартала, в котором производится согласование сделки, составляет не более 100 млрд. тенге.
     При этом, Субъект должен информировать (уведомить) уполномоченный орган о совершенной сделке с приложением к такой информации (уведомлению) копии заключенного договора.
     26. Не допускается дробление однородного имущества, относящегося к основным средствам Субъекта в течение финансового года в целях осуществления отчуждения или совершения иных сделок с ним, на части, размер хотя бы одной из которых менее установленного в пункте 25 настоящей Инструкции.

4. Процедура предоставления ходатайства о согласовании
приобретения Субъектом не для собственного потребления товаров
(работ, услуг), транспортируемых или передаваемых им

     27. Для согласования сделок по приобретению не для собственного потребления товаров (работ, услуг), транспортируемых или передаваемых им, Субъект предоставляет ходатайство, к которому должны быть приложены следующие документы (информация):
     1) проект договора, касающийся данной сделки;
     2) обоснование необходимости приобретения товаров (работ, услуг), транспортируемых или передаваемых Субъектом, являющихся предметом сделки;
     3) заключение компетентного органа о последствиях сделки в случае ее совершения;
     4) заключение компетентного органа о влиянии совершаемой сделки на окружающую среду;
     5) обоснование цены товаров (работ, услуг), транспортируемых или передаваемых Субъектом, являющихся предметом сделки.

5. Процедура предоставления ходатайства о согласовании
совершения сделок по приобретению Субъектом акций (долей),
а также иных форм его участия в коммерческих организациях,
осуществляющих деятельность, разрешенную для него
Законом Республики Казахстан "О естественных монополиях"

     28. Для согласования совершения сделок по приобретению Субъектом акций (долей), а также иных форм его участия в коммерческих организациях, осуществляющих деятельность, разрешенную для него Законом Республики Казахстан "О естественных монополиях", Субъект предоставляет ходатайство в соответствии с Приложением 2 к настоящей Инструкции.
     29. По приобретаемым (при подаче ходатайства) акциям (долям) с правом голоса необходимо указать:
     1) долю в процентах от общего числа акций (долей) с правом голоса в уставном капитале юридического лица;
     2) долю в процентах от уставного капитала юридического лица, акции (доли) которого приобретаются;
     3) перечень вопросов, выставляемых на голосование, по которым приобретаемые акции (доли) имеют право голоса (информация предоставляется отдельно по каждому типу приобретаемых акций);
     4) количество членов совета директоров (наблюдательного совета), исполнительного органа юридического лица в процентном соотношении к количественному составу этих органов, которое Субъект может избрать, распоряжаясь голосами, воплощенными в акциях (долях, паях) после их приобретения.
     30. Если Субъектом одновременно приобретаются акции (доли) без права голоса необходимо указать:
     1) долю в процентах от общего числа акций (долей) без права голоса в уставном капитале юридического лица и долю в процентах от уставного капитала юридического лица, акции (доли) которого приобретаются;
     2) стоимость всех приобретаемых акций (долей) без права голоса в уставном капитале юридического лица, акции (доли) которого приобретаются;
     3) возможность конвертации акций (долей) без права голоса в голосующие акции (доли).
     31. По иным формам участия Субъекта в коммерческих организациях, осуществляющих деятельность, разрешенную для него Законом Республики Казахстан "О естественных монополиях" необходимо указать:
     1) наименование органа управления (в котором участвует Субъект) коммерческой организации, осуществляющей деятельность, разрешенную для Субъекта Законом Республики Казахстан "О естественных монополиях";
     2) выполняемые Субъектом функции в органе управления (в котором участвует Субъект) коммерческой организации, осуществляющей деятельность, разрешенную для Субъекта Законом Республики Казахстан "О естественных монополиях";
     3) полномочия (компетенция) Субъекта по вопросам, позволяющим определять решения, принимаемые органом управления (в котором участвует Субъект) коммерческой организации, осуществляющей деятельность, разрешенную для Субъекта Законом Республики Казахстан "О естественных монополиях".

6. Заключительные положения

     32. Лица, получившие согласование уполномоченного органа об отчуждении и совершении иных сделок с имуществом Субъектов, вправе обжаловать его в вышестоящий уполномоченный орган или в судебные органы Республики Казахстан.

Приложение 1           
к Инструкции по согласованию  
с уполномоченным органом    
отчуждения и совершения     
иных сделок с имуществом    
субъектов естественной монополии,

___________________
___________________

                        Ходатайство      
          о согласовании ________________________________
       ___________________________________________________
                        (предмет сделки)

1. Обоснование ____________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
 (причины, цели и задачи совершения сделки, с указанием расчета
___________________________________________________________________
               экономической целесообразности)

2. Информация об имуществе, являющемся предметом сделки, в том числе балансовую и остаточную стоимость имущества, передаваемого в собственность, в пользование и/или владение, всего, в процентах от балансовой стоимости всего имущества Субъекта______________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

3. Состав и назначение имущества Субъекта, передаваемого в собственность, пользование и/или владение _________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

4. Расчет, подтверждающий, что совершение сделки не приведет к повышению тарифа (цены, ставки сбора) на услуги Субъекта и не приведет к ухудшению его финансово-хозяйственной деятельности _____
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

5. Затраты по содержанию и эксплуатации отчуждаемого или передаваемого в пользование и/или владение имущества за предыдущий год, предшествующий подаче ходатайства ____________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

6. Приложение:
(документы (информация), прилагаемые к ходатайству)

Приложение 2           
к Инструкции по согласованию  
с уполномоченным органом    
отчуждения и совершения     
иных сделок с имуществом    
субъектов естественной монополии,

___________________
___________________

                           Ходатайство
о согласовании совершения сделок по приобретению Субъектом
акций (долей), а также иных форм его участия в коммерческих
     организациях, осуществляющих деятельность, разрешенную
              для него Законом Республики Казахстан
                   "О естественных монополиях"

1. Обоснование ____________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(причины, цели и задачи совершения сделки, с указанием расчета
                экономической целесообразности)

2. Информация об акциях (долях), а также иных формах участия Субъекта в коммерческих организациях, осуществляющих деятельность, разрешенную для него Законом Республики Казахстан "О естественных монополиях" ______________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

3. Расчет, подтверждающий, что совершение сделки не приведет к повышению тарифа (цены, ставки сбора) на услуги Субъекта и не приведет к ухудшению его финансово-хозяйственной деятельности
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

4. Затраты по совершаемой сделке___________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

5. Приложение:
(документы (информация), прилагаемые к ходатайству).

     Примечание: Для согласования сделок по приобретению не для собственного потребления товаров (работ, услуг), транспортируемых или передаваемых им (пункт 27 настоящей Инструкции), Субъект предоставляет ходатайство без указания пункта 2 настоящего ходатайства.