Табиғи монополия субъектісінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 4 мамырдағы N 121-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 27 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2325. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 70-НҚ (V053516)бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  18-1-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 4-тармағына, 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополия субъектісінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т. Шабдарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің және оның аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары А.К. Әміринге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Қазақстан Республикасының   
Табиғи монополияларды реттеу  
және бәсекелестікті қорғау  
жөніндегі агенттігі     
төрағасының 2003 жылғы    
4 мамырдағы          
N 121-НҚ бұйрығымен     
бекітілген          

  Табиғи монополия субъектісінің негізгі қызметімен
технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия
субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы
заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды
уәкілетті органмен келісу жөніндегі нұсқаулық

  1. Жалпы ереже

      1. Табиғи монополия субъектісінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңына  сәйкес әзірленді.

      2. Осы Нұсқаулықтың мақсаты құжаттар мен ақпараттар тізбесін, оларды табиғи монополия субъектісінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу кезінде ұсыну мен қараудың тәртібін анықтау болып табылады.

      3. Уәкілетті орган Субъектінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды келіседі.

      4. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:
      1) географиялық шекара - Субъектінің қызметтерді (өндірілген тауарларды, жұмыстарды) ұсынатын шектердегі аумағы;
      2) негізгі қызметпен технологиялық байланысты өзге қызмет - негізгі қызметті жүзеге асыру техникалық түрде мүмкін емес не негізгі қызметтің технологиялық процесінің құрамды бөлігі болып табылатын қызмет;
      3) құзыретті орган - Субъектінің тиісті саладағы қызметіне реттеу жүргізуге уәкілетті мемлекеттік орган; коммуналдық меншіктегі не су шаруашылығы және (немесе) арна тарту жүйесі қызметін көрсететін Субъектілер үшін - жергілікті атқарушы органдар;
      4) уәкілетті орган - табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (оның аумақтық органдары);
      5) өтініш - Субъектінің әрекеттер немесе мәмілелер жасауға келісім беру туралы жазбаша нысандағы арызы.

      5. Осы Нұсқаулықтың күші Субъектілердің Мемлекеттік тіркеліміне енгізілген Субъектілерге қолданылады.

  2. Субъектінің негізгі қызметімен технологиялық
байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі
саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы
заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруға
өтініштер ұсыну рәсімі

      6. Негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыру үшін Субъект уәкілетті органға өтінішпен қоса мынадай құжаттарды (ақпаратты) ұсынуға тиіс:
      1) Субъект өтініш ұсынып отырған жүзеге асырылатын қызметтің сипаты және негізгі мазмұны;
      2) негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыратын негізгі құралдардың, жабдықтардың және мүмкіндіктердің бары туралы растама;
      3) құзыретті органның өзге қызметті жүзеге асыру салдары туралы, Субъекті қызметінің жүзеге асыруға өтініш берген қызметпен технологиялық байланысы туралы қорытынды;
      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретті органның өзге қызметтің қоршаған ортаға әсері туралы қорытындысы;
      5) соңғы аудиторлық тексеріс қорытындысы және оған қосымша;
      6) өтінішке келісім берген жағдайда негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметке қатысты болатын шығыстар;
      7) табиғи монополия саласына қатысты өзге қызметтің олар көрсететін қызметтер (өндіретін тауарлар) көлеміне әсері;
      8) Субъектінің өкіліне берілген сенімхат. 

      7. Негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін Субъект мынандай талаптардың орындалуын қосымша қамтамасыз етуге міндетті:
      1) Субъектінің осы қызметтен алған табысы оны жүзеге асыруға қажетті шығындарды жабуға тиіс;
      2) қызметті жүзеге асыру қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тиісті рыногында бәсекелестікті шектеуге алып келмеуге тиіс;
      3) Субъектінің негізгі қызметті және ол жүзеге асыруға өтініш берген қызмет бойынша жеке есепті қамтамасыз ету. 

      8. Субъект тоқсан сайын Нұсқаулықтың 7-тармағының 1) тармақшасына сай осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көзделген талаптарды орындау туралы есеп беруге міндетті.

  3. Өтініштердің мазмұны, оларды қарау рәсімдері
мен мерзімдері

      9. Негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды келісу үшін Субъект осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында көрсетілген нысандағы өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.

      10. Осы Нұсқаулықтың 3-тармағына сәйкес Субъект уәкілетті органға осы Нұсқаулықта көзделген құжаттар мен ақпараттарды қоса, өтініш береді.
      Өтініштің мәтінінде негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асырудың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыру мақсаты көрсетіледі.

      11. Уәкілетті органға өтінішпен бірге ұсынылған құжаттар мен ақпараттар толық және дұрыс болуға тиіс.
      Ұсынылған құжаттар түпнұсқада болуға немесе олардың көшірмелері болуға тиіс, соңғы жағдайда өтінішке қол қойған өтініш иесі олардың дұрыстығы мен толықтығын жазбаша растауға тиіс.
      Ұсынылған барлық материалдарға өтініш иесі, ал қаржылық құжаттарға - бас бухгалтер қол қоюға тиіс.

      12. Уәкілетті орган, егер:
      1) оның қанағаттануы Субъектінің қызметін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге, тұтынушылармен жасалған шарттарды бұзуға алып келуі мүмкін болған;
      2) өтініш иесі барлық қажетті құжаттар мен ақпараттарды ұсынбаған;
      3) ұсынылған құжаттар мен ақпараттар дұрыс болып табылмаған;
      4) оның қанағаттануы:
      Субъектінің қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) арттыруға;
      қоршаған ортаға теріс әсер етуге;
      үздіксіз байланыстағы технологиялық жүйені бұзуға;
      ұсынылатын қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерін үзуге не едәуір төмендетуге алып келуі мүмкін жағдайларда өтінішті қабылдамауға құқылы.

      13. Уәкілетті органның осы өтінішті және қажетті барлық құжаттар мен ақпараттарды немесе өтініш иесі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттар мен ақпараттарды алудың мүмкін еместігін түсіндіретін себептер туралы мәліметтерді алған күн өтінішті берген күн деп есептеледі.
      Уәкілетті орган қажетті барлық құжаттар мен ақпараттарды қамтымайтын, оларды ұсынбаудың себептері көрсетілмеген немесе көрсетілген өтінішті алған жағдайда, уәкілетті орган оны алған күннен бастап он күннен кешіктірмей өтініш иесін оның өтінішінің қарауға қабылданбағаны туралы жазбаша хабардар етуге тиіс. 

      14. Уәкілетті орган өтінішті алған күннен бастап отыз күндік мерзімде оны қарайды және өтініш иесін қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды. 

      15. Егер шешім қабылдау үшін қосымша құжаттар мен ақпараттар қажет болған жағдайда уәкілетті орган оны Субъектіден сұратуға және өтінішті қарау мерзімін ұзарту туралы хабарламамен қоса сұраным өтініш иесіне өтінішті алған күннен бастап он бес күннен кешіктірмей жіберілген жағдайда өтінішті қарау мерзімін отыз күнге ұзартуға құқылы.
      Құжаттар мен ақпараттар уәкілетті органның талабы бойынша мерзімде ұсынылмаса, ол өтінішті қанағаттандырудан бас тартуға негіз болады. 

      16. Өтінішті қанағаттандырудан бас тартылса Субъект жоғары тұрған уәкілетті органға немесе қолданыстағы заңда көзделген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

      17. Субъект өтінішті берген кезде ұсынылған құжаттар мен ақпараттарға қосымша ретінде Субъектінің пікірі бойынша шешім қабылдау үшін маңызды болып табылатын кез келген ақпаратты уәкілетті органға дербес түрде жіберуге құқылы.

      18. Коммерциялық құпияны құрайтын құжаттар мен ақпараттар Субъектінің міндетті түрде "коммерциялық құпия" деген белгісімен ұсынылады және жеке мұқабамен жіберілуі мүмкін, бірақ сонымен бірге өтініштерді қарауға арналған құжаттар мен ақпараттар пакеттеріне міндетті түрде енгізілуге тиіс.

      19. Құжаттар мен ақпараттардың құрамындағы коммерциялық құпия оларды уәкілетті органға ұсынудан бас тартуға негіз бола алмайды, сонымен бірге Субъект және өзге де мүдделі тараптар құжаттар мен ақпараттар берген кезде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің толық тізбесін айқындайтын ішкі актінің көшірмесін қоса тіркей отырып, коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесін көрсетуге тиіс.

      20. Құжаттар мен ақпараттардың Қазақстан Республикасынан тыс аумақта болуы оларды уәкілетті органға ұсынудан бас тартуға негіз бола алмайды.

      21. Өтініште, құжаттар мен ақпараттарда қамтылған және шешім қабылдау үшін маңызы бар фактілерді өзгертуді өтініш иесі уәкілетті органның назарына жазбаша түрде дереу жеткізеді. Мұндай жағдайларда уәкілетті органның өзгерістер туралы құжаттар мен ақпараттарды алған күн өтінішті алған күн деп есептеледі. Уәкілетті органға болған өзгерістер туралы хабарламау заң актілерінде көзделген жауапкершілікке тартады.

      22. Субъект уәкілетті органға өтінішті Субъектілердің Мемлекеттік тіркелімінде ол орналасқан орын бойынша береді.

      23. Субъектінің уәкілетті органның келісімінсіз негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.

  4. Қорытынды ережелер

      24. Субъектінің негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруына уәкілетті органның келісімін алған тұлға оны жоғары тұрған уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға құқылы.

                           Табиғи монополия субъектісінің негізгі  
                            қызметімен технологиялық байланысты   
                               және (немесе) табиғи монополия      
                              субъектісі саласына қатысты өзге     
                             қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ   
                            Қазақстан Республикасының пошта туралы  
                              заңнамасында белгіленген қызметті    
                              жүзеге асыруды уәкілетті органмен   
                            келісу жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша 

------------------------------------------------------------------
Рет!                       !Өлшем  !Алдыңғы !Есепті!Жыл басынан
 N !                       !бірлігі! тоқсан !тоқсан!бастап өсумен
------------------------------------------------------------------
1.  Қызметтің негізгі түрі
    бойынша тауарларды
    (жұмыстарды, қызметтерді)
    сатудан алынған табыс

2.  Қызметтің негізгі түрі
    бойынша сатылатын
    тауарлардың (жұмыстардың,
    қызметтердің) өзіндік
    құны

3.  Қызметтің негізгі түрі
    бойынша кезең шығыстары,
    оның ішінде

4.  Негізгі қызмет бойынша
    жалпы және әкімшілік
    шығыстары

5.  Негізгі қызмет бойынша
    сатылатын тауарлар
    (жұмыстар, қызметтер)
    жөніндегі шығыстар

6.  Негізгі қызметтен түскен
    табыс (зиян)

7.  Өзге қызмет бойынша
    тауарларды (жұмыстарды,
    қызметтерді) сатудан
    алынған табыс

8.  Өзге қызмет бойынша
    сатылатын тауарлардың
    (жұмыстардың, қызметтердің)
    өзіндік құны

9.  Өзге қызмет бойынша
    кезең шығыстары, оның
    ішінде
    Өзге қызмет бойынша жалпы
    және әкімшілік шығыстары

10. Өзге қызмет бойынша
    сатылатын тауарлар
    (жұмыстар, қызметтер)
    жөніндегі шығыстар

11. Өзге қызметтен түскен
    табыс (зиян)
------------------------------------------------------------------

                           Табиғи монополия субъектісінің негізгі  
                            қызметімен технологиялық байланысты   
                               және (немесе) табиғи монополия      
                              субъектісі саласына қатысты өзге     
                             қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ   
                            Қазақстан Республикасының пошта туралы  
                              заңнамасында белгіленген қызметті    
                              жүзеге асыруды уәкілетті органмен   
                            келісу жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша 

__________________

__________________

                          Өтініш

__________________________________________________________________
                       (қызметтің атауы)

_________________________________________________ жасауға келісім
беру туралы

Негіздеме ________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
     (экономикалық мақсатқа сай есебін көрсетумен Субъектінің
жүзеге асыруға өтініш берген қызметтің сипаты және негізгі
сипаттамасы) Негізгі қызметпен технологиялық байланысты және 
(немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті
жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы
заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыру мүмкіндігін
растайтын негізгі құралдардың, жабдықтардың тізбесі:

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Субъектінің негізгі құралдарының құрамы және пайдаланылу мақсаты:

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Өзге қызметті жүзеге асыру Субъектінің қызметтеріне тарифтің
(бағаның, алым ставкасының) артуына алып келмейтінін және оның
қаржы-шаруашылық қызметін нашарлатуға алып келмейтінін растайтын
есеп
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Субъектінің көрсететін қызметінен (өндіретін тауарынан) алынған
жалпы табыс, оның ішінде табиғи монополия саласына қатысты
қызметтен түскен және негізгі қызметпен технологиялық байланысты
және (немесе) табиғи монополия саласына қатысты қызметтен түскен
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Субъекті жүзеге асыратын қызметтің географиялық шекарасының
болжалды өзгеруі туралы ақпарат __________________________________
__________________________________________________________________

Өтінішке қосымша:
      1) экономикалық мақсатқа сай есебін көрсетумен қызметтің осы 
түрін жүзеге асыру себебі көрсетілуге тиіс өтінішке
анықтама-негіздеме;
      2) Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметіне талдау, оның ішінде
алдыңғы және ағымдағы жылдың бухгалтерлік балансы (қосымшалармен)
және оған түсіндірме жазба;
      3) негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе)
табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге
асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы
заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыратын негізгі
құралдардың, жабдықтардың және мүмкіндіктердің бары туралы растама;
      4) құзіретті органның өзге қызметтің қоршаған ортаға әсері
туралы, өзге қызметті жүзеге асыру салдары туралы, Субъекті
қызметінің жүзеге асыруға өтініш берген қызметпен технологиялық
байланысы туралы қорытынды;
      5) Өзге қызметті жүзеге асыру Субъектінің қызметтеріне
тарифтің (бағаның, алым ставкасының) артуына алып келмейтінін
және оның қаржы-шаруашылық қызметін нашарлатуға алып келмейтінін
растайтын есеп;
      6) Субъектінің көрсетілетін қызметтерден (өндірілген
тауарлардан), оның ішінде табиғи монополия саласына қатысты 
қызметтерден және негізгі қызметпен технологиялық байланысты және
(немесе) табиғи монополия саласына қатысты тұтынушылардың топтар
бойынша бөле отырып, нақты түрде көрсетілетін қызметтердің көлемдер
жөніндегі материалдардан түсетін нақты табыс;
      7) соңғы аудиторлық тексеріс қорытындысы және оған қосымша;
      8) Субъектінің осы Нұсқаулық енгізілгенге дейін негізгі
қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия
саласына қатысты өзге қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыру туралы
ақпарат;
      9) өтінішке келісім берген жағдайда негізгі қызметпен
технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі
саласына қатысты өзге қызметке қатысты болатын шығыстар;
      10) табиғи монополия саласына қатысты өзге қызметтің олар
көрсететін қызметтер (өндіретін тауарлар) көлеміне әсері;
      11) Субъектінің өкіліне берілген сенімхат.

Об утверждении Инструкции по согласованию с уполномоченным органом осуществления субъектом естественной монополии иной деятельности, технологически связанной с основной деятельностью и (или) отнесенной к сфере естественной монополии, а также осуществления деятельности, установленной законодательством Республики Казахстан о почте

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 4 мая 2003 года N 121-ОД. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 мая 2003 года N 2325. Утратил силу - приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 4 марта 2005 года N 70-ОД (V053516)

           В соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 18-1 Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях", с пунктом 4, подпунктом 4) пункта 11 Положения об Агентстве Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 ноября 1999 года N 1713 приказываю:

     1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по согласованию с уполномоченным органом осуществления субъектом естественной монополии иной деятельности, технологически связанной с основной деятельностью и (или) отнесенной к сфере естественной монополии, а также осуществления деятельности, установленной законодательством Республики Казахстан о почте.
     2. Департаменту административной работы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции (Шабдарбаев А.Т.) после государственной регистрации приказа:
     1) обеспечить в установленном законодательством порядке его опубликование в официальных средствах массовой информации;
     2) довести его до сведения структурных подразделений центрального аппарата Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции и его территориальных органов.
     3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции
Амрина А.К.

     4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации.

      Председатель

Утверждена          
приказом Председателя    
Агентства Республики Казахстан
по регулированию естественных
монополий и защите конкуренции
от 4 мая 2003 года N 121-ОД  

Инструкция
по согласованию с уполномоченным органом осуществления
субъектом естественной монополии иной деятельности
технологически связанной с основной деятельностью и (или)
отнесенной к сфере естественной монополии,
а также осуществления деятельности, установленной
законодательством Республики Казахстан о почте

1. Общие положения

     1. Инструкция по согласованию с уполномоченным органом осуществления субъектом естественной монополии иной деятельности, технологически связанной с основной деятельностью и (или) отнесенной к сфере естественной монополий, а также осуществления деятельности установленной законодательством Республики Казахстан о почте (далее - Инструкция) разработана в соответствии с Законом Республики Казахстан "О естественных монополиях".
     2. Целью настоящей Инструкции является определение перечня документов и информации, порядок их представления и рассмотрения при согласовании с уполномоченным органом осуществления субъектом естественной монополии (далее - Субъект) иной деятельности, технологически связанной с основной деятельностью и (или) отнесенной к сфере естественной монополии, а также осуществление деятельности, установленной законодательством Республики Казахстан о почте.
     3. Уполномоченный орган согласовывает осуществление Субъектом иной деятельности, технологически связанной с основной деятельностью и (или) отнесенной к сфере естественной монополии, а также осуществление деятельности, установленной законодательством Республики Казахстан о почте.
     4 Понятия и термины, применяемые в настоящей Инструкции:
     1) географические границы - территория, в пределах которой Субъект предоставляет услуги (производит товары, работы);
     2) иная деятельность, технологически связанная с основной деятельностью - деятельность, без которой технически невозможно осуществление основной деятельности, либо являющаяся составной частью технологического процесса основной деятельности;
     3) компетентный орган - государственный орган, уполномоченный осуществлять регулирование деятельности Субъекта в соответствующей щей отрасли; для Субъекта, находящегося в коммунальной собственности либо оказывающего услуги водохозяйственной и (или) канализационных систем - местные исполнительные органы;
     4) уполномоченный орган - государственный орган (его территориальные органы), осуществляющий контроль и регулирование деятельности в сфере естественной монополии;
     5) ходатайство - заявление Субъекта в письменной форме о даче согласия на совершение действия или сделки.
     5. Действие настоящей Инструкции распространяется на Субъектов, включенных в Государственный регистр Субъектов.

2. Процедура предоставления ходатайств на осуществление
Субъектом иной деятельности, технологически связанной с основной
деятельностью и (или) отнесенной к сфере естественной монополии,
а также осуществлением деятельности, установленной
законодательством Республики Казахстан о почте

     6. Для согласования иной деятельности, технологически связанной с основной деятельностью и (или) отнесенной к сфере естественной монополии, а также осуществления деятельности, установленной законодательством Республики Казахстан о почте, Субъект вместе с ходатайством должен представить в уполномоченный орган следующие документы (информацию):
     1) описание и основные характеристики деятельности, на осуществление которой Субъект подает ходатайство;
     2) подтверждение о наличии основных средств, оборудования и возможности осуществлять иную деятельность, технологически связанную с основной деятельностью и (или) отнесенную к сфере естественной монополии, а также осуществлять деятельность, установленную законодательством Республики Казахстан о почте;
     3) заключение компетентного органа о последствиях осуществления иной деятельности, о технологической связи деятельности Субъекта с деятельностью, на осуществление которой он подает ходатайство;
     4) заключение компетентного органа в области охраны окружающей среды влиянии иной деятельности на окружающую среду;
     5) заключение последней аудиторской проверки и приложения к нему;
     6) затраты, которые в случае согласования ходатайства, будут относиться к иной деятельности, технологически связанной с основной деятельностью и (или) отнесенной к сфере естественной монополии;
     7) влияние иной деятельности, отнесенной к сфере естественной монополии, на объем предоставляемых им услуг (производимых товаров);
     8) доверенность на представителя Субъекта.
     7. Для получения согласования на осуществление иной деятельности, технологически связанной с основной деятельностью и (или) отнесенной к сфере естественной монополии, а также осуществление деятельности, установленной законодательством Республики Казахстан о почте, Субъект обязан дополнительно обеспечить выполнение следующих условий:
     1) доходы, получаемые Субъектом от данной деятельности, должны покрывать затраты, необходимые для ее осуществления;
     2) осуществление деятельности не должно приводить к ограничению конкуренции на соответствующем рынке услуг (товаров, работ);
     3) обеспечение раздельного учета по основной деятельности Субъекта и деятельности, на осуществление которой он подает ходатайство.
     8. Субъект обязан ежеквартально представлять отчет о выполнении условия, предусмотренного подпунктом 1) пункта 7 настоящей Инструкции по форме согласно приложению 1 к настоящей Инструкции.

3. Содержание ходатайств, процедура и сроки их рассмотрения

     9. Для согласования осуществления Субъектом иной деятельности, технологически связанной с основной деятельностью и (или) отнесенной к сфере естественной монополии, а также осуществления деятельности, установленной законодательством Республики Казахстан о почте, Субъект обращается в уполномоченный орган с ходатайством, форма которого приведена в Приложении 2 к настоящей Инструкции.
     10. В соответствии с пунктом 3 настоящей Инструкции Субъект подает в уполномоченный орган ходатайство с приложением документов и информации, предусмотренных настоящей Инструкцией.
     В тексте ходатайства указываются цели, осуществления иной деятельности, технологически связанной с основной деятельностью и (или) отнесенной к сфере естественной монополии, а также виды деятельности, установленной законодательством Республики Казахстан о почте.
     11. Документы и информация, представляемые в уполномоченный орган вместе с ходатайством должны быть полными и достоверными.
     Прилагаемые документы должны представлять собой оригиналы или их копии, в последнем случае руководитель, подписывающий ходатайство, должен письменно подтвердить их достоверность и полноту.
     Все представленные материалы должны быть подписаны руководителем, а финансовые документы - и главным бухгалтером.
     12. Уполномоченный орган вправе отклонить ходатайство в случаях, если:
     1) его удовлетворение может привести к ущемлению прав и законных интересов потребителей услуг Субъекта, нарушению договоров с потребителями;
     2) заявителем не представлены все необходимые документы и информация;
     3) представленные документы и информация являются недостоверными;
     4) его удовлетворение может привести к:
     повышению тарифов (цен, ставок сборов) на услуги Субъекта;
     негативному влиянию на окружающую среду;
     нарушению неразрывно связанной технологической системы;
     прерыванию либо существенному снижению объемов предоставляемых услуг (производимых товаров, работ).
     13. Днем подачи ходатайства считается день получения уполномоченным органом этого ходатайства и всех необходимых документов и информации или сведений о причинах, объясняющих невозможность для Субъекта получения вышеуказанных документов и информации.
     При получении уполномоченным органом ходатайства, не содержащего необходимых документов и информации без указания или с указанием причин их непредоставления, уполномоченный орган должен не позднее десяти дней с даты его получения письменно информировать Субъекта о том, что его ходатайство к рассмотрению не принято.
     14. Уполномоченный орган в тридцатидневный срок со дня получения ходатайства рассматривает его и уведомляет Субъекта в письменной форме о принятом решении.
     15. В случае, если для принятия решения необходима дополнительная информация, уполномоченный орган вправе запросить ее у Субъекта и увеличить срок рассмотрения ходатайства на тридцать дней при условии, что такой запрос вместе с уведомлением о продлении срока рассмотрения ходатайства направлен заявителю не позднее пятнадцати дней со дня получения ходатайства.
     Непредставление в срок по требованию уполномоченного органа документов и информации, является основанием для отклонения ходатайства.
     16. Отказ в удовлетворении ходатайства может быть обжалован Субъектом в вышестоящий уполномоченный орган или в порядке, предусмотренном действующим законодательством.
     17. Субъект при подаче ходатайства вправе самостоятельно в дополнение к представленным документам и информации, направлять в уполномоченный орган любую информацию, которая, по мнению Субъекта, является важной для принятия решения.
     18. Документы и информация, составляющие коммерческую тайну, представляются Субъектом с обязательной пометкой "коммерческая тайна" и могут быть направлены в отдельной обложке, но при этом, должны быть обязательно включены в пакет документов и информации для рассмотрения ходатайства.
     19. Коммерческая тайна в составе документов и информации не может служить основанием отказа в их предоставлении уполномоченному органу, при этом Субъект и иные заинтересованные стороны должны при предоставлении документов и информации уполномоченному органу указать исчерпывающий перечень сведений, составляющих коммерческую тайну с приложением копии внутреннего акта, определяющего перечень сведений, составляющих коммерческую тайну.
     20. Нахождение документов и (или) информации вне территории Республики Казахстан не может служить основанием для отказа в ее предоставлении уполномоченному органу.
     21. Изменение фактов, содержащихся в ходатайстве, документах и информации, и имеющих значение для принятия решения, незамедлительно доводится заявителем до сведения уполномоченного органа в письменном виде. В таких случаях днем получения ходатайства считается день получения уполномоченным органом документов и информации об изменениях. Несообщение уполномоченному органу о произошедших изменениях влечет за собой ответственность, предусмотренную законодательными актами.
     22. Субъект подает ходатайство в уполномоченный орган по месту его нахождения в Государственном регистре Субъектов.
     23. Осуществление Субъектом иной деятельности, технологически связанной с основной деятельностью и (или) отнесенной к сфере естественной монополии, а также осуществление деятельности, установленной законодательством Республики Казахстан о почте без согласования с уполномоченным органом запрещается.

4. Заключительные положения

     24. Лица, получившие согласование уполномоченного органа об осуществлении Субъектом иной деятельности, технологически связанной с основной деятельностью и (или) отнесенной к сфере естественной монополии, а также об осуществлении деятельности, установленной законодательством Республики Казахстан о почте, вправе обжаловать его в вышестоящий уполномоченный орган или в суд.

Приложение 1          
к Инструкции по согласованию   
с уполномоченным органом     
осуществления субъектом      
естественной монополии иной   
деятельности, технологически   
связанной с основной деятельностью
и (или) отнесенной к сфере    
естественной монополии, а также  
осуществления деятельности,    
установленной законодательством
Республики Казахстан о почте   

-------------------------------------------------------------------
N  !                        !Единица!Предыдущий!Отчетный!С нараста-
п/п!                        !измере-!квартал   !квартал !нием с на-
  !                        !ния    !          !        !чала года
-------------------------------------------------------------------
1.  Доход от реализации
   товаров (работ, услуг)
   по основному виду
   деятельности

2.  Себестоимость реализуе-
   мых товаров (работ,
   услуг) по основному
   виду деятельности

3.  Расходы периода по
   основному виду
   деятельности в том
   числе

4.  Общие и административ-
   ные расходы по основной
   деятельности

5.  Расходы по реализуемым
   товарам (работам,
   услугам) по основной
   деятельности

6.  Доход (убыток) от
   основной деятельности

7.  Доход от реализации
   товаров (работ, услуг)
   по иной деятельности

8.  Себестоимость реализуе-
   мых товаров (работ,
   услуг) по иной деятель-
   ности

9.  Расходы периода по иной
   деятельности, в том
   числе:
   общие и административные
   расходы по иной деятель-
   ности

10. Расходы по реализуемым
   товарам (работам,
   услугам) по иной
   деятельности

11. Доход (убыток) от иной
   деятельности
-------------------------------------------------------------------

Приложение 2          
к Инструкции по согласованию   
с уполномоченным органом     
осуществления субъектом      
естественной монополии иной   
деятельности, технологически   
связанной с основной деятельностью
и (или) отнесенной к сфере    
естественной монополии, а также  
осуществления деятельности,    
установленной законодательством
Республики Казахстан о почте   

_____________________
_____________________

                          Ходатайство

о даче согласия на совершение _____________________________________
___________________________________________________________________
                  (наименование деятельности)

Обоснование _______________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(описание и основные характеристики деятельности, на осуществление
     которой Субъект подает ходатайство, с указанием расчета
              экономической целесообразности)

Перечень основных средств, оборудования, подтверждающие наличие возможности осуществлять иную деятельность, технологически связанную с основной деятельностью и (или) отнесенную к сфере естественной монополии, а также осуществлять деятельность, установленную законодательством Республики Казахстан о почте:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Состав и назначение основных средств Субъекта:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Расчет, подтверждающий, что совершение иной деятельности не приведет к повышению тарифа (цены, ставки сбора) на услуги Субъекта и не приведет к ухудшению его финансово-хозяйственной деятельности ______________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Общий доход Субъекта от оказываемых услуг (производимых товаров), в том числе от услуг, отнесенных к сфере естественной монополии и от технологически связанной с основной деятельностью и (или) отнесенной к сфере естественной монополии _________________________
___________________________________________________________________

Информация о предполагаемом изменении географических границ осуществления Субъектом деятельности ______________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

     Приложение к ходатайству:
     1) справка - обоснование к ходатайству, в которой должны быть указаны причины осуществления данного вида деятельности с представлением расчета экономической целесообразности;
     2) анализ финансово-хозяйственной деятельности Субъекта, в том числе бухгалтерский баланс за предыдущий и текущий годы (с приложениями) и пояснительная записка к нему;
     3) подтверждение о наличии основных средств, оборудования и возможности осуществлять иную деятельность, технологически связанную с основной деятельностью и (или) отнесенную к сфере естественной монополии, а также осуществлять деятельность, установленную законодательством Республики Казахстан о почте;
     4) заключения компетентного органа о влиянии иной деятельности на окружающую среду, о последствиях осуществления иной деятельности, о технологической связи деятельности Субъекта с деятельностью, на осуществление которой он подает ходатайство;
     5) расчет, подтверждающий, что совершение иной деятельности не приведет к повышению тарифа (цены, ставки сбора) на услуги Субъекта и не приведет к ухудшению его финансово-хозяйственной деятельности;
     6) расчет дохода Субъекта от оказываемых услуг (производимых товаров), в том числе от услуг, отнесенных к сфере естественной монополии и от технологически связанной с основной деятельностью и (или) отнесенной к сфере естественной монополии, материалы по объемам оказываемых услуг в натуральном выражении с разбивкой по группам потребителей;
     7) заключение последней аудиторской проверки и приложения к нему;
     8) информация об осуществлении Субъектом до введения настоящей Инструкции иной деятельности, технологически связанной с основной деятельностью и (или) отнесенной к сфере естественной монополии, а также деятельности, установленной законодательством Республики Казахстан о почте;
     9) затраты, которые в случае согласования ходатайства, будут относиться к иной деятельности, технологически связанной с основной деятельностью и (или) отнесенной к сфере естественной монополии;
     10) влияние иной деятельности, отнесенной к сфере естественной монополии, на объем предоставляемых им услуг (производимых товаров);
     11) доверенность на представителя Субъекта.