Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Кеден брокерінің тауарлар мен көлік құралдарының есебін және есептілігін жүргізуі, уақытша сақтаудағы тауарлар мен көлік құралдары туралы есеп жүргізу және кеден органына есептілік ұсыну, кедендік бақылаудағы өткізілетін тауарлардың есебін жүргізу және олар бойынша кеден тасымалдаушысының есептілік ұсыну ережесі;
2) Кеден режимдері шеңберінде ресімделетін тауарлар туралы есептің және есептілік ұсынудың ережесі;
3) Шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдары бойынша есеп жүргізу мен есептілік ұсынудың ережесі бекітілсін.
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
"Кеден органдарының алдында
есеп және есептілік жүргізу туралы"
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
27 мамырдағы N 250 бұйрығымен
бекітілген
Кеден брокерінің тауарлар мен көлік құралдарының есебін және
есептілігін жүргізуі, уақытша сақтаудағы тауарлар мен
көлік құралдары туралы есеп жүргізу және кеден органына
есептілік ұсыну, кедендік бақылаудағы өткізілетін
тауарлардың есебін жүргізу және олар бойынша кеден тасымалдаушысының есептілік ұсыну ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кеден брокерінің тауарлар мен көлік құралдарының есебін және есептілігін жүргізуі, уақытша сақтаудағы тауарлар мен көлік құралдары туралы есеп жүргізу және кеден органына есептілік ұсыну, кедендік бақылаудағы өткізілетін тауарлардың есебін жүргізу және олар бойынша кеден тасымалдаушысының есептілік ұсыну ережесі Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі)
68, 94, 97, 102, 398-баптарына сәйкес әзірленді және кеден брокерінің тауарлар мен көлік құралдарының есебін және есептілігін жүргізуі, уақытша сақтаудағы тауарлар мен көлік құралдары туралы есеп жүргізу және кеден органына есептілік ұсыну, кедендік бақылаудағы өткізілетін тауарлардың есебін жүргізу және олар бойынша кеден тасымалдаушысының есептілік жүргізуінің тәртібін айқындайды.
2. Кеден брокері ресімдеген тауарлар мен көлік құралдары жазбаша және электронды нысандарда есебін жүргізуге жатады. Тауарлар мен көлік құралдарының есебін кеден брокері және оның филиалдары жүргізеді.
3. Уақытша сақтау орындарының иелері уақытша сақтау орнына түсетін, сақталып жатқан (оның ішінде - көлік құралдарындағы) және әкетілген тауарлар мен (немесе) көлік құралдары туралы есеп жүргізеді және олар бойынша кеден органдарына есептілік ұсынады.
4. Кедендік тасымалдаушы (оның құрылымдық бөлімшесі), сондай-ақ кеден органдары кедендік бақылаудағы өткізілетін тауарлардың есебін жүргізеді.
2. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу
бойынша кеден брокерінің есебін жүргізуінің тәртібі
5. Есеп жүргізу жүйесіне:
1) Белгіленген нысан бойынша (1-қосымша) кедендік бақылауға жататын және кеден брокері ресімдеген тауарлар және көлік құралдарының есебін жүргізу кітабы;
2) Белгіленген нысан бойынша (2-қосымша) ұсынатын тұлғалармен жасалған шарттардың тізілім кітабы енгізілуі қажет.
6. Тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу кітабы және жасалған шарттардың тізілім кітабы бір күнтізбелік жылға ашылады. Кітап алдын ала тігілген және нөмірленген болуы керек.
Тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу кітабына және жасалған шарттардың тізілім кітабына кеден брокері немесе оның филиалы қызмет жасайтын аймақтағы кеден органының бастығы немесе оның орнындағы адам қол қояды, бұдан кейін оларды кеден органының мөрімен куәландырады.
7. Кеден брокері ағымдағы күнтізбелік жылдың соңғы жазба жасағаннан кейін аталған кітаптар кеден органына тексеруге тапсырылады. Тексеру аяқталғаннан кейін кітаптар кеден брокеріне қайтарылады және кеден брокері белгіленген мерзім ішінде сақтайды.
Кітапты тексергеннен кейін қосымша жазбалар мен түзетулерге жол берілмейді.
8. Тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу кітабы мен жасалған шарттардың тізілім кітабы кеден органының уәкілетті лауазымды адамдарына олардың талап етуі бойынша ұсынылады.
3. Кеден брокерлерінің тауарлар мен көлік құралдары туралы
есептілікті жүргізуінің тәртібі
9. Кеден брокері және оның филиалы тоқсан сайын тоқсан аяқталғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей есеп жүргізетін кеден органына есептілік мерзіміндегі тауарлар мен көлік құралдары туралы есептілікті ұсынуға міндетті.
10. Есептіліктің нысанына сәйкес (3-қосымша) жасалған мұндай операциялардың есептілігіне кеден брокерінің (оның құрылымдық бөлімшесінің) басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрмен куәландырылады.
11. Кеден брокері өз қызметін жүзеге асыруға байланысты құжаттарды тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу бойынша ағымында соңғы операция, кеден ісі саласындағы басқа да делдалдық функциялар атқарылған не операциялардың есебін жүргізу кітабы мен жасалған шарттардың тізілім кітабында соңғы жазба жасалған жыл аяқталғаннан кейін саналатын 5 жыл ішінде сақтауы тиіс.
4. Уақытша сақтауда тұрған тауарлар мен көлік
құралдарының есебін жүргізу
12. Уақытша сақтауда тұрған тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу жүйесі:
1) есеп жүргізу кітабынан;
2) есеп жүргізудің кедендік құжатынан тұрады.
13. Есеп жүргізу кітабы есеп жүргізудің автоматтандырылған жүйесіне қарамастан белгіленген нысан бойынша (4-қосымша) жүргізіледі.
Қысқаша декларация есеп жүргізудің кедендiк құжаттары болып табылады.
14. Кедендік құжаттардың автоматтандырылған бақылауын қамтамасыз ету мақсатында кеден органы қысқаша декларациялардың электронды көшірмелерін қалыптастыру, есебін жүргізу, сондай-ақ оларды кеден органдарына беру үшін уақытша сақтау орындарының иегерлеріне бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынады.
15. Уақытша сақтауда тұрған тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу құжаттары: есебін жүргізу кiтабы үшiн - есебін жүргізу кiтабындағы соңғы жазба бойынша тауар босатылған күннен бастап; есебін жүргізудің кедендiк құжаттары үшiн - тауар босатылған күннен бастап бес жыл бойы сақталады.
16. Кеден органының жазбаша талабы бойынша уақытша сақтау орнының иесі кеден органы белгiлейтiн уақыттың бүкiл кезеңiнде уақытша сақталуда тұрған және/немесе сонда бар тауарлар мен көлiк құралдары туралы есеп беруге тиістi.
17. Көлік құралдарында сақталатын тауарлардың есебін уақытша сақтау орны болып табылатын ашық алаңдардың иелерi жүргізеді.
18. Уақытша сақтау орнының иегері тауарлар мен көлiк құралдарының есебін жүргізудің автоматтандырылған жүйесiн кеден органдарының тексеруiне мүмкiндiк беруге тиістi.
19. Кеден кодексінің 477-бабына сәйкес кеден органы уақытша сақтау орындарында сақталатын тауарлар мен көлік құралдарының түгендеуін жүргізуге құқылы. Қараңыз.K100296
5. Кеден тасымалдаушы кедендік бақылаумен өткізетін
тауарлардың есебі және олар бойынша есептілік ұсыну
20. Кеден тасымалдаушысы (оның құрылымдық бөлімшесі) кедендік бақылаумен өткізілетін тауарлардың есебін белгіленген нысан бойынша (5-қосымша) есеп жүргізу кітабын жүргізу жолымен жүзеге асырады.
Есеп жүргізу кітабы күнтізбелік жыл бойынша жүргізіледі. Кітап алдын ала тігілген, нөмірленген және кеден тасымалдаушысы (оның құрылымдық бөлімшесі) тұратын қызмет аймағындағы кеден органы басшысының не оның орнындағы адамның қолымен бекітілген болуы тиіс.
Ағымдағы күнтізбелік жылдың соңғы жазбасы жасалғаннан кейін есеп жүргізу кітабы кеден органына тексеруге тапсырылады. Тексеру аяқталғаннан кейін есеп жүргізу кітабы кедендік тасымалдаушыға қайтарылады және ол бес жылдан кем емес сақталады. Кітапты тексергеннен кейін қосымша жазбалар мен түзетулерге жол берілмейді.
Есеп жүргізу кітабы кеден органының лауазымды адамдарына олардың талап етуі бойынша ұсынылады.
21. Тауарларды әрбір өткізген кезінде кеден тасымалдаушысы кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізген кезде немесе транзиттің кеден режимі кезінде пайдаланылатын кедендік құжаттың қосымша парағын толтырады. Аталған қосымша парақ кеден тасымалдаушысының кедендік бақылаудағы тауарларды өткізуінің есебін жүргізуші кеден органына жіберіледі.
22. Кеден тасымалдаушысы және (оның құрылымдық бөлімшесі) тоқсан сайын келесі тоқсанның бірінші айының 5 күнінен кешіктірмей кедендік бақылаудағы тауарлардың есебін жүргізуші кеден органына есептілік кезең ішінде кедендік бақылауда болған тауарлар туралы қорытынды есепті ұсынуға, ал олар тіркелген кеден органына есептілік кезеңіндегі сол кеден тиісті.
Есеп, кедендік бақылаудағы тауарлардың есебін белгіленген нысанға сәйкес жасалады, кеден тасымалдаушысы (оның құрылымдық бөлімшесінің), бас бухгалтер қол қояды және мөрмен куәландырылады.
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
27 мамырдағы N 250 бұйрығымен
бекітілген
Кеден брокерінің тауарлар мен
көлік құралдарының есебін және
есептілігін жүргізуі, уақытша
сақтаудағы тауарлар мен көлік
құралдары туралы есеп жүргізу
және кеден органына есептілік
ұсыну, кедендік бақылаудағы
өткізілетін тауарлардың есебін
жүргізу және олар бойынша кеден
тасымалдаушысының есептілік
ұсыну ережесіне 1-қосымша
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу бойынша
операциялардың есеп кітабы
-------------------------------------------------------------------
р/б Кеден Жөнелтушінің ЖКД Кеден ре. Статис. Кеден Кеден
органы (алушының) N жимінің тикалық алым. баждары
атауы және коды (ЖКД құны дары
кеден бро. тұрпаты)
керімен шарт.
тың нөмірі
-------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8
------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
-------------------------------------------------------------------
Акциздер ҚҚС Кейінге Кейінге Әкімшілік ! Оның ішінде шартты түрде
қалдыр. қалдыр. айыппұл !-------------------------
ғаны ғаны !Кеден!Кеден!Акциз! ҚҚС
үшін үшін !алым.!баж. ! !
пайыз өсім !дары !дары ! !
-------------------------------------------------------------------
Мың теңге есептелді
-------------------------------------------------------------------
9 10 11 12 13 14 15 16 17
-------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
27 мамырдағы N 250 бұйрығымен
бекітілген
Кеден брокерінің тауарлар мен
көлік құралдарының есебін және
есептілігін жүргізуі, уақытша
сақтаудағы тауарлар мен көлік
құралдары туралы есеп жүргізу
және кеден органына есептілік
ұсыну, кедендік бақылаудағы
өткізілетін тауарлардың есебін
жүргізу және олар бойынша кеден
тасымалдаушысының есептілік
ұсыну ережесіне 2-қосымша
Жасалған шарттардың тізілімі кітабы
-------------------------------------------------------------------
Р/б Ұйымның Шарттың нөмірі Қорытындының күні Қолданылу мерзімі
атауы
-------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5
-------------------------------------------------------------------
Ескерту: шарттың нөмірі мынадай түрде жазылады:
ХХХХХХХ/ҮҮҮҮ/ZZZZ -
ХХХХХХХ - кеден брокері лицензиясының нөмірі;
ҮҮҮҮ - күнтізбелік жыл;
ZZZZ - шарттың реттік нөмірі.
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
27 мамырдағы N 250 бұйрығымен
бекітілген
Кеден брокерінің тауарлар мен
көлік құралдарының есебін және
есептілігін жүргізуі, уақытша
сақтаудағы тауарлар мен көлік
құралдары туралы есеп жүргізу
және кеден органына есептілік
ұсыну, кедендік бақылаудағы
өткізілетін тауарлардың есебін
жүргізу және олар бойынша кеден
тасымалдаушысының есептілік
ұсыну ережесіне 3-қосымша
___________жылғы ____________тоқсандағы
тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу бойынша
операциялар туралы есеп
-------------------------------------------------------------------
Кеден ЖКД Статис. Кеден Кеден Акциздер ҚҚС Кейінге Кейінге қалдыр.
режи. N тикалық алым. баж. қалдыр. ғаны үшін өсім
мінің құны дары дары ғаны
коды үшін
(ЖКД пайыз
тұр.
паты)
-------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8 9
-------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
-------------------------------------------------------------------
Әкімшілік!Оның ішінде шартты түрде!Өз қызметінің саласын шектеу
айыппұл ! !кезінде толтырылады
!------------------------!--------------------------------
!Кеден!Кеден!Акциз!ҚҚС !СЭҚ ТН !Тауарлар тасымалданатын
!алым.!баж. ! ! !сәйкес !көлік түрі
!дары !дары ! ! !тауар. !
! ! ! ! !лар тобы!
-------------------------------------------------------------------
Мың теңге есептелді
-------------------------------------------------------------------
10 11 12 13 14 15 16
-------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
27 мамырдағы N 250 бұйрығымен
бекітілген
Кеден брокерінің тауарлар мен
көлік құралдарының есебін және
есептілігін жүргізуі, уақытша
сақтаудағы тауарлар мен көлік
құралдары туралы есеп жүргізу
және кеден органына есептілік
ұсыну, кедендік бақылаудағы
өткізілетін тауарлардың есебін
жүргізу және олар бойынша кеден
тасымалдаушысының есептілік
ұсыну ережесіне 4-қосымша
Уақытша сақтаудағы тауарлар мен көлік құралдарының
есеп кітабы
-------------------------------------------------------------------
N КІРІС
-------------------------------------------------------------------
Қойылған Есеп Тауарлар Тауардың Орын Таза сал. Қоймадағы орна.
күні жүргі. мен көлік атауы, саны мағы (тон. ластыру орны
зудің құралдар. көлік намен) (бокстың N және
кеден. ын орна. құрал. т.б.)
дік ластыр. дары
құжа. ған адам туралы
тының мәлі.
N меттер
(ХЖТ
кітабы.
ның N)
-------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8
-------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
-------------------------------------------------------------------
КІРІС ШЫҒЫС Ес.
керту
-------------------------------------------------------------------
Тауарларды Қоймадан ЖКД Орын саны Таза Тауарларды немесе
қабылдаған нақты N сал. көлік құралдарын
адамның қолы берілген мағы берген адамның
күні (кг) қолы
-------------------------------------------------------------------
9 10 11 12 13 14 15
-------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
27 мамырдағы N 250 бұйрығымен
бекітілген
Кеден брокерінің тауарлар мен
көлік құралдарының есебін және
есептілігін жүргізуі, уақытша
сақтаудағы тауарлар мен көлік
құралдары туралы есеп жүргізу
және кеден органына есептілік
ұсыну, кедендік бақылаудағы
өткізілетін тауарлардың есебін
жүргізу және олар бойынша кеден
тасымалдаушысының есептілік
ұсыну ережесіне 5-қосымша
Кеден тасымалдаушысы кедендік бақылаумен тауарларды
өткізуінің және олар бойынша есептілігінің есеп кітабы
------------------------------------------------------------------
Р/б ЖКД Тасымал. Жөнелтетін Баратын Тасымалдаудың Көлік құра.
N N даудың кеден ор. кеден аяқталған күні лының түрі,
басталған ганы органы маркасы,
күні мем.тіркеу
нөмірі
------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7
------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
-------------------------------------------------------
Тауардың атауы Тауардың Км-гі қашықтық Ескерту
тоннадағы
мөлшері
-------------------------------------------------------
8 9 10 11
-------------------------------------------------------
"Кеден органдарының алдында
есеп және есептілік жүргізу туралы"
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
27 мамырдағы N 250 бұйрығымен
бекітілген
Кеден режимдері шеңберінде ресімделетін тауарлар
туралы есептің және есептілік ұсынудың ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кеден режимдері шеңберінде ресімделетін тауарлар туралы есептің және есептілік ұсынудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 110 , 132 , 144 , 161 және 185-баптарына сәйкес әзірленді және кеден қоймасында сақталатын тауарлар туралы есептілікті ұсыну нысаны мен ережесін, тауарды кеден органдарының сақтауға қабылдауы туралы құжаттың нысанын, бажсыз сауда дүкеніне түсетін және одан өткізілетін тауарлар бойынша есеп және есептілігінің нысанын, сондай-ақ тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағында/нан тыс қайта өңдеу кеден режимін пайдалану туралы есептіліктің нысанын белгілейді.
2. Тауарлар туралы есеп жүргізу мен есептілік
2. Кеден қоймасы, кеден органы құрған бажсыз сауда дүкені, уақытша сақтау қоймасы және кеден қоймасы арқылы айналымға түсетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік аумағында/нан тыс қайта өңдеу кеден режимімен өткізілетін тауарлар есебін жүргізуге жатады.
3. Кеден қоймаларының және бажсыз сауда дүкендерінің иегерлері белгіленген нысандар бойынша (1, 2-қосымша) есеп жүргізеді және тоқсан сайын кеден қоймасына келіп түскен, сақталынып жатқан және әкетілген тауарлар және оларды сақтау мерзімдері, сондай-ақ бажсыз сауда дүкеніне келіп түскен және одан өткізілетін тауарлар туралы кеден органдарына есептілік береді.
4. Кеден қоймасында сақталынып жатқан, бажсыз сауда дүкеніне келіп түскен және одан өткізілетін тауарлардың есебін жүргізу кітабы есеп жүргізудің автоматтандырылған жүйесіне қарамастан жүргізіледі. Есеп жүргізу кітаптары алдын ала түптелген, тігілген, нөмірленген және қызмет аймағында кеден қоймасы не бажсыз сауда дүкені кеден органы басшысының не оның орнындағы адамның қолымен, кеден органының мөрімен куәландырылған болуы тиіс. Есеп жүргізу кітаптары күнтізбелік жыл бойынша жүргізіледі.
Есеп жүргізу кітабының нысаны белгіленген үлгіден ауытқуына осы үлгіде көрсетілген барлық мәліметтердің болу шартымен жол беріледі.
5. Кеден қоймасының (бажсыз сауда дүкенінің) иегері кеден органдарының лауазымды адамдарына есеп жүргізу құжаттарына мүмкіндік беруге және кеден органының лауазымды адамдарына бірінші талап етуі бойынша ұсынуға тиісті.
6. Соңғы жазба жасалғаннан кейін есеп жүргізу кітаптары кеден органына тексеруге тапсырылады. Тексеру аяқталғаннан кейін кітаптар иесіне сақтау үшін қайтарылады. Есеп жүргізу кітабын тексергеннен кейін қосымша жазбалар мен түзетулерге жол берілмейді.
7. Кеден қоймасындағы (бажсыз сауда дүкеніндегі) тауарлардың есебін жүргізу құжаттары есебін жүргізу кітабындағы соңғы жазба бойынша тауарлардың шығарылған күнінен бастап 5 жыл сақталады.
8. Кеден органдары есептілікті белгіленген графиктен тыс ұсынуды талап етуге құқылы. Мұндай жағдайда кеден қоймасының, бажсыз сауда дүкенінің иегері есептілікті қызмет аймағында кеден қоймасы (бажсыз сауда дүкені) орналасқан кеден органы басшысының жазбаша талап етуін алғаннан кейін үш күннің ішінде ұсынуы тиіс.
9. Егер кеден қоймасында, бажсыз сауда дүкенінде тауарлардың есебін жүргізудің автоматтандырылған жүйесі пайдаланылса, онда оның иегері кеден органдарына мұндай жүйеге ену мүмкіндігін беруге тиісті.
10. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағында/одан тыс қайта өңдеу кеден режимін пайдаланған жағдайда тауарларды аталған кеден режимдерімен орналастырған тұлға кеден органына белгіленген нысан бойынша (3-қосымша) толық есептілікті ұсынады.
11. Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден органдары құрған уақытша сақтау қоймаларына орналастырушы тұлға, белгіленген нысан бойынша (4-қосымша) есепке жататын тауарларды кеден органының сақтауға қабылдағанын растайтын құжат беріледі.
3. Қорытынды ережелер
12. Осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылық көзделген.
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
27 мамырдағы N 250 бұйрығымен
бекітілген
"Кеден режимдері шеңберінде
ресімделетін тауарлар туралы
есептің және есептілік ұсынудың
ережесі"
1-қосымша
Кеден қоймасындағы тауарлардың есебін жүргізудің нысаны
1-кесте: кеден қоймасындағы сақталатын тауарлар туралы есеп
-------------------------------------------------------------------
Р/б Қоймаға Қоймаға Тауар Мөлшері Қоймадан Қоймадан Мөлшері
N орналас. орналас. атауы шығарған шығар.
тыру күні тырған күні ғандағы
кездегі ЖКД N
ЖКД N
-------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8
-------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
---------------------------
Қоймадағы қалдық Ескерту
---------------------------
9 10
---------------------------
2-кесте: Кеден қоймасында сақталатын тауарлардың есебін жүргізу кітабы
-------------------------------------------------------------------
Р/б Қоймаға Қоймаға Тауар Мөлшері Қоймадан Қоймадан Мөлшері
N орналас. орналас. атауы шығарған шығар.
тыру күні тырған күні ғандағы
кездегі ЖКД N
ЖКД N
-------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8
-------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
---------------------------
Қоймадағы қалдық Жауапты
адамның
аты-жөні,
қолы
---------------------------
9 10
---------------------------
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
27 мамырдағы N 250 бұйрығымен
бекітілген
"Кеден режимдері шеңберінде
ресімделетін тауарлар туралы
есептің және есептілік ұсынудың
ережесі"
2-қосымша
1-кесте: Бажсыз сауда дүкенінің қоймасына орналастырылған
тауарлардың есебін жүргізу кітабы
------------------------------------------------------------------
Р/б Тауарды ЖКД Тауар атауы, Тауарға Орын Салмағы, Тауарды баж.
N бажсыз N мәртебесі ілеспе саны нетто сыз сауда
сауда (отандық, құжат. дүкенінің
дүкені. шетелдік) тардың N қоймасына
нің қой. қабылдаған
масына адамның
орналас. аты-жөні, қолы
тырған
күні
------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8
------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
------------------------------------------------------------------
Бажсыз сауда Бажсыз сауда дүкенінің Бақылаушы кеден органының
дүкенінің қоймасынан сауда уәкілетті лауазымды адамының
қоймасынан залына орналастырыл. аты-жөні, қолы
сауда залына ғандардың мөлшері
орналастырыл. (дана, литр)
ған күні
------------------------------------------------------------------
9 10 11
------------------------------------------------------------------
2-кесте: Бажсыз сауда дүкенінен өткізілетін тауарлардың
есебін жүргізу кітабы
------------------------------------------------------------------
Р/б Тауарды Өткізілген Өткізілген Салмағы, Тауарды Бажсыз Ес.
N сауда тауардың тауардың нетто өткізген сауда керту
залына атауы мөлшері күн дүке.
орналас. (даналарда/ нінде
тырған литрмен) тауар.
күні ды өт.
кізген
жауап.
ты тұл.
ғаның
қолы
------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8
------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
27 мамырдағы N 250 бұйрығымен
бекітілген
"Кеден режимдері шеңберінде
ресімделетін тауарлар туралы
есептің және есептілік ұсынудың
ережесі"
3-қосымша
1. Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасында
қайта өңдеу кеден режимін пайдалану туралы есеп нысаны
1-кесте. Қайта өңдеу үшін әкелінген тауарлар
--------------------------------------------------------------------
Р/б ЖКД Тауар СЭҚ ТН Өлшем мөлшері Әкелінген тауарлардың
N N атауы бойынша мен бірлігі кедендік құны
коды
--------------------------------------------------------------------
!Іс жүзінде!Келісім-шарт !Іс жүзінде!Келісім-шарт
! !бойынша ! !бойынша
--------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8
--------------------------------------------------------------------
СЭҚ ТН кодтары
бойынша барлы.
ғы 1 2 3 4 5
--------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
-----------------------------
Төленген кедендік
тауарлар мен салықтар
-----------------------------
Кеден бажы ! ҚҚС ! Акциз
-----------------------------
9 10 11
-----------------------------
6 7 8
-----------------------------
2-кесте. Қайта өңдеу кезінде пайдаланылған қазақстандық тауарлар
--------------------------------------------------------------------
Р/б !Тауардың атауы!СЭҚ ТН бойынша коды!Өлшем бірлігі!Мөлшері!Құны
N ! ! ! ! !
--------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6
--------------------------------------------------------------------
3-кесте. Қайта өңдеу өнімдері
--------------------------------------------------------------------
Р/б №ЖКД Тауар атауы СЭҚ ТН Өлшем Кедендік Кеден ҚР аумағында
N N бойынша мөлшері құны режи. еркін айналым
коды мен мінің үшін шығару
бірлігі коды кезінде
төленген ке.
дендік төлемдер
мен салықтар
--------------------------------------------------------------------
!Іс!Шығыс!Іс!Келі.! !ҚҚС!Кеден!Акциз
!жү!норма!жү!сім- ! ! !бажы !
!зі!лары !зі!шарт ! ! ! !
!н !бойын!н !бойын! ! ! !
!де!ша !де!ша ! ! ! !
--------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
--------------------------------------------------------------------
СЭҚ ТН кодтары
бойынша барлығы 1 2 3 4 5 6 7 8 9
--------------------------------------------------------------------
4-кесте. Қайта өңдеуден кейін қалған қалдықтар
--------------------------------------------------------------------
Р/б ЖКД Қалдықтардың СЭҚ ТН Өлшем Мөлшері Кеден. Кеден Ескерту
N N атауы бойынша бірлігі дік режи.
коды құны мінің
коды
--------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8 9
--------------------------------------------------------------------
СЭҚ ТН кодтары
бойынша барлығы 1 2 3 4 5 6
--------------------------------------------------------------------
5-кесте. Қайта өңдеу процесінде әкелінген және пайдаланылмаған
тауарлардың қалдығы
--------------------------------------------------------------------
Р/б ЖКД Тауардың СЭҚ ТН Өлшем Мөлшері Кеден. Кеден Ескерту
N N атауы бойынша бірлігі дік режи.
коды құны мінің
коды
--------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8 9
--------------------------------------------------------------------
СЭҚ ТН кодтары
бойынша барлығы 1 2 3 4 5 6
--------------------------------------------------------------------
2. Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан
тыс жерлерде қайта өңдеу кеден режимін пайдалану
туралы есеп нысаны
1-кесте. Қайта өңдеу үшін әкетілген тауарлар
--------------------------------------------------------------------
Р/б ЖКД Тауар СЭҚ ТН Өлшем мөлшері Әкетілген тауарлардың
N N атауы бойынша мен бірлігі кедендік құны
коды
--------------------------------------------------------------------
!Іс жүзінде!Келісім-шарт !Келісім-шарт!Іс жүзінде
! !бойынша !бойынша !
--------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8
--------------------------------------------------------------------
СЭҚ ТН кодтары
бойынша барлы.
ғы 1 2 3 4 5
--------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
----------------------
Төленген төлемеде
----------------------
Кеден бажы
----------------------
9
----------------------
6
----------------------
2-кесте. Қайта өңдеу кезінде пайдаланылған шетелдік тауарлар
--------------------------------------------------------------------
Р/б !Тауардың атауы!СЭҚ ТН бойынша коды!Өлшем бірлігі!Мөлшері!Құны
N ! ! ! ! !
--------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6
--------------------------------------------------------------------
3-кесте. Қайта өңдеу өнімдері
--------------------------------------------------------------------
Р/б №ЖКД Тауар атауы СЭҚ ТН Өлшем Кедендік Төленген кедендік
N N бойынша мөлшері құны тауарлар мен салықтар
коды мен
бірлігі --------------------------------------------------------------------
!Іс!Шығыс!Іс!Келі.!Кеден !ҚҚС!Акциз
!жү!норма!жү!сім- !бажы ! !
!зі!лары !зі!шарт ! ! !
!н !бойын!н !бойын! ! !
!де!ша !де!ша ! ! !
--------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
--------------------------------------------------------------------
СЭҚ ТН кодтары
бойынша барлығы 1 2 3 4 5 6 7 8
--------------------------------------------------------------------
4-кесте. Қайта өңдеуден кейін қалған қалдықтар
--------------------------------------------------------------------
Р/б ЖКД Қалдықтардың СЭҚ ТН Өлшем Мөлшері Кеден. Кеден Ескерту
N N атауы бойынша бірлігі дік режи.
коды құны мінің
коды
--------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8 9
--------------------------------------------------------------------
СЭҚ ТН кодтары
бойынша барлығы 1 2 3 4 5 6
--------------------------------------------------------------------
5-кесте. Қайта өңдеу процесінде әкетілген және пайдаланылмаған
тауарлардың қалдығы
--------------------------------------------------------------------
Р/б ЖКД Қалдықтар. СЭҚ ТН Өлшем Мөлшері Кеден. Кеден Ескерту
N N дың атауы бойынша бірлігі дік режи.
коды құны мінің
коды
--------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8 9
--------------------------------------------------------------------
СЭҚ ТН кодтары
бойынша барлығы 1 2 3 4 5 6
--------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
27 мамырдағы N 250 бұйрығымен
бекітілген
"Кеден режимдері шеңберінде
ресімделетін тауарлар туралы
есептің және есептілік ұсынудың
ережесі"
4-қосымша
___________________________________________
(кеден органы)
N _____ ҚОЙМА КУӘЛІГІ
200 __ жылғы "____" _____________
___________________________________________________________________
(тауарларды УСҚ орналастырған тұлғаның толық атауы немесе аты-жөні)
уақытша сақтау қоймасында сақтауға мынадай тауарлар қабылданды:
--------------------------------------------------------------------
Р/б!Тауарға !УСҚ қабыл. ! Мөлшері ! Тауар!Сақтау !Сақтаған.
N !ілеспе !данған !---------! құны !мерзімі!дығы үшін
!құжаттар. !тауарлардың !Орын!Сал.! (тең)! !кеден
!дың атауы,!атауы ! !мағы! ! !алымдары.
!нөмірі ! ! !(бр.! ! !ның ставкасы
! ! ! !утто! ! !
! ! ! !/нет! ! !
! ! ! !то) ! ! !
--------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8
--------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
----------------------------------------------
Сақтағандығы үшін кеден УСҚ тауарларды беру
алымдарының сомасы кезіндегі ЖКД
----------------------------------------------
9 10
----------------------------------------------
Барлығы:______________________________________________________
(уақытша сақтау қоймасында сақтау үшін төлеуге жататын
______________________________________________________________
кеден алымдарының сомасы
______________________________________________________________
(цифрмен және жазбаша))
Қабылданды: _____________ Берілді: _______________
Мөлшері (орны, салмағы) Мөлшері (орны, салмағы)
____________ ___________ _____________ ____________
қойма бастығы. кеден органы қойма бастығы. кеден органы
ның қолы, лауазымды адамының ның қолы, лауазымды адамының
аты-жөн қолы, ЖНМ аты-жөні қолы, ЖНМ
___________________________ _______________________________
тауарларды уақытша сақтауға УСҚ-нан тауарларды алған
тапсырған тұлғаның лауазымы, тұлғаның лауазымы, аты-жөні,
аты-жөні, қолы қолы
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
27 мамырдағы N 250 бұйрығымен
бекітілген
Шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдары
бойынша есеп жүргізу мен есептілік ұсынудың
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы, Шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдары бойынша есеп жүргізу мен есептілік ұсынудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 451-бабына сәйкес, оларға тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары белгіленген шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Қараңыз.K100296
2. Осы Ереже сыртқы экономикалық қызметке қатысушының пайдаланудың белгіленген шектеулерін, талаптары мен шарттарын сақтау міндеттемесімен немесе кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары (бұдан әрі - тауарлар) бойынша есеп жүргізуі мен пайдаланылған шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдары (бұдан әрі - тауарлар) бойынша Қазақстан Республикасының кеден органына есептілік ұсынуының тәртібін айқындайды.
3. Есебін жүргізуге жататындар:
1) акцизделетіндерден басқа гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін немесе осы аумақтан әкетілетін тауарлар;
2) акцизделетіндерден басқа, әдейі медициналық мақсаттар үшін арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда мемлекеттер, үкіметтер, халықаралық ұйымдар желісі бойынша техникалық көмек көрсетуді қоса алғанда қайырымдылық мақсатында қайтымсыз көмек ретінде Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін немесе осы аумақтан әкетілетін тауарлар;
3) Қаржы салымдары туралы Қазақстан Республикасы заңына сәйкес кеден төлемдерін салудан босатылған тауарлар;
4) ақша белгілерін шығару үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе оның филиалдары әкелетін тауарлар;
5) Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы кеден баждарын салудан босатуды көздейтін кеден режимдерінің шегінде өткізілетін тауарлар;
6) мемлекеттер, үкіметтер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша ұсынылған Қазақстан Республикасының салық заңына сәйкес анықталған гранттың қаражаты есебінен алынған тауарлар;
7) Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорттау үшін көзделген акцизделген өнімдерді маркілеу үшін Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін шетелде шығарылған акциздік маркілер.
2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
есеп жүргізу тәртібі
4. Шартты түрде шығарылған тауарлардың есебін жүргізуді мұндай тауарларды кедендік ресімдеуді жүргізген Қазақстан Республикасының кеден органы жүзеге асырады.
5. Есеп жүргізу тауарларды шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізудің арнайы журналында белгіленген нысан бойынша (1-қосымша) тіркеу жолымен жүргізіледі.
6. Шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу журналы нөмірленген, бауланған және Қазақстан Республикасы кеден органының елтаңбалық мөрімен бекітілген болуы тиіс.
7. Шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу журналында тіркелген тауарлар туралы мәліметтер одан әрі бақылау үшін ай сайын пост кедендік бақылау және инспекторлық тексерулердің аумақтық бөлімшелеріне беріліп отырады.
8. Осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген мәліметтер белгіленген нысан бойынша (2-қосымша) жазбаша және электронды түрде ұсынылады.
9. Қазақстан Республикасы кеден органы Кеден кодексінің 441-бабында белгіленген нысан бойынша шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Қараңыз.K100296
3. Есеп жүргізудің және есептілікті ұсынудың тәртібі
10. Шартты түрде шығарылған тауарларды пайдаланатын адамдар тауарлардың есебін жүргізеді және белгіленген нысанда (3-қосымша) Қазақстан Республикасының кеден органына есептілік ұсынады.
11. Есептілік осы Ереженің 12-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда тоқсан сайын, есептілік тоқсанынан кейінгі айдың 10-шы күніне дейін ұсынылады.
12. Ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының кеден органдары есептілікті осы Ереженің 11-тармағымен белгіленбеген мерзімдерде ұсынуды талап етуге құқылы.
13. Шартты түрде шығарылған тауарлар жөнінде есептілік ұсыну туралы талап еркін нысанда ресімделеді және оған Қазақстан Республикасы кеден органының басшысы қол қояды.
14. Шартты түрде шығарылған тауарларды пайдаланушы адамдар Қазақстан Республикасы кеден органының жазбаша талабын алғаннан кейін есептілікті жеті күннің ішінде ұсынуы тиіс.
4. Қорытынды ережелер
15. Шартты түрде шығарылған тауарларды пайдаланушы адамдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органына есептіліктің ұсынылмауы мен тауарлардың есебін жүргізу тәртібінің сақталмауы үшін жауаптылықта болады.
16. Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар есебінің шүбәсіздігі мен толықтығы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзған және шартты түрде шығарылған тауарларды заңсыз пайдаланған адамдарға уақытылы шара қабылдау үшін жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
27 мамырдағы N 250 бұйрығымен
бекітілген
Шартты түрде шығарылған тауарлар
мен көлік құралдары бойынша есеп
жүргізу мен есептілік ұсынудың ережесіне
1-қосымша
Шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарының
есебін жүргізу журналы
------------------------------------------------------------------
Р/б СЭҚ-қа қатысушының Тіркелу мекен-жайы, ЖКД Тауардың атауы
N атауы СТН, тел/факс N
------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5
------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
------------------------------------------------------------------
СЭҚ ТН коды Рәсім коды Тауар мөлшері Кедендік құн, Төлем
(ЖКД 37 тобы) кг. төлем валюта. валюта.
сында сының
коды
------------------------------------------------------------------
6 7 8 9 10
------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
------------------------------------
Статистикалық құн, Есептен шығару
АҚШ долл. үшін негіздеме
------------------------------------
11 12
------------------------------------
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
27 мамырдағы N 250 бұйрығымен
бекітілген
Шартты түрде шығарылған тауарлар
мен көлік құралдары бойынша есеп
жүргізу мен есептілік ұсынудың ережесіне
2-қосымша
20 __ жылғы ___ _______________________ ресімделген шартты түрде
(ай) (кеден органының атауы)
шығарылған тауарлар жөніндегі мәліметтер
------------------------------------------------------------------
Р/б СЭҚ-қа Тіркелу ЖКД N Тауардың СЭҚ ТН Рәсім коды Тауар
N қатысу. мекен- атауы коды (ЖКД 37 мөлшері кг.
шының жайы, тобы)
атауы СТН,
тел/факс
------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8
------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
------------------------------------------------------------------
Кедендік құн, Төлем валютасының коды Статистикалық Есептен
төлем валютасында құн, АҚШ долл. шығару үшін
негіздеме
------------------------------------------------------------------
9 10 11 12
------------------------------------------------------------------
Кеден органының мәліметтерді жасаған
лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты-жөні.
Қол қоюмен куәландырылады.
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
27 мамырдағы N 250 бұйрығымен
бекітілген
Шартты түрде шығарылған тауарлар
мен көлік құралдары бойынша есеп
жүргізу мен есептілік ұсынудың ережесіне
3-қосымша
__________________________, ________________________, CTH _______
(СЭҚ-қа қатысушының атауы) (тіркеудің мекен-жайы)
___________, шартты түрде шығарылатын тауарларды 20 ___ жылғы ____
(ай)
қолдануы бойынша есептілігі, тел. ____________/ факс _________
--------------------------------------------------------------------
Р/б ЖКД Тауардың СЭҚ ТН Рәсім коды, Мөлшері, Кедендік құн, Төлем
N N атауы коды ЖКД 37 тобы кг./өлшем төлем валют. валю.
бірлігі тасы.
ның
коды
--------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8
--------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
------------------------------------------------------------------
Қолданылған Олар бойынша тауар Тауар қалдығы, кг./өлшем
тауардың мөлшері қолданылған құжаттар бірлігі
------------------------------------------------------------------
9 10 11
------------------------------------------------------------------
Кәсіпорынның/ұйымның басшысы ________________ Тегі, аты-жөні
(қолы)
Кәсіпорын/ұйымның бас бухгалтері ______________ Тегі, аты-жөні
(қолы)
Ұйым/кәсіпорынның мөрімен куәландырылады