Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 252 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 2 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2337. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 258-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Келісілді          
Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникациялар 
министрлігі         
Азаматтық авиация      
комитетінің төрағасы    
27 мамыр 2003 жыл      

Қазақстан Республикасының 
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының       
2003 жылғы 27 мамырдағы  
N 252 бұйрығымен бекітілген
Техникалық қызмет көрсету 
немесе жөндеу кезінде   
ауыстырылған әуе кемелерінің
бөлшектерін кедендік ресімдеу
ережесін бекіту туралы  

Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 258-бабына сәйкес әзірленді және техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеудің тәртібін айқындайды.
      Ауыстырылған әуе кемелерінің бөлшектері - тозған, жарамсыздыққа ұшырағандарын ауыстыруға орнатылған, сондай-ақ қосымша бөлшектер, тозудың техникалық сипатын жоғалтпау және сақтау мақсатында орнатылған (тетіктер, агрегаттар, механизмдер және олардың бөлшектері) бөлшектер.
      2. Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде әуе кемелеріне орнатылған әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеуді Қазақстан Республикасының кеден органдары оларды уақытша сақтауға орналастырмастан жүргізеді.

2. Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде әуе кемелеріне орнатылған әуе кемелерінің бөлшектерін
кедендік ресімдеу

      3. Қазақстандық әуе кемелерінің шетел мемлекетінің қазақстандық авиакәсіпорындары жалға алған аумағында және шетелдік әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының аумағында тұрған уақытында техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде әуе кемелеріне орнатылған әуе кемелерінің бөлшектеріне кедендік ресімдеу жүргізу үшін кеден органына:
      1) осы Ережеде белгіленген мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып белгіленген тәртіппен жүк кедендік декларация. Жүк кедендік декларацияның 44-бағанында 4 санының астына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі жұмыстардың орындалғандығын растайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
      2) жүк кедендік декларацияның электрондық көшірмесі;
      3) атқарылған жұмыстар актісі - нәтижесінде әуе кемесінің бөлшектерін ауыстыру жүргізілген техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі жұмыстардың орындалғандығын растайтын құжаттар. Атқарылған жұмыстар актісінде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
      ауыстырылған бөлшектердің атауы (тетіктер, агрегаттар);
      сызбалық не сериялық нөмірлер;
      ауыстырылған күні;
      4) нәтижесінде әуе кемесінің бөлшектерін ауыстыру жүргізілген техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жөніндегі жұмыстарға арналған, ауыстыру үшін сатып алынған бөлшектерге (тетіктерге, агрегаттарға) арналған инвойс (шот-фактура);
      5) сатып алынған бөлшектерге (тетіктерге, агрегаттарға) арналған жарамдылық сертификаты.
      4. Кеден органының лауазымды адамы осы Ереженің 3-тармағында санамаланған құжаттардың негізінде әуе кемелерінің бөлшектерін тексерусіз кедендік ресімдеуді жүргізеді.
      Қажет болған жағдайда, әуе кемесінің бөлшектерін ауыстыру жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісі әуе кемесіне орнатылған бөлшектердің сызбалық не сериялық нөмірлерін осы Ереженің 3-тармағында санамаланған құжаттарда көрсетілген деректермен салыстыру жолымен тікелей әуе кемесінің бортында жүргізіледі.

3. Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылғаннан кейін кері әкелуге/кері әкетуге жататын әуе кемелерінің бөлшектерін кедендік ресімдеу

      5. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылғаннан кейін кері әкетуге жататын қазақстандық әуе кемелерінің бөлшектеріне кедендік ресімдеу жүргізу кезінде, ауыстырылған және әкетілген бөлшектерді әкелудің бұрын жүзеге асырылуының заңдылығын растау ретінде кеден органына мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) бөлшек ретінде әкелінген жағдайда - жүк кедендік декларация;
      2) әуе кемесінің құрамында әкелінген жағдайда - әуе кемесінің ерекшелігіне бөлшектердің сызбалық не сериялық нөмірлері.

4. Қорытынды ережелер

      6. Осы Ережеде белгіленген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Об утверждении Правил таможенного оформления частей воздушных судов, замененных при совершении технического обслуживания или ремонта

Приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 27 мая 2003 года N 252. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 июня 2003 года N 2337. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 21 сентября 2010 года N 474

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 21.09.2010 N 474.

      В соответствии со статьей 258 Таможенного кодекса Республики Казахстан, приказываю:

      1. Утвердить прилагаемые Правила таможенного оформления частей воздушных судов, замененных при совершении технического обслуживания или ремонта.

      2. Управлению правового обеспечения Агентства таможенного контроля Республики Казахстан (Ансарова И.Ы.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Пресс-службе Агентства таможенного контроля Республики Казахстан (Конлыбаева А.А.) обеспечить опубликование настоящего приказа в средствах массовой информации.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Первого заместителя Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан Ержанова А.К.

      5. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      Председатель

      Согласовано:
      Председатель Комитета
      гражданской авиации
      Министерства транспорта
      и коммуникаций
      Республики Казахстан
      27 мая 2003 года

Утверждены         
приказом Председателя   
Aгентства таможенного контроля
Республики Казахстан   
от 27 мая 2003 года N 252 
"Об утверждении Правил   
таможенного оформления частей
воздушных судов, замененных
при совершении технического
обслуживания или ремонта" 

Правила
таможенного оформления частей воздушных судов,
замененных при совершении технического обслуживания или ремонта

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила таможенного оформления частей воздушных судов, замененных при совершении технического обслуживания или ремонта (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 258 Таможенного кодекса Республики Казахстан и определяют порядок таможенного оформления частей временно ввезенных (вывезенных) воздушных судов, замененных при их техническом обслуживании или ремонте.
      Замененные части воздушных судов - части (детали, агрегаты, механизмы и их части), установленные взамен изношенных, пришедших в негодность, а также дополнительные части, установленные в целях поддержания и сохранения технических характеристик изношенных.

      2. Таможенное оформление частей воздушных судов, установленных на воздушных судах при их техническом обслуживании или ремонте, производится таможенными органами Республики Казахстан без их помещения на временное хранение.

2. Таможенное оформление частей воздушных судов,
установленных на воздушных судах при совершении
технического обслуживания или ремонта

      3. Для производства таможенного оформления частей воздушных судов, установленных на воздушных судах при их техническом обслуживании или ремонте, осуществленном во время нахождения казахстанских воздушных судов и судов, арендованных казахстанскими авиапредприятиями, на территории иностранного государства и иностранных воздушных судов на территории Республики Казахстан, в таможенный орган должны быть предоставлены:
      1) грузовая таможенная декларация, заполненная в установленном порядке с учетом следующих особенностей:
      в графе 44 грузовой таможенной декларации под номером 4 указываются номер и дата документа, подтверждающего выполнение работ по техническому обслуживанию и ремонту;
      2) электронная копия грузовой таможенной декларации;
      3) акт выполненных работ - документ, подтверждающий выполнение работ по техническому обслуживанию и ремонту, в результате которых произошла замена частей воздушного судна. В акте выполненных работ должны быть отражены следующие сведения:
      название замененных частей (деталей, агрегатов);
      чертежные либо серийные номера;
      дата замены;
      4) инвойсы (счета-фактуры) на работы по техническому обслуживанию или ремонту, в результате которых произошла замена частей воздушного судна, на приобретенные части (детали, агрегаты), предназначенные для замены;
      5) сертификат годности или паспорт на приобретенные части (детали, агрегаты).

      4. Должностное лицо таможенного органа на основании перечисленных в пункте 3 настоящих Правил документов производит таможенное оформление частей воздушных судов без досмотра.
      В случае необходимости факт выполнения работ по замене частей воздушного судна проверяется непосредственно на борту воздушного судна путем сверки чертежных либо серийных номеров установленных частей воздушного судна с данными, указанными в документах, перечисленных в пункте 3 настоящих Правил.

3. Таможенное оформление частей воздушных судов,
подлежащих обратному ввозу/обратному вывозу
после замены при их техническом обслуживании или ремонте

      5. При производстве таможенного оформления частей казахстанских воздушных судов, подлежащих обратному вывозу, после замены при их техническом обслуживании или ремонте, осуществленном на территории Республики Казахстан, в качестве подтверждения легальности ранее осуществленного ввоза замененных и вывозимых частей в таможенный орган представляются следующие документы:
      1) в случае ввоза в качестве частей - грузовая таможенная декларация;
      2) в случае ввоза в составе воздушного судна чертежные либо серийные номера частей в спецификации к воздушному судну.

4. Заключительные положения

      6. Нарушение требований, установленных настоящими Правилами, влечет ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.