Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 711 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 158 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2369. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 259 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің жұмыс істеуін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 711 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 29 наурыз-11 сәуір жарияланған, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1538 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1999 тіркелген, 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 362 қаулыларымен бекітілген өзгерістер және толықтырулармен) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесінде:
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "34. Жүйеде ақшаны аудару Ұлттық Банк белгілейтін операциялық күн ішінде жүргізіледі.";
      35-тармақтағы "бақылау мерзімі" деген сөздер "операциялық күн жабылған уақыт" деген сөздермен ауыстырылсын;
      48-тармақтағы "палатасына" деген сөз "ұйымына" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б. Жәмішевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 ноября 1998 года N 242 "Об утверждении Правил переводов денег в межбанковской системе переводов денег", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 711

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 мая 2003 года N 158. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 июня 2003 года N 2369. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 259

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 31.12.2015 № 259 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативной правовой базы, регулирующей функционирование платежной системы Республики Казахстан, Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 ноября 1998 года N 242 "Об утверждении Правил переводов денег в межбанковской системе переводов денег" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 711, опубликованное 29 марта - 11 апреля 1999 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана", с изменениями и дополнениями, утвержденными постановлениями Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 апреля 2001 года N 106 , зарегистрированными в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1538, и от 2 сентября 2002 года N 362 , зарегистрированными в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1999) следующие изменения:
      в Правилах переводов денег в межбанковской системе переводов денег, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 34 изложить в следующей редакции:
      "34. Переводы денег в системе производятся в течение операционного дня, устанавливаемого Национальным Банком.";
      в пункте 35 слова "контрольного срока" заменить словами "времени закрытия операционного дня";
      в пункте 48 слово "палаты" заменить словом "организации".

      2. Управлению платежных систем (Мусаев Р.Н.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан и банков второго уровня.

      3. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Жамишева Б.Б.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      Председатель
      Национального Банка