Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы
N 49
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз) қаулысымен.
_____________________________
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 904 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 27 қыркүйек-10 қазанда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 15 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1424 тіркелген), 2002 жылғы 1 тамыздағы N 279 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1965 тіркелген) және 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 130 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2344 тіркелген) қаулыларымен бекітілген өзгерістер және толықтырулармен бірге) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"инвестициялық заем (кредит) - бұл мынадай талаптарға сәйкес келетін заем (кредит):
1) заем мерзімі жеті және одан астам жылдар;
2) заем шартының талаптарымен тез арада өтеуге (толық немесе ішінара) тыйым салу белгіленген;
3) материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құруға, кеңейтуге және жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қарастыратын заңды тұлғаға оның бизнес-жоспарына сәйкес беріледі.";
11-тармақ мынадай мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"Инвестициялық заемдарда (кредиттерде) борышкердің бизнес-жоспары төмендегілермен шектелмей, мынадай мәліметтерді қарастыруға тиіс:
бизнес-жоспар шеңберінде өндіріс үшін ұсынылатын тауарлар;
өткізу рыноктары, оның ішінде өндірістің болжанатын көлемі және тауарлардың өзіндік құны;
маркетингтің негізгі элементтері (тауарларды тарату кестесі, баға белгілеу, сатуды ынталандыру әдістері);
технологиялық байланыстар кестесімен бірлесіп жасалған жылдар бойынша өндірістің жан-жақты жоспары (өнім сапасын бақылау және өндірістің ықтимал шығындарын бағалау процестері, өндіріс жабдықтарын сатып алу);
тәуекелдерді бағалау және оларды басқару;
жылдар бойынша жан-жақты қаржы жоспары (жылдар бойынша бизнес-жоспарын іске асырудағы қаржы көрсеткіштері және бизнес-жоспарды қаржыландыру көлемі мен инвестициялық кредитті өтеу) және шығыстар сметасы.".
2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.