Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 31 қаңтар N 15. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 12 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1424. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы   N 49   (қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан   қараңыз) қаулысымен.
_____________________________

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы  N 276  қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзім өткеннен кейін күшіне енгізілсін. 
      2. Банктерді қадағалау департаменті (Мекішев А.А.): 
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін. 
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін. 

       Ұлттық Банк
      Төрағасы                                 

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 31 қаңтардағы
N 15  қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
"Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы
жүргізу ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы
N 276 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің
кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелеріне
өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

      1. 1-тармақтағы және бүкіл мәтін бойынша "сыйақы (мүдде)", "сыйақыны (мүддені)" деген сөздер тиісінше "сыйақы", "сыйақыны" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 1-тармақтың соңғы азатжолындағы "сондай-ақ" деген сөзден кейін "осыларға сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. 2-тармақтың:
      бірінші бөлігіндегі "қарыз" деген сөз "заем" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмеген болса, банк кредитті кредит шарты негізінде береді.".
      4. 2-тармақ қайталанатындықтан алынып тасталсын.
      5. 11-тармақтағы:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) заңды тұлғаның қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар нотариалды куәландырылған карточка және банктік заем шартына заем берушінің атынан қол қоюға уәкілетті адамға заем берушінің атынан берілген сенімхат;"; 
      5) және 6) тармақшалар алынып тасталсын; 
      9) тармақшадағы "кредитті пайдалану" деген сөздерден кейін "(мақсатты кредит берілген жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын; 
      10) және 11) тармақшалар алынып тасталсын; 
      12) тармақша "және заем алушының банктің заемдар бойынша берешегінің бар екендігі туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      "13) жеке кәсіпкерлер үшін мемлекеттік тіркелгені өткен (қайта тіркелгені) жөніндегі фактіні растайтын уәкілетті орган берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;
      14) жеке кәсіпкерлер үшін, клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын салық қызметі органы берген, белгіленген нысандағы құжат.";
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Егер Банктің ішкі кредит саясаты туралы ережесінде мұндай шарт көзделген болса, кредит папкасында бизнес-жоспар болуға тиіс.".
      6. 13-тармақтағы "берешектер" деген сөз "кредиттер" деген сөзбен ауыстырылсын.
      7. 16-тармақтың:
      2) тармақшасы алынып тасталсын;
      3) тармақшасындағы "құжаттар" деген сөз "нотариалды куәландырылған құжаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "кепілдемешінің немесе кепілдік берушінің кредит берілген күннен кейінгі қаржылық есебі".
      8. 18-тармақтағы:
      "ай сайынғы қаржылық есептілік пен қарыз берушіден алынатын ақшаның жылжуы туралы есептер негізінде" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Талдау нәтижелері жөніндегі құжаттар кредиттік папкаға қоса тіркелуге тиіс".
      9. 21-тармақтың:
      бірінші бөлігіндегі "19" саны "20" санымен ауыстырылсын;
      2) тармақшаның екінші сөйлемі және 3) тармақша алынып тасталсын.
      10. 25-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) алғашқы заем алушының өз борышын басқа адамға аудару негіздемесі.".
      11. 33-тармақтағы "30-тармағының" деген сөздер "31-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын.
      12. 34-тармақ алынып тасталсын.
      13. Ережелердің қосымшасы алынып тасталсын.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады