Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 754 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктердiң, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттiк қатынастар орнату жөнiндегi ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 11 тамыздағы N 293 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 13 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2489. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттiк қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктердiң, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттiк қатынастар орнату жөнiндегi ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 754 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 10-23 мамырда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережеге өзгерістерді бекіту туралы" 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 355 қаулысымен бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1274 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542 қаулысына өзгерістермен және толықтырулармен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1744 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 13 мамырдағы N 172 қаулысынаөзгерістермен және толықтырулармен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1888 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктердiң, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттiк қатынастарды орнату ережесінде:
      8-2 тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Ұлттық Банктің еншілес ұйымымен корреспонденттік шот шартын жасау үшін Ұлттық Банк Басқармасының корреспонденттік шотты ашу жөніндегі қаулысы талап етілмейді.";

      22-тармақтағы:
      бірінші абзацтағы "банкке немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші абзац алынып тасталсын;

      27-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мұндайда нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру немесе акцептелген нұсқауды қайтарып алу оны алушы банк орындағанға дейін мүмкін болады.";
      54-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын.

      2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Мартюшев Ю.А.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б. Жәмішевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 марта 1999 года N 37 "Об утверждении Правил установления корреспондентских отношений между Национальным Банком Республики Казахстан и банками второго уровня, а также организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 754

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 11 августа 2003 года N 293. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 сентября 2003 г. за N 2489. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 февраля 2014 года № 14

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 03.02.2014 № 14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативной правовой базы, регулирующей корреспондентские отношения между Национальным Банком Республики Казахстан и банками второго уровня Республики Казахстан, а также организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 марта 1999 года N 37 "Об утверждении Правил установления корреспондентских отношений между Национальным Банком Республики Казахстан и банками второго уровня, а также организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 754, опубликованное 10-23 мая 1999 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана", с изменениями и дополнениями, утвержденными постановлениями Правления Национального Банка Республики Казахстан от 7 ноября 2000 года N 355 "Об утверждении изменений в Правила установления корреспондентских отношений между Национальным Банком Республики Казахстан и банками второго уровня, а также организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1274), от 20 декабря 2001 года N 542 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан "Об утверждении Правил установления корреспондентских отношений между Национальным Банком Республики Казахстан и банками второго уровня, а также организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1744), от 13 мая 2002 года N 172 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 марта 1999 года N 37 "Об утверждении Правил установления корреспондентских отношений между Национальным Банком Республики Казахстан и банками второго уровня, а также организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1888) следующие изменения и дополнение:
      в Правилах установления корреспондентских отношений между Национальным Банком Республики Казахстан и банками второго уровня, а также организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 8-2 дополнить предложением следующего содержания:
      "Для заключения договора корреспондентского счета с дочерней организацией Национального Банка не требуется постановления Правления Национального Банка об открытии корреспондентского счета.";
      в пункте 22:
      в абзаце первом слова "банк или" исключить;
      абзац второй исключить;
      абзац второй пункта 27 изложить в следующей редакции:
      "При этом приостановление исполнения указания или отзыв акцептованного указания возможно только до его исполнения банком-получателем.";
      абзац шестой пункта 54 исключить.

      2. Управлению платежных систем (Мусаев Р.Н.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан, банков второго уровня и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций.

      3. Управлению по обеспечению деятельности руководства Национального Банка Республики Казахстан (Мартюшев Ю.А.) опубликовать настоящее постановление в средствах массовой информации.

      4. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Жамишева Б.Б.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
 
        Председатель
   Национального Банка