Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 20 желтоқсан N 542. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 7 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1774. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 V990754_ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                         Қазақстан Республикасының
                                         Ұлттық Банкі Басқармасының
                                        2001 жылғы 20 желтоқсандағы                                                 N 542 қаулысына
                                        "Қазақстан Республикасының
                                         Ұлттық Банкі мен екінші
                                      деңгейдегі банктер, сондай-ақ
                                           банк операцияларының
                                        жекелеген түрлерін жүзеге
                                        асыратын ұйымдар арасында
                                       корреспонденттік қатынастар
                                     орнату ережелерін бекіту туралы"
                                         1999 жылғы 28 наурыздағы
                                       N 37 қаулысына өзгерістер мен
                                        толықтырулар енгізу туралы"
                                                 қосымша

          Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
          "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші
     деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген
      түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік
            қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы"
              1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына
                   өзгерістер мен толықтырулар

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Z952155_ Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Z952444_ Қазақстан Республикасының Заңына, "Ақша төлемі және аударымы туралы" Z980237_ Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді".
      33-тармақта "овернайт" кредитін" деген сөздер "заемдарын" деген сөздермен ауыстырылсын.
      40-тармақта:
      "резервтеуге өтінішті" деген сөздер "қағазға шығарылған" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Ақша резервтеуге электронды әдіспен алынған тапсырыс автоматты түрде өңделеді.".
      41-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) ақша жіберуші болып табылатын банктің корреспонденттік есепшотында инскассалық өкімді және/немесе ақша жіберушінің акцептін талап етпейтін төлем талап/тапсырмасын орындау үшін ақша жеткіліксіз болған кезде.".
      45-тармақта "жинақ" деген сөз "жиынтық электронды" деген сөздермен ауыстырылсын.
      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "46. Қалыптастырылған электронды ведомостар Ұлттық Банктің бөлінген телекоммуникация арналары бойынша Ұлттық Банктің филиалдарына жіберіледі.".
      47-тармақ алынып тасталсын.
      52-тармақта "овернайт" кредитін" деген сөздер "заемын" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады