Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 372 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерін (жинақ кассаларын) құру, жұмыс істеу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 320 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2502. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 202 (V043034) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының банктік заңдарын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерін (жинақ кассаларын) құру, жұмыс істеу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 372 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1997 жылғы 29 қыркүйек - 5 қазанда жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 65 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 27 қарашадағы N 405, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1048 тіркелген 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 444, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1647 тіркелген 2001 жылғы 6 тамыздағы N 299, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2052 тіркелген 2002 жылғы 10 қазандағы N 409 қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерін құру, жұмыс істеу және жабу тәртібі туралы ережеде:
      Ереженің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздер тиісінше "банк қызметін реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      1, 2-тармақтарда, 6-тармақтың бірінші абзацында, 10, 15, 16, 17, 17-1, 18, 19, 26-тармақтарда, Ережеге қосымшада "Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банкте", "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің " деген сөздер тиісінше "уәкілетті органның", "уәкілетті орган", "уәкілетті органда" деген сөздермен ауыстырылсын.
      10-тармақта "банктің қаржылық жағдайы тұрақты болса, есеп айырысу-кассалық бөлім ашу туралы шешім қабылданғанға дейін үш ай бойы пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді сақтаған" деген сөздер "банктердің меншікті капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, оның ішінде соңғы есепті күнгі жағдай бойынша олар есеп айырысу-кассалық бөлім ашқан кезде банктің меншікті капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарын ескере отырып сақтаған" деген сөздермен ауыстырылсын.
      11-тармақтың 2) тармақшасында "есеп айырысу-кассалық бөлімнің үй-жайларын тексеру актісі және қорытындысы" деген сөздер "есеп айырысу-кассалық үй-жайларын тексеру актісінің түпнұсқасы және қорытындысы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      15-тармақта:
      2) тармақшадағы "есеп айырысу-кассалық бөлім ашу туралы шешім қабылданғанға дейін үш ай бойы пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді" деген сөздер "банктердің меншікті капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, оның ішінде олар есеп айырысу-кассалық бөлім ашқан кезде банктің меншікті капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарын ескере отырып" деген сөздермен ауыстырылсын.
      15-тармақтың 3), 4)тармақшалары алынып тасталсын.
      Мынадай мазмұндағы 18-1 тармақпен толықтырылсын:
      "18-1. Есеп айырысу-кассалық бөлім орналасқан жерін өзгерткеннен кейін он күн ішінде банк уәкілетті органға есеп айырысу-кассалық бөлімнің орналасқан жерінің өзгергені туралы банктің уәкілетті органының немесе банктің лауазымды тұлғасының шешімін қоса жібере отырып, есеп айырысу-кассалық бөлімнің орналасқан жерінің өзгергені туралы хабарламаны және осы Ереженің 11-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттарды жібереді.".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 августа 1997 года N 311 "Об утверждении Правил о порядке создания, функционирования и закрытия расчетно-кассовых отделов (сберегательных касс) банков второго уровня", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 372

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 1 сентября 2003 г. N 320. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 сентября 2003 г. за N 2502. Утратило силу - Постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 12 июля 2004 года N 197 (V043034)

      В целях совершенствования банковского законодательства Республики Казахстан
Правление Национального Банка Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. В  постановление  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 августа 1997 года N 311 "Об утверждении Правил о порядке создания, функционирования и закрытия расчетно-кассовых отделов (сберегательных касс) банков второго уровня" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 372, опубликованное 29 сентября - 5 октября 1997 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана"; с изменениями и дополнениями, утвержденными постановлениями Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 ноября 1997 года  N 405 , зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 65, от 25 декабря 1999 года  N 444 , зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1048, от 6 августа 2001 года  N 299 , зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1647, от 10 октября 2002 года  N 409 , зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 2052) внести следующие изменения и дополнение:
      в Правилах о порядке создания, функционирования и закрытия расчетно-кассовых отделов банков второго уровня, утвержденных указанным постановлением:
      в преамбуле Правил слова "Национального Банка Республики Казахстан (далее - Национальный Банк)" заменить словами "уполномоченного органа, осуществляющего регулирование и надзор за банковской деятельностью (далее - уполномоченный орган)";
      в пунктах 1, 2, в абзаце первом пункта 6, в пунктах 10, 15, 16, 17, 17-1, 18, 19, 26, в приложении к Правилам слова "Национального Банка", "Национальный Банк", "Национальным Банком", "Национальном Банке", "Национального Банка Республики Казахстан" заменить словами "уполномоченного органа", "уполномоченный орган", "уполномоченным органом", "уполномоченном органе" соответственно; 
      в пункте 10 слова "устойчивого финансового положения банка, соблюдения им пруденциальных нормативов и других обязательных к соблюдению норм и лимитов в течение трех месяцев, предшествующих принятию решения об открытии расчетно-кассового отдела" заменить словами "соблюдения требований к минимальному размеру собственного капитала банков, в том числе с учетом требований к минимальному размеру собственного капитала банка при открытии им расчетно-кассового отдела по состоянию на последнюю отчетную дату";
      в подпункте 2) пункта 11 слова "акт проверки помещений расчетно-кассового отдела и заключение" заменить словами "оригиналы акта проверки помещений расчетно-кассового отдела и заключения";
      в пункте 15:
      в подпункте 2) слова "пруденциальных нормативов и других обязательных к соблюдению норм и лимитов в течение трех месяцев, предшествующих принятию решения об открытии расчетно-кассового отдела" заменить словами "требований к минимальному размеру собственного капитала банков, в том числе с учетом требований к минимальному размеру собственного капитала банка при открытии им расчетно-кассового отдела;";
      подпункты 3), 4) исключить;
      дополнить пунктом 18-1 следующего содержания:
      "18-1. Банк в течение десяти дней после изменения места нахождения расчетно-кассового отдела направляет в уполномоченный орган извещение об изменении места нахождения расчетно-кассового отдела, с приложением решения уполномоченного органа или должностного лица банка об изменении места нахождения расчетно-кассового отдела и документов, предусмотренных подпунктом 2) пункта 11 настоящих Правил.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту финансового надзора (Бахмутова Е. Л.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С. Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан, банков второго уровня Республики Казахстан и Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".

      4. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Сайденова А.Г.

      Председатель
     Национального Банка