Қазақстан Республикасының банктік заңдарын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерін (жинақ кассаларын) құру, жұмыс істеу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311
қаулысына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 372 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1997 жылғы 29 қыркүйек - 5 қазанда жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 65 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 27 қарашадағы N 405, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1048 тіркелген 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 444, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1647 тіркелген 2001 жылғы 6 тамыздағы N 299, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2052 тіркелген 2002 жылғы 10 қазандағы N 409 қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерін құру, жұмыс істеу және жабу тәртібі туралы ережеде:
Ереженің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздер тиісінше "банк қызметін реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын.
1, 2-тармақтарда, 6-тармақтың бірінші абзацында, 10, 15, 16, 17, 17-1, 18, 19, 26-тармақтарда, Ережеге қосымшада "Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банкте", "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің " деген сөздер тиісінше "уәкілетті органның", "уәкілетті орган", "уәкілетті органда" деген сөздермен ауыстырылсын.
10-тармақта "банктің қаржылық жағдайы тұрақты болса, есеп айырысу-кассалық бөлім ашу туралы шешім қабылданғанға дейін үш ай бойы пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді сақтаған" деген сөздер "банктердің меншікті капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, оның ішінде соңғы есепті күнгі жағдай бойынша олар есеп айырысу-кассалық бөлім ашқан кезде банктің меншікті капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарын ескере отырып сақтаған" деген сөздермен ауыстырылсын.
11-тармақтың 2) тармақшасында "есеп айырысу-кассалық бөлімнің үй-жайларын тексеру актісі және қорытындысы" деген сөздер "есеп айырысу-кассалық үй-жайларын тексеру актісінің түпнұсқасы және қорытындысы" деген сөздермен ауыстырылсын.
15-тармақта:
2) тармақшадағы "есеп айырысу-кассалық бөлім ашу туралы шешім қабылданғанға дейін үш ай бойы пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді" деген сөздер "банктердің меншікті капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, оның ішінде олар есеп айырысу-кассалық бөлім ашқан кезде банктің меншікті капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарын ескере отырып" деген сөздермен ауыстырылсын.
15-тармақтың 3), 4)тармақшалары алынып тасталсын.
Мынадай мазмұндағы 18-1 тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Есеп айырысу-кассалық бөлім орналасқан жерін өзгерткеннен кейін он күн ішінде банк уәкілетті органға есеп айырысу-кассалық бөлімнің орналасқан жерінің өзгергені туралы банктің уәкілетті органының немесе банктің лауазымды тұлғасының шешімін қоса жібере отырып, есеп айырысу-кассалық бөлімнің орналасқан жерінің өзгергені туралы хабарламаны және осы Ереженің 11-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттарды жібереді.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы