Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 93
қаулысымен
.
_________________________
Елтаңбалық қағаз шығару бойынша қызметті лицензиялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Елтаңбалық қағаз шығаруды лицензиялау бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2233 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 21 сәуір - 4 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Елтаңбалық қағаз шығаруды лицензиялау бойынша нұсқаулыққа:
4-тармақ "(бұдан әрі - біліктілік талаптары)" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың 3) тармақшасындағы екінші абзацта мемлекеттік тілдегі мәтініндегі "мен оны төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленеді" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ұлттық Банк өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады.";
мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:
"8-1. Комиссия өтініш берушіні тексеру нәтижелері бойынша заңды тұлғаның (заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның) елтаңбалық қағаз шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға дайындығы туралы акт (бұдан әрі - акт) жасайды.
8-2. Акт 2 (екі) данада жасалады және оған комиссия төрағасы, барлық мүшелері және өтініш берушінің бірінші басшысы не оның орнындағы адам қол қояды. Актінің бір данасы өтініш берушіге беріледі.
Комиссия актісінің негізінде өтініш берушіге елтаңбалық қағаз шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы жазбаша қорытынды жасайды.
10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Лицензия өтініш берушінің тиісті сенімхаты негізінде өтініш берушінің бірінші басшысына немесе өзге тұлғаға беріледі.";
11-тармақ алынып тасталсын;
3-тараудың атауындағы "лицензияны қайтарып алу" деген сөздерден кейінгі "және" деген шылау "немесе" деген шылаумен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-1-15-4 тармақтармен толықтырылсын:
"15-1. Осы Нұсқаулықтың және Қазақстан Республикасының елтаңбалық қағаз шығаруды лицензиялауды реттейтін заңдары талаптарының сақталуын бақылау мақсатында Ұлттық Банк лицензиаттың қызметін жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының елтаңбалық қағаз шығаруды лицензиялауды реттейтін заңдарының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде Ұлттық Банк лицензияның қолданылуын алты ай мерзімге тоқтата тұруға құқылы. Ұлттық Банк Басқармасының лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулысында лицензияның қолданылуын тоқта тұру негіздері және мерзімі көрсетіледі.
15-2. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат ай сайын лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерін жою үшін өзі қабылдаған шаралар туралы Ұлттық Банкке хабарлайды.
15-3. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерін жою жөнінде куәландыратын құжаттарды берген кезде лицензияның қолданылуы Ұлттық Банк Басқармасының тиісті қаулысы негізінде жаңғыртылады.
15-4. Ұлттық Банк лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіздеме болып табылатын құқық бұзушылықтарды жою жөніндегі ақпаратқа растама алу мақсатында лицензиаттың қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.";
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін.