Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру және оны жою ережеcін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 418 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2633. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 234 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 234 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 92-бабын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беру және оны жою ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
      3. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап мынадай нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 22 тамыздағы N 131  қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 388 тiркелген, 1997 жылғы қыркүйекте "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, N 9);
      2) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 22 тамыздағы N 131 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2000 жылғы 23 наурыздағы N 69  қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1115 тiркелген, 2000 жылғы мамырда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, N 5).
      4. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарға жiберсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсiн.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкі Басқармасының     
"Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін 
ұйым мәртебесін беру және     
оны жою ережеcін бекіту туралы" 
2003 жылғы 2 желтоқсандағы     
N 418 қаулысымен бекітілген  

Заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым
мәртебесiн беру және оны жою
ережесi

             Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының (бұдан әрі - Заң) 92-бабына сәйкес әзірленді және заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру және оны жою тәртібін белгілейді.

      1. Бағалы қағаздар рыногына реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) заңды тұлғаға осы заңды тұлғаның мүшелері болып табылатын, бағалы қағаздар рыногында қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыратын кәсіби қатысушылардың өтініші мен тізімінің негізінде өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін береді.
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 407   қаулысымен

      2. Уәкілетті орган өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру үшін ұсынылған құжаттарды алынған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды.

      3. Уәкілетті орган құжаттар пакеті толық ұсынылмаған немесе олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайда заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беруден бас тартады.

      4. Заңды тұлға  Заңның 92-бабы 1-тармақтың талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін береді.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 407   қаулысымен

      5. Уәкілетті орган өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі Заңның  92-бабының 1-тармақтың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда оның өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін жою туралы шешім қабылдауға құқылы.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 407   қаулысымен .

      6. Уәкілетті орган заңды тұлғаның өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін жою туралы шешімді заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі туралы ақпарат алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.

      7. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Об утверждении Правил присвоения юридическому лицу статуса саморегулируемой организации и его утраты

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 декабря 2003 года № 418. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 декабря 2003 года № 2633. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 234

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 24.08.2012 № 234.

      В целях реализации  статьи 92  Закона Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг" Правление Национального Банка Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила присвоения юридическому лицу статуса саморегулируемой организации и его утраты.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан. 

      3. Со дня введения в действие настоящего постановления признать утратившими силу следующие нормативные правовые акты:
      1)  постановление  Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 22 августа 1997 года N 131 "Об утверждении Правил осуществления деятельности саморегулируемых организаций профессиональных участников рынка ценных бумаг в Республике Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 388, опубликовано в сентябре 1997 года в журнале "Рынок ценных бумаг Казахстана" N 9);
      2)  постановление  Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 23 марта 2000 года N 69 "О внесении изменений в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "Об утверждении положения "О деятельности саморегулируемых организаций профессиональных участников рынка ценных бумаг" от 22 августа 1997 года N 131", (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1115, опубликовано в мае 2000 года в журнале "Рынок ценных бумаг Казахстана" N 5).

      4. Департаменту финансового надзора (Бахмутова Е.Л.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;   
      2) в десятидневный срок со дня регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести его до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата Национального Банка Республики Казахстан и саморегулируемых организаций.

      5. Управлению по обеспечению деятельности руководства Национального Банка Республики Казахстан (Терентьев А.Л.) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан обеспечить публикацию настоящего постановления в официальных средствах массовой информации Республики Казахстан.

      6. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Сайденова А.Г.
      

    Председатель
Национального Банка

        

Утверждены                   
постановлением Правления Национального    
Банка Республики Казахстан          
от 2 декабря 2003 года N 418         
"Об утверждении Правил           
присвоения юридическому лицу статуса   
саморегулируемой организации       
и его утраты"                

Правила
присвоения юридическому лицу статуса саморегулируемой 
организации и его утраты

      Настоящие Правила разработаны в соответствии со  статьей 92  Закона Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг" (далее - Закон) и определяют порядок присвоения статуса саморегулируемой организации и его утраты.

      1. Государственный орган, осуществляющий регулирование и надзор за рынком ценных бумаг (далее - уполномоченный орган) присваивает юридическому лицу статус саморегулируемой организации на основании заявления и списка лицензиатов, осуществляющих определенный вид деятельности на рынке ценных бумаг и являющихся членами данного юридического лица.
       Сноска. Пункт 1 в редакции - постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 ноября 2005 года N 407 (вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня его государственной регистрации).

      2. Документы, представленные для присвоения статуса саморегулируемой организации, рассматриваются уполномоченным органом в течение тридцати календарных дней с момента получения.

      3. Уполномоченный орган отказывает юридическому лицу в присвоении ему статуса саморегулируемой организации в случае представления неполного пакета документов или их несоответствия законодательству Республики Казахстан.

      4. При соответствии юридического лица требованиям части первой пункта 1  статьи 92  Закона уполномоченный орган присваивает юридическому лицу статус саморегулируемой организации.
       Сноска. Пункт 4 с изменениями - постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 ноября 2005 года N 407 (вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня его государственной регистрации).

      5. Уполномоченный орган вправе принять решение об утрате юридическим лицом статуса саморегулируемой организации в случае несоответствия ее деятельности требованиям части первой пункта 1  статьи 92  Закона.
       Сноска. Пункт 5 с изменениями - постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 ноября 2005 года N 407 (вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня его государственной регистрации).

      6. Уполномоченный орган принимает решение об утрате юридическим лицом статуса саморегулируемой организации в течение тридцати календарных дней с даты получения информации о несоответствии юридического лица требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан.

      7. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, подлежат разрешению в соответствии с законодательством Республики Казахстан.