"Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметiн жүзеге асырудың қағидаларын бекiту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 1997 жылғы 22 тамыздағы N 131 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 13 қазанда тіркелді. Тіркеу N 388. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 418 (V032633) қаулысымен.

      ЕСКЕРТУ. Қаулының атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасындағы бағалы Қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметiн жүзеге асырудың қағидалары бекiтiлсiн (қоса берiлдi). <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына жоғарыда көрсетiлген Қағидаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсыну жүктелсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
      3. Жоғарыда көрсетiлген Қағидалардың орындалысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы атқарушы аппаратының рыногтi реттеу басқармасына жүктелсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
      4. Қағидалар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап күшiне енедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .

      Ұлттық комиссиясының
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясының
1997 жылғы 22 тамыздағы
N 131 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы
кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн
ұйымдарының қызметiн жүзеге асырудың қағидалары

      ЕСКЕРТУ. Туынды нормативтiк құқықтық актiнiң аты жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .

      Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарын (бұдан әрi "ӨРҰ" деп аталады) құрудың және қызметiн жүзеге асырудың тәртiбiн белгiлейдi. <*>
      ЕСКЕРТУ. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .

1 тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. ӨРҰ - бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының олардың қызметтерiн үйлестiру, сондай-ақ олардың жалпы мүдделерiн қорғау мақсатында қауымдастық (одақ) нысанында құрылған және Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) ӨРҰ ретiнде қызметiн жүзеге асыруға лицензиясын иеленген бiрлестiк. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тараудың атауы және 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
      2. ӨРҰ және коммерциялық емес ұйым болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
      3. ӨРҰ негiзгi мiндеттерi:
      1) бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының тиiмдi қызмет ету жағдайларын қамтамасыз ету және бағалы қағаздар рыногындағы қызмет әдебiн сақтау;
      2) бағалы қағаздарды иеленушiлердiң және бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары клиенттерiнiң мүдделерiн қорғау;
      3) бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерi мен стандарттарын жасау болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000  N 69 қаулысымен .
      4. ӨРҰ өз мүшелерi үшiн мiндеттi болып табылатын бағалы қағаздар рыногындағы кәсiпқой қызметтi жүзеге асыру ережелерiн, бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу стандарттарын белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
      5. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ алып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000  N 69 қаулысымен .

2-тарау. ӨРҰ-на МҮШЕ БОЛУ

     ЕСКЕРТУ. 2-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .

      6. Қазақстан Республикасының заңдарына және ӨРҰ ережелерiне сәйкес бағалы қағаздар рыногындағы қызметтердiң бiреуiн жүзеге асырушы кәсiпқой қатысушылар ӨРҰ-ның мүшелерi болып табылады.
      7. ӨРҰ-ның мүшелiгiне қабылдау, шығу және шығарып тастау тәртiбiн ӨРҰ оның iшкi құжаттарының негiзiнде дербес түрде белгiлейдi.
      7-1. ӨРҰ кәсiпқой қатысушыны мүшелiгiне қабылдаудан:
      1) бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактiсi анықталса;
      2) бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы ӨРҰ белгiлеген қызмет стандарттарына сәйкес келмесе бас тартуға құқылы.
      ӨРҰ-ның мүшелiгiне қабылдаудан бас тартылғанда кәсiпқой қатысушыға ӨРҰ белгiлеген мерзiмдерде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.<*>
      ЕСКЕРТУ. 7-1-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000  N 69 қаулысымен .
      7-2. ӨРҰ бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысын өзiнiң мүшелiгiнен:
      1) мүше Қазақстан Республикасының заңдарын және ӨРҰ-ның ережелерiн бұзса;
      2) бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы лицензиясының
қолданылуын тоқтатқан жағдайда шығарып тастауға құқылы.<*>
      ЕСКЕРТУ. 7-2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000  N 69 қаулысымен .
      7.3. <*>
      7.4. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7.3, 7.4.-тармақтар алып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .

3-тарау. ӨРҰ-ның ОРГАНДАРЫ

      ЕСКЕРТУ. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
      8. ӨРҰ-ның органдарының тiзбесi оның жарғысымен айқындалады. ӨРҰ мүшелерiнiң оның органдарын сайлау (қалыптастыру) және ӨРҰ-ның қызметiн басқаруға қатысу кезiнде тек құқықтары болады.<*>
     ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
     9. ӨРҰ органдарының құзырлықтары, функциялары, өкiлеттiктерi және жауапкершiліктері, сондай-ақ оларды сайлаудың (Қалыптастырудың) және қызметiнiң тәртiбi ӨРҰ-ның жарғысымен айқындалады.<*>
     ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
     10. <*>
     11. <*>
     12. <*>
     13. <*>
     14. <*>
     15. <*>
     ЕСКЕРТУ. 10, 11, 12, 13, 14, 15-тармақтар алып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .

4-тарау. ӨРҰ-ның КIРIСТЕРІ <*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
     16. ӨРҰ-ның қызметi өзiн-өзi өтеу принципiне негiзделедi.
     17. ӨРҰ-ның кiрiстерi:
     1) ӨРҰ-ның мүшелерi төлеген жарналардан және алымдардан;
     2) ӨРҰ-ның мүлiктерiн пайдаланудан;
     3) ақпараттық кеңес беру және ӨРҰ-ның жарғысымен көзделген өзге де қызметтердi көрсетуден алынған қаражаттардан қалыптастырылады.<*>
     ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000  N 69 қаулысымен .

5-тарау. ӨРҰ-ның ҚҰҚЫҚТАРЫ <*>

      ЕСКЕРТУ. 5-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .

      18. ӨРҰ-ы:
      1) осы Ережеге сәйкес кәсiпқой қызметтi жүзеге асырудың ережелерi мен стандарттарын, өзiнiң мүшелерiнiң бағалы қағаздармен операциялар жүргiзулерiнiң тәртiбiн әзiрлеуге, сондай-ақ олардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;
      2) өзiнiң мүшелерiнiң лицензияларын тоқтата тұру және қайтарып алу туралы Ұлттық комиссия алдында өтiнуге;
      3) Ұлттық комиссия белгiлеген тәртiпте, ол жүзеге асыратын өзiнiң мүшелерiнiң қызметтерiне жүргiзiлген тексерiстердiң нәтижелерi бойынша ақпарат алуға;
      4) Ұлттық комиссия белгiлеген тәртiпке сәйкес ӨРҰ мүшелерiнiң қызметкерлерiн дайындауды және сынақтан өткiзудi жүзеге асыруға;
      5) ӨРҰ белгiлеген тәртiпке сәйкес өзiнiң мүшелерiнен олардың қызметтерi туралы ақпараттар берулерiн талап етуге құқылы.<*>
      ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000  N 69 қаулысымен .
      19. Жарғыға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қызметтердi жүзеге асыруға ӨРҰ құқылы.

6-тарау. ӨРҰ-ның ҚАҒИДАЛАРЫ <*>

     ЕСКЕРТУ. 6-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
     20. ӨРҰ-ның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарын және өзiнiң ережелерiн ӨРҰ мүшелерiнiң сақтауларын қамтамасыз етуге мүмкiндiк жасау керек. ӨРҰ-ның ережелерiн Ұлттық комиссия бекiтедi. <*>
     ЕСКЕРТУ. 20-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000  N 69 қаулысымен .
     21. ӨРҰ-ның Қағидаларында және ережелерiнде:
     1) <*>
     2) кәсiпқой қатысушылар қызметкерлерiнiң (техникалық қызметкерлердi қоспағанда) бiлiктiлiгiне;
     3) кәсiби қызметтi және кәсiби әдептi жүзеге асырудың ережелерiне және стандарттарына;
     4) бағалы қағаздардың бағаларымен жасалатын айлашарғыларды шектейтiн ережелерге;
     5) ӨРҰ-ның мүшелерiнiң құжаттамаларын жүргiзудiң, есепке алудың және есеп берудiң ережелерiне;
     6) бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының ұйымына кiрудiң және шығудың, одан шығарып тастаудың және мүшелiктi тоқтата тұрудың тәртiбiне;
     7) шығындарды, төлемдердi, алымдарды ӨРҰ-ның мүшелерi арасында
бөлудiң тәртiбiне;
     8) ӨРҰ мүшелерiнiң шағымдары мен арыздарын қараудың тәртiбiне;
     9) ұйым клиенттерiнiң шағымдары мен арыздарын қараудың тәртiбiн қоса отырып, клиенттердiң құқықтарын қорғау тәртiбiне;
     10) ӨРҚ мүшелерiнiң кәсiби қызметтiң және кәсiби әдептiң белгiленген стандарттарын сақтауларына бақылау жасаудың тәртiбiне;
     11) ӨРҰ мүшелерiне, олардың лауазымды тұлғаларына және қызметкерлерiне қатысты жазаларға және өзге де шараларға және олардың қолданылу тәртiбiне;
     12) ӨРҰ мүшелерiне қолданылатын жазалардың және өзге де шаралардың орындалысына жасалатын бақылауға;
     13) мүдделi тұлғаларды ӨРҰ-ның қызметi және оның қызметiн тексерудiң нәтижелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге;
     13-1) банктiк, қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда ӨРҰ мүшелерiнiң қызметi туралы ақпараттың жариялығын қамтамасыз ету;
     14) қауымдастық мүшелерiнiң және олардың клиенттерiнiң арасындағы дауларды қараудың рәсiмiне;
     15) өзiнiң мүшелерiнiң лицензияларын қолдануды тоқтата тұру немесе қайтарып алу туралы Ұлттық комиссия алдында өтiнiш жасаудың тәртiбiне қатысты талаптар болу керек. <*>
     ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .

VII. <*>

      ЕСКЕРТУ. 7-тарау (22-24-тармақтар) алып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .

8-тарау. ӨРҰ МҮШЕЛЕРIНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIН ТЕСТIЛЕУ

      ЕСКЕРТУ. 8-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .

      25. ӨРҰ-ның қызметкерiн сынақтан өткiзу оның кәсiби деңгейiн айқындау мақсатында жүргiзiледi.
      26. ӨРҰ мүдделi тұлғаларды Ұлттың комиссияның бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленген және ӨРҰ-ның сынағынан өткен ӨРҰ мүшелерi қызметкерлерiнiң тiзiмiмен еркiн танысуды қамтамасыз етедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 26-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
      27. ӨРҰ өзiнiң мүшелерiнiң бiлiктi қызметкерлерi құрамын және оған енгiзiлген өзгерiстердi есепке алуды жүзеге асырады.

9-тарау. ӨРҰ МYШЕЛЕРIНIҢ ҚЫЗМЕТIНЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ

     ЕСКЕРТУ. 9-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .

      28. ӨРҰ:
      1) ӨРҰ мүшелерiнiң қызметiн және қызметтерiнiң iшкi ережелерiне олардың қолданылып жүрген заңның талаптарына және ӨРҰ-ның ережелерiне сәйкестiлiгiн тексеру;
      2) есепке алудың, есеп берудiң және қойылатын талаптарға бақылау жасаудың жағдайын тексеру енгiзiлген, ӨРҰ-ның қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 28-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
     29. Бақылау жасау ӨРҰ-ның бастамасы бойынша, Ұлттық комиссия келiсiп ӨРҰ бекiтiлген және мерзiмдiлiк және ӨРҰ-ның барлық мүшелерiн тексерiстермен қамту көзделген күнтiзбелiк жұмыс жоспары бойынша жүргiзiледi. <*>
       ЕСКЕРТУ. 29-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
      30. Қолданылып жүрген заңдардың бұзылуы туралы ақпарат келiп түскен жағдайда, жоспардан тыс тексерiстер жүргiзiлуi мүмкiн.
      31. Тексерiстiң нәтижесi актiмен ресiмделедi.
      32. ӨРҰ-ның мүшелерi ӨРҰ-на есептердi және қажеттi ақпарат пен құжаттамаларды ӨРҰ белгiлеген тәртiпте беру керек.
      33. ӨРҰ қызметiнiң ережелерiн оның мүшелерiнiң бұзғандық фактiлерi анықталған жағдайда, ӨРҰ заң бұзушыларға жазалар және ӨРҰ ережелерiмен белгiленген өзге де шаралар қолданады.
      34. Бағалы қағаздар рыногы қатысушыларын алдауға немесе адастыруға бағытталған не бағалы қағаздар рыногының ұқсас қызметпен шұғылданатын басқа да кәсiпқой қатысушыларының жетiмсiздiктерiн көрсететiн анық емес ақпарат жариялау фактiсi анықталған жағдайда, ӨРҰ:
      1) анық емес жарнаманы және ақпаратты жариялауды тоқтата тұруға шаралар қолданады;
      2) анық емес жарнаманы және ақпаратты жариялауды тоқтаудың қажеттiлiгi туралы жарнама берушiге жазбаша ескертедi және бұл үшiн мерзiмдер белгiлейдi;
      3) бұқаралық ақпарат құралдарына анық емес жарнама және ақпарат фактiлерi туралы мәлiмет жариялауды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 34-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
      35. ӨРҰ барлық анықталған заң бұзушылық немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың жорамалданған фактiлерi туралы Ұлттық комиссиясына толық ақпарат беруге мiндеттi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 35-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 23.03.2000 N 69 қаулысымен .
      36. ӨРҰ-ның мүшелерiнiң, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларының ӨРҰ-ның әрекеттерi жөнiнде сотқа шағымдануға құқығы бар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады