Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 5, 11 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссиясының 2003 жылғы 29 қыркүйегіндегі N 0512-03/1 ұйғарымына сәйкес және Атбасар ауданы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімдері негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Атбасар ауданындағы Тілекей селосы Есенкелді ауылы болып және Атбасар ауданындағы Тілекей селолық округі Есенкелді ауылдық округі болып өзгертілсін.
2. Осы шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Облыстық мәслихат Облыс әкімі
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихаттың хатшысы