Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011.04.07 № а-45/9 шешімімен
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрл3гі Көкшетау қалалық аумақтық басқармасының ветеринарлық бөлімнің жетеқші маманы С.Г. Мухамедьярованың хабарламасын тындап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкшетау қаласының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі»қсымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Көкшетау қаласы мәслихатының келесі шешімдерінің:
1) Көкшетау қаласы аумағында үй жануарларын ұстау Ережесін бекіту туралы N С-8/9 2000 жылғы 25 желтоқсандағы (Ақмола облыстық әділет басқармасында 2001 жылғы 23 ақпанда № 479 тіркелген, 2001 жылдық 6 сәуірінде № 8 «Көкшетау» газеті);
2) Қалалық мәслихатының 25.12.2000 жылғы С-8/9 шешімімен бекітілген «Көкшетау қаласының аумағында үй жануарларын ұстау Ережесіне өзгерістер енгізу туралы» N С-18/6 2001 жылғы 16 қазандағы (Ақмола облыстык әділет басқармасында 2002 жылы 14 ақпанда № 970 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген сәттен 10 күннен соң күшіне енеді.
Қалалық мәслихат хатшысы
37-кезекті сессиясының төрағасы
Қалалық мәслихаттың
2003 жылғы 26 наурыздағы
N№С-37/11 "Көкшетау қаласында иттер
мен мысықтарды ұстау
Ережесін бекіту туралы"
шешімімен
қосымша бекітілген
Көкшетау қаласында иттер мен мысықтар ұстау
(ережесі бойынша) Ережесі
Осы Ережеде Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңында көрсетілген анықтамалар қолданылады.
1. Ветеринарлық мекеме - бұл мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар, қоғамның құқықтық мүшелері, ветеринария облысында кәсіптік істер жүргізу.
2. Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық нормативтер негізінде ветеринариялық іс шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.
3. Ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік ұйым - Қазақстан Республикасы Үкіметінің анықтауымен мемлекеттік ұйым өз өкілеттілігі аумағында мемлекеттік саясатты жүргізуді жүзеге асыру.
4. Ветеринариялық паспорт - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы құжат, онда жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы, жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері мен сипаты көрсетіледі.
5. Осы Ереже ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес барлық иттер мен мысықтардың иелеріне Көкшетау қаласындағы барлық ұйымдар мен кәсіпорындарға, олардың меншік түріне қарамай таратылады.
6. Осы Ереженің мақсаты ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес тұрғындарды жануарлармен адамға ортақ аурулардан қорғау, диагностикалау немесе емдеу, оларды сауықтыруға бағытталған ветеринариялық-санитариялық егуді қамтамасыз ету болып табылады.
7. Иттер мен мысықтарды ұстаудың міндетті шарттары:
1) жыл сайын қайта тіркеуден өткізіп ветеринариялық паспорт беру, аса қауіпті жұқпалы ауруға қарсы егу, паразитарлық ауруларға қарсы дауалау және диагностикалық зерттеу 2,5 - 3 айлығынан бастап жергілікті жердегі ветеринариялық мекемесінде жүргізіледі. Жаңадан алынған ит пен мысықтарды 2 аптаның ішінде ветеринарлық мекемесінде тіркеуден өткізіп ветеринарлық паспорт алуға тиісті.
2) ветеринарлық-санитарлық ереже мен норманы орындау.
3) иттер мен мысықтарды сату және қаладан тысқары жерге шығару ветеринариялық паспорт негізінде Көкшетау қалалық мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторы мен оның орынбасары беретін, ауруларға қарсы егу мен дегельминтизациялау мерзімі көрсетілген, белгіленген үлгідегі ветеринариялық куәлік толтырылғанда ғана рұқсат етіледі.
4) Ветеринариялық паспорты болмаса, асыл тұқымдылардың байқауы мен көрмесіне иттер мен мысықтар қатыстырылмайды.
5) Қопа, Қылшақты суларында, Чаглинка су қоймасында иттер мен мысықтарды шомылдыруға болмайды.
6) иттер мен мысықтар иелерінен малдәрігерлері мамандарының рұқсаттарымен оңашаландырылады, алынады.
3. Иттер мен мысық иелерінің міндеттері
8. Иттер мен мысық иелерінің міндеттері:
1) иттер мен мысықтарға адамгершілікпен қарау, оларды табиғат жағдайына бейімдеп ұстау, қараусыз қалдырмау, ауырып қалған жағдайда мал дәрігерлік көмек көрсетіп отыру.
2) иттер мен мысықтарды серуендететін жерлерді таза ұстау керек.
3) ветеринариялық мекеме мамандарының талап етуі бойынша иттер мен мысықтарды иелері байқаудан, диагностикалық зертеу және емдік профилактикалық өңдеуден мерзімінде өткізуге тиісті.
4) айналасын қоршаған адамдардың, иттер мен мысықтардың қауіпсіздігін жасау керек.
5) ұстай алмаған жағдайда, басқа иеге беру.
6) алғанда немесе жоғалтып алса, өліп қалған жағдайларда иттер мен мысықтарды мемлекеттік малдәрігерлік қызмет орындарына хабарлау қажет.
7) Ит пен мысық адамды немесе жануарды қауып, тырнап алған жағдайда оның иесі дереу жақын маңдағы медициналық және ветеринариялық мекемеге, жергілікті полиция уәкіліне жедел хабарлап, иттер мен мысықтарды мемлекеттік ветеринариялық мекемеге байқау мен ветеринариялық мамандардың қарауындағы карантиндеуге әкелуге міндетті.
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Нормалық құқықтық және басқа ветеринариялық актілерді бекіту туралы" қаулысы бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларын қоспағанда, дегельминтизация, емдеу, сауықтыру, диагностика және оларды жоюға байланысты шығындар Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 6 тарауының 35 бабына сәйкес иттер мен мысықтардың иелері есебінен қайтарылады.
10. Өлексені шығару мен жою үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауға коммуналдық шаруашылықтың мамандандырылған көлік кәсіпорнына хабарлау керек. Өлексені кез келген жерге тастауға және көмуге тиым салынады. Өлексені арнайы бөлінген орынға шығару қажет.
4. Иттер мен мысықтар иелерінің құқықтары
11. Иттер мен мысықтар иесінің жекеменшігі болып саналады және кез келген жекеменшік ретінде заңмен қорғалады.
5. Иттер мен мысықтарды ұстау туралы
12. Жалпы жерлерде тұрғын үйлерде, екі немесе одан да көп жанұядан тұратын туыс емес адамдар пәтерлерінде иттер мен мысықтарды ұстау, олардың келісімімен және көршілердің дәрігерлік қарама-қайшылықтары болмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
13. Иттер мен мысықтарды жеке пәтерлер мен жекеменшік үйлерде тұратын бір жанұяға ұстау, Нақты Ереже мен ветеринариялық-санитариялық, санитариялық-тазалықтық нормаларды сақтаған жағдайда рұқсат етіледі.
14. Азаматардың, кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдардың иттері жыл сайынғы шартты тіркеуден және ветеринариялық байқаудан өтуі тиіс. Тіркеу ақы төлеу арқылы өткізіледі. Төлем тәртібі жергілікті атқарушы органның шешімімен анықталады.
15. Иттер мен мысықтарды тіркеуден өткізуші ветеринариялық мекеме олардың иелерін нақты Ережемен таныстырып, бұл жөнінде ветеринариялық паспортқа белгі қоюға міндетті.
16. Жеке меншікті үйлерде тұратын ит иелері, маңайында шарбақпен қоршалған жерде иттерін байлап ұстауға, бос қыдыртуға болады. Иті бар үйлер есіктеріне бұл үйде ит бар екендігін ескертіп жазып қоюлары керек.
17. Иттерді арнайы бөлінген алаңдарда, басқа да адам жүрмейтін жерлерде серуендетуге рұқсат етіледі. Коммуналдық қызмет, сәулет және қалалық құрылыстар бөлімі, Көкшетау қалалық жер қорларын басқару комитеті тарапынан иттер мен мысықтарды серуендету үшін орындар бөлінуге тиісті. Тұрғын үйлер маңында иттерді серуендеткенде тыныштықты сақтау, иттердің үруін болдырмау.
18. Жалпы жерлерде иесіз, иттер мен мысықтардың жандарында иелері болмаса, дүкен, дәріхана тағы да басқа маңайларына байлап кеткен иттер болмаса, басқасын иесіз деп танып, иттер мен мысықтарды арнаулы қызметтің ұстап әкетулеріне рұқсат етіледі. Иттер мен мысықтарды аулау мен жоюды коммуналдық шаруашылық ұйымдастырған бригадалар мен отрядтар жүргізеді.
19. Сатып алу, сату және де иттер мен мысықтарды қаладан тысқары шығару, шығарудан 12 ай бұрын, құтыру ауруларына қарсы олардың егілгендіктері туралы белгісі бар ветеринариялық куәліктері болғанда ғана рұқсат етіледі.
20. Мал дәрігерлері мамандарының талаптары бойынша иттер мен мысықтардың иелері оларды тексерістерге, диагностикалық зерттеуге, алдын ала егулерге және емдеу сауықтыру дауаларына әкелуге міндетті.
21. Иттер мен мысықтардың иелеріне тиым салынады:
1) иттер мен мысықтарды көпшілік орындарда, ас үйде, коридорларда, баспалдақ аландарында, шатырда, подвалдарда, және де балкондар мен лоджияларда ұстауға;
2) подъездерді, баспалдақ аландарын, гүл өсіретін жерлерді, лифтерді, спорттық және кір жаятын аландары, тротуарларды, скверлер мен парктерді ластауға, егер иттер мен мысықтар бұл жерлерге дәретке отырып кеткен болса, оларды иелері тазартулары қажет;
3) итпен қоғамдық жерлерде серуендеу жане транспортқа мінгенде тұмсығын мұрындықсыз, қарғыбаусыз ұстауға, және де мас адамдар мен 14-ке толмаған балаларға;
4) иттер мен мысықтарды олардың еттері мен терілері үшін өсіруге;
5) қалалық мал дәрігерлік қызметінің рұқсатынсыз иттерді төбелестіру ойынын өткізуге;
6) тұрғын үйлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін тыныштықты сақтау.
6. Иттер мен мысық иелерінің ережесін орындау міндеттері
22. Иттер мен мысықтардың иелері нақты Ережелерді орындамағаны үшін, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық"»Кодексінің 311 бабына сәйкес мына түрде жауап беруге тиісті:
(иттерді ұстау Ережесін бұзғаны үшін) ескерту немесе айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
(мысық ұстау Ережесін бұзғаны үшін) ескерту немесе айлық есептік көрсеткіштің бірге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
(азаматтардың денсаулығына, дүниесіне зақым келтірілсе) ескерту жасауға немасе айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.