2004 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкасы туралы

Қарағанды облыстық Мәслихатының III сессиясының 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 33 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 16 қаңтарда N 1377 тіркелді

     Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 6 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына,  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (462 бап), Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына (29 бап) және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігінің нормативті - әдістемелік құжаттарына сәйкес, барлық меншік үлгісіндегі облыс кәсіпорындарының, ұйымдарының келтіретін зардаптарын өтеу мақсатында облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

     1. Барлық меншік үлгісіндегі ұйымдар мен кәсіпорындардың 2004 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

     2. Облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасы (Б.Т. Қожахметов) қоршаған ортаны басқа да ластағаны үшін қосымша төлемақылар жөніндегі ұсынысты бекітуге осы шешімге толықтыру ретінде ұсынсын.

     3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссияға (Н.Е. Усатов) және облыс әкімінің орынбасары С.Т. Тұңғышбековке жүктелсін.

     Сессия төрағасы
     Облыстық Мәслихат хатшысы

Облыстық Мәслихаттың
ІІІ сессиясының "2004 жылға
арналған қоршаған ортаны
ластағаны үшін төлемақы
ставкасы туралы" 2003 жылғы
25 желтоқсандағы N 33 шешіміне
N 1 қосымша

     Атмосфераға, су объектілеріне тасталған ластаушы заттар және өндіріс қалдықтарын орналастырғаны және қоршаған ортаға пайдаланғаны үшін келесі төлемақылар ставкалары белгіленсін.
     - Станционарлық көздерден лимит шегінде атмосфераға нормативтік тасталған шартты бір тонна ластаушы заттар үшін - 110 теңге;
     - Станционарлық көздерден тасталған белгіленген лимиттен тыс шартты бір тонна ластаушы заттар үшін - 1100 теңге;
     - Атмосфералық ауаны жылжымалы техникалардың (автомашина, жол-құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа техникалар) зиянды тастамасымен ластағаны үшін - автомотор отынының жұмсалатын бір тоннасы үшін:
     этил бензині үшін - 700 теңге;
     этилді емес бензин үшін - 300 теңге;
     дизельдік отын үшін - 250 теңге;
     газ үшін - 180 теңге.
     - Су объектілеріне, су тоғандары-жинақтаушыларға, фильтрлеу өрісіне тасталған лимит шегінде шартты бір тонна ластаушы заттар үшін - 12500 теңге.
     - Су объектілеріне тасталған шартты бір тонна ластаушы заттар үшін - 125000 теңге.
     - Жер бетіне бір текше метр ағынды су тастағаны үшін:
     Нормативті тазартылған ағынды су - 4,5 теңге;
     Тазартылмаған және жартылай тазартылған ағынды су - 9 теңге;
     - Қоршаған ортаға өндіріс қалдықтарын орналастырғаны (сақтау, көму) және пайдаланғаны үшін:
     улы емес қалдықтар (V класс) 1 тонна - 7,5 теңге,
     байыту қалдықтары, металлургиялық қалдықтар, күл-қожы қалдықтары, (ІV) 1 тонна - 15 теңге.
     Улылық класына байланысты N 1 таблицаға сәйкес басқа да өнеркәсіп қалдықтары
     - Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары (тезек, құс көңі)
     жабдықталмаған алаңдар мен үйінділер 1 тонна - 500 теңге;
     жабдықталған алаңдарда 1 тонна - 100 теңге;
     - Тұрмыстық қатты қалдықтарды тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында (үйінділерде), кәсіпорындар мен ұйымдарға арналған арнайы белгіленген орындарда орналастырғаны үшін, 1 куб.м. - 75 теңге.
     Атмосфераға (су объектілеріне) тасталған рұқсат берілмеген, апаттық қалдықтар (тастандылар) келтірілген тоннасы үшін, осы мақсатқа арналмаған орындарда өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтарды рұқсатсыз орналастырғаны, сақтағаны үшін төлемақы нормативінен он есе мөлшерінде алынады.
     Ластаушы заттарды қоршаған ортаға тастауға және өнеркәсіп қалдықтарын орналастыруға арналған рұқсат белгіленген тәртіп бойынша ресімделмей қоршаған орта ластанған жағдайда барлық тастанды заттар рұқсат етілмеген тастаулар және қалдықтарды орналастыру болып қарастырылады.

N 1 кесте

Төлемдер нормативі

Қалдықтар атауы

Өлшем бірлігі

Нормативтік төлем, (теңге)

Улы қалдықтар



І класты улы заттар - аса      қауіпті

тонна

3200

ІІ класты улы заттар - өте      қауіпті

тонна

1600

ІІІ класты улы заттар - орташа қауіпті

тонна

400

ІV класты улы заттар -      қауіптілігі шамалы

тонна

200

О ставках платы за загрязнение окружающей среды на 2004 год

Решение III сессии Карагандинского областного Маслихата от 25 декабря 2003 года N 33. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 16 января 2004 года за N 1377

     В соответствии с п.п.2 п.1 ст.6 Закона Республики Казахстан от 23.01.2001 г.N 148 "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" от 12.06.01 г. (ст.462), Законом Республики Казахстан "Об охране окружающей среды" от 15.07.97 г. (ст.29) и нормативно-методическими документами Министерства охраны окружающей среды РК, в целях возмещения ущерба, наносимого окружающей среде предприятиями, организациями области всех форм собственности, областной Маслихат РЕШИЛ :

     1. Установить на 2004 год ставки платы организациям и предприятиям всех форм собственности за загрязнение окружающей среды согласно приложению 1.

     2. Областному территориальному управлению охраны окружающей среды (Кожахметов Б.Т.) предложения по дополнительным платежам за иные виды загрязнения окружающей среды представлять на утверждение в качестве дополнения к настоящему решению.

     3. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию по промышленности, строительству, транспорту, коммунальному хозяйству, аграрным вопросам и экологии (Усатов Н.Е.) и на заместителя акима области Тунгышбекова С.Т..

     Председатель сессии
     Секретарь областного маслихата

Приложение N 1       
к решению III сессии    
областного Маслихата    
N 33 от 25.12.2003 года   
"О ставках платы за загрязнение
окружающей среды на 2004 год"

     Установить следующие ставки платежей за выбросы в атмосферу, сбросы в водные объекты загрязняющих веществ и размещение отходов производства и потребления в окружающую среду:
     - за нормативный выброс одной условной тонны загрязняющих веществ в атмосферу от стационарных источников в пределах лимита - 110 тенге;
     - за выброс одной условной тонны загрязняющих веществ от стационарных источников сверх установленного лимита - 1100 тенге;
     - за загрязнение атмосферного воздуха вредными выбросами от передвижных источников (автомашин, дорожно-строительной, сельскохозяйственной и иной техники) - за одну тонну расходуемого автомоторного топлива:
     для этилированного бензина - 700 тенге;
     для неэтилированного бензина - 300 тенге;
     для дизельного топлива - 250 тенге;
     для газа - 180 тенге.
     - за нормативный сброс одной условной тонны загрязняющих веществ в водные объекты, в пруды-накопители, поля фильтрации в пределах лимита - 12500 тенге
     - за сверхнормативный сброс одной условной тонны загрязняющих веществ в водные объекты - 125000 тенге
     - за сброс одного куб.м. сточных вод на рельеф местности:
     нормативно-очищенных сточных вод - 4,5 тенге
     неочищенных и недостаточно очищенных сточных вод - 9 тенге
     - за размещение (хранение, захоронение) отходов производства и потребления в окружающей среде:
     нетоксичных отходов (V класс) 1 тонна - 7,5 тенге,
     хвостов обогащения, шламов, кеков, шлаков металлургических, золошлаковых отходов (IV) 1 тонна - 15 тенге
     другие промышленные отходы в зависимости от класса токсичности согласно таблице N 1
     - отходов сельскохозяйственного производства (навоз, помет птиц):
     на необорудованных площадках и накопителях 1 тонна - 500 тенге;
     на оборудованных площадках 1 тонна - 100 тенге
     - за размещение твердых бытовых отходов на полигонах твердых бытовых отходов (свалках), в специально отведенных местах для предприятий, организаций, 1 куб.м. - 75 тенге.
     За неразрешенный, аварийный выброс (сброс) одной приведенной тонны загрязняющих веществ в атмосферу (водные объекты), за неразрешенное размещение, хранение промышленных и бытовых отходов в не отведенных для этих целей местах платеж взимается в десятикратном размере.
     В случае загрязнения окружающей среды без оформления в установленном порядке разрешения на выброс (сброс) загрязняющих веществ и размещение отходов производства в окружающей среде, вся масса рассматривается как неразрешенный выброс (сброс) и размещение отходов.

Таблица N 1

Нормативы платы

Наименование отходов

Единица измерения

Норматив платы (тенге)

Токсичные отходы

I класс токсичности - чрезвычайно опасные

тонна

3200

II класс токсичности - высоко опасные

тонна

1600

III класс токсичности - умеренно  опасные

тонна

400

IV класс токсичности - мало опасные

тонна

200