Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 6 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (462 бап), Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына (29 бап) және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігінің нормативті - әдістемелік құжаттарына сәйкес, барлық меншік үлгісіндегі облыс кәсіпорындарының, ұйымдарының келтіретін зардаптарын өтеу мақсатында облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Барлық меншік үлгісіндегі ұйымдар мен кәсіпорындардың 2004 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасы (Б.Т. Қожахметов) қоршаған ортаны басқа да ластағаны үшін қосымша төлемақылар жөніндегі ұсынысты бекітуге осы шешімге толықтыру ретінде ұсынсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссияға (Н.Е. Усатов) және облыс әкімінің орынбасары С.Т. Тұңғышбековке жүктелсін.
Сессия төрағасы
Облыстық Мәслихат хатшысы
Облыстық Мәслихаттың
ІІІ сессиясының "2004 жылға
арналған қоршаған ортаны
ластағаны үшін төлемақы
ставкасы туралы" 2003 жылғы
25 желтоқсандағы N 33 шешіміне
N 1 қосымша
Атмосфераға, су объектілеріне тасталған ластаушы заттар және өндіріс қалдықтарын орналастырғаны және қоршаған ортаға пайдаланғаны үшін келесі төлемақылар ставкалары белгіленсін.
- Станционарлық көздерден лимит шегінде атмосфераға нормативтік тасталған шартты бір тонна ластаушы заттар үшін - 110 теңге;
- Станционарлық көздерден тасталған белгіленген лимиттен тыс шартты бір тонна ластаушы заттар үшін - 1100 теңге;
- Атмосфералық ауаны жылжымалы техникалардың (автомашина, жол-құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа техникалар) зиянды тастамасымен ластағаны үшін - автомотор отынының жұмсалатын бір тоннасы үшін:
этил бензині үшін - 700 теңге;
этилді емес бензин үшін - 300 теңге;
дизельдік отын үшін - 250 теңге;
газ үшін - 180 теңге.
- Су объектілеріне, су тоғандары-жинақтаушыларға, фильтрлеу өрісіне тасталған лимит шегінде шартты бір тонна ластаушы заттар үшін - 12500 теңге.
- Су объектілеріне тасталған шартты бір тонна ластаушы заттар үшін - 125000 теңге.
- Жер бетіне бір текше метр ағынды су тастағаны үшін:
Нормативті тазартылған ағынды су - 4,5 теңге;
Тазартылмаған және жартылай тазартылған ағынды су - 9 теңге;
- Қоршаған ортаға өндіріс қалдықтарын орналастырғаны (сақтау, көму) және пайдаланғаны үшін:
улы емес қалдықтар (V класс) 1 тонна - 7,5 теңге,
байыту қалдықтары, металлургиялық қалдықтар, күл-қожы қалдықтары, (ІV) 1 тонна - 15 теңге.
Улылық класына байланысты N 1 таблицаға сәйкес басқа да өнеркәсіп қалдықтары
- Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары (тезек, құс көңі)
жабдықталмаған алаңдар мен үйінділер 1 тонна - 500 теңге;
жабдықталған алаңдарда 1 тонна - 100 теңге;
- Тұрмыстық қатты қалдықтарды тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында (үйінділерде), кәсіпорындар мен ұйымдарға арналған арнайы белгіленген орындарда орналастырғаны үшін, 1 куб.м. - 75 теңге.
Атмосфераға (су объектілеріне) тасталған рұқсат берілмеген, апаттық қалдықтар (тастандылар) келтірілген тоннасы үшін, осы мақсатқа арналмаған орындарда өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтарды рұқсатсыз орналастырғаны, сақтағаны үшін төлемақы нормативінен он есе мөлшерінде алынады.
Ластаушы заттарды қоршаған ортаға тастауға және өнеркәсіп қалдықтарын орналастыруға арналған рұқсат белгіленген тәртіп бойынша ресімделмей қоршаған орта ластанған жағдайда барлық тастанды заттар рұқсат етілмеген тастаулар және қалдықтарды орналастыру болып қарастырылады.
N 1 кесте
Төлемдер нормативі
Қалдықтар атауы |
Өлшем бірлігі |
Нормативтік төлем, (теңге) |
Улы қалдықтар |
||
І класты улы заттар - аса қауіпті |
тонна |
3200 |
ІІ класты улы заттар - өте қауіпті |
тонна |
1600 |
ІІІ класты улы заттар - орташа қауіпті |
тонна |
400 |
ІV класты улы заттар - қауіптілігі шамалы |
тонна |
200 |