Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылғысы туралы"
Заңының 11 бабына
сәйкес, Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы "Ақсу қаласының Жолқұдық селолық округiнiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылғысын өзгерту туралы" N 16/2 қаулысы, Ақсу қалалық мәслихаты (II сайланған, ХХ сессия) мен Ақсу қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы "Жолқұдық селолық округiнiң Приозерный ауылын тарату және оның аумағын Павлодар облысы Ақсу қаласы Жолқұдық селолық округiндегi Жолқұдық ауылының құрамына енгiзу туралы" N 1 бiрлескен шешiмi негiзiнде, облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
Приозерный ауылы таратылсын және оның аумағы Ақсу қаласының Жолқұдық селолық округiнiң Жолқұдық ауылының құрамына енгiзiлсiн.
Сессия төрағасы
Облыс әкiмi
Облыстық мәслихаттың хатшысы