Ақсу қаласының Жолқұдық селолық округiнiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылғысын өзгерту туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының (II сайланған, ХХV (кезектен тыс) сессия) 2003 жылғы 21 ақпандағы N 115/25 шешімі. Павлодар облысы Әділет басқармасында 2003 жылғы 13 наурызда N 1686 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылғысы туралы" Заңының 11 бабына  сәйкес, Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы "Ақсу қаласының Жолқұдық селолық округiнiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылғысын өзгерту туралы" N 16/2 қаулысы, Ақсу қалалық мәслихаты (II сайланған, ХХ сессия) мен Ақсу қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы "Жолқұдық селолық округiнiң Приозерный ауылын тарату және оның аумағын Павлодар облысы Ақсу қаласы Жолқұдық селолық округiндегi Жолқұдық ауылының құрамына енгiзу туралы" N 1 бiрлескен шешiмi негiзiнде, облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
      Приозерный ауылы таратылсын және оның аумағы Ақсу қаласының Жолқұдық селолық округiнiң Жолқұдық ауылының құрамына енгiзiлсiн.

      Сессия төрағасы

      Облыс әкiмi

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады