Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Заңының
11 бабына, Успен ауданы мәслихатының (II сайланған, ХХV сессия) және Успен ауданы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 1 шiлдедегi N 274/7 "Милорадовка, Ульяновка және Образцовка елдi мекендерiнiң таратылуы туралы" бiрлескен шешiмiне, Ертiс ауданы мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 9 сәуiрдегi N 130-258-2 "Қылышбек, Тереңсай, Кiшi-Мойнақ, Қабан ауылдарының статусы туралы" бiрлескен шешiмiне сәйкес, ауылдық округтер тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отыра, облыстық мәслихат және облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
Облыстың кейбiр аудандарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
Успен ауданы бойынша:
Милорадовка, Ульяновка ауылдары Успен ауданы Надаров ауылдық округiнiң Надаровка ауылының әкiмшiлiк-аумақтық құрамына кiрсiн;
Образцовка ауылы Успен ауылдық округiнiң Успен селосының әкiмшiлiк -аумақтық құрамына кiрсiн.
Ертiс ауданы бойынша:
Панфилов ауылдық округiнiң Қылышбек ауылы Ертiс ауданы Панфилов ауылдық округiнiң Панфилов ауылының әкiмшiлiк-аумақтық құрамына кiрсiн;
Ағашорын ауылдық округiнiң Тереңсай ауылы Ертiс ауданы Ағашорын ауылдық округiнiң Ағашорын ауылының әкiмшiлiк-аумақтық құрамына кiрсiн;
Майқоңыр ауылдық округiнiң Кiшi - Мойнақ, қабан ауылдары Ертiс ауданы Майқоңыр ауылдық округiнiң Майқоңыз ауылының әкiмшiлiк-аумақтық құрамына кiрсiн.
Сессия төрағасы Ю.Әлекпаров
Облыс әкiмi К. Нұрпейiсов
Облыстық мәслихаттың
хатшысы Р.Гафуров